Турметов Исраил Құдайбергенұлы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
Қазақстан Республикасы, Түркістан
қаласы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІНДЕ ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Қазақ халқының
әскері XV-XVI ғасырларда
қалыптасып жатқан қазақ жерін, халқын
сыртқы жаулардан қорғау, өз территориясын ұстап
тұру және кеңейту мақсатында өз заманы және
алдындағы дала көшпелілері – түрік-монғол
тайпаларының ғасырлар бойғы шыңдалған
әскери ісі мен өнерінің кей элементтерін өз өмір
сүру салтына сай қабылдауы мен өзіндік төлтума көшпелі
және мәдени-шаруашылық өмір салты дамытқан тарихи
әскери іске бейімділік нәтижелерінде қалыптасты
Әр халықтың өз
тарихы, өз әскери құрылымдық ерекшелігі
болғанымен, белгілі бер дәрежеде алдыңғы және
көршілес елдер мәдениеті ықпал етеді. Қазақ
халқының әскери өнерінің басты саласын
қарулану қамтиды. Мінеки, қаруланып жүру
қазақтарға тек заңды құқық
емес, міндет болған. Ол бейбіт өмірде, аңға
шыққанда да принцип болды. Өз ұлттық
қасиетерімен қару-жарақтарын әрлендіріп, жетілдіріп
елін, жерін қорғаған[1].
Қазақ
хандығында қоғамдық құрылыстың
негізгі принцептерінің бірі болып рулар және тайпалар иерархиясы
табылды. 15-19 ғасырларда қазақ хандығының
тұрақты әскері болды. Қазақ
хандықтарының атты әскерінің саны орташа есеппен 30-50
мыңды құрады. Одан басқа, қажет болғанда
рулық топтар жинақталды. Әр рулық отрядтың саны
2,5-5 тіпті кейде 10 мыңға жетіп, сол топтың басында ру
басшысы тұрды. Әр тайпаның көшіп – қонып
жүретін аймағы болды. Ру және тайпалар халық санына
қарай ондық , жүздік және мыңдық сарбаздар
атты әскерін жасақтады.Әскери бөлімдердің басшысы
болып сол ру және тайпаның соғыс кездеріндегі сыналған
батырларының бірі болды. Ол сарбаздарды басқаруда және
жеңіске жетелеуде үлкен рөл ойнайды. Әр рудың, ұлыс хандардың
өз туы болды.
Қару-жарақ
тарихтың аса құнды жәдігері. Жауынгер
халықтың қару-жарағы оның ерлікке толы
өмірінен мәлімет беріп, еркіндікке ұмтылған
мақсат-мүддесін танытады. Қазақ халқы
қару-жарақты аса қадірлеп, жеті қазынаның біріне
жатқызған. «Ер қаруы – бес қару» деген сөз фольклорда
кең тараған. Қарудың түрі бесеу болатындығы
туралы Қ.Ахметжанов былай дейді: «Қару-жарақ
түрлерінің бесеу болып қалыптасуы
олардың өзіндік, бірін-бірі ауыстыра алмайтын жеке
қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Соғыс
қаруларының жұмсалу тәсілі бес түрлі болып
қалыптасқан. Олар – ату (садақ не мылтық), кесу
(қылыш), түйреу (найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар).
Басқа қарулар осы бесеуінің вариациялануы, түрленуі
ғана. Сондықтан айқаста бұл бес қару
бірінің орнын бірі баса алмайды» Қазақтардың
қару-жарақтары қоғамның эконмикалық даму
деңгейіне, көшпелі өмір ерекшеліктеріне сәйкес
өркендеген. Ол көрші халықтар мәдениеті, сыртқы
елдермен болған сауда-саттық, жаугершілікке қатысты
өзгеріп отырған. Ғылымда қару-жарақтарды,
олардың жасалу жолдарын материалдық мәдениетке
жатқызылады. Дала халқының өмір сүру тіршілігі
көбінде
қару-жараққа байланысты болып келген.Қазақ
халқы қару-жарақ түрлерін жетілдіру мен дамытуда
өз алдарына өмір сүрген мемелекеттің, дала
көшпенділерінің ізін басқанымен, өзіндік
ұлттың ерекшелігі болды. Ерекшеліктерінің бір қыры
ретінде кей қаруларға қазақы жалпақ тілмен ат
қойылуын, қаруды қазақтың ұлттық
ою-өрнектерімен әшекейлеу, зерлеу, өру, оюластыру,
дәнекерлеу әдістерімен жасалғанын т.б. айтуға болады [2].
Соғыста
қолбасшылар әскери тактиканы ойластырғанда бес қару
түрін айқаста қолдану мүмкіншілігін ескеріп,
соған негізделген. “Әмір Темір аманаты” атты
ортағасырлық жазба ескерткіште былай делінеді: “Жақсы
қолбасшы, жау әскер басыларының санын біліп, оған
өзінікін қарсы қоюы тиіс, ол қай қарумен
қаруланған жауынгерлерді, олар садақкерлер, найзагерлер
немесе семсермен қаруланғандар бола ма, айқастың басына
кімді қоятынын жақсылап ойластыруы керек”[3].
Әскери
тактикаға негіз бөлу – ер қаруының бесінші ерекшелігі.
Сонымен, жекпе-жек өткізетін, әскери бөліктер
құратын, әскери тактиканы анықтайтын
қарулардың ішінде де қанжар мен қамшы жоқ.
Соғыс
қаруының тағы бір ерекшелігі, бұл – алтыншы ерекшелік,
- ер қаруы ретінде олармен жоғары дәрежелі әскери
лауазымдарды белгілеу, әр түрлі символдық мағынада
қолдану. Әдеби ескерткіштерге және алуан өнер
жәдігерлеріне сүйенсек бұл дәстүрдің
барлық елдердің тарихында болғанын байқаймыз.
Түрік сұлтандары таққа отырғанда,
қазақ хандарын ақ кигізге көтергенде олардың
белдеріне қылыш байланатын. Еуропада рыцарь дәрежесін
алғандарға корольге семсер таққан.Байрақ,
шашақ тағылған найза – көп халықтарда
әскербасылық белгі. Мұнда да әскери дәреже
белгісі ретінде қолданылған қарулар бесеу екенін
көреміз: семсер (қылыш), найза, айбалта, шоқпар және
садақ.
“Ер
қаруының” санының бесеу болып қалыптасуы олардың
айқаста бірін-бірі ауыстыра алмайтын тек өзіндік жеке
қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Соғыс
қаруларының негізгі жұмсалу тәсілі бес түрлі
болып қалыптасқан. Олар: ату (садақ), кесу (қылыш),
түйреу (найза), шабу (балта), соғу (шоқпар). “Қылыш
мұраты - кесу” деген қазақ мақалында
қылыштың негізгі функциясы анық айтылған. Басқа
қарулар осы бесеуінің вариациалануы, түрленуі ғана. Осы
бес ер қаруының әр түріне негізгі функциясымен бірге
қосымша функциясы беріледі, мысалы, кесу қаруына түйреу-шабу
мүмкіншілігі, шабу қаруына қосымша кесу-түйреу-соғу
қасиеті, соғу қаруына түйреу мүмкіншілігі
қосылады. Алайда бұл қосымша қасиеттер
қарудың негізгі жұмсау тәсілін өзгертпейді,
бірақ қандай қосымша қасиеттері қосылғаны
немесе қай қасиеті күшейтілгеніне байланысты әр
қару түрінің бірнеше жаңа типтері мен үлгілері
пайда болады. Бұл толықтырулар әр қарудың түрлі варианттарының
сыртқы формасына өзгерістер енгізеді. Соғыс
қаруының өзіндік жұмсау тәсілмен
айшықталынуы – ер қаруының жетінші ерекшелігі.
Қазақ
садағы – көшпелілер
садағының даму барысында қалыптасқан соңғы
үлгі-күрделі-құрама садақтың бір
нұсқасы. Жақ негізгі екі функционалдық бөліктен
тұрады: серпінді етіп ағаштан, сүйектен жасалған,
негізгі ату функциясын атқаратын бөлігі – «адырна», оған
керілген, оқты тіреп қоятын жібі – «кіріс». Осы күндері
кейбір еңбектерде адырна кіріспен шатастырылып жүр. Халық
ауыз әдебиетінде «адырна» мен »кіріс» сөздері жақтың
негізгі екі бөлігінің атауы ретінде екі бөлек
қолданылатынын көреміз.
Күрзі -
қысқа шоқпар таяқ.Ел аралық елдікті
қорғайтын соғыстарда қолданылатын қару. Ерекше
әдіспен сыртын темірмен қаптап, өткір үшкіл темір
емшектер қондырып, ерен батырларға арнай жасайтын қару.
Ерте дүниеде қағанат
билеген хандарымыз хан тағына отырғанда күрзі ұстап
отыру дәстүр болған. Содан бері күрзі биліктегі
күш иесінің рәміздік белгісі болып санамызда қалды.
Тарих
бетінен жоғалып кету қаупі бір сәт толастамаған
қиын-қыстау кезеңдерде ата-бабаларымыздың
күнделікті қарекеті де, тұрмыс салты да Отанын, елін, жерін
қорғауға бағындырылған. «Ақ білектің
күшімен, ақ найзаның ұшымен» деген мақалдар
жеңістің қалай келгенін түсіндіреді. Жігіттің
қан майданда жеңіске жетуі, көп жағдайда, екі
нәрсеге: астындағы тұлпары мен үстіндегі сауыты,
қару-жарағына байланысты екені белгілі.Халқымыз бұл
ойды «ер қанаты – ат», «ер қуаты – қаруы» деп
тұжырымдаған.
Қорыта
келсек, қазақ халқы дала көшпелілерінің
қарулану үрдісін қабылдап, оларды өз
мұқтаждықтарына сай эволюциялы өзіндік жолмен дамыта
білген, яғни дала төсінде еркін өскен жауынгер халық –
қару технологиясының жетік шебері, фәлсәфалық
тұрғыда түрлендірушісі.
Әдебиеттер:
1. Ахметжан
Қ.С. Қазақтың дәстүрлі
қару-жарағының этнографиясы. - Алматы:
2. Военное дело казахов в XVII-XVIII веках /
А. К Кушкунбаев. - Алматы : Дайк пресс, 2001. - 172 с
3.
Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер. (батырлар
қару-жарағы, әскери өнері,
салт-дәстүрлері). Алматы, Дәуір, 1996-256-б.