Педагогика

Оқытушы Сейсенбаева Р.М.

 

Шымкент көпсалалы колледжі

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

 

Оқытушының бойындағы педагогикалық тәртіптің қалыптасуы

 

Оқытушының студентке деген құрмет сезімі, жоғары педагогикалық талап қоюы, әңгімелесушіні тыңдай білуі, оны түсіне білуі,  қарым-қатынастағы іскерлігі,  сабырлылығы, ұстамдылығы, зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.

Педагогикалық тәртіп - оқытушының қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі.

Тәртіп – іс-ірекеттің барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді.

Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.

Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі қарым-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне, педагогикалық еңбекке, оқушылар мен оқытушылар ұжымына деген қарым -қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.

Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. Барынша толыққанды кәсіби-этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында, мінез- құлқында ұсынылады:

-талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, дөрекілік пен өрескелдікке жол бермеуінде;

-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;

- зеректік пен сезімталдығында;

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл қолдана білуінде;

-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасай білуінде;

-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейінің артықшылығында және білім алушыларды оқыту және тәрбиелей білу қабілетінде;

-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде.

Педагогикалық тәртіп түрлері педагогтың түрлі оқу-тәрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. 

Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. Ол бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі – педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті басшының басты қасиеті жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету.

«Тәртіп» түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың бәрі адаммен және оған ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты.

Педагогикалық тәртіп – оқытушының педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі  шартты  педагог мінезі мен тактикасының  икемділігін көздейді.

 Сабақта – нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда қаталдық. Сабақтан тыс уақытта – жеке әңгімелесу, саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық таныту. 

Педагогикалық тәртіп икемділігінің орнына айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық таныту кезінде педагогикалық кәсіби қызметті тез арада керісінше, сипаттағы педагогикалық әлсіздікке айналдыруға болады деп тұжырымдайды психологтар.  

Оқытушының педагогикалық тәртібі оның мәдениетіне қойылатын талаптардың ішіндегі кәсіби тәжірибесінің даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениетінің орны ерекше. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс-әрекетін ешкім  бақыламайды.

Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетеді. Сол себепті оқытушының моральдік «барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал және жоғары деңгейлі болуы шарт.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекшi студенттердiң өмiрге деген көзқарастары мен талғамдарын қалыптастыруды, оқушылардың жан дүниесiн сезiмтал жүрекпен түсiне бiлудi, ұлтымыздың рухани салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрпын адами тұрғысынан саралап, тәрбие құралы ретiнде пайдалана бiлудi үйретуiмiз керек.

Кез-келген тұлға, мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері болсын осы педагог алдынан тәлім, білім, өнеге алып, өз міндетін атқарады. Ардақты педагогтың арқасында жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан педагог тәртібімен жоғары беделге көтеріліп жатса, қоғамда және өз студенттері алдында да беделі жоғары болары сөзсіз.

 

Әдебиеттер:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы, - Алматы: Дарын. 2004. 452б.

2.Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2004.