педагогика

Ушакбаева К.Р.,Таджибаева Ж.С.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,Тараз қаласы

Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру негізі

 

Бүгінгі күнгі білім ордалары – жоғары оқу орындарының басты міндеті мен мақсаты білікті мамандарды даярлау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді.Қазақстан  Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқыту бағдарламаларын өзгертуді сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді, – деп көрсетілген. Мұның өзі  қазіргі университеттік білім беру жағдайында студенттердің қоғамға бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, дамытатын, инновациялық үдеріс негізінде ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін  қалыптастыруды міндеттейді.

Бүгінгі күннің талабы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қамтамасыз етуде жоғары білім беру жүйесінде, білім мазмұнының, оқыту әдістерінің, педагогикалық технологияларды пайдалануды жетілдіру қажет етіп отыр. Осы міндеттерді шешу үшін  болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын білім стандарттарына сәйкес олардың кәсіби біліктілігін дамытып, жаңа бағыттағы білім мазмұны негізінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру қажет.

Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың құраушылары болатын кілттік құзырларды жоғары білім берудің негізгі мақсаты, әлеуметтік тәжірибе мен тұлғалық тәжірибенің құрылымдық бейнеленуі, сондай-ақ, болашақ мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне, қазіргі қоғамдағы практикалық қызмет пен өмір сүру дағдыларын игеруіне мүмкіндік беретін негізгі іс-әрекеттерінің түрлері негізінде анықталады.

Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік  педагогикалық  ұғым ретінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың бір бөлігі ретінде қарастырылып, олардың  сапалық көрсеткішін сипаттап,  теориялық және практикалық даярлығының біртұтастығын қамтамасыз етеді.     Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік – студенттердің ақпараттық кеңістікте еркін бейімделетін және субъекті мен субъектілік кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста басқалардан тұлғалық белсенділігімен, өзара әрекеттестік ұстанымымен, алдын  ала жоспарланған табысты байланысты  орнатуға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік  іс-әрекетке түсуді қамтамасыз ететін кәсіби білімі мен ұғымы, іскерлігі мен дағдысы, тұлғалық сапасы, құндылық бағдары  болып табылады. Студенттердің ақпараттық-технологиялық құзіреттілігін қалыптастыру үлгісін жүзеге асыру мен оның педагогикалық шарттарының қызмет етуі бірнеше сатыда жүргізілді.

Бірінші саты студенттердің ақпараттық-технологиялық құзіреттілігінің құрылымына сәйкес студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған бағдарлама құру сондай-ақ ақпараттық іс-әрекеттерде студенттердің бағдар алуы мен кіруін ұйымдастырудан тұрды. Бұл сатыда біз алдын-ала ақпараттық-технологиялық құзіреттілікке сәйкес келетін ақпараттық іс-әрекеттер, ақпараттық технологиялар, ақпараттық мекемелер, іс-әрекеттерді ақпараттандыру құралдары мен тәсілдері туралы қандай теориялық түсініктердің бар екендігін анықтадық.

Екінші сатыда студенттердің ақпараттық-технологиялық құзіреттілігінің құрылымына және қалыптастыру үлгісіне сәйкес іс-әрекеттердің  құралдары мен тәсілдерін қалыптастыру жүргізілді. Педагогикалық жоғары оқу орнының ақпараттық білім беру ортасы, проблемалық-танымдық тапсырмалар кешендері негізіндегі модульдық практикумдар осы үдерістің технологиялық негіздері болды.

Іс-әрекеттер жобасы элементтерін практикалық және зертханалық жұмыстар мазмұнына қосу, оқу үдерісіне мультимедиалық оқу материалдары мен технологияларын қосу арқылы дайындықты ұйымдастыру жүзеге асырылды. Үшінші сатыда мультимедиалық технологияларды қолдану негізінде шығармашылық жобалау. Біздің пайымдауымызша, университеттік білім беру жағдайындағы студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі - оқытудың сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді жүзеге асыру үшін кездесетін басты мәселелер мен міндеттерді сыни тұрғыда шешетін, құзыреттілік үдерісін бойында қалыптастыра  алатын,  білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағды, әлеуметтену мен шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін  ажырата алу қабілеттілігі.

Құзыреттілікті қалыптастырудағы педагогикалық  мақсаттардың ерекшелігі - олар оқытушының әрекеті түрінде құрылмайды, керісінше студенттердің іс-әрекеті нәтижесінде, көзқарасы, яғни оның белгілі бір әлеуметтік тәжірибені меңгеру үдерісінде дамуы және жылжуы түрінде құрылады. Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік студенттерді бақылаудан өзіндік бақылауға,  әлеуметтік  дамытудан  өзіндік дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін кұрайтын педагогикалық үдеріс шеңберінде білім беру парадигмасының өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады. Негізгі мәселе-педагог пен тәрбиеленуші арасындағы комуникативтік қарым-қатынас. Педагогикалық  коммуникативтік қарым-қатынас, қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби  категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиеленуші қызмет атқарады

Жоғары білім беру жүйесінің  дамуының әлемдік бетбұрыстарды білім беру жағдайында жаңа ортаның - ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. Мұндай бетбұрыстарды Қазақстанның жоғары кәсіби университеттерінде жүзеге асыру үшін ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастыру барысында, оқыту әдістері мен түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу шарт. 

ЖОО-да білім бepу үдерісіне студенттердің ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастыру барысында ақпаратты, соған сәйкес оқыту әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу бүгінгі күннің басты талаптарының бірінен саналады. Қазіргі педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы болашақ маманның ғылыми терең дайындығының болуын керек етеді. Оның ішкі жан-дүниесі еркіндікке негізделген, қоғамдағы бар экономикалық жағдайды педагогикалық тұрғыдан  түсінетін, ерекше ізденімпаздықпен бұрынғы дәстүрлі жаңалықпен үйлестіре алатындай педагогикалық шеберлігі мен жауапкершілігі жеткілікті, болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық жүйесі талапқа сай жүзеге асуы қажет деген тұжырым жасаймыз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауы. – Астана: Егемен Қазақстан, 2010, қаңтар - 11.

2.     Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогы үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы

3.     Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – Астана, 2003.

4.      Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру: научное издание . Алматы: Білім, 1994.

5.     Педагогикалық жоғары оқу орны студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымы // Ізденіс. – Алматы, 2008.

6.     Студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру-дың педагогикалық шарттары // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Хабаршы». «Педагогика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2010.