Мусаева К.С. п.ғ.к., профессор.

Қазақстан Республикасы. Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ

 

Білім беру жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері.

 

ЕлбасыН.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқанмемлекеттіңжаңасаясибағыты» аттыЖолдауында «Білімжәнекәсібимашық – заманауибілім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайтадаярлаудыңнегізгібағдары. Бәсекегеқабілеттідамығанмемлекет болу үшінбізсауаттылығы  жоғарыелгеайналуымызкерек. Барлықжеткіншекұрпақтыңфункционалдықсауаттылығына да зоркөңілбөлуқажет», –  депатапкөрсетті [1].

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті  жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы еліміздің индустриалдық – инновациялық даму аясында білім беру саласына жаңа тұрпаттағы міндеттерді жүктеп көрсеткен [2].

Болон процесіне ену нәтижесінде жоғары білім беру жүйесіндегі реформаларға сәйкес қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының өз беттерімен шешуіне мүмкіндік жасауда. Жоғары оқу орнын бітірушілердің біліктілігін жоспарлау, тұжырымдау және бағалауға қойылатын талаптар да өзгеруде. Бүгінгі маманның біліктілігі, оның білімінің нәтижесі құзіреттіліктер болып танылуда.

Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген  білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.

Болашақ кәсіби құзіретті маман ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.

Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның – қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көп шаралар жасалуда. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ең маңызды орын алады. Бұл тұжырымдамада жоғары білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын жағдайларда алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатта алға қойылған міндеттер: студенттердің сапалы білім алуы, оқытушының біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің ұдайы арттырылуы[3].

“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”,  “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді [4].

Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі [5].

Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, соныменқатарпрактикада, тілдесімде, жекетұлғаныңөзін-өзідамытудақолданатынтәсілдері»,- дегенанықтамабереді [6].

Б. Т. Кенжебековқұзыреттілікжөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғынадамеңбегiнiңнәтижесiнеқараппайымдау кажет. Кез – келгенқызметкер, өзәрекетiменкәсiбиiс-әрекеттiңтүпкiнәтижесiнесайталаптарғажауапберетiнжұмыстардыорындасағана, кәсiбикұзыреттiболыпсаналады»-, депанықтамабереді [7].

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықтың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде студенттердің басқа оқу орындарында оқу пәндерін таңдап оқуы және олардың кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі зор. Өйткені, студент сыни тұрғыдан өз білімін бақылайды, бөгде ортада өз шеберлігін айқын көрсетеді және оқыту орталарын салыстырады[8].

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы   маманның

бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:

·                     мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

·                     оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

·                     коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

·                     ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

·                     әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті) [9].

Сонымен, кәсіби құзыреттілік  дегеніміз ең алдымен студенттің  функционалдық  сауаттылығы мен  кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп  отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана  кәсіби құзыретті маман бола алады.

Кәсіби құзыретті маман  деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа  әрдайым дайын, педагогикалық  үдерісте үнемі оң  нәтижелерге қол жеткізіп  отыратын маманды атауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқанмемлекеттіңжаңасаясибағыты» аттыҚазақстанхалқынаЖолдауы. Астана,  14 желтоқсан, 2012ж.

2. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.Астана,  2010.

3.Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана,2004.

4.Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. А., 2007

5. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002

6. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. — М., 1998

7.Омарова Л.Т. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

8. Амельченко В.И., Амельченко Л.Б. Формирование педагогической компетенции будущих специалистов как необходимое условие повышения качества образования// Инновационные технологии обучения и интерактивные методы в высших учебных заведениях: Материалы республ.научно-практ.конференции. – Уральск, 2006.С.137-139.

9.Сенкибаева А.Т. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту//Білім берудегі менеджмент, №4,2009.

 

Резюме

В статье рассматриваются проблемы формирования профессиональной компетентности будущих специалистов.