Педагогические
науки/Проблемы
подготовки специалистов.
Проф. Н.Әужанова
ЖГУ
им. И.Жансугурова, Казахстан
ТАБИҒАТҚА САПАРСЕРУЕН
ЖАСАУ
В.А.Сухомлинский «Сапарсеруен
кезінде жалпы балалар табиғатпен әрбір жанасқан сайын олар
табиғат – біздің үйіміз, табиғат өзіміздің
бір бөлшегіміз, ал, табиғатқа селқос
қарасаң – өз тағдырымызға қалай болса солай
қарау деген шындық екендігін ойлаулары үшін оларға
әлемді көрсету керек», – деген болатын.
Сапарсеруендердің
танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Сапарсеруенге
қатысушылар жергілікті жермен, қоршаған ортаның
тыныс-тіршілігімен танысады. Олар балалардың білімін кеңейтіп
тереңдетеді. Мұғалім әрбір тақырыпты өту
алдында оқушылардың білім қорын анықтап жаңа
сабақты соған негіздеп өткізеді [1].
Айналамен
таныстырудың негізгі мақсатының бірі – баланың
көргендерін кейін көзге елестете білуге, ол жайында
әңгімелеп беруге, ой қорытып, сөйлем
құрауға үйрету. Сапарсеруен табиғат
құбылыстары мен объектілерінің сан қырын
неғұрлым кеңірек және тереңірек зерттеуге,
ағзаның қоршаған ортаға байланысын білуге
мүмкіндік береді.
Балалар
көптеген бақылаулардың нәтижесінде
табиғаттың жыл маусымдарына қарай өзгеретінін,
табиғат құбылыстарының нақты белгілерін
түсінеді. Бұл балаларда табиғаттың барлық
бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты және
біртұтастығы туралы ұғым қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Сапарсеруенде
мұғалім:
1. Табиғат
ұғымын анықтап, кеңейтуге;
2.
Табиғатқа деген көзқарасты қалыптастыруға;
3. Логикалық
ойды дамытуға;
4. Эстетикалық
сезімді тәрбиелеуге балалардың табиғатты бақылау
қабілеттігіне байланысты жұмыс жүргізуі керек.
Ал, бұл іс
мұғалімнен асқан шеберлікті талап етеді. Сапарсеруеннің
нәтижелі өтуі мұғалімнің шеберлігіне және
оның табиғатты сүйе білуіне, балалардың
көңілін таба білуіне байланысты. Әр топсеруеннің
өзінше эстетикалық тәрбие береді, оқушылардың
дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
Сапарсеруенге дайындалу
әдістемесі
Мұғалім
әрбір сапарсеруенді тыңғылықты түрде алдын ала
дайындайды. Сапарсеруеннің нәтижелі, әрі сәтті
өтуі тікелей даярлыққа байланысты. Сапарсеруен
даярлығын екі топқа бөлуге болады. Ол
мұғалімнің даярлығы және
қатысушылардың дайындығы, ең бірінші сапарсеруеннің бағдарламасы бойынша
мұғалім не істей білуі керек?
Ол тақырып бойынша мақсат, міндет қойып,
әдебиеттер қарау керек. Әдебиетпен танысып болған
соң мұғалім тақырып бойынша топсеруеннің
бағытын белгілейді. Сапарсеруеннің әдісі
тақырыпқа және оның мақсаттары оған
қатысушылардың білімі мен
жасына байланысты. Сапарсеруеннің жоспары бірнеше
бөлімдерден тұрады, солардың әр бөлігін қай
жерде, қандай әдіспен жүргізу керек екендігін алдын ала
ойластырған жөн. Сондай-ақ мұғалім сапарсеруеннің
алдында бағыттың жолын тексеріп шығады. Бұл сапарсеруенді
мұғалім және жетекші жермен танысып, бағытын
нақтылап, ондағы объектілерді белгілейді.
Сапарсеруен
жүргізілетін жермен танысып, көңіл аударарлық
сипаттағы объектілерді табады, маршрутты тоқтауға
қолайлы жерлерді қарап шығып, анықтайды.
Балалардың өздігінше жүргізетін бақылауларының
сипатын ойластырады. Оқушылар коллекцияға не жинайтынын
анықтайды, сапарсеруеннің жүргізу жоспарын жасайды,
қорытынды әңгімеде көптеген негізгі мәселелерді
белгілейді. Сапарсеруенге балалар да дайын болу керек.
Сапарсеруенде
мұғалім белсенді тұлғалардың бірі. Ол сапарсеруен
кезінде түрлі өсімдіктер туралы мәліметтер береді. Егер
қатысушыларын дүние тануға ынтасы зор болса онда сапарсеруеннің
нәтижелі екенің айтуымызға болады. Ол логикалық ойлау қабілетін арттырады. Н.М.Верзилин
ұсынған сызба нұсқа сапарсеруеннің
бағытынның пайдалану кезінде:
|
Сапарсеруеннің логикалық
бөлімі |
Әдістемелік нұсқаулар |
Бағыттау орны |
Объекттер |
|
|
|
|
|
Жетекші мұғалім әрбір
баланың денсаулығына жауапты, сондықтан әр балаға
ағашқа шықпау, суға түспеу, жоталардан
төмен жүгірмеуін орындағанына қатаң ескертеді
және қадағалайды [2].
Сапарсеруеннің
шамаланған тақырыптық жоспары
1.
Жазғы энтомологиялық топсеруен.
2.
Өз
өлкеңнің жануарларын зерттеу мақсатымен
табиғатқа сапарсеруен.
3.
Орман
(шөл, дала, батпақ) жануарлар әлемі көктемде.
4.
Жылыжайға,
гүл өсіретін мекемелерге сапарсеруен.
5.
Жергілікті
жерде қысқа қалатын құстар әлемімен танысу.
6.
Жергілікті
жеріміздің дәрілік өсімдіктері.
Сапарсеруен өткізу жоспары
1.
Сапарсеруенге шығатын мерзімін белгілеу.
2.
Оқушыларды
сақтық ережесімен таныстыру.
3.
Сапарсеруенге шығатын киімдерге қойылатын
талаптармен таныстыру.
4.
Оқушыларды
топқа бөліп, керекті жабдықтарымен таныстыру.
5.
Сапарсеруеннің тақырыбы мен мақсатын,
баратын жерімен таныстыру.
6.
Сапарсеруен кезінде өздік жұмыс тақырыптарымен
таныстыру.
7.
Қорытынды
жасау: не
көрдің, не білдің?
а) Өсімдік өміріндегі жыл
мезгілінің қандай өзгерістерімен таныстыңдар?
б) Ағаш, бұта және
шөптесін өсімдіктерді қалай ажыраттыңдар?
в) Тұқымды қалай жинап,
сақтау тәсілдерімен таныстыңдар?
г) Сапарсеруен саған ұнады
ма, несімен?
Сапарсеруенде
өткізу әдістемесі
Әрбір сапарсеруен бірнеше бөлімнен
тұрады:
1. Мектептегі жиын
және сапарсеруенге бару.
2. Қатысушылардың
мұғаліммен жұмысы.
3. Сапарсеруеннен
оралуды ұйымдастыру.
Сапарсеруеннің бір
бөлімі көбінесе әңгімелесу болып өтеді.
Әңгімелесу кезінде
мезгілдің кезеңі, ауа райы, жер жағдайы жөнінде сөз
қозғалады. Әңгімелесу тілі өте нақты,
әрі түсінікті болуы керек. Егер әңгімелесу тура жұмыс үстінде болса, онда
мұғалім әңгімесін айтып, қалай өсімдікті
жинау керектігін көрсетеді.
Осыдан соң топсеруеннің негізгі бөліміне көшеді
– яғни жетекшінің жұмысын бақылау. Бұл
жұмыс негізі екі бағыттан тұрады: бақылауды жазып отыру және өсімдікті
жинау. Өсімдіктанудың ең негізгі жұмыстарының
бірі ол өсімдік жинап кеппешөп құрастыру. Сапарсеруенде жетекші келесі мынадай кеппешөп даярлау ережесін
үйрету керек.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда жинау
ережесі
1.
Жинаудың
қолайлы уақыты – ашық ауа райы. Ылғалды ауа райында
жиналған өсiмдiктер тез қараяды.
2.
Кеппешөп
үшiн жиналатын өсiмдiктер орташа өлшемдi, зиянкестермен
және аурумен зақымданбаған, қалыпты өскен болуы
керек. Өсiмдiктердiң өсiп-өнуiнiң ең
қолайлы фазасы гүлдену фазасы. Мүмкiндiгiнше
өсiмдiктердiң жемiстерi болуы керек.
3.
Өсiмдiктер
барлық мүшелерімен толық жиналуы тиiс, яғни өткен
жылғы жапырақтары және тереңге кететiн тамырларымен
бiрге өсiмдiктi дұрыс қазып алу үшiн, алдымен
оның жан-жағынан қазып, содан кейiн жер кесектерiнен сiлкiп
тазарту керек. Жуан тамырлар ортасынан кесiледi.
4.
Егер
өсiмдiк типтiк жапырақтары пайда болғанға дейiн
гүлденсе, онда сол өсiмдiктi қайта жинау керек.
5.
Қос
үйлi өсiмдiктердiң тал (ива), көк терек (осина), т.б.
аталық және аналық тұқымдарын немесе
олардың бұтақтарын жинау керек.
6.
Сирек
кездесетiн өсiмдiктерден кеппешөп жасалынбайды; оларды табиғи
жағдайда сақтайды. Оларды сол жерде суретке түсiру және
суретiн салу жұмысы өсiмдiкке зиянсыз орындалуы тиiс.
Мұмкiндiгiнше алдын-ала топсеруен өтiп жатқан ауданның
қорғалатын өсiмдiктерiнiң тiзiмiн жасау қажет.
7.
Қазылған
және топырағынан арылған өсiмдiктердi «жейдеге» салып,
тегiс жерге ботаникалық папкаға орналастырады. Өсiмдiкті
«жейденiң» оң жағына ұқыпты орналастырылып (бiр жапырағы
мен гүлiн терiс қаратып қояды), этикеткасы салынады. Егер
өсiмдiк әлi анықталмаған болса, этикетканың
жоғарғы екi қатарын бос қалдырады. Өсiмдiктi
«жейденiң» сол жағымен жауып қояды. Папканы жiппен байлап
қояды.
9. «Жейдеге» өсiмдiктiң бiр
түрiн орналастырады. Биiк өркендерiн үшкiр бұрыштап иiп
орналастырады. Морфологиялық жазба және өсiмдiктi
анықтау үшiн оларды жеке алып ботанизиркаға немесе
полиэтилендi қапқа салады, топсеруен бiткен соң банкедегi
суға салып қояды. Кейде қосымша гүлдер немесе
гүлдi өсiмдiктiң төбелерiн, сонымен қатар жемiсi
мен тұқымдарын жинап алуға тура келедi.
10. Анықтау бiткен соң этикетка
толық толтырылады.
Этикеткада (белгісі):
а) өсімдіктің нөмірі; б)
өсімдіктің атауы (қазақша, орысша);
в) тұқымдастардың атауы; г)
орналасу мекені;
д) тіршілік ортасы (нақты жері,
қайда табылды, қандай экологиялық жағдайда); е) жинаған
мерзімі; ж) жинаған
адамның аты-жөні.
Қатысушылар тапсырмаларды тиянақты
орындауы керек. Мұғалімнің міндетті қорытынды жасау,
яғни жиналған материалды
өңдеу, нәтижесін
шығару.
Әдебиеттер:
1. Аужанова Н.Б Ботаникадан дала практикасын ұйымдастырудың
әдістеме нұсқаулары. 1-ші басылым. Алматы: Республиканская
государственная издательско-полиграфическая корпорация «Алатау», 1999. - 55 б.
2. Аужанова Н.Б.
Внеклассная работа по биологии. Учебное
пособие. Алматы: ЖШС «Даир», 2008. - 240 с.