“Педагогические науки”
/ 2.Проблемы подготовки специалистов
Тенкебаева А.З. аға оқытушы, Ермекова С.Е. магистрант
С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемелекеттік университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы
Білім берудегі
қарым-қатынас ерекшеліктері
Жалпы
педагогиканың объектісі – Адам, оның әртүрлі
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, бамуы т.б. болса, баланың жас
ерекшелігіне байланысты педагогиканың объектісі – Бала, оның
туғаннан бастап есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялық
әрекеттері болып табылады.
Жалпы
педагогика пәні – оқу тәрбие процесінің
заңдылықтары, нысаны, әдістері, құралдары болса,
баланың жас ерекшелігіне байланысты педагогиканың пәні –
баланың әр кездегі оқу-тәрбие процесінің
психологиялық тұрғыдан заңдылықтары,
әдістері, құралдары, соған сәйкес
оқу-тәрбие үдерісінің технологиясы.
Қарым-қатынас
немесе коммуникация деп аталатын процесс – аса кең және сыйымды
түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды
байланыс, ақпарат алу мен беру,
оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып
отырады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан
денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және
Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы
осындай мағынаға ие болады». Қарым-қатынас сан алуан
сипатта, оның көптеген формалары, түрлері бар.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдар
қарым-қатынасының жекеше түрі. Оған өзара
әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру үдерісіне
тән қасиеттер де лайық.
Педагогикалық
қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың
оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық
формасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі,
символдық және кинетикалық құралдардың
бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік
және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Педагогикалық
қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен,
оның көп объектілі бағыттылығынан көрінеді.
Тұлғалық даму мақсатыны бағытталмаған,
сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз
болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға
және осы негізде шығармашылық іс-әрекеттерді
қалыптастыруға бағытталған.
Бастауыш
сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен
айналысуына тура келеді. Оқу ойынға қарағанда өте
күрделі үдеріс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер
күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті
психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына
төмендегідей кезеңдерден өту керек:
Біріншіден,
мектеп өміріне кірігу.
Екіншіден,
мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу,
ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату.
Үшіншіден,
мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.
Дегенмен,
мектеп өміріне үйренудің өзіндік ерекшеліктері де бар:
Бірінші
қиындық. Бастауыш сынып оқушылары педагогикалық,
психологиялық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібіне
көне алиай шатақ шығарып, мектепке де барғысы келмейді.
Екінші
қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен
қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы
үшін алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай
көрінеді. Әсіресе бірінші, екінші сынып оқушылары үшін
ұстаз – бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды,
данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда
үлгере алмайтын оқушыға мұғалім
ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі де
мүмкін. Сондықтан, бастауыш сынып оқытушысы балаларға
ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып
көрінгені жөн.
Сынып
оқушыларының тағы бір мәселесі – ол балалардың
сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де
мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі сыныптағы балалар
қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық
нәрсеге мұғалім көзімен қарайды. Мұнда да
балалар ұжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып
екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік
қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған
жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс
тәрбие бере алмайды, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балаларды
жастайынан жаман жолға итермелейді.
Үшінші
қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке
барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесінен
айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мысалға, бала
ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына
көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп
тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады.
Жалпы
алғанда, мұғалімнің оқушылардың
оқушылардың сеніміне кіруі оңай емес. Мұғалімді
төмендегідей қасиетке қарап құрметтейді,
сыйлайды:
1.
Әділдігі;
2.
Сабақты қызықты өткізуі;
3.
Көңіл бөлгіштігі;
4.
Талап етушілігі;
5.
Бірсөзділігі;
6.
Тапқырлығы.
Осы
келтірілген алты қасиеттің біреуі мұғалімнің
бойында болса, бала ол мұғалімге сенім артады. Бірақ егер де
мұғалім балаға бір әділетсіздікті көрсетсе немесе
бір рет оның көңілін қалдырса, онда ол
алғашқы көзқарасын өзгертеді. Себебі бала
айтқан сөзге беріктікті, тұрақтылықты
қалайды да, мұғалімнің іс-әрекетіне
түпкілікті баға бере алмайды. Осыған қарап айтарымыз
мұғалімнің оқушының сезіміне кіруі қандай
оңай болса, оның сенімінен шығып кетуі одан да тез. Сондықтан
мұғалім қиын бір жағдаятқа тап болғанда
одан ұтымды шығып кетудің жолын қарастырғаны
жөн.
Жұмысты
жүргізу үшін мұғалім оқушылар
ұжымының тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін олардың
лидерінен, қақтығыс неден туындағанын,
мұғалім шешімінің аяғы неге соқтыратынын,
қандай нәтиже беретінін болжағаны дұрыс.
Мұғалім – адам қатынасының дәрігері. Ол диагноз
қояды, емдейді. Қандай емнің қандай нәтиже
беретінін болжайды.
Мұғалім
осындай іс-әрекетті жүргізуінің төрт кезеңі бар: Бірінші
кезеңге – мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие
жұмысын жүргізуді ұйымдастыру, оның шәкірттерді
сол жұмысқа жұмылдырудағы ұстаздық
қабілеті (көңіл-күйі, әділ баға беруі,
сөзі мен ісінің сәйкестігі) жатады. Екінші кезеңге –
мұғалімнің балалар тексеруінен сүрінбей өтуі немесе оның психологиялық тұрақтылығы
жатады. Бұл жерде мұғалімнің балалар сынына әсері,
шыдамдылығы, ерік, қажыр-қайраты, жігері,
қайсарлығы, табандылығы, айтқан сөзін,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі, талапты орындатуы керек. Үшінші
кезең – екінші кезеңнің жалғасы болып табылады. Ол
мұғалімнің ұстаздыққа деген
құнды бейімділігін тексеруден өткізу. Мәселен,
мұғалімнің талап ете білуі, мейірімділігі, бір беттілігі,
ізгі ниеті сияқты қасиеттерін
балалар тексеруден өткізеді. Төртінші кезең –
мұғалімнің пәнін, тәрбие жұмысын жете білуі,
әдістемелік дайындығы жатады. Ол мұғалімнің
іскерлігіне қабілетіне,
оқушылардың біліміне, тәрбиесіне, қоршаған
ортасына т.б. жағдайларға байланысты.
Мұғалім
еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі
қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады.
Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің
жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық
мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы
ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор
ықпал жасайды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. «Жас ерекшелік педагогикасы».
Оқулық. Астана: Фолиант, 2006.
2.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология: жоғары оқу
орындарына арналған оқулық. Екінші, толықтырылып,
түзетіліп және қайта өнделіп басылған. Орыс
тілінен аударған М.А. Құсаинова. –М.: Логос; Алматы:TST-company,
2005.
3.
Брудный А.А. «Понимание и общение». М., 1989.