п.ғ.к.,
профессор Исаева К.Р., магистрант Бокаева Г.Б.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Қазақстан Республикасында білім беру саласында
жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет
дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға
жету бағытындағы қоғамдық прогрестің
заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30
елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім
берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты
орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде
көрсетілген [1]. Сондықтан
да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру
саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының
негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім
мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар
жасауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында 2007
жылғы Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің
жоғарғы сынып оқушыларына
бейіндік оқытуды енгізу
қарастырылуда.
Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің,
мемлекеттің және қоғамның,
тұлғаның өзекті және келешектегі
қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы
ретінде қарастырылады [2].
Қазақстан Республикасында
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12
жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру
мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және
аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған
мазмұндағы стандарттарды
әзірлеу мен енгізуді
ұйғарады [2].
Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім
беру деңгейінде білім беру
сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның,
тұлғаның өзекті және болашақтағы
қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық
бағыттар бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [3].
Бейіндік оқытудың
мақсаты - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге
жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік
бағдар алу үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы
бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін
ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің
құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру, білім беруді даралау
мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік оқыту жүйесі
дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты,
олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім,
білік, дағды және құзыреттіліктер; жоғары сыныпта
оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және
жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен
байланыстырылады. Стратегиялық
тұрғыдан
анықталғандай, жалпы
орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын
кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін
болады». Оқушыларға
«шығармашылық қызметіне және жеке
қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру
бағдарламаларын
таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен
және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу,
әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген
түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу
қамтамасыз етіледі».
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін
дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен
анықталған:
-
мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне
көшуі; - шетелдік тәжірибедегі жоғарғы
сыныптағылардың оқуын
ұйымдастыру тенденциялары;
-
еңбек нарығының мектеп түлектерінің
дайындығына қоятын талабы;
- білім берудің келесі
деңгейлерімен сабақтастығын
жүзеге асыру қажеттілігі.
Қазақстанда бейіндік
оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:
- білім алушыларды
әлеуметтендіруде
педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы
уақытта еңбек нарығының алға қарай даму
жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;
- орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп
түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау
көрсету;
- 11-12-сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы
сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 10-сынып
оқушыларын даярлау мақсатында
педагогикалық-психологиялық жұмысты ұйымдастыру
қарастырылады. Жалпы орта білім
беретін мектептер базасындағы
бейіналды дайындық төмендегідей шараларды қамтиды:
- мамандық таңдауда
оқушыларға кеңес беру;
- жергілікті жердегі мамандықтар
туралы ақпарат беру (кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО), яғни
дайындық жүріп жатқан мамандықтар бойынша;
- оқушылардың алғашқы қалаған
мамандықтары мен қызығушылықтары бойынша психологиялық
диагностика, сонымен қатар тұлға типіне де диагностика;
- «Мамандықтар әлемінде»
атты іскерлік ойын ұйымдастыру;
- әртүрлі оқу
пәндерін оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің
мониторингі;
- оқушылардың қалауы
бойынша жеке кеңестер беру.
10 сынып оқушыларының 11 сыныпта
бағдарлы оқуды саналы түрде таңдауы үшін 10 сынып
оқушыларының «үйренгім келеді», «қолымнан келеді»,
«қажет» деген сұрақтарға жауап алу мақсатында
педагогикалық ұжым
тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуі қажет. Осыған
байланысты оқу бағдарын таңдауды анықтау
үшін 9-10 сыныптар
оқушыларына сауалнама жүргізілуі қажет. Аталған
жұмыс жоғары сыныпта білім алушылардың бейіндік оқуын
ұйымдастыру үшін қажет. Сауалнаманың қорытындысы
нәтижесінде білім алушылардың қызығушылығы мен
қабілеттеріне сәйкес келетін білім сұранысы
қалыптасады. Сауалнама
алудың мақсаты – 9-10 сыныптар оқушыларының
кәсіби қызығушылықтары мен
қарым-қабілеттерін меңгеру және бейіндік оқытуды таңдауға
дайындығын анықтау. Міндеттері:
- белгілі бір бағдарлы
оқытуға бейімін анықтау;
- болашақ мамандығын
таңдауға әсер ететін мотивтер мен факторларды
айқындау;
- оқушының бейінді
оқытуды таңдау процесіне ата-аналарды тарту;
- алынған нәтижелер
негізінде ұсыныстар әзірлеу.
Бейіналды даярлық жүйесі
9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын
өздері таңдауды: не жалпы
білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында немесе техникалық
және кәсіптік білім беру
ұйымдарында қарастырылады.
Бейіналды даярлықта білім беру жетістіктерінің
жиынтығын көрсететін негізгі құжат портфолио болып
табылады. Онда оқушылардың атқарған
жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға
бағыттығын, оқу және шығармашылық әрі
қызығушылық белсенділігінің қарқыны
жөнінде мәліметтер беріледі.
Бейіналды даярлық
педагогикалық ұжымның
психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және
ұйымдастырушылық
қызметінің
жүйесі ретінде ұсынылады. Онда оқушының
болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік
қызығушылығын дамыту, өмірлік, әлеуметтік
құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеру - бейіналды
даярлықтың міндеттері болып табылады. Бейіналды даярлықтың құрылымы
педагогикалық-психологиялық қызметтің бірқатар
бағыттарын (насихаттау, диагностика, кеңес беру, т.б.)
қамтиды. 9-10 сыныптарда осындай
жұмыстар арқылы оқушылардың қарым-қабілеті,
икемділігі, т.б. қасиеттері
айқындалып, 11 сыныпқа келгенде оқушылар
қалыптасқан стереотиптерге қарамастан (ата-ана,
таныстарының ықпалы сияқты), қазіргі заман талаптарына
сай (радиотехника, дизайн, стандарттау, т.б.) мамандықтар таңдай
бастайды.
Білім берудің жоғары
сатысындағы оқушылардың бейінді оқыту мазмұнын
анықтауға оқушылардың қызығушылығы,
жеткен жетістіктері мен таңдаған мамандықтары көрсеткіш
ретінде қабылданады, оқушылардың өздеріне қатысты
аталған көрсеткіштерден бөлек ата-аналардың
үміті, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер,
аумақ ерекшеліктері де белгілі дәрежеде әсер ете алатыны
белгілі.
Бейіндік мектеп түлегінің өмір
сұраныстары мен бәсекеге даяр болуы:
оқушының білім, білік, дағдыларын теріп
қана қоймай, өздігінен білім алуға құлшынысын
ояту, сабақтастық ұстанымдарын сақтай отырып,
кәсіби бағытқа бейімделген, тілдік функционалдық
сауаттылығы, саяси-құқықтық, жаратылыс
заңдылықтары бойынша білім негіздері қалыптасқан
интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеу парыз.
Бейіндік білім беруді енгізу
мақсаттарының бірі тілек білдірген барлық
оқушыларға өзінің жеке икемділіктері мен
қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім алудың
қолайлылығын және таңдаған бағытқа
сәйкес пәндерін базалық кеңейтілген және
тереңдетілген деңгейлерде оқытылуын қамтамасыз ету,
әрі қарай оқу бағытын таңдау үшін
жағдайлар жасау қажет болса, бір сыныпта екі бағытты
қатар ұйымдастыру ауылдық мектептерде бала санының
шектеулігіне байланысты проблема туындатады. Оқушылар есейген сайын
олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды.
Белгілі бір пәнге қызығушылық танытқан және қабілеттілік
көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай
алады. Тәжірибе
көрсеткендей, қандай да бір пәнге
қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті
таңдауда қиналып, оны жиі өзгертеді.
Бейіндік оқыту - оқушының тұлғалық
және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз
ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау
кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру
жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген
жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби
бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.
Бейіндік оқытудың мақсаты - оқушының кәсіби бағдары мен
өзін-өзіанықтауын қамтамасыз ету,
оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге
асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін
туғызу.
Бұл мақсатты жүзеге
асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы
білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.
Міндеттері:
- жалпы білім беруді мектептің
түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын
күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
қамтамасыз ету;
- оқушылардың
таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі
жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін
қамтамасыз ету;
- мектепте білім беру процесінің
вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын
қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын
арттыру;
- оқушылардың
оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына
және икемді білім алу бағдарламаларын құруына
мүмкіндік беру;
-
білім беру мазмұнын жаңғырту және оның
әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің
практикалық бағдарлануын іске асыру;
-
оқушының
әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және
кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты
қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім
алуға біршама тиімді даярлау.
Бейіндік оқыту - жалпы білім беретін мектептердің
жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының
әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта
және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына
бағытталған арнайы дайындық жүйесі. Бейіндік оқыту негізінен 12
жылдық білім беру жүйесінде толығымен жүзеге асырылады.
Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасында: «бейінді оқыту - кәсіптік білім
беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік
бейімі үшін жағдай жасау, оқушылардың бейімділігі мен
қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге
бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен
мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып
оқушыларының оқуын даралау мен саралап жіктеудің
педагогикалық жүйесі», - делінген [4].
Қорыта айтқанда, жалпы орта білім беру жүйесінде бейінді
оқытуды жүзеге асыру - білім алушылардың саналы түрде
кәсіптік, азаматтық, тұлғалық
өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді
құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бейіндік
оқытуда білім беру үдерісінің мазмұны
жүйелі-әрекеттік және тұлғаға
бағдарланған тәсілдер әдіснамасына негізделіп, жеке
оқытуды, өздігінен білім алуды, сол сияқты білім
алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі жүзеге
асыруын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 14.12.) - Астана, 2012.
2. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 07.12.
№1118 Жарлығымен бекітілген.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңы. 27.07. 2007.
4. Қазақстан
Республикасында бейінді оқытуды дамыту
тұжырымдамасы.
- Астана, 2010.