Курикбаева Алия

№29 Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  ОҚО, Шымкент қаласы

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ  ИНТЕЛЛЕКТ ДЕҢГЕЙІНІҢ РӨЛІ

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, осы қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына тығыз байланысты.Әрбір қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан заман талабына сай жеке, дербес шешім қабылдайтын білімді, тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы, оның жеке бастық қасиеттерінің бірі болып табылады.  Оқушылардың шығармашылық қабілеттін дамыту олардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін ұтымды ұйымдастыру мен сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолданудың маңызы зор.

Оқушының жалпы қабілеттерінің дамыту-оның есте сақтау, қабылдау, ойлау, қиял сияқты танымдық процестерін дамытуымен байланысты. Бастауыш сынып оқушысының танымдық процестерінің жиынтығы-оның интеллектісін анықтайды. Интеллект - ақылды әрекет етудің,  логикалық ойлаудың және сыртқы өмір жағдайларын тиімді шеше алудың қабілеті деп көрсетеді. Д. Векслер, яғни, интеллектіні-адамның қоршаған ортаға бейімделу қабілеті ретінде қарастырады.

Интеллект креативтіліктің ең негізгі базасы болып табылатын адам-интеллектуалды адам шығармашылық адамы болуы мүмкін, бірақ интеллектісі төмен деңгейдегі адам  ешқашан креативті бола алмайды.Шығармашылықтың дамуы интеллектуалдылық, қарым-қатынас пен тапсырмаларды шешуді жүзеге асырып отырады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін. Балалардың қалай ойнайтындығының да мәні өте зор. Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы кез -келген бала ойынында шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы шығармашылық қабілетті дамытуға болады. Мысалы, шахматта біз оқулық бойынша немесе шығармашылықты тұрғыда ойнай аламыз. Шығармашылықтың дамуы әдебиет және өнердің әрқилы түрлерімен (сурет, ән т.б.) айналысу арқылы жүзеге асады. Шығармашылықтың дамуына оқу сабағы үлкен септігін тигізіп отырады.

Воллах және Коган бойынша әртүрлі деңгейлердегі интеллект пен шығармашылық қабілеттің айырмашылығы бойынша оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін төмендегі кестеден көруімізге болады.

 

 

 

Интеллект

Жоғары

Төмен            

     Шығармашыық қабілет

Төмен

Өзмүмкіндігіне сенімділік. Өзін-өзі жақсы бақылау.           Жақсы әлеуметтікинтеграция. Зейінін тұрақтатуға жоғары қабілетжәне барлық жаңа нәрселерге деген  қызығушы

лық.

Әлем туралы және мектеп талаптары туралы өз ойы арасындағы үнемі қарама-қайшылық. Өзіне сенімділік

 

 

тің жеткіліксіздігі. Айналасындағы

лардың берген бағасына қорқыныш..

Жоғары

Оқуда жоғары нәтижеге                  жетуге бағытталған энергия. Сәтсіздікті катастрофа ретінде қабылдау. Өз ойын білдіруге  және бел бууға тартыншақтық.      Қарым-қатынастың төмендігі. Өзін-өзі бағалаудағы қор-қыныш.

Сырттай көрінісі болса да өмірге жақсы бейімділігі мен қанағаттануы. Интеллектінің жеткіліксіздігі әлеуметтік қарым-қатынаспен немесе бірқатар пассивтілігімен компенсацияланады.

Бірқатар айтылатын пікірлерге тоқталар болсақ, бастауыш мектеп оқушыларының еліктеушілік әрекеттері өз алдына "ойын" ретінде жүзеге асады. Айналасымен табиғи, кіршіксіз қатынас жасауы -үлкендер өміріне араласудан қорықпастан, қиыншылықтарды байқамастан-ақ, керісінше, көңілді күй кешеді. Балалардың шығармашылық қабілетінің даму негізі интеллектінің жеткілікті дамуы бола алады,- деген тұжырымымызды қанағаттандыру үшін, Л.С. Выготскийдің "дамудың жақын зонасы" идеясына сүйену қажет болады. Атап айтар болсақ, бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық қабілетін дамытамыз десек, оның интеллектісінің дамуын мүмкіншілігінше дамудың ең жақын зонасына жеткізуіміз қажет. Сонда ғана біз оқушылардың шығармашылық қабілетінің ойдағыдай дамуына қол жеткізе аламыз.

Оқушылардың қабілеттерін кең мағынада мақсатқа бағытталған және көпшілік көлемде дамытуды -тек мектеп жүзеге асырады. Мұны жүзеге асыру үшін өте ерте кезеңдерден бастап белсенді іс-әрекеттің кең диапазонында өзін-өзі көрсете білуге деген мүмкіншілікті ерте балалықтан бастап тудыру қажет. Жеке даралық қабілетті дамытудың ең нәтижелі, тиімді жолы- бірінші сыныптан продуктивті шығармашылық іс-әрекетке барлық оқушыларды жұмылдыру болып табылады.

Мұғалім шығармашылық сабақты ұйымдастыра отырып, баланың бойында жасарынып жатқан шығармашылықтың бастамасыноята білуге, еңбек ете білуге үйретуге, өзін түсінуге және тануға көмектесуге, шығармашылықта алғашқы қадамдар жасауға көмектесуге тырысу қажет. Осындай жағдайда баланың өмірі толық, қуанышты, бақытты бола түседі. шығармашылық жақтары айтыла бермейді.

Шығармашылық қабілетті дамытуда жаңа, айрықша нәрселерді құруға арналған шығармашылық ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен әдістемелерді, интеллектуалды жоғарылатуға арналған тапсырмаларды қолдану тиімді деп есептеймін.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии– СПб: Питер Ком, 1999

2.Теплов М.Б. Избранные труды, в 2-х, т. 1. - М. Прос, 19

3.Дружинин В.Н. Психология общих способностей– СПб: Издательство «Питер», 1999.