Сайлыбаева Қ.Ә., Асқарбек А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Ниетбаева М.А.
№54 орта
мектебі, Тараз қаласы, Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҢ МАЗМҰНЫ
Үздіксіз
білім беру жүйесінің бір буыны болып табылатын бастауыш білім
беретін қазақ мектебі де, қоғамның басты міндеті
– жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға қатысады. Бұл әлеуметтік
педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен
тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны
қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Біздің
еліміз сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында әрбір
мұғалім, мектеп, ұлттық мазмұнда болуы тиіс.
Қазақ
мектебі «Ұлттық» деген атқа лайық болу үшін онда жүргізілетін
тәрбие мазмұны да Республикамыздың, ұлтымыздың
әлеутеттік экономикалық, мәдени-тарихи даму ерекшеліктерінен
көрінуі керек. Қазақ бастауыш мектебі өзінің міндетін
толық атқару үшін, қоғамның оған
қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие
мазмұнын жақсарту үшін оқушылардың
ата-аналарының педагогикалық білімін жетілдірулері –
мұғалім беделі.
Сынып
жетекшісі өз жұмысын ең алдымен оқушыларды,
олардың арасындағы қарыс-қатынастарды,
оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында
сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады.
Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер
айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие
жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі,
сынып жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін
(жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі,
қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені
жөн.
Ата-аналармен
ұйымдастырылатын педагогикалық тұрғыдан насихат негізі
және оларды өткізу жөніндегі жалпы әдістемелік
жұмыстар әр алуан. Ата-аналар жиналысында олармен
педагогикалық тақырыптарды жүйелі түрде өткізіп
отырған тиімді.
Ата-аналарды
сауаттандыру ісі олардың педагогикалық мәдениетін
арттыруға, баланың жеке басын қалыптастыру процесі туралы,
оның дамуының жалпы заңдары туралы білімдермен
қаруландыруға, бала тәрбиесіне мектеппен
біртұрғыда қарауға мүмкіндік береді.
Әңгіме тақырыптары тәрбиенің жалпы міндеттерімен
және ата-аналар мен балалардың нақты ұжымымен тәрбие
жұмысының ерекшеліктерімен анықталады. Ата-аналармен
әңгіме өткізу үшін төмендегі
мазмұндағы тақырыптар тиімді болмақ демескпіз. Олар:
-
Баланың жеке басын қалыптастыру;
-
Білімді игеру және жақсы оқуын қадағалау;
-
Балалардың мінез-құлық мәдениетін
тәрбиелеу;
-
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың беделі, жеке
басының үлгісі және жауапкершілігі.
Бұл тақырыптардың
әрқайсысын бірнеше әңгіме арқауы етіп
ұйымдастыруға болады. Мәселен, «Білімді игеруде және
жақсы оқуда балаларға қалай көмектесі керек» деген тақырыптан бірнеше
тақырыпты бөліп алуға болады: балалардың бойында
оқуға деген сүйіспеншілікті баулу, «Балаларды
өзін-өзі бақылауға үйрету», тағы басқа да «Балаларды мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеу» деген тақырыпта бірнеше
әңгіме өткізуге болады: «Төменгі сынып
оқушыларының сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.
Елімізде
болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын
ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың
тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе
түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне
мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді.
Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана,
ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздың,
оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші
сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының
мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан
қарастыруды қажет етеді.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру
барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып
отыру тиіс. Олар:
- Басты мәселе жеке тұлға
қалыптастыру.
- Жалпы біліммен кәсіптік білімнің
үздіксіздігі.
- Тәрбиенің табиғатпен
байланысы.
Сынып жетекшісі – ол кім? Қазақстан
Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын
ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.
Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып
мұғалімі атқарады.Бүгінгі күні сынып жетекшісі –
кәсіпкер – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
Ø Жалпы адамзаттық
мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның
арасындағы рухани жалғастырушы;
Ø Сынып
ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында
олардың өзара ынтымақтастық
қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
Ø Оқушы
тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай
жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие
жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен
бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір
түзетулер жасаушы;
Ø Оқушының
күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда,
кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің
әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде –
көмекші, кеңесші;
Ø Сыныпта қолайлы,
жайлы моральдік – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін,
сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік
ықпалдар жасаушы;
Ø Оқушының
дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік
күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы,
үйлестіруші.
Мектепте
оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр
баланың білім деңгейі анықталады. Әр айда баланың
білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол
үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын
жекелеме жұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі
жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата – ана, оқушы,
пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым
– қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Сынып жетекшісі әр
оқушының бойына ұлттық құндылықтарды
қалыптастырып,, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің
дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу –
тәрбеи жұмысын іске асыратын, оқушының
ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-анамен
мектептің ынтымақтастық тенденциясы қамтамасыз ететін
басты тұлға.
Тәрбиеші
– педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект –
тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет
ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру
қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен
қатар, тұлғаныңдаму барысында кездейсоқ
жағдайлар орын алады.
Ұжымды
ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің
назарындағы екінші объектісі мен міндеті.Оқушы
тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның
қабілеттерінің, қызығушылығының,
бейімділігінің және ішкі
табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай
жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші
міндеті.
Кейбір
зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар
және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар
ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады
екен:
Бірінші топ
міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы
қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар
жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие
институттарымен баланың дамуына және оның даралық
қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін
байланысорнату.
Екінші топ
міндеттері. Диогностикалық-әдептік-этикалық деуге болады.
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін,
сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара
қасиеттерін білуі керек.
Үшінші
топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар
баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін
ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды
оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына
мүмкіндік береді.
Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара
практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға
оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді
педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын
жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны
жатқызуға болады.
Ата-аналар
жиналысында әңгіме өткізуге мұғалім
мұқият дайындалуға тиіс. Бұл дайындық
әңгіменің тақырыбын анықтаудан басталады.
Тақырып таңдау мына жағдайларға: ата-аналардың
балаларды тәрбиелеуге дайындығына, олардың
педагогикалық мәдениетіне, мұғалім алдында
тұрған нақты тәрбиелік міндеттерге, балалардың
тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Әңгіме
педагогикалық насихаттың жүйелілігі сыныптағы оқиғалардың, ата-аналар
жұмысында туатын қиындықтардың жетегінде кетпей,
ата-аналарды білім жүйесімен қаруландыратындай дәрежеде болуы
керек. Бірақ бірінші әңгіменің тақырыбы
барлық сыныптарда бірдей. Мұғалім жаңа оқу жылын
бастай отырып, ата-аналарды, балаларды осы сыныпта тәрбиелеудің әдістерімен және
мазмұнымен таныстырады. Ол ата-аналарды тәрбиеші ретінде алға
қойып отырған міндеттермен таныстырады, тәрбие
жұмыстарында қандай нәтижелерге қол жеткізуді
мақсат етіп отыратындығы туралы, бұл мақсатқа
қол жеткізу үшін қандай әдістер мен жолдарды
пайдаланатынын айтады. Осы алған әңгіме ата-аналар үшін аса маңызды,
әрі олардың түсінуіне қиын да. Мұғалім
ата-анаға өзінің кәсіптік ойларын түсіндіреді, ал
оны тыңдаушылардың арнайы педагогикалық мамандығы
жоқ және тәрбие берудегі практикалық
тәжірибиелері де біркелкі емес. Сол себепті де негізгі
нұсқаулар мен тәрбие перспективаларын ата-аналарға
түсінікті етіп айту керек, сонда олардың әрқайсысы
педагогтың идеясына шыңдап қосыла алады, оның мәнін
дұрыстығынтүсінеді, мектепте жүргізілетін
жұмысқа орай жанұядағы тәрбиені қалай
құру керек екенін біледі. Бұл тәрізді қиын міндетті
шешу әңгіменің жоспарын, материалдық түсіндіру
түрлерін, ата-аналардың алдына қойылатын проблемалардың
тұжырымдарын ойластырып алуды керек етеді. Осы айтылған
тақырыптардың қай-қайсысы бойынша өткізілетін
әңгіменің тиімділігі мұғалімнің әр
жанұядағы бала тәрбиесіндегі
жағдайларын, оқушылардың тәрбиелік
дәрежесін өз тәрбиеленушілерінің жеке басын
қалыптастырудағы жетістіктер мен қиындықтарды жақсы білуіне байланысты болады.
Мұғалім әңгімеге дайындық үстінде,
әңгімедегі негізгі педагогикалық қағидаларды
растайтын айқын және нанымды деректерді іріктеп алады.
Көптеген ата-аналар мектептегі
мен жанұядағы тәрбие практикасынан алынған
мысалдармен дәлелденген педагогикалық идеяларды жақсы
қабылдайды. Жекеленген жағдайларда ата-аналарды сабаққа
қатыстырып, мұғалімнің жұмыс тәсілдерімен
таныстырудың пайдасы зор. Мәселен, мұғалім
ата-аналармен балалардың өзіндік дербестігін және
өзін-өзі бақылауын тәрбиелеу туралы әңгіме
өткізетін болса, ата-аналарға педагогтың осы
қасиеттерді балалардың бойында қалай баулитынын математика
және орыстілі сабағында көрсетуге болады. Бұл
сабақтарда ата-аналар мұғалімнің бала
қиналған бетте көмекке келмейтінін, қайта дұрыс
жауап іздестірудің, шығарылатын есеп пен оның орындалатын
жаттығудың дұрыстығын тексерудің жолдарын
ғана көрстеуге тырысатынын байқайды.
Мұғалімнің ата-аналармен жиналыстағы
әңгімесіне ата-аналардың өздерінің шағын
сөздерін қосуға болады. Ата-аналарды мұндай
сөздерге дайындау (сөз мазмұнын анықтау, тәрбие
практикасынан тиісті деректер іріктеуіне көмектесу) керек.
Ұлы чех
ғалымы «Ұлы дидактика» - атты педагогикалық
шығарманың авторы Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ орта,
сусыз диірменмен тең» деген болатын. Шынында тәртіп болмаған
жерде балаға еш нәрсені айтып түсіндіруге де, жұмыс
істеуге де, одан тиянақты нәтиже шығаруға да
мүмкіндік болмайды. Сондықтан оқушыларды саналы
тәртіпке тәрбиелеу бүгінгі мектеп тәжірибиесінің
ең негізгі түйінді мәселелерінің бірі болып табылады.
Өйткені, саналы тәртіп – ұйымшылдықтың,
іскерліктің, ілтипаттылықтың, сыйластықтың,
өнегеліліктің ұйтқысы.