Асетова Ж.Б., Аубакирова К.Ф., Айдарбекова К.А.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері

Оқушылар қызығушылығын қалыптастыру мәселесі олардың әр алуандылығымен педагогикалық теория мен практикада тұлғаны үйлесімді дамытуда көкейкесті мәселенің бірі болып саналады. Оны философия, әлеуметтану, психология, педагогика саласында жарық көрген ғылыми зерттеу еңбектері дәлелдейді.

Мектепте көптеген жұмыстарының бір саласы оқушылардың эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталады. Өзімізге белгілі қазіргі қоғамда қазақ мектептерінде халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін терең таныстырып, халқымыздың педагогикалық ой- пікірін оқу- тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни эстетикалық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, қызығушылығын қалыптастыруға бағытталады. Әйтседе эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру жайында қазақ мектептеріне арналған әдебиет жоқтың қасы. Эстетикалық тәрбиенің алғашқы адымы жанұяда басталып, мектептегі оқу - тәрбие жұмыстары үстінде ілгері дамытылады. Мектеп балаларға айналасындағы, тұрмыстағы, табиғаттағы және көркем шығармалар мен өнер туындыларындағы әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйретудің маңызы зор.

Халықтың дәстүрлі эстетикалық ой танымының, оның ішінде ұлттық реңктерді қабылдай білуде образды поэтикалық талғамының қалыптасуы дегеніміз – ата-бабамыздың мәдени болмысы біртектес, біртұтас болуы деген сөзді білдіреді. Бұл орайда кең далада еркін өскен  ата-бабамыздың ой өрісі де кең, түйсігі ұшқыр, талғамы биік болғанын оның дәстүрлі қолөнерде пайдаланған түстерді образды сипаттауынан айқын аңғарамыз. Қазақтың ою өрнектері арқылы оқушының қызығушылығын қалыптастыру да әбден мүмкін, бұл мәселені ғалымдар өздерінің еңбектерінде қарастырған. Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланылса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланылғаны белгілі. Ісмер қолдан шыққан олар эстетикалық мәні бар шығармаларына айналды.

Эстетикалық қызығушылықтың өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Оқушылардың мәдени эстетикалық талғамы, қызығушылығы, түсінігі бейнелеу өнері, музыка, ән, сурет, сызу, дене шынықтыру және еңбек сабақтарында дамиды. Соның ішінде бастауыш сыныпта эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруда өмірдегі барша бояу түрлерінің байлығын ашып, өзіне деген ерекшеліктерінің айқындайдауда  бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бейнелеу өнеріндегі көркем күштің жоғары деңгейде болуы, көрушіге өте зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушыларға эстетикалық қызығушылығын айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, көркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды. Бейнелеу өнерінің туындылары оқушыларға әсер етіп, жақсылыққа жетелеуші құрал ретінде, оларға ұмтылыс пен көтеріңкі көңіл туғызады.Бейнелеу өнеріне: кескіндеу, мүсін өнері, графика, декоративтік-қолданбалы өнер, театрлық-декорациялық көркемдеушілік жатады. Бұның өзі балаларға бейнелеу сауатының негізін үйретеді, оларға суреттің, кескіндеудің, желімдеу, қолданбалы өнерінің әсерлі әдістерін пайдалануды қалыптастыруды талап етеді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Эстетикалық тәрбиеде оқушылардың өлеңдерді, әндерді, әңгімелерді, ертегілерді қайталап айтып қабылдау әдістерін пайдаланады. Әдеби шығармалардың әсері кітап оқуды пайдаланады. Балалардың түрлі көркемдік іс-әрекеттерімен , ән салу, сурет салу, бояу, жапсыру, модель жасау сияқты өнерлерімен ұштастыру есебінен күшейтілуі мүмкін.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Сонымен бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруда табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.   Гулыган Что такое эстетика? книга для уч -ся – М. Просвещения 1987-174с.

2.   Әбенбаева С. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. //Бастауыш мектеп. 2003.-№12.

3.         Көкшеева, З. Т. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру: п.ғ.к. ... автореф. - Алматы, 2007. - 24 б.