Мектеп
жасына дейінгі балаларға
дидактикалық
ойындарды қолдану
Оспанбаева
А.Р.,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.
Смагулова Н.М.
Тараз
қ. №7 балабақша тәрбиешісі
Еліміздің
өміріміздің барлық саласында өзгеру процесі жүріп
жатыр. Республикамыз экономикалық және саяси егемендікке қол
жеткізді. Мемлекетіміздің егемендік алуы әр қоғам
мүшесінің ұлттық сана-сезімінің жоғарылауын
талап етеді. Соның ішінде күн тәртібіне қойылған
мәселелердің бірі – болашақ ұрпақты
ұлттық сана рухында тәрбиелеу. Сондықтан,
ұлттық мәдениетті дамыту проблемалары күн өткен
сайын көкейкесті болуда. Ойын – жас ұрпақтың
дүниетанымын, мәдениетінің бір бөлігі және рухани
байлығымыздың бір саласы екені анық.
Ойын – үнемі даму
құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие
жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын
қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи
құбылыс болып та табылады.
Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих
түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей
байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан,
ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте
маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен
туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып
қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне
өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан
адам мәдениетінің ең бір қызықты
құбылысы болып есептелінеді.
Бұл тақырыпқа
байланысты зерттеулер халық ойындарын
ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан халық
естелігі айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми
талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және
тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.
Ойындар, олардың сан алуан
түрлері ежелден этнографтарды, психологтарды, археологтарды, педагогтарды
және басқа ғалымдарды қызықтырған.
Қазақ халық ойындарының даму тарихына Э.Маккей, Марко
Поло, Низам аль-мулюк, Рашит-ад-дин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев,
Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сынды атақты ғалымдар
өз еңбектерін арнады.
Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын
орны жайлы қазақ арасынан тұңғыш еңбек
жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды
Ерте заманнан – ақ адам өзін
қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет
жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді
іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте
заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне аусады.
Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму
ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік
кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп
отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп
ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы
емес, тікелей араласып,
іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас
барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші
мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті
ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу,
еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке
тұғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте
заманның өзінде – ақ атақты ғұлама
ойшылдар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп,
байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынғанОйын баланың - әлеуметтік қарым – қатынас
ортасы. Дидактикалық ойын
– оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын
дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің
бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің,
негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін,
дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау
және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды,
эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы
нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты
әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей
қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала
әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап
көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын
әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі
ғалымдар (Ж.Аймауытұлы,М.Жұмабаев,Ш.
Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.
Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны
жөнінде қазақстандық ғалым Н.
Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт
күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп
дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды
әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ
өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және
өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.Баланыңжеке
басының дамуы үлкендермен өзара қарым-қатынас
сипатына ғана емес, сондай-ақ құрбыларының
ықпалына да байланысты болады Теориялық мәселелерді талдау,
балабақша тәрбиешінің тәжірибелерімен танысуға,
жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыс
нәтижелері бізге төмендегідей қорытынды жасауға
мүмкіндік берді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. АйтпаеваА.К.Программа «Использование казахских народных детских игр
в детском саду»- Алматы,
1996.
2.
Елубаев С., Елубаева С. Дидактикалық ойындар мен логикалық
есептер.
Отбасы және балабақша, 2005-№9-10. 17-35
3. Елубаева С. Дидактикалық
ойын-оқыту әдістетерінің бірі /Отбасы және
балабақша, 2008- -№ 2. 7-13.
4.
Жикалина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар.-
Алматы: Рауан, 2002.