Педагогические науки
Жас баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың
маңызы
Тулебаева Шолпан Апсеитовна
ТарМПИ, к.п.н.
Бейбітова Салтанат Тоқтасынқызы
№ 28 балабақша,
жоғары санатты тәрбиеші
Ойлау – жанның өте бір терең ісі.
Жас балаға тым ауыр.
Сондықтан педагог
баланың
ойлауын өркендеткенде,
сақтықпен басқыштап істеу керек.
М. Жұмабаев
Бала тәрбиесі – өте ерте заманнан бастап адамзатты
толғандырып жүрген өмірдің өзекті
мәселелерінің бірі. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен
бастап, ата-ананың аялы
алақанына, мейірім-шапағатына бөленеді, ата-ананың
мейірімді жүзі, жылы жүрегі, ыстық
құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның
дүниетанымы, өмірді білуі осыдан басталады.
Баланы алғашқы күннен бастап қоршаған орта
оның үйлесімді дамуына
ерекше әсер етеді. Анасының мейірімді дауысы, жаңа
сөздер, кішкентайларға араналған тақпақтар
және балалар әндері, дене жаттығулары және
қимылды ойындар – міне осылар баланың әрі қарай
дұрыс өсуіне және дамуына септігін тигізетін нәрселер.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның
ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық
ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен
қарау қажет. Баланың қажеттілігі мен
қызығушылығын түсіне білу – ата-ананың,
тәрбиешілердің басты міндеті. Балабақшаның басты
міндеттерінің бірі – бүлдіршіндердің ой-өрісін,
іс-қимылын жан-жақты дамыту.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша, балалық
шақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі
сезінуінің алғашқы сатысы, демек, адамгершілік
қасиеттері, ақыл-ойы, логикалық және басқа да
қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі
болып табылады. Сезім тәрбиесі – түйсік пен қабылдаудың
бірдей дамуы. Сәбилік шақтың алғашқы
күндерінен бастап-ақ, бала өзін қоршаған заттардың
қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың
заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде
заттарды танып-білу үшін бүлдіршіндер оның
түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылымына
көңіл бөледі.
Сондықтан бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін
шыңдау үшін, олармен біздер(тәрбиешілер) бір-біріне киілетін
ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді қолданамыз.
Мысалы: матрешкалар, бір-біріне киілетін ойыншық- пирамидалар,
баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға
арналған дамытушы ойындар. Бұлар – бүлдіршіндердің
сенсорлық тәрбиесінің, сезім мүшесінің дамуына,
айналадағы болмысты танып-түсінуге әрекет жасап,
логикалық және басқа
да қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі
болып табылады.
Негізінде баланың логикалық ойлауы – қарапайым
математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден
басталады десек қателеспейміз. «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика
заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді, тұжырымдарды
қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың
логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие
үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда
қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын
ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант
жазудың, заттарды әртүрлі геометриялық фигуралардан
құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру
арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар,
қызықты есептер, ребустар шешудің маңызы өте зор.
Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп
тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртыстарының
жұмысын шыңдайды. Яғни, логикалық ойлау қабілетін
дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан
балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі
түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу –
қиялдаудың ең жоғары сатысы және нәтижелі
ойда негізгі рөл атқарады.
Логика, есте сақтау және зейін – мектеп жасындағы
баламен қарым-қатынастың негізгі құрамды
бөлігі деп санау қате пікір. Бұл аталған дағдылар
мен біліктерді бала дүниеге
келген сәттен бастап 6
жасқа толғанша дамыту қажет.
3 пен 5 жас аралығында
«неге?» деген
сұрақты көп қояды. Бұл жастағы бала
сізге күніне 100 рет «неге?» деп сұрай береді. Бұл жаста бала
айналаны танып білуге құштар болады,
қызығушылықпен танып біледі. Сондықтан да
балақайдың 100 рет «неге?» деген сұрағына жауап беруден
жалықпаңыз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың интеллектуалды
қабілетінің әсерлі дамуы – жаңа замандағы
өзекті мәселелерінің бірі. Ойлау қабілеті дамыған
балабақша балалары оқу материалын жылдам есте сақтайды,
өз күштеріне сенімдірек, жаңа жағдайға жылдам
бейімделгіш, мектепке дайындығы өте жақсы болады.
Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін мектепке
дейінгі мекемелерде оқу үрдісіне енгіздіре отырып, баланың
психикалық дамуын жетілдіріп отыруы қажет екендігін естен
шығармаған дұрыс. Балалардың қабалдауын, зейінін,
есте сақтау қабілетін, сөйлеу қабілеттерін және
қимыл-қозғалыс белсенділігін, бір сөзбен
айтқанда, барлық психикалық қызметтерді және жеке
қасиеттерді арттыруы қажет. Бұл бағдарламаны жетік
меңгерудің негізінде жатқан қасиеттер. Сондықтан
да баланың танымын алғашқы күннен бастап
дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін
қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті,
яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек
қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің
құралы болмай, балаға берілетін білім мен
тәрбиенің құнды негізі болу керек. Демек, тәрбиелеу мен оқыту
жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде
ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау
қабілеттерін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Ойын
негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау,
өзінше шешім жасау, өз ойындағысын айту жағдайларына
мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне
сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі
жақсы қалыптасқан, болашаққа
қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде
жан-жақты дами алады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне
тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан
баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті
шыңдалады. Бұл қазіргі заманға өте қажет.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл ойын дамыту, ойлау
қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін
қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп
тәрбиелеу.
«Ойлау - логикалық заңдылықтары мен формаларына
бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ
өздерінің ойлауы заңдылықтары мен формалары
арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В.Кириллова. Баланың
ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім ғана емес, жалпы
тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау,
қиялдау, есте сақтау және т.б.
қабілеттерінің; танымдық,
іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын
қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз
бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін
қалыптастырады. Балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда логикалық тапсырмалар орындаудың
маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке
тәрбиелейді, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады,
сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында
пайдаланады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың
шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта
іске асырылады:
![]()
О



Белгілі психолог Л.С.Выготский:
«Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір
қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты
ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың
ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді»
деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып,
әйтеуір білім беріп шығару»-деп, білімдік, тәрбиелік
үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде
жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке
дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі
әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын
түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы
талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің
шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Балабақшада ойналатын
логикалық ойындардың негізгі міндеті – кішкентай адамның
дамуы, оның бойында бар және анықталған
қасиеттердің түзетілуі, оны шығармашылық, ізденіс
әрекетіне айналдыру. Атап айтсақ: «Танграм», «Жұмбақ
есептер», «Мозайка», «Үстел үсті ойыншықтар», «Ойнап
жүріп ойнасақ», «Не артық?», «Неге ұқсайды?»,
«Кімге не керек?» және балалардың интеллектуалды дамуын
қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар, олар: Дьенештің
логикалық блогтары, Кюизенердің таяқшалары,
Воскобовичтің ойындары және өзге де
басқатырғыштар. Осындай ойындардың арқасында балада
құрастыруға үлгілер жасау қабілеттері, ойлау
операциялары, барлық психикалық қызметтер дамиды,
матаматикалық ұғымдары қалыптасады.
Қорытындылай келе, баланың
логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар
жүйеленуде және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары,
әдіс-тәсілдері айқындалды, ол өз ретінде,
балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру
жұмысының жағдайын бір шама арттырды –деп ойлаймын. Осы
ойындарды күнделікті жұмыста колдану арқылы қазіргі
балалардың логикалық ойлау қабілеттері жоғары
деңгейде болады деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиет:
1.Айтмамбетова
Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері.- Алматы, 1992.
2.Абрамова Г.С. Практическая
психология.- М., 2001.
3.Гильбух Ю.З. Внимание:
одаренные дети. -М., 1991.
4.Ордабекова Г.
Дидактикалық ойындарды қолдану.- Алматы, 2007.
5.Психологические тесты. -М., 2002.