Ж. Дәуеева, «Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс
магистранты,
әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ,
Ғылыми жетекші: п.ғ.к.,
доцент Н. Анарбек
ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ – ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІККЕ ИЕ
ІРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТ
Кілттік
сөздер: Тәжірибелік-конструкторлық,
индикаторлар, эквивалентілік,
зерттеушілік инфрақұрылым, зерттеу қызметінің
өнімділігі инновациялық және әлеуметтік жетістіктер, сапа мен академиялық
нәтиже.
Индустрияландыру мен
Қазақстанның инновациялық дамуына негізделген ел
экономикасының жетілуі ғылым мен білімнің ықпалдасуына
бағытталған жоғары мектеп жүйесін реформалау керектігін
болжайды. «Болашақтың іргесін бірге калаймыз!» атты
халыққа Жолдауында Қазақтан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев ең жоғары халықаралық
талаптарға жауап беруі тиіс университеттік білім беруді дамытудың
жаңа деңгейімен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Әлемдік
тәжірибеде білім мен ғылымның ықпалдасуы зерттеу
университеттердің «зерттеу арқылы оқыту» деген негізгі
принципін жүзеге асыратын ғылым мен өндіріске қажет
жоғары білікті мамандар дайындаудың жалғыз тиімді формасы
екендігін сенімді дәлелдейді.
2011 ж. 18
ақпанынан бастап N 407-IV
3ҚР «Ғылым туралы» Заңында университеттердің
«зерттеу университеті» деп аталатын жаңа категориясын белгілеу қарастырылған.
Заңға сәйкес «Зерттеу университеті Қазақстан
Республикасы Үкіметімен бекітілген университетті дамыту
бағдарламасын жүзеге асыратын және іргелі және
қолданбалы ғылыми зерттеулер мен басқа да
ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге
қатысатын жоғары оқу орны болып табылады». Зерттеу
университетінің негізгі міндеті ғылыми қызмет пен білім беру
үдерісінің жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім
берудің барлық деңгейінде ықпалдасуы болып табылады.
Осыған орай, зерттеу
университеттері М.В. Ларионовтың
зерттеу түріне жатқызу критерийлерін қарастыру керек.
Әр түрлі елдердегі университеттердің зерттеу
қызметінің нәтижелерін бағалауға
қолданылатын әдістемелік амалдарды салыстырмалы талдау негізінде 1
кестеде көрсетілген индикаторлар жүйесі ұсынылған [1].
Кесте 1 – Зерттеу
университеттеріндегі зерттеу қызметін өлшеудің негізгі
индикаторлары
|
Индикатор |
Сипаттама |
|
|
1 |
2 |
|
|
Зерттеу қызметінің өнімділігі (нәтижелілігі) |
||
|
Басылымдар және басқа
нәтижелер |
Саны |
|
|
Бір зерттеуші жасаған
басылымдар саны (және басқа нәтижелер) |
Штаттық зерттеушінің
эквивалентіне есептегенде («академиялық зерттеушінің») |
|
|
Сапасы мен академиялық нәтижесі |
||
|
Дәйексөз көп
алынатын журналдардағы басылымдардың саны мен пайызы |
Басылымдар саны, impact factor Нақты ғылымдар үшін
көбірек қабылданады |
|
|
Дәйексөз алу |
Дәйексөз алу индексі (Web of Science, Scorpus, Google Scholar) |
|
|
Ұлттық және
халықаралық конференциялардағы баяндамалар |
Баяндамалар саны |
|
|
Беделді марапаттардың саны |
Беделді ұлттық немесе
халықаралық марапаттардың жалпы немесе бір зерттеушіге
есептегендегі саны |
|
|
1 |
2 |
|
|
Уақытша халықаралық
«тағайындалулар» |
Басқа академиялық
(академиялық емес) институттарда (ұйымдарда) уақытша
иеленген орындар саны |
|
|
Ұлттық және
халықаралық журналдардың редакциялық және сараптамалық
кеңесіне қатысу |
Ұлттық және
халықаралық журналдардың редакторлық кеңестері
мен сараптамалық кеңестерінде уақытша иеленген орындар
саны |
|
|
Инновациялық және әлеуметтік жетістіктер |
||
|
Зерттеуден түскен табыстар |
Сырттан тартылған
қаржыландыру |
|
|
Жеңіп алынған
гранттардың пайызы |
Зерттеуден түскен
табыстың индикаторы |
|
|
Жұмыстарын
қорғаған магистранттар мен доктаранттардың
жұмыспен қамтылуы |
Еңбек нарығының
сапасын қалыптастыруға салынған қаржының
индикаторы |
|
|
Тұтынушының
разылығы |
Қызметтің әр
түріне тапсырыстар, келісімшарттар |
|
|
Бір штаттық зерттеушінің
эквивалентіне шаққандағы табыс деңгейі |
Индикатор университетаралық
салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді |
|
|
Зияткерлік меншікті коммерциялау |
Патенттерден, лицензиялардан
және жаңа бизнестерден түскен табыстың индикаторы |
|
|
Келісімшарттар бойынша
қаржыландырудың пайызы |
Разылық
табыстылығының өлшемі болып табылады |
|
|
Тұрақтылығы мен ауқымы |
||
|
Магистранттар мен доктаранттар
бойынша жүктеме |
Штаттық зерттеушінің
эквивалентіне шаққандағы магистранттар мен
доктаранттардың санының арақатынасы |
|
|
Жас зерттеушілерді топтарға
қосу |
Жобалар мен топтарға
қосылған жас зерттеушілердің саны мен пайызы |
|
|
Серіктестіктер саны |
Ұлттық және
халықаралық (шетелдік) университеттермен және
ұйымдармен серіктестіктер саны |
|
|
Аяқталған
диссертациялық жұмыстар саны |
Қорғалған
жұмыстар саны |
|
|
Зерттеушілік инфрақұрылым |
||
|
Академиялық
қызметкерлердің зерттеушілік белсенділігі |
Академиялық
қызметкерлерді жалпы алғандағы белсенді
зерттеушілердің саны. Қызметтік көрсеткіштердің
қатарын белгілеу арқылы анықталады |
|
|
Академиялық
қызметкерлерді жалпы алғандағы белсенді зерттеуші
академиялық қызметкерлердің пайызы |
Белсенді зерттеуші академиялық
қызметкерлер мен барлық академиялық
қызметкерлердің арақатынасы |
|
|
Зерттеулер мен талдауларға
салынған жалпы инвестициялар |
Зерттеулер мен талдауларға
жалақы мен қосымша шығындарды қосқандағы
барлық көздерден салынған жалпы инвестициялардың
көлемі |
|
|
Зерттеушілік инфрақұрылым |
Лабораториялардың, кітаптар мен
электрондық қорлардың саны, олардың қол
жетімділік деңгейі |
|
|
Зерттеушілік әдеп |
Зерттеушілік тәжірибеде
әдеп принциптерін ілгері жылжыту мен қолдануды қамтамасыз
ететін үдерістер |
|
Келтірілген
көрсеткіштерді бағалауды қазақстандық
ЖОО-ның зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау
жүйесіне енгізу керек, өйткені олардың
халықаралық білім беру кеңістігіне шоғырлануына
көмектеседі.
Зерттеу
формасындағы университеттің жаңа түрінің Еуропа
құрлығында пайда болғанына қарамастан,
едәуір дамуға АҚШ-тағы зерттеу университеттері ие
болды. 2000 жылы АҚШ-та шамамен 260 зерттеу университеттері болды. Салыстыру
үшін: Германияда – 70; Ұлыбританияда–
– 73; Испанияда – 41 [2].
Ерекше
құрылымдық және ұйымдастырушылық факторлар
америкалық зерттеу университеттеріне беделді халықаралық
рейтингтерде жоғары орындар алуға мүмкіндік береді. Шанхай
университетінің 2010 жылғы рейтингісіне сәйкес Гарвард
(Кембридж, Массачусетс шт., АҚШ) [3] әлемнің үздік
университеттерінің тізімінде бірінші орын алды, Берклидегі Калифорния
университеті – екінші, ал Стэндфорд университеті үшінші орында.
Топ-ондықта тағы америкалық 5 ЖОО: Массачусетс
технологиялық институты, Калифорния технологиялық университеті,
Принстон, Колумбия және Чикаго. Алғашқы жүздікте
олардың саны – 54.
«The Times» (The
Times Higher Education Supplement, THES) британиялық газеті 2004 жылдан
бері жүргізіп келе жатқан халықаралық рейтингте
алдыңғы орындарға тағы да америкалық
университеттер ие. Сонымен 2010 жылғы рейтингте, мысалы, бірінші орынды
Гарвард иеленді, екінші – Калифорния технологиялық университеті, үшінші
– Массачусетс технологиялық институты және төртінші –
Стэндфорд, бесінші – Принстон [4].
Қазіргі
заманғы зерттеу университетіне тән негізгі белгілер ретінде
келесілерді атап айтуға болады [5]:
-
Профессор-оқытушылар құрамы зерттеу
университетінің білім беру бағдарламаларымен қатар
ғылыми зерттеулерді жүргізуге де қатысады (орта есеппен
оқытушылық қызметке жұмыс уақытының 25-75
%-ы жұмсалады). Алдыңғы қатарлы америкалық
университеттердің профессор-оқытушылар құрамының
қалыптасуындағы маңызды өзгешелік білім беру,
ғылым мен бизнес саласын қамтитын кадрлардың ауысуы болып
табылатынын атап айтқан жөн.
Олардың арасында жасанды қалқан жоқ, тіпті,
ЖОО-дағы төлем жүйесі фирмадағы сияқты осындай
ауысуға жағдай жасайды;
-
Зерттеу университеті онда жүргізілетін
зерттеулердің жоғары деңгейін үнемі қолдайды,
сонымен қатар өзінің ғылыми-зерттеу базасының
дамуына қаржылай қорларды инвестициялай отырып қолдау
көрсетеді (кітапханалық қорлар, ақпараттық
қамтамасыз ету, лабораториялық құрылғылар
және т.б.);
-
Зерттеу университетінде оқу сан алуан бола
түсті және таңдаулы мамандар даярлаудан (PhD ғылыми
дәрежесі беріледі), сонымен қатар келешекте ғылыммен
және білім беру қызметімен кәсіби айналысуды жоспарламайтын
студенттердің базалық жоғары білім алуынан тұрады.
Заманауи
жағдайларда дәл осы «зерттеу университеттері» ғылыми
және білім беру қызметтерін жүргізу үшін
федералдық үкімет бюджеті тарапынан үлкен
қолдауға ие болады. Осылайша, АҚШ-тың 100 жетекші
зерттеу университеттері зерттеу мен білім беру мақсатында федералдық
бюджет қаражатының 95 %-ын алады. Біліктілігі жоғары
мамандарды даярлау да зерттеу университеттерінде шоғырланған:
АҚШ-тың барлық докторанттарының 60%-ы 50 зерттеу
университеттерінде дайындалған. Бұл университеттердің
магистрлік бағдарламалармен оқитын көптеген студенттері бар,
оқытушылар мен студенттер саны ең жақсы
арақатынасқа 1 : 6 ие, ал
кәдімгі ЖОО-дарында бұл арақатынас 1 : 12.
Қазіргі
заманғы зерттеу университеті – бұл қаржылық дербестікке
ие ірі экономикалық субъект. Мәселен, Техас университетінің
жылдық бюджеті 3 млрд долларды құрайды, Стэндфордтікі – 1 млрд
доллар, Манчестер метрополитен университетінікі – 1 млрд доллар.
Зерттеу
университеттері ғылымды, білім мен өндірісті шоғырландыруда
бизнестің тең құқылы серіктестеріне айналды,
кейде өңірлерде жетекші, негізгі интегратордың рөлін
атқарады, өнеркәсіппен тығыз байланысы бар. Ірі
америкалық зерттеу университеті – Массачусетс технологиялық
институтының 300-ге жуық корпорациямен (жартысынан көбі
АҚШ-тың ірі корпорациялары) байланысы бар.
Университеттердің
айналасында ғылымның, білім беру мен бизнестің интеграциялық
даму түрі ретінде зерттеу бақтары құрылуда. Зерттеу
бағы ғылыми орталықтың (зерттеу университетінің)
айналасына біріккен үздіксіз инновациялық циклді қамтамасыз
етудің ғылыми-өндірістік, оқу және
әлеуметтік-мәдени аймағы болып табылады.
Зерттеу бағы
тұжырымдамасының мәні зерттеу орталығы мен
бизнестің байланысын қамтамасыз ететін, бастапқы
кезеңде шағын жоғары технологиялы кәсіпорындарды
тудыратын және қолдайтын ерекше инфрақұрылымды жасаудан
тұрады. Бақтарда технологиялық трансфер жүзеге асады, яғни
жобалары ғылыми орталықтарда туындаған жаңа
технологияларды өндіріске табыстау, ойдағыны өнім
шығару кезеңіне жеткізу.
Әрбір
нақты бақтың құрылымы оның қызмет
аясын суреттейтін мамандануымен анықталады. Бақтың
құрылымында зерттеу бөлімшелері, есептеуіш орталық,
тәжірибелік өндіріс, жоғары технологиялық өнім
шығару жөніндегі фирмалар, бақтың фирмаларына
қызмет көрсету жүйесі, коммерциялық және
заң қызметі, оқу орталығы, тұрмыстық
үй және әлеуметтік сала бар. Баққа
лабораторияларды, кітапхананы және университеттің компьютерлік
коммуникацияларын пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Инновациялық
бизнес-инкубатор бақтың ядросы болып табылады. Сонымен қатар
бизнес-инкубаторларды құрудың келесі мақсаттары
көзделеді:
-
өнімді жұмыс орындарымен қамтамасыз
етуге және өңірдің жаңа бейнесін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын өңірдегі
өзгерістерге көмектесу (өнеркәсіптің
дәстүрлі және ескірген салалары басым өңірлерге
тән);
-
ең алдымен, бизнес-инкубаторда негізделетін
және серіктестік бастама бойынша өңірдің әр
түрлі ірі өнеркәсіптік және
ғылыми-техникалық компанияларымен жұмыс істеуге
қабілетті фирмалар үшін жетілген инфрақұрылым жасау;
-
жергілікті өнеркәсіптің дамуын
жоғары технологиялармен және инновациялармен қамтамасыз ету
және жергілікті өнеркәсіпке қажетті бағыт бойынша
экспорттық-импорттық қызметті кеңейту;
-
университет (ЖОО немесе зерттеу орталығы) пен
жергілікті өнеркәсіп арасындағы байланыстарды
нығайтуға көмектесу;
-
жаңа технологияларды ілгері жылжытатын және
ғылыми білімді коммерциялайтын жаңа кәсіпорындардың
құрылуы мен дамуын ынталандыру және қамтамасыз ету;
-
ғылым мен өңір
өнеркәсібінің қорлармен, адамдармен, идеялармен,
құрылғылармен өзара алмасуына мүмкіндік
туғызатын ортаны жасау.
Осылайша, шетелдік
тәжірибе көрсеткендей, зерттеу университеті
өңірдің технологиялық және экономикалық
дамуының маңызды факторына айналады. Университеттің
дәстүрлі қызметтері – мамандарды даярлау мен іргелі
зерттеулер – өнеркәсіп пен бизнеске жаңа технологияларды
берудегі белсенді қызметімен толықтырылады.
Қазіргі
заманғы зерттеу университеттерінің барлық
қоғамдық институттармен қызметтес болу мен өзара
әрекеттесудің ашық үлгісін дамыту жолымен жүре
отырып, үлкен күш-қуатқа және әлеуметтік
тәжірибеге әсер ету спектріне ие екендігін айтқан жөн.
Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін
жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай,
күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп
отыр. Университетке ең үздік ұлттық және
халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға
шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін
барлық қажетті жағдайлар жасалады.
Қазіргі таңда
Ғылым және Технология мектебінде 6 профильдік мамандық
ұсынылуда:
· Биология ғылымдары
(Биомедицина мамандығымен қоса);
· Химия;
· Компьютер ғылымдары;
· Математика;
· Физика;
· роботтық текхника және
Механотроника.
Бас мамандыққа қосқанда
ғылым және технологиялар мектебінің студенттеріне
қосымша маманды таңдауға болады. Қосымша маман
Университеттің басқа мектептерден болуды мүмкін
• Энергетикалық зерттеулер орталығы
• Өмір туралы ғылымдар
орталығы
Назарбаев Университеті
елдің экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес
міндеттерді орындауға қабілетті, мықты және заманауи
инфрақұрылымы мен ғылыми және инжинерлік адами
ресурстары бар университет болуды мақсат тұтады.Осы міндеттерді
шешу үшін Университетке отандық және шетелдік
тәжірибені ұштастыруды жөн көреді.
Лев Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті -
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының
бірі. 2012 жылы www.topuniversities.com сайтының рейтингтік жариялауы бойынша
әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады.
Ғылыми - зерттеу бөлімшелері инженерлік-техникалық , жаратылыс-тану-техникалық, қоғамдық-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық
болып төрт
бағытқа бөлінеді.
Инженерлік-техникалық
1. Геотехникалық институт
2. Сараптау ғылыми-зерттеу институты
3. Құрылыс және көлік үрдістерінің
технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру
Жаратылыстану-техникалық
1. Еуразиялық математика институты
2. Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты
3. Іргелі зерттеулер институты
4. Теориялық физиканың еуразиялық халықаралық
орталығы
5. Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты
6. Клеткалық биология және биотехнология институты
7. Қолданбалы химия институты
8. Инженерлiк бағыттағы зертхана
9. Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты
10. Жасанды интеллект институты
Қоғамдық-гуманитарлық
1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығы
2. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы
3. «Алаш» мәдениет және рухани даму институты
4. К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу
институты
5. Конфуция институты
6. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы
7. Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы
ғылыми-зерттеу орталығы
Әлеуметтік-экономикалық
1. Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер, заң
жобаларын дайындау және сараптау институты
2. Журналистика мәселелерін зерттеу институты
4. Заманауи зерттеулер институты
5. Әлеуметтiк және мәдени антропология
6. Этносаралық қатынастар және қазақстан
халқы ассамблеясы толеранттылығы орталығы
Ғылыми - зерттеу бөлімшелері
өзара бірлестікте жұмыс жасай отырып, ел экономикасына
салмақты үлесін қосып келеді.
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем елдері арасында ең жетекші ЖОО-дары қатарына еніп
келеді. Бұл сөзімізге дәлел, 2014 жылы ҚазҰУ
әлемнің технологиялық университеттерінің ТОП-50-не
енді. Рейтингте
қазақстандық ЖОО ТМД ғана емес, Шығыс
және Орталық Еуропа қатысушы елдерінің жалғыз
өкілі болғанын, сондай-ақ Сингапур және Жапониямен
қатар барлық Азия континентін таныстырғанын атап өту
керек.
ҚазҰУ
бүгінде Ұлыбританияның «Quacduarelli Symonds»
агенттігінің рейтингі бойынша әлемдегі 700 үздік университеттің
арасында 2011 жылы екі жүз орынға жоғарылап, 401-450-ші
дәрежеге шықса, 2014 жылы әлемнің ең үздік
300 университеті қатарына еніп, 299-орынды иеленді. ҚР-ның
«Ғылым туралы» заңы жобасындағы зерттеу университтетерін
құру мәселесі аясында, ҚазҰУ шетелдік зерттеу университеттерінің үлгісін саралай отырып, көптеген жетістіктерге жетті.
Бүгінде
ҚазҰУ - 8 ғылыми-зерттеу институты, 40-тан астам
ғылыми-техникалық және гуманитарлық
бағыттағы орталықтар мен зертханаларды біріктірген
еліміздің аса ірі ғылыми және білім беру орталығы.
Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердің
ең көбі ҚазҰУ қабырғасында іске асады, ол
қаржының 15%-ы жас ғалымдарды қолдауға
бағытталған.
Соңғы
үш жылда университетте атқарылған ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-құрастырымдық талдама
көлемі үш есеге жуық өсті. ҚазҰУ
ғалымдарының зерттемелері өндіріске енгізілуде, ал
ғылыми жұмыстар "Scopus" және "Thomson
Reuters" мәліметтер базасына енетін жоғары рейтингті
басылымдарда үнемі жарияланып келеді.
ҚазҰУ-да
"Hewlett-Packard", "Cisco", "Intel", "Konica
minolta", "Microsoft" сынды атақты әлемдік
компаниялардың оқу-ғылыми орталықтар мен зертханалар
ашуы университеттің ғылыми-технологиялық мүмкіндіктерін
халықаралық деңгейде мойындаудың дәлелі болып
табылады.
АҚШ, Ұлыбритания, Қытай,
Германия, Финляндия және басқа елдердің ғалымдарымен
бірге ИНТАС, МАГАТЭ, ЕС, НАТО, Әлемдік банк, ЮНЕСКО қаржыландыратын
56 ірі халықаралық ғылыми жоба жасалуда.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ін
зерттеу университетіне өзгерту арқылы нарық сұранысына
бағдарланған инновациялық үлгісін қалыптастыру
басты мақсат болып отыр.Ондағы ғылыми-инновациялық
қызметті басқару құрылымы төменде
көрсетілген басты бағыттар бойынша қарастырылады.
Ғылыми-инновациялық
қызметті басқару құрылымы
·
университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы
·
ғылым және инновациялық қызмет
департаменті
·
ғылыми институттар және орталықтар
·
ғылыми техникалық кеңес (ғтк)
·
университеттің инновациялық қызметі
·
конференциялар туралы хабарландырулар
·
ғылыми байқаулар, бағдарламалар,
гранттар, сыйлықтар және стипендиялар туралы хабарландырулар
Нақтылай келгенде, осы
бағыттар ішіндегі ғылыми институттары мен орталықтарына тоқтала
кеткенді жөн көрдік.Олар:
·
биотехнология ғылыми-зерттеу
институты
·
«балық шаруашылығы»
ғылыми-зерттеу орталығы
·
аграрлық дамудың
экономикалық мәселелері ғылыми-зерттеу орталығы
·
гуманитарлық зерттеулер
және білім беру технологиялары орталығы
·
энергия үнемдеу және
білім тарату орталығы
·
агробиологиялық
зерттеулердің инновациялық ғылыми-білім беру орталығы
· фитосанитарлық
мониторинг, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер
карантині
·
ғылыми-инновациялық
орталығы
Бұл
ғылыми институттары мен орталықтар С. Сейфуллин атындағы Қазақ
аграрлық университетінің негізгі тірегі болып, қаржы
қорының басым бөлігі осында бөлінеді.
Қорытындылай
келгенде, біздің елімізде дамып келе жатқан қазіргі
заманғы зерттеу университеттері білім беру қызметі мен ғылыми
зерттеулер үйлесімді байланыса алатын ғылым, білім беру және
мәдениет орталығы бола отырып, бірегейлік пен өңірлік
өзгешелікке ие болулары қажет екенін атап өту керек.
Мұндай жүйе тек нақты жұмыстарды орындау сатысында
ғана емес, сондай-ақ шетелдік тәжірибені нәтижелі
меңгеруге қабілетті мамандарды оқыту кезінде де
ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Қазақстан
Республикасымен бірлескен ауқымды ғылыми-өндірістік
халықаралық жобаларға қажетті мамандарды мақсатты
даярлау кезінде шетелдік серіктестерге тартымды болып табылады.
Түйіндеме
Автор бұл
мақалада индустрияландыру мен
инновациялық даму нәтижесінде еліміздегі зерттеу
университеттерінің өз алдына дербес экономикалық субъект
екенін атап өтеді. Сонымен қатар, Қазақстандық
зерттеу университеттерінің ғылыми саладағы жетістіктері мен
зерттеуді ұйымдастыру орталықтарының бағыттарын ашып
көрсетеді.
Abstract
Author it the
article I industrialize innovative development result country of гі I
investigate an university before the personal economic subject is I mention.
And also, achievements specify in scientific industry, that investigates me,
universities of Kazakhstan research to unite opened directions of centers.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1
Ларионова М.В. Сравнительный анализ опыта оценки исследовательского потенциала
университетов // Вестник международных организаций. - 2011. - № 1 (32). – C.
4-28.
4 http://aerovectra.ru/usefull/rating/times/
5 Гневашева В. А. Исследовательский университет
(проблема определения). М.: Изд-во Моск. гуманит. ун-та, 2006. – 35 с.
6 Программа развития Восточно-Казахстанского
государственного технического университета им. Д. Серикбаева» на 2011-2015
годы.