Медиева С.Х.,Әсетова Ж.Б.,Бейсембаева А.М.

 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

 

Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде қолдану

 

       

Қазіргі кезеңде егемен білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Бүгінгі таңда экономиканың жедел қарқынмен дамуына байланысты білім беру жүйесінде оқытудың құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологиясы түбегейлі өзгерді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»-деп, XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауға ерекше назар аударып отыр. Бәсекеге төтеп бере алатын, білім деңгейі жоғары мамандар даярлау–бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жеке тұлғаның танымдық қабілетін, шығармашылық қажеттілігін дамыту-ұстаздар қауымының басты міндеттерінің бірі екендігі даусыз [1].

Қоғамның ақпараттандырылуы, компьютерлік технологияның, әсіресе, телекоммуникациялық технологияның қарқынды дамуы қашықтықтан білім беруді маңызды әрі күрделі жүйе ретінде қарастыруға алып келеді.

Өзінің дамуы жағынан күрделі, біркелкі сипатта болмаған қазіргі заманғы ғылым мен техниканың интеграциялануы ғылым салаларының түйіскен жерінде дифференциялануы арқылы іске асады. Мұндай өзара әрекет ғылыми-техникалық білім шекарасының кеңеюіне әкеліп соғады. Бірақ, бұл даму негізінен өзара әрекет жасайтын ғылымдардың сапалы әдістерінің негізінде орындалады. Бір ғылымның әдістері басқа ғылымдарда қолдануда әрқайсысы өзінің сапалық ерекшелігімен көрініп, ғылыми білімнің осындай тоғысқан жерінде бытыраңқылық байқалады. Осыдан келіп бұдан ғылыми-техникалық білімге біртұтас көзқарасты жасау қажеттілігі туындайды.

Осындай қажеттілік туындағаннан кейін қазіргі ғылыми танымның тұтас дамуында жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдар бір-бірімен жақындасып, синтезделу процесі басымдық танытуда. Техникалық ғылымдар өз алдына жеке дамуымен қатар басқа ғылымдар үшін белгілі бір деңгейде аралық буын, жалғастырушы болып белсенді роль атқаруда. Ақпараттық жүйелердің осы жаһанды синтезделудің нысанына айналып, мамандарды даярлау бұл салада техникалық аядан кеңейіп, жан-жақты салаға енуінде [2].

Қазақстанда ақпараттандыру процесі 1990 жылдардан басталады. Бұл кезең ішінде республикамызда компьютерлік техника саны артып, біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі аутоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интернет жүйесі жұмыс жасай бастады.

Адам санасында ақпаратпен психологиялық тұрғыдан әсер етудің оң немесе теріс процестеріне негізделген жаңа саяси технологиялардың дүниеге келуі- саясаттың шынайы нәрседен виртуалды дүниеге айналғанының салдары, не болмаса белгісі ғана.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың арқасында қазіргі саясат жаһандық саясатқа айналды, бұл саясат үшін ұлттық, мемлекеттік және басқадай шекара жоқ. ол қоғамдық өмірдің бүкіл саласына, ал ең бастысы адамның санасына дендеп ене бастады. Ақпараттың арқасында жаңа мифтер жасау арқылы адамдардың психологиясына әсер етіп, оны өзгерту мүмкіндігіне ие болды.

Отандық және шетелдік оқытушылар оқушылардың ақпаратты қабылдау іс-әрекеті негізінде және ұйымдастыра білу үлгісінде топтастыра отырып педагогикалық технологияның келесі түрлерін атап көрсетті: нақтылы дәріс беру, аудио, көзбен көру техникалық құралдар арқылы оқыту, оқу кітабы арқылы оқыту, аз топ жүйесі, топтық, дифференциялық жүйе арқылы білім беру, компьютерлік білім беру, репетитор-жеке білім беру жүйесі, бағдарламалы оқыту [3].

Оқу үрдісінде қолданудың басты ерекшеліктерін атап көрсетсек:

-         мұғалім басты рөлде болмайды, оқушы білім жүйесінде басты тұлға бола отырып, өзіне қажетті ақпаратты ала отырып жұмыс жүргізеді, мұғалім тек көмек беріп отырады;

-         білімді жобалауда басты қалыптасқан жүйе дайын білімді қабылдау жүйесі өзгереді;

-         оқу үрдісінде негізгі элемент білім емес, ақпарат болып есептеледі.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Оқу үрдісінде қолданудың басты ерекшеліктерін атап көрсетсек:

-         мұғалім басты рөлде болмайды, оқушы білім жүйесінде басты тұлға бола отырып, өзіне қажетті ақпаратты ала отырып жұмыс жүргізеді, мұғалім тек көмек беріп отырады;

-         білімді жобалауда басты қалыптасқан жүйе дайын білімді қабылдау жүйесі өзгереді;

-         оқу үрдісінде негізгі элемент білім емес, ақпарат болып есептеледі [4].

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы - оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Қоғам өмірінің барлық саласын реформалау кезеңінде қазақстандық білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуі ақпараттық және телекоммуникациялық негізде ғана табысты нәтиже берері анық. Ақпараттандыру кезеңінде дүниеге келіп жатқан өте мол ақпарат пен хабардарлықты пайдалана отырып, нақты проблемалар мен әртүрлі қиын жағдайларды тиімді де шапшаң жеңіп шығу үшін республикада қарқынды түрде қоғамды ақпараттандыру жүзеге асырылуда[5].

Ақпараттық технологиялардың, ғылыми-техникалық прогрестің, жетістіктеріне қарай жаңа ақпараттық қоғам туралы, сонымен бірге жаңа өркениетке, яғни ақпарттық өркениет туралы айтамыз. Мұндай пікірлердің негізінде техникалық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың интеграциясының нәтижесі болатын ақпараттық-компьютерлік революция жатқаны анық. Қазіргі ақпараттық қоғам-ғылыми-техникалық революцияның немесе ақпаратты-компьютерлік революцияның қоғами-әлеуметтік деңгейдегі интеграциясы. Сондықтан, бұл процесс адам өміріне жаңаша әсер етеді. Бұл ақпараттық қоғам дамуының, ақпараттық өркениеттің алғы шарттары болды.

Жаңа техника, технологиялар мен тұжырымдамаларды таңдауда ең алдымен оның тиімділігіне көңіл бөлінеді. Технологиялық процесте (соның ішінде технологиялық принципте құрылған педагогикалық процесс) жоғары деңгейлі тиімділік көрсетуге тиіс.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артта, жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқытулық ресурстары жоғары, өзіне тән әдістемесімен бірге электрондық, ақпараттық мультимедиялық технологиялар. Қазіргі кезде оқу ақпаратының ең ауқымды кең тараған формасының бірі (технология деп те айтамыз) – Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру.

Технологияны жаппай енгізу мынадай жағдайларға байланысты: білімнің мақсаты мен тұжырымдамасын құрумен; психологиялық, медициналық, эргономикалық, экологиялық жолдар мен критерийлерін анықтаумен, сонымен қатар дифференциалдық оқытудың тиімділігін бағалаумен; жаңа оқыту құралдары мен олардың негізінде оригиналды педагогикалық технологияларды құрумен мемлекеттік білім бағдарламалары мен стандарттарына қарай технолгияны икемдеу арқылы оқу процесін басқарумен байланысты [6].

Ақпараттық технологиялардың, ғылыми-техникалық прогрестің, жетістіктеріне қарай жаңа ақпараттық қоғам туралы, сонымен бірге жаңа өркениетке, яғни ақпарттық өркениет туралы айтамыз.

Ақпараттық жүйелер іргелі және қолданбалы ғылым ретінде, өндірістік дамытудың және жаңа ақпараттық техногиялардың базасы ретінде адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосады және дербес меңгеруді талап етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Информатика негіздері №3, 2005ж.

2.Назарбаев Н. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

3.Балапанов Е.Х. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстанның білім академиясы. – 2002ж.

4.Маженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығъш өлкетану материалдары негізінде дамыту. Қарағанды, 2004.-27 б.

5.Мұстафаев А., Шабданова Ш. Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде қолдану//Білім. – 2002. - №1. – Б. – 10-11.

6.Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану //Информатика негіздері. – 2005. - №1. – Б.6-7.