ӘОЖ 37.014:001.895

Курикбаева Алия

№29 Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  ОҚО, Шымкент қаласы

 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ  ИНТЕЛЛЕКТ ДЕҢГЕЙІНІҢ РӨЛІ

 

Аңдатпа

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, осы қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына тығыз байланысты. Әрбір қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан заман талабына сай жеке, дербес шешім қабылдайтын білімді, тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептердің дамуында оңтайлы  өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына тереңірек көңіл бөле бермейді. Мектепте  білім алатын оқушылардың жеке басының шығармашылығына терең үңіле бермейміз.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы, оның жеке бастық қасиеттерінің бірі болып табылады.  Оқушылардың шығармашылық қабілеттін дамыту олардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін ұтымды ұйымдастыру мен сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолданудың маңызы зор.

Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

 

Кілттік сөздер: шығармашылық қабілет, интеллект, шығармашылық  қиял, эмоциялық қиял.

 

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу үрдісін  дұрыс ұйымдастыра алумен байланысты.  Бастауыш мектеп мұғалімдері көбінесе оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың ерекше, стандартты емес шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді. 

Қабілеттер- іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігіболып табылады. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие -оларды белсенді қалыптастырады. Қабілеттің сапасы -іс-әрекет пен оның нәтижелі орындалу жағдайымен анықталады. Сапасы бойынша қабілеттер, математикалық, техникалық, көркемдік, әдеби, музыкалық, ұйымдастырушылық, спорттық т.б. қабілеттер болып белінеді. Қабілеттер көлемі бойынша: жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді. Арнайы қабілеттер іс-әрекеттің қандайда бір нақты түрінде нәтижелі орындау үшін қажеттілік жағдайы болып саналады.

Оқушының жалпы қабілеттерінің дамыту-оның есте сақтау, қабылдау, ойлау, қиял сияқты танымдық процестерін дамытуымен байланысты. Бастауыш сынып оқушысының танымдық процестерінің жиынтығы-оның интеллектісін анықтайды. Интеллект - ақылды әрекет етудің,  логикалық ойлаудың және сыртқы өмір жағдайларын тиімді шеше алудың қабілеті деп көрсетеді. Д. Векслер, яғни, интеллектіні-адамның қоршаған ортаға бейімделу қабілеті ретінде қарастырады.

Интеллект креативтіліктің ең негізгі базасы болып табылатын адам-интеллектуалды адам шығармашылық адамы болуы мүмкін, бірақ интеллектісі төмен деңгейдегі адам  ешқашан креативті бола алмайды.Шығармашылықтың дамуы интеллектуалдылық, қарым-қатынас пен тапсырмаларды шешуді жүзеге асырып отырады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін. Балалардың қалай ойнайтындығының да мәні өте зор. Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы кез -келген бала ойынында шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы шығармашылық қабілетті дамытуға болады. Мысалы, шахматта біз оқулық бойынша немесе шығармашылықты тұрғыда ойнай аламыз.  Шығармашылықтың дамуы әдебиет және өнердің әрқилы түрлерімен (сурет, ән т.б.) айналысу арқылы жүзеге асады. Шығармашылықтың дамуына оқу сабағы үлкен септігін тигізіп отырады. Бірақ, кез-келген кітап мұны жүзеге асыра бермейді. Балалар қиялының дамуына әсіресе, оқырманның тек көрермен ретінде ғана емес, сондай-ақ кейіпкер рөлінде де қатысудағы шығармалардың мәні ерекше. Адамның танымдық іс-әрекетіне түрткі болатын оқулықтарды, ғылыми-көпшілік газет- журналдарды оқу өте пайдалы.

Шығармашылық қиялдың дамуына жазбаша шығарма жазудың маңызы зор. Зерттеушілер жазбаша шығарма жазуға қабілет осы бағыттағы ең негізгі көрсеткіштердің бірі екенін көрсетті.

Егер біз шығармашылықты-жаңа нәрсені құру деп түсінсек, онда шығармашылықтың дамуына жаңа нәрсені құруға бағытталған тапсырмалар мен ойындардың мәні зор (аяқталмаған сурет, аяқталмаған ертегі, әңгіме т.б.)Оқушы дамуында қиялдың негізгі екі түрі (эмоциялық және танымдық) жүзеге асырылады. Мұнда әртүрлі тапсырмалар беру арқылы  жүзеге асырудың  түрлі бағыты болады.

Баладағы танымдық қиялдың негізгі міндеті - объективті өмірдің өзіне тән бейнеленуі, баланың елесіндегі шындық туралы туындаған қарама-қайшылықты жеңу, өмірдің тұтастай бейнесін толықтыру және нақтылау болып келеді. Қиялдың көмегімен балалар не адамзат әрекетінің құрылымы мен мағынасын шығармашылық тұрғыда меңгереді, не болмаса, шындықтағы жеке көзқарастардан алшақтай отырып, қандайда бір оқиғаның немесе құбылыстың тұтастай бейнесін құрады.

Эмоциялық қиял-баланың шындықтағы "мен" бейнесінің қалыптасуындағы қарама-қайшылық жағдайлардан туындайды және мұндай жағдайлардан "мен" бейнесінің құрылымдық механизмдерінің бірі болып табылады. Шығармашылықтың ең жоғарғы даму мүмкіндіктері - бастауыш мектеп жасы болып табылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының өзінде жеке даралық қызығушылығы мен қабілеттері болады. Оқу барысында тапсырманың әртүрлі түрлерін енгізіп, шығармашылықтың көрінулерін мадақтап отыру қажет. Осындай әртүрлі жұмыстар өз мүмкіндіктерін жан-жақты сынап көру-әрбір оқушының жеке даралық қабілеттерінің көрінуіне, дамудың жағдайларын қамтамасыз етуге, оқу процесін балалар үшін қызықты етуге себеп болады. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылығы - меңгерілген білім, ептілік, дағдыны өз бетінше қолдану кезеңіндегі жұмыс барысында оқушы өзіне белгілі, танымал тәсілдерін алмастыра, толықтыра жинай отырып, тапсырманы орындаудың жаңа шешімін табатын өнімдерді жасайды.

Воллах және Коган бойынша әртүрлі деңгейлердегі интеллект пен шығармашылық қабілеттің айырмашылығы бойынша оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін төмендегі кестеден көруімізге болады.

 

 

 

 

Интеллект

Жоғары

Төмен              : •

     Шығармашыық  қабілет

Төмен

Өз мүмкіндігіне сенімділік. Өзін-өзі жақсы бақылау.           Жақсы әлеуметтік интеграция. Зейінін тұрақтатуға жоғары қабілет және барлық жаңа нәрселерге деген  қызығушы

лық.

Әлем туралы және мектеп талаптары туралы өз ойы арасындағы үнемі қарама-қайшылық. Өзіне сенімділік

тің жеткіліксіздігі. Айналасындағы

лардың берген бағасына қорқыныш..

Жоғары

Оқуда жоғары нәтижеге                  жетуге бағытталған энергия. Сәтсіздікті катастрофа ретінде қабылдау. Өз ойын білдіруге  және бел бууға тартыншақтық.      Қарым-қатынастың төмендігі. Өзін-өзі бағалаудағы қор-қыныш.

Сырттай көрінісі болса да өмірге жақсы бейімділігі мен қанағаттануы. Интеллектінің жеткіліксіздігі әлеуметтік қарым-қатынаспен немесе бірқатар пассивтілігімен компенсацияланады.

 

Бірқатар айтылатын пікірлерге тоқталар болсақ, бастауыш мектеп оқушыларының еліктеушілік әрекеттері өз алдына "ойын" ретінде жүзеге асады. Айналасымен табиғи, кіршіксіз қатынас жасауы -үлкендер өміріне араласудан қорықпастан, қиыншылықтарды байқамастан-ақ, керісінше, көңілді күй кешеді. Оларды ақыл-ой белсенділігінің бағыты негізінен еліктеушіліктен айқын көрінеді. Мұндай жастағы ерекшелік - балалық шақтың табиғи белгісі, ойлаудың формалы жақтарын жаттығуға арналады. Бастауыш мектеп шақ жылдары-әдеттен тыс нәрселерге жеңіл үйренушілігімен, қиялының белсенділігімен сипатталады. Бастауыш мектеп шақ еріксіз немесе өмірлік қажеттілік жиі шығармашылық үлгілерді жасап көруден тұрады. Шындығында да, қабылданатын обьектінің, ойынның, сабақтың жаңашылдығы балалардан интуиция және шығармашылықты талап етеді. Баланың шығармашылық тапсырмаларды орындауы - сол тапсырмаға деген қызығушылықтары мен тапсырмаларды орындауға деген ықыласы мен белсенділігі -оның мотивациясын тудырады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағы балаларда ішкі мотивацияны қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетті дамыту керек. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық әрекетке мотивацияның тұрақты болуы - олардың интеллектісінің дамуына тәуелді болады.

Балалардың шығармашылық қабілетінің даму негізі интеллектінің жеткілікті дамуы бола алады,- деген тұжырымымызды қанағаттандыру үшін, Л.С. Выготскийдің "дамудың жақын зонасы" идеясына сүйену қажет болады. Атап айтар болсақ, бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық қабілетін дамытамыз десек, оның интеллектісінің дамуын мүмкіншілігінше дамудың ең жақын зонасына жеткізуіміз қажет. Сонда ғана біз оқушылардың шығармашылық қабілетінің ойдағыдай дамуына қол жеткізе аламыз.

Оқушылардың қабілеттерін кең мағынада мақсатқа бағытталған және көпшілік көлемде дамытуды -тек мектеп жүзеге асырады. Мұны жүзеге асыру үшін өте ерте кезеңдерден бастап белсенді іс-әрекеттің кең диапазонында өзін-өзі көрсете білуге деген мүмкіншілікті ерте балалықтан бастап тудыру қажет. Жеке даралық қабілетті дамытудың ең нәтижелі, тиімді жолы- бірінші сыныптан продуктивті шығармашылық іс-әрекетке барлық оқушыларды жұмылдыру болып табылады.

Мұғалім шығармашылық сабақты ұйымдастыра отырып, баланың бойында жасарынып жатқан шығармашылықтың бастамасын оята білуге, еңбек ете білуге үйретуге, өзін түсінуге және тануға көмектесуге, шығармашылықта алғашқы қадамдар жасауға көмектесуге тырысу қажет. Осындай жағдайда баланың өмірі толық, қуанышты, бақытты бола түседі. Балалардағы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған психологиялық білімі болуы тиіс. Көп жағдайда мектептердегі ата-аналар жиналыстарында балалардың білім деңгейі мен оқушылардың тәртіптері туралы сөз қозғалады да балалардың шығармашылық жақтары айтыла бермейді.

Шығармашылық қабілетті дамытуда жаңа, айрықша нәрселерді құруға арналған шығармашылық ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен әдістемелерді, интеллектуалды жоғарылатуға арналған тапсырмаларды қолдану тиімді деп есептеймін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии– СПб: Питер Ком, 1999

2.Теплов М.Б. Избранные труды, в 2-х, т. 1. - М. Прос, 1971

3.Дружинин В.Н. Психология общих способностей– СПб: Издательство «Питер», 1999.

4.Лейтес Н.С. Одаренные дети / Психология и психофизиология индивидуальных различи, 1997.

5.Байжұманова Б.Ш. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда твор.қаб.дамуының псих.ерекшеліктері. Дис.канд Алматы-2002

6.Бердібаева С.Қ. Адамның творчестволық іс-әрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері (творчестволық сөз жарысы мысалында) Док.дис  Алматы 2005.