Қабулова Қалдыкүл
Құрманбайқызы
Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназиясы, Түркістан
қаласы
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАҚ
ҚҰРАУ ӨНЕРІ
Осы заманның
талабына сай ұлттық өнерді қайта жаңғырту
мақсатымен оқушыларды халықтың ежелден келе
жатқан қол өнерінің бірі құрақ-құрауға
үйретуге болады. Үй
жиһаздарын әшекейленген біздің халқымыз мата
қиындыларынан көрпеше құрақ,
құрақ жастық, аяққап
құрақтарын жасауға пайдаланылған. Қазіргі
кезде кеңінен қолданылып жүрген жастық
құрақтың мынадай түрлері бар: қайшы
құрақ, тырна қатар құрағы,
қаттама құрақ, таңдай құрақ. Ал көрпеше
құрақтың түрлері: алма құрақ,
айшық құрақ, ат құрақ, тістеме
құрақ, ботакөз құрақ.
Шебер қария
кісілер өзі меңгерген құрақ-құрау
өнерін өзінен кейінгі жастарға үйретуді
дәстүр еткен, әрі оны бүгін де кездестіруге болады.
Құрақ бұйымдары әсемдігі жағынан көз
тартады, құрақ тігу барысында оқушылардың
төзімділігін, еңбек сүйгіштігін, шеберлігін,
эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Шығу тарихы.
XII-XIV ғасырға дейін қазақ жерінде
құрақ-құрау өнері мардымсыз дамыды. Ал, шет
елдермен сауда саттықтың дамуының арқасында,
тұрмыста киім тігу және тағы басқа бұйымдарды
әзірлеуге кірісті. Әсіресе XIV ғасырдың соңы мен
XV ғасырдың басына қарай
құрақ-құрау өнері кең өріс алып
киіз үйдің ішкі жиһаздарының бірі болып саналды. Қазақ
халқының мата қиындыларынан құрақ-құрап
тігу өнері өзінің тарихымен және бағалы
дәстүрімен өнерден өз орнын алды. Қазіргі кезде
құрақ пен жұмыс істеу біздің ата-бабамыздан
қалған мұра. Құрақ-құрау
өнерінің шығуы тікелей үй-жиһаздары сәнділігі
мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті
тұтынатын төсеніші, тұрмыстық бұйымдары.
Құрақ-құрау
халқымыздың үй тұрмыс-бұйымдарында
ұрпақтан ұрпаққа ұласқан
ұлттық тәсілдегі қол өнері.
Қайта
жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық
қолөнері бұл күнде қоғамымыздың
ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба
мұралары қазіргі кезде қолға алынып, халықпен
қайта қауышып, жүректерден орын алуда. Осыған
байланысты жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік қолданбалы
өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда
оқушыларды қазақ халқының төл
өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік
өнеге үлгісін бейнелеу ісін орындаудың технологиясын
бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы
орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық
өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып
үйреніп, әрі толық дәрежеде игеру қажет.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық құрақ-құрау
өнері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық қол
өнері құрақ-құрауға баулу.
Сабақтың міндеттері: Білім беру – Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,
құрақтың түрлерімен таныстыру және
құрақтың өлшемін дәл алуды үйрету.
Дамытушылық – құрақ
өлшемдерін өлшеу барысында оларға практикалық іс-әрекет
біліктілігін меңгерту.
Тәбиелілік – Шеберлікті,
сәнділікті, дәлдікті, түс үйлесімділігін тани білуді
және таңдау білуді үйрету. Жұмыс істеуге баулу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: сызғыш, қарындаш, мата қалдықтары, ине, жіп,
қайшы, құрақ үлгілері, шаблондар.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: плакаттар, буклеттер, кеспе қағаздар, альбом, графапроектор.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ. Оқушыларға сабақтың теориялық
жағын практикамен ұштастыра түсіндіру, практикалық
негізде жұмыстар жасату.
Сабаққа қолданылатын әдістер: Баяндау, көрнекілік, әңгімелесу, тест жұмысы,
лабораториялық-практикалық әдістер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі /2-3минут/: а) Техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін ескерту; б)
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен сабақты қайталау, сұрау. Оқушылардан өткен сабақты қайталап сұрау
үшін графапроекторда тест сұрақтары беріледі. Сол
арқылы оқушылардың өткен сабақтарды меңгеру
деңгейі тексеріледі.
ІІІ Жаңа сабақтың материалын баяндау. Құрақтың шығу тарихына тоқталу.
Тігілген заттардың ерекшелігіне байланысты
құрақ-құрау әдістері мен тәсілдері,
процестері өзгеріп отырады. Құрақ-құрау
әдістер мен тәсілдерін өзгертіп отыратын негізінен
құрақты өрнектеу әдістері. Ал енді
қарапайым құрақ –құраудың
тәсілдері Қазақстанның әр жерінде әр
түрлі, кейбір жерлерде матаның бетіне ою салып тігу әдісі де
бар. Мысалы: ортаңғы бөлікті айқындап жиек оюларын
түсіру сондай-ақ осы орталық бөліктері ромбы орнына
шеңберді түсіруге болады. Бұл құрақ
–құрау әдісі қазақ халқының
мәдениетінде кең орын алатын болғандықтан
құрақтан әр түрлі заттар жасауға болады.
Олардың көркемдік білім деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге «Ою
ойған, сызу да сызады»- демекші оқушылардың алдымен
қарапайым бұйымды конструкциялауға
және оларды жұмыс істеуге бағыттау.
Құрақ
бұйымдары қолданылатын жеріне әрі онда пайдаланылатын
құрақ өрнектерінің атауларына байланысты болады.
Қазіргі кезде тұрмыста қолданылып жүрген құрақ
–құраудың әдістеріне және қолданылуына
байланысты жастық құрақтың көздері майда
бөліктерден өрнектеліп,
құрылып өте нәзік әрі әдемі реңдермен
үйлестіре отырып құрылады.
Жастық құрақтарға көбінесе ақ
түстерді көбірек пайдалана отырып, қара, қызыл, сары,
жасыл түстермен үйлестіріп өрнек құрастырылады.
Құрақ сан түрлі
қиықтардан, геометриялық фигуралар үлгісімен
құрастырылады.
Құрақтың құрылуы сияқты өмір иірімдері пендесін
үнемі маман иесі болуға, іскерлікке, әсемдік әлемін
түсінуге жетелейді.
Халқымыздың
«Өнерді үйрен де, жирен»- деген мәтелі текке
айтылмаған. Қазақтың ұлттық қол
өнерін өркендетуге көңіл бөліп,
нарықтық экономика жағдайына байланысты, оқушыларды
тәрбиелеуде нақты шараларды іске асыруымыз қажет.
Практикалық жұмыс. а) Кіріспе нұсқау. Құрақ түрлерін көрсету.
Құрақ құрылысымен таныстыру. Құрақты
дайындау, сызу, оған қажетті құрал-жабдықтарды
көрсету. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту, әрі
ізденуге баулу мақсатында белгілі бір геометриялық фигураны алып
құрақ үлгілерін сызып көрсету. ә) Ағымдағы нұсқау.
Жаңа тапсырма бойынша құрақ-құраудың
орындалу тәсілдерінің шарттары.
1. Квадрат
матаның дәл ортасына размері 4х4 см етіп қырқылып
алынған матаны тігу, яғни осы 4х4 см етіп қырқылып
алынған матаны тігін машинасымен айналдыра тігеміз.

2. Осы квадратқа екі
жиегіне параллель етіп қызыл мата қиығы тігіледі.

3. Параллель қызыл
матаның үстіне горизонталдық көк мата қиығы
орналастырылады.

4. Орналастырылған төрт бұрыштың бұрышына
қиғаш етіліп ашық қызыл және ақ мата
қиығы тігіледі.
Осындай шарттарды
орындау барысында, қаттама құрақтың бір
көзін шығару үлгісі пайда болады. бұл қаттама
құрақ көбінесе үй тұрмысында
қолданылады. Соның ішінде көрпешеге тігуге өте
ыңғайлы және әдемі көрінеді. Бұл
құрақ әсіресе түс үйлесімділігін өте
қажет етеді. Өйткені бұл бірнеше бұрышты болып
тігіледі.
Витражды
құрақ-құрау. а)
Матаны 16x16 см квадрат етіп қырқып алып төрт бұрышын
дәл ортасына келтіріп бүктейміз. Осындай екі квадрат мата
қырқып алып ортасына бүктеп тігеміз. Осындай екі төрт
бұрыш дайындап алып, араларын қосып тігеміз.

Осыны тігіп
болған соң ортасында пайда болған төрт
бұрыштың өлшеміне туырлап басқа түстен мата
қиып ортасына тігеміз. Оны мата астынан іліп тігеміз. Оның
тігілетін жіптерінеде көңіл бөлу керек.
Міне осындай
құрақтарды көрпешеге, жер жастыққа
тағы басқа заттарға пайдалануға болады. Бұл
құрақ матаны көп қажет етеді.
б) Қорытынды
нұсқау. Бұған оқушылардың орындаған
жұмыстарына, іс-әрекеттеріне, талпыныстарына, іскерліктеріне
және заттарының сапасына байланысты талдау жасау және
оқушылардың білімін бағалау мақсатында деңгейлік
тапсырмалар беріледі. «Жеңілден қиынға»
І-деңгей. 5 –
деген бағамен бағаланады.
ІІ-деңгей. 4 –
деген бағамен бағаланады.
ІІІ-деңгей. 3
– деген бағамен бағаланады.
Осылайша практикалық
жұмыстарды аяқтап бағалаймыз.
ІV Жаңа
сабақтың материалын пысықтап, бекіту.
V Үйге
тапсырма. Компьютер сабағында жаңа құрақ
үлгісінің эскиздерін сызып үйрену. 1-2
құрақ эскизін сызып әкелу.
Құрақ-құрау
сан түрлі иықтардан құрастырылады. «Үлгісі
көптің өрнегі көп, өрнегі көптің
ермегі көп», «Үйренгенің өзіңе құт,
істегенің еліңе құт», «Шебердің саусағы
алтын», «Өнерлі жас өрге жүзер», «Шебердің қолы
ортақ, шешеннің талабына тілі ортақ», - демекші
оқушыларды заманның талабына сай ұлттық қол
өнерді қайта жаңғыту мақсатында
құрақ-құрауға үйретеміз.
Сәулесі бар
болашақ үміттің
Отын жаққан
жас кеуденің ғұрыптың
Бүгінгі
күн өнеріңді көрсетіп қал
Шеберліктің
болсын ол бір белгісі – демекші оқушы қыздарымыздың
шеберлігін, іскерлігін, тапқырлығын, шапшаңдығын,
білімін, ептігін, өзін-өзі дамыту қабілетін бағалап, бақылап,
үйретіп, баулып, тәрбиелеп, дамытып, еңбекке баулу
ұлағатты іс. Оқушының қатесін түзеп, ескерту
жасау арқылы сол қателікті келесі жолы болдырмау жолдарын айту
оқушыны еңбек сүйгіштікке, шеберлікке, төзімділікке
баулиды.
Технология
пәні бойынша оқушылар еңбек ету арқылы өз
қабілетін дамытып, ата-бабаларының ұлттық
дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға бағыт
алуы қажет. Бұл мектеп өмірінде халықтық
қол өнерді жаңашаландыра оқу-тәрбие процесіне
енгізу, этнопедагогиканы дамыта түспек. Бұл педагогтар
қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың
ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпалын тигізері
сөзсіз.
Технология
сабақтарында оқушылардың пәнге
қызығушылығы мен ойлау қабілетін дамыту үшін модульдік
оқыту технологиясының элементтерін пайдалануға болады. Солардың
бірі «Құрақты бұйымдардың технологиялық
модулі» тірек сызба нұсқасы.
ТЕСТ
тапсырмалары
1. Адам денсаулығының
негізі неде?
А)
Тазалық пен гигиенаны сақтауда; Б) Дұрыс тамақтануда; В)
Белсенді демалуда.
2. Тамақ әзірлегенде киімге
дақ түспеуі үшін қандай киім киеді?
А)
Үй халаты; Б) Арнаулы орамал; В) Алжапқыш.
3. Бөлме жинаудың
маңызы неде?
А)
Тазалықта; Б) Қонақ күтуде; В) Демалуда.
4. Жібек жібінің Ұлы жібек
жолына қатысы бар ма?
А)
Қатысы бар; Б) Қатысы жоқ; В) Белгісіз.
5. Кергіш не үшін қажет?
А)
Киім тігу үшін; Б) Кесте тігу үшін; В) Киімнің үлгісін
пішу үшін.
6. Үлгісіз киім тігуге бола ма?
А)
Үлгісіз қиын болады; Б) Болмайды; В) Үлгісіз киім тігуге
болады, егерде тәжірибеңіз мол болса.
7. Кесте тігуде қандай жіп
қолданылады?
А)
Мақта жіп; Б) Жүн жіп; В) Мулина жіп.
9. Қол инесінің неше номері
бар?
А)
100; Б) 50; В) 12.
10. Тігін машинасы нешеге
бөлінеді?
А)
Тұрмыстық, өндірістік; Б) Арнайы, автоматты; В) Қол,
аяқ тігін машинасы.
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
A |
B |
A |
A |
Б |
А |
В |
В |
А |
Б |
Тест жауаптары: