Педагогические науки/5. Современные методы преподавания

П.ғ.к., доцент м.а Оразбаев Е.Д.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

СЫНАУДЫҢ СПОРТШЫ ОРГАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖАТТЫҚҚАНДЫҒЫН БАҒАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Кешенді дәрігерлік, дәрігерлік-ұстазды бақылаулар барысында атқарылатын маңызды жұмыстардың бірі – спортшының жалпы және арнайы жұмыс қабілеттерін, сайысуға әзірлігін бағалау. Ол үшін организмнің, оның негізгі жүйелерінің әр түрлі сыртқы әсерлерге - сынамаларға бейімделу ерекшеліктері анықталады. Бұл тәсілі қызметтік пайымдау, не сынау деп атайды. Спортшыны лабораториялық жағдай да, жаттығу өткізілетін жерлерде де сынауға болады. [1].

Сынау жаттығу бағдарламасы басталғанға дейін спортшының дене дайындығының деңгейін анықтауға көмектеседі. Сынамалар нәтижесі спортшының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және спорттық медицина саласындағы мамандарға көмектесуге, жаттықтырушыларға спортшының әлсіз жақтарымен күресіп, күшті жақтарын дамыту үшін жаттығудың жеке бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді. Одан басқа осыған ұқсас мәліметтер жаттықтырушыға жаттығу процесінің және жарысқа шығудың стратегиясын жүзеге асыруға және құруға көмектеседі. Спортшы организмінің аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін сынау, мысалы, жаттықтырушыға жалпы және арнайы дене дайындығының бастапқы кезеңдерінде қайсы қуат жүйелеріне көбірек көңіл бөлуді алдын-ала болжауы мүмкін.

Сынаудың сапалы бағдарламасы жаттығудың нәтижелілігін бағалау мақсатында спортшыларды қайта сынаудан тұрады. Сынауды бағалау жаттықтырушылар қажеттілігіне қарай жаттығу бағдарламасын өзгертуі үшін жаттығу процесінің әр кезеңдерінде және жарыс мезгілдерінде жүргізілуі керек.

Сонымен сынау – жаттықтырушылар мен спортшыларға жаттығуларды орындау кезінде қайталанатын жүктемелерге адам организмінің қалай бейімделетіндігі, қалай жұмыс атқаратындығы, спортшының жетістіктеріне әсер ететін кейбір айнымалы физиологиялық сипаттамалардың маңыздылығы және басқа да маңызды мәселелер туралы мәлімет береді.

Жатыққандық дегеніміз спортшының арнайы жұмыс қабілетінің деңгейі. Ол жоғары және төмен болуы мүмкін. Жаттыққандық жүйелі жаттығу кезінде жоғарылайды, жаттығу тоқтаған кезде төмендейді. Ол бір жылдық жаттығу процесінде өзгеріп отырады. Мысалы: дайындық кезінде жаттыққандық біртіндеп жоғарылайды. Жарыс кезінде барынша жоғары деңгейге жетеді. Өтпелі кезеңде төмендейді. Жаттыққандықдың жоғары деңгейі бірқалыпты тұрмайды. Оның ұзақтығы спорттың түріне, жаттыққандық процесінің өзіндік ерекшелігіне және спортшының жеке ерекшелігіне байланысты. Жаттыққандық жұмыстың көп қайталануы нәтижесінде жоғарылайды және жұмыстың табиғи жалғасы болып табылады. Жұмыс кезінде тек қана диссимиляция процесі ғана емес ассимиляция процесі де қатысады. Ассимиляция тек жұмсалған энергияны толтырып қана қоймай бұрынғымен салыстырғанда энергия қорын өсіреді. Бұл жұмыс қабілетінің артуы үшін өте қажет. Бұлшық ет қызметі органдардың әртүрлі жүйелерінде ұзақ уақыт із қалдырады. Қайталанатын жүктемелер бұл іздерді тереңдетіп организмнің морфологиялық, биохимиялық және қызметтік қайта құрылуына жағдай жасайды, жұмыс қабілетін жоғарылатады. [2].

Егер жаттығу процесі дұрыс ұйымдастырылмаса, жүктемелердің көлемін біртіндеп өсіру сақталмаса, шамадан тыс жүктемелер жиі қолданылса және жеткілікті демалу болмаса организмнің жұмыс қабілеті төмендейді. Бұл жағдай шамадан тыс жаттыққандық деп аталады. Шамадан тыс жаттыққандықды оқыс пайда болатын шаршаумен шатастыруға болмайды. Оқыс пайда болатын шаршау спортшының қызметтік мүмкіншілігіне сәйкес келмейтін күшті жұмысты бір рет орындаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылады [3].

Жаттыққандықдың тыныштық күйдегі физиологиялық көрсеткіштері. Организмнің кейбір жүйелерінің тыныштық күйдегі құрылымдық және қызметтік көрсеткіштері бойынша спортшының жаттыққандық деңгейін анықтауға болады. Орталық жүйке жүйесі жүргізілген тәжірибелер бойынша машықтанған жануардың миының салмағы жоғары болады және биохимиялық өзгерістермен ерекшеленеді. Машықтанған үлкен жануарда үлкен ми сыңарының жүйке клеткасындағы дендриттердің тармақталу саны көп болады. Жүйелі бұлшық ет қызметі жүйке ұлпасының қасиетін және тотығу белсенділігін жоғарылатады. Электроэнцефалограммада альфа ырғағы жиілейді, жүйке клеткасының қозуы мен нәзіктігі жоғарылайды. Жылдам жұмыс жасайтын спортшыларда жүйке процесінің жылжымалылығы жоғарылайды. Яғни қимыл реакциясының жасырын кезеңі қысқарады және анализаторлардан түскен ақпараттарды өңдеу жылдамдығы мен жіктеу дәлдігі жоғарылайды. [4].

Қимыл аппараты: Қимыл аппаратының барлық бөліктері (бұлшық ет, сүйек, сіңір, буын, байлам, шандыр) құрылымдық және қызметтік өзгерістері жаттығу кезінде айқын білінеді. Бұлшық ет қызметінің қаңқаның дамуына әсер ететін орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт зерттеді. Ол қаңқа бұлшық еттерінің дамуы сүйектің жуандауына және берік болуына әсер ететін анықтады. Машықтанған адамдарда сүйектің көлденең ені және қыртысты қабаты қалықтайды. Сүйектің бетінде кедір-бұдыр төмпектер пайда болады. Жаттығу кезінде қаңқа бұлшық еттерінің салмағы мен көлемі жоғарылайды. әсіресе күштік және статикалық кернеу жұмысын орындайтын беттер жуандайды. Бұлшық еттің жуандауы оның қанмен қамтамасыз етуінің жақсаруымен байланысты, бұлшық еттердің өсуі дене салмағының өсуіне әсер етеді. Машықтанған бұлшық еттерде многлобин мөлшері жоғарылайды және ол бұлшық еттердің оттегі сыйымдылығының жоғарылауына және тотығу процестерінің жедел жүруіне әсер етеді. Жылдам жұмыс орындайтын спортшыларда бұлшық еттің қозуы мен нәзіктігі жоғары болады.

Зат алмасу және энергия: Машықтанған организмде көмір су қоры өседі. Ол жұмыс қаблетінің жоғары болуына әсер етеді. Май қоры салыстырмалы түрде аздау борлады. Негізгі зат алмасу стандартты жүктемелер орындау кезінде және жарыс кезінде жоғары болады. Ал демалу кезінде төмендейді. [5].

Тыныс алу жүйесі: Тыныс алу бұлшық еттерінің өсуіне байланысты өкпенің тіршілік сыйымдылығы және өкпенің желдетілуі жоғарылайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы циклді жаттығумен айналысатын ер спортшыларда 5000-7000 мл, әйелдерде 3500-5000мл. жоғары деңгейі жүзуші спортшыларда байқалады. өкпенің тіршілік сыйымдылығы дене салмағына байланысты. Сондықтан тыныс алу қызметінің бағалау үшін тіршілік көрсеткіші деп аталатын көрсеткіш қолданылады. ТК = ӨТС,мл /салмақ кг. Ол ұзақ қашықтыққа жүгіретін спортшыларда жоғары болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныс алу жүйесінің дамуын көрсететін көрсеткіш. Өкпенің барынша жоғары желдетілу деңгейі жарыс кезеңінде жоғары болады, өтпелі кезеңде төмендейді. Ер спортшыларда өкпенің барынша желдетілуі минутына 100-150 литр. Әйелдерде біршама төмен болады. Тыныс алу жиілігі машықтанған спортшыларда тыныштық күйде минутына 10-14 рет, яғни тыныс алу жиілігі тыныс алу тереңдігін жоғарылатады (700-800 мл.). Тыныс алудың минуттық көлемі өзгермейді. (5-8 л).

Қан жүйесі: Жаттыққандық кезінде қанның жалпы мөлшері жоғарылайды. Оның ішінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшері жоғарылайды. Бұл қанның тыныс алу қызметін және оттегі сыйымдылығын жоғарылатады. Циклды жаттығулар кезінде 1 мм куб қанда эритроциттер саны 4,7 миллионға жетеді. Ал таулы жердегі жаттығу кезінде 6 миллионға жетеді. Жаттығу кезінде қанның лейкоциттік формуласы да өзгереді. Оның ішінде линфоциттер саны өседі. Қанның сілтілі қышқылды ортасы (РН) қышқыл жағына өзгереді.

Сынау жаттығу бағдарламасы басталғанға дейін спортшының дене дайындығының деңгейін анықтауға көмектеседі. Сынамалар нәтижесі спортшының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және спорттық медицина саласындағы мамандарға көмектесуге, жаттықтырушыларға спортшының әлсіз жақтарымен күресіп, күшті жақтарын дамыту үшін жаттығудың жеке бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді. Одан басқа осыған ұқсас мәліметтер жаттықтырушыға жаттығу процесінің және жарысқа шығудың стратегиясын жүзеге асыруға және құруға көмектеседі. Спортшы организмінің аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін сынау, мысалы, жаттықтырушыға жалпы және арнайы дене дайындығының бастапқы кезеңдерінде қайсы қуат жүйелеріне көбірек көңіл бөлуді алдын-ала болжауы мүмкін.Сынаудың сапалы бағдарламасы жаттығудың нәтижелілігін бағалау мақсатында спортшыларды қайта сынаудан тұрады. Сынауды бағалау жаттықтырушылар қажеттілігіне қарай жаттығу бағдарламасын өзгертуі үшін жаттығу процесінің әр кезеңдерінде және жарыс мезгілдерінде жүргізілуі керек.

Сонымен сынау – жаттықтырушылар мен спортшыларға жаттығуларды орындау кезінде қайталанатын жүктемелерге адам организмінің қалай бейімделетіндігі, қалай жұмыс атқаратындығы, спортшының жетістіктеріне әсер ететін кейбір айнымалы физиологиялық сипаттамалардың маңыздылығы және басқа да маңызды мәселелер туралы мәлімет береді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.     Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. –Алматы, 1993.

2.     Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина спорттық аурулар мен жарақаттар. -Алматы, 1994.

3.     Мустафина Т.К., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.К., Жумабекова Л.А. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом. Учебное пособие на русско-казахском языке. –Алма-Ата, 1990.

4.     Мустафина Т.К., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.К. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. –Алма-Ата. 1986.

5.     Спортивная медицина. Учебник для студентов институтов физической культуры. Под ред. Дембо А.Г. –Москва. Физкультура и спорт, 1975.