Баймағанбетова Жулдызай Тұрматқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті,  педагогика ғылымдарының кандидаты аға оқытушы

Төрехожаева Фарида Әшімқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке даярлау

Оқыту жүйесінде жұмыс істейтін педагог өзінің жаңа кәсіби міндеттерін дұрыс шеше білуі және сол үшін білім беру үдерісіне еніп жатқан жаңалықтарды меңгеруі тиіс.

«Қазақстан-2050» Жаңа стратегиялық бағытының білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары атты бөлімінде кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керектігі атап көрсетілген [1]. «Болашақты бірге құрамыз» атты халыққа жолдауында білім беруді модернизациялауды жалғастыра отырып, 12 жылдық орта білім беру моделіне көшетініміз айтылған. Біз кәсіптік және техникалық білім беру мазмұнын толық жаңартуымыз керектігі және университеттік білім беру мен ғылым дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндетті екендігіміз, нарық тапсырысына бағдарланатын жоғары оқу орындарының инновациялық моделі «Назарбаев университеті» базасында қалыптасып жатқандығы нақты көрсетілген [2].

Жеке тұлғалық деңгейдегі кәсіби даярлық жеке бастың жеке тұлғалық қасиеттерінің көрінісі ретінде, кәсіби іс-әрекетке деген ұстанымын білдіретін, оның тиімді іске асуын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның моралдық- психологиялық қасиеттерінің қалыптасу үдерісі ретінде қарастырылады [3].

Д.Н. Узнадзе, даярлықтың нақты түрін ұтқырлықты – зерттей отырып, оның пайда болуына «субъективті және объективті сипаттағы алғы шарттарға сұраныстың болуы және оны қанағаттандыратын жағдай болуы қажет» деп есептейді [4].

Іс-әрекет теориясы тұрғысынан кәсіби даярлық маманның кәсіби даярлығы үдерісінің нәтижесі бойынша қарастырылады. Кәсіби даярлықтың негізгі компоненттеріне мыналар кіреді: теориялық және әдістемелік білімдер, кәсіби қолданбалы біліктіліктер, іс-әрекеттің осы түріне оң көзқарас. Соңғы қасиет, жеке тұлғаның іс-әрекетін жандандырудағы мотивтердің жетекші рөл атқаруы қағидасы тұрғысынан алғанда, негізгі қасиет ретінде атап көрсетіледі [5].

Теориясының категориясы ретінде бұл – интегративті жеке тұлғалық қасиет және кәсіби оқытудан кейінгі іс-әрекеттің тиімділдігінің ең маңызды алғышарты.

Жеке тұлғаның іс-әрекеттік деңгейдегі кәсіби даярлығы жеке тұлғаның барлық қырларының толық көрініс табуы ретінде, кәсіби қызметтерін тиімді атқаруға мүмкіндік жасайтын мотивтердің, қарым-қатынастардың, межелердің, жеке тұлғаның өз қасиеттерінің жүйесі ретінде, білімдердің, іскерліктері мен дағдылардың жинақталуы ретінде қарастырылады.

Болашақ мұғалімдердің оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлығын оның жеке тұлғалық және іс-әрекеттік құрамдарының бірлестігі ретінде қарастыра отырып, біз жеке тұлға ретінде қайталанбас және дара тұлға болып табылатын, сонымен бірге өзінің осы іс-әрекетін алға бастыратын немесе кедергілер туындататын белгілі бір субъективті қасиеттердің жиынтығына ие педагог – инновациялық іс-әрекеттің субъекті болып табылатынын айтуға болады. Болашақ мұғалімдердің оқушылардың оқытуға кәсіби даярлығын жеке тұлғалық–іс-әрекеттік деңгейде іске асыруының арнайы ерекшеліктерін анықтауға болады. «Субъектілік» деген терминді біз субъектілік мәселесіне А.Н. Леонтьевтің [6] субъектіні «субъективтілік» деп емес, «іс-әрекет жасап отырған субъектіге қатыстылық» деген көзқарастарын басшылыққа ала отырып, ғылыми контекстінде алып қараймыз. Педагогтың субъективтік қасиеттерінің оның іске асырып отырған инновациялық іс- әрекетінің тиімділігіне тигізетін әсерін зерттеу оны жүзеге асыру кезеңінде де, жаңалықты тарату кезеңінде де осы іс-әрекетке тизізетін маңызды әсерін атап өтеді.

Бұл жағдайда болашақ мұғалім нақты жаңалықты ендірушінің рөлін де және сонымен бірге ол жаңалықты ендіру үдерісінде жасап шығарушының рөлін де атқарады. Бұл болашақ мұғалімнің оқыту жүйесіндегі инновациялық іс-әрекетінің тиімділігі оның субъективтік қасиеттеріне байланысты деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімдердің оқушыларды оқытуға кәсіби даярлығына сипаттама беру кезінде біз А.П. Маркованың болашақ мұғалімдердің субъектілік қасиеттерінің құрылымын келесі сипаттамалардың блоктарымен ұсынатын тұжырымдарын басшылыққа аламыз: 1) субъективтік сипаттамалар: кәсіби, психологиялық ұстанымдары, межелері; жеке тұлғалық ерекшеліктері; 2) объективтік сипаттамалар: кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдері; кәсіби біліктіліктері [7].

Сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің субъективтік қасиеттерін анықтап нақтылау барысында біз оқушылардың бейіндік оқытуда инновациялық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктерінен туындайтын талаптарға сүйенеміз:

1) бейіндік оқытудың білім беру жүйесінің ерекшеліктерінен туындайтын;

2) болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерінен туындайтын талаптар.

Осылай бөлу шартты болып табылады (болашақ мұғалімдердің көптеген субъективтік қасиеттері жалпы инновациялық іс-әрекеттер жасау барысында да, бейіндік оқытуды жүзеге асыру барысындағы инновациялық іс-әрекеттер жасау барысында да қажет), бірақ бізге ол болашақ мұғалімдердің бейіндік оқытуға кәсіби даярлығының мазмұнын барынша толық қарастыру үшін керек. Біз оқушыларды бейіндік оқыту жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру жүйесінің бір түрі болып табылады дегенбіз. Оқытудың білім беру үдерісін жүзеге асырудың негізінде ерекше педагогикалық жағдай туғызу қажеттілігі жатыр. Ол ерекше педагогикалық жағдай оқушының өзін жеке тұлға ретінде көрсетуге мәжбүрлейді, ал бұл болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық қасиеттеріне белгілі бір дәрежедегі ерекше талаптар қояды.

Кәсіби оқытудың барысында білім беру үдерісінің мақсаты ретінде когнитивтік эталон емес, жеке тұлға алынатынына байланысты, болашақ мұғалімдердің кәсіби іс- әрекетінің мәні мен мақсаты да өзгереді (бұл жерде пән материалын табысты меңгеру сыныптардағы сапалы білім берудің қажетті шарты екенін де ескере кетеміз).

Болашақ мұғалімдер оқушыларға ғылымның белгілі бір саласының құндылығы неде екенін, берілген пәннің ғылыми саласы, философиялық негіздері қандай екенін, алған білімдерді күнделікті өмірде қалай және қай жерде қолдануға болатынын және т.б. анықтап, көрсетуі тиіс. Яғни оқыту жүйесінің болашақ мұғалімдерінің жеке тұлғалық қасиеттеріне қойылатын белгілі бір талаптармен қатар оның пәндік-әдістемелік даярлығына да белгілі бір талаптар қойылады.

Егер болашақ мұғалім енгізіліп жатқан жаңашылдықтың мән-мағынасын қабылдамаса, онда инновациялық іс-әрекеттің әртүрлі жасанды имитациялары пайда болады (С.И. Краснованың [8], пікірінше):

1) инновациялық іс-әрекеттің нақты әрекеттері олардың суреттемелеріне сәйкес келмейді (тек қана қағаз жүзінде бәрі жақсы болып шығады);

2) жеткілікті дәрежеде толық емес инновациялық іс-әрекет (кездейсоқ немесе бос әуре болған инновациялық іс-әрекет);

3) жоғарыда келтірілген имитациялардың жиынтығы.

Кәсіби даярлықты зерттеудің әртүрлі ұстанымдарын теориялық тұрғыдан талдау бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: ғалымдар негізінен кәсіби даярлықтың үш құрамдас бөлігін атап көрсетеді: іс-әрекеттер жасауға деген сұраныс, белгілі білім қорының болуы және практикалық іскерліктерді меңгеру. Зерттеліп отырған феноменнің құрылымының бірнеше түрлерін талдай келе, біз болашақ мұғалімнің инновациялық педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға кәсіби даярлығы бойынша С. Е. Царева жасап шығарған құрылымына тоқталдық. Бұл құрылымды ғалым «даярлық» = «тілек білдіру» + «білім» + «біліктілік» деген немесе «дайынмын» = «тілеймін» + «білемін» + «істей аламын» деген формуламен анықтайды. Бұл формула кәсіби даярлықтың  үш аспектін көрсетеді: мотивтендірушілік аспект, немесе жеке тұлғалық; ақпараттық және іс-әрекеттік аспект [9]. Бұл ұстанымды біз болашақ мұғалімдердің оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлығының өз құрылымын жасап шығару үшін негіз етіп алынды. Жүйелік ұстанымның қағидаларына сүйене отырып [10], біз болашақ мұғалімнің оқытуды жүзеге асыруға кәсіби даярлығының құрылымы үш құрамдас бөліктен тұрады деп есептейміз:

1) мотивациялық – педагогтың бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін инновациялық іс-әрекеттер жасауда аса маңызды мотивтері мен субъективтік сипаты;

2) ғылыми-теориялық – болашақ мұғалімдердің бейіндік оқытуды жүзеге асыруына қажетті білімдерінің жиынтығы;

3) іс-әрекеттік – бейіндік оқытудың міндеттерін практикалық түрде шешудің іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы ретінде қарастырдық (1-кестеде).

Сонымен қорыта айтқанда, біз болашақ мұғалімдерді оқушыларды оқытуға кәсіби даярлығының іс-әрекеттік өлшеміне болашақ мұғалімнің субъективті сипаты мен осы проблема бойынша қалыптасқан ғылыми-теориялық білімдердің деңгейіне әсерін тиізеді деп айтуға болады. Оның үстіне, біз бұл өлшемнің қалыптасуы оқушылардың оқытуды жүзеге асыруға бағытталған инновациялық іс-әрекеттер аясында жүруі керек деп есептейміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан халқына жолдауы //Егеменді Қазақстан.– 2012.– 15-желтоқсан

2 Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақты бірге құрамыз» атты қазақстан халыққа жолдауы //Егеменді Қазақстан.– 2011.– 29-қаңтар

3 Узнадзе Д.Н. Общая психология / Д.Н.Узнадзе; перевод с груз. Е.Ш. Чомахидзе; под ред. И.В. Имедадзе. –СПб.: Питер. -2004. -413с.

4 Асмолов А.Г. Психология личности: культурно-историческое понимание развития человека / А.Г. Асмолов –М.: Академия -2007г. -526с.

5 Педагогика: Большая современная энциклопедия / сост. Е.С. Рапацевич. –Мн.: Современное слово -2005г. -928с.

6 Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание личность/А.Н.Леонтьев–М.:Политиздат-1974г.-304с.

7 Маркова А.К. Психология профессионализма / А.К.Маркова –М.:Просвещение 1996. –308с.

8 Краснов С.И. Нормы социального проектирования и имитации инновационной деятельности / С.И. Краснов // 1994г. -1995г. -С.59-64

9 Царева С.Е. Подготовка учителя к гуманитаризации школьного образования / С.Е. Царева // Вопросы совершенствования профессиональной подготовки учителя на современном этапе развития высшей школы: сб.науч. тр. –Новосибирск -1997г. –С.103-117.

10 Каган М.С. Системный подход и гуманитарное знание. Избранные статьи / М.С. Каган –Л.: Изд-воЛГУ -1991г. -384с.