Мектеп оқушыларын БАҚ арқылы
әлеуметтендірудің педагогикалық теориялық негіздері
Әлеуметтік
педагогика және өзін өзі тану мамандығының 2 курс
магистранты,
А.Б.
Изтурганова.
Жетекші: п.ғ.к., доцент Б.А. Аринова
Қоғам
дамуының қай кезеңінде болмасын мемлекеттің
қоғамдық институттарына, соның бірі
бұқаралық ақпарат құралдарына, саяси,
тарихи мәдени міндеттер жүктеліп отырады. Демек, жаңа
жағдайда өзіне қоғамдық пікір
қалыптастырушы, елдің көптеген функциялары жүктеліп
отырған бұқаралық ақпарат
құралдарының атқаратын ауқымды істер аясы
уақыт озған сайын ұлғаймаса тарылмақ емес.
Бұл тұстағы негізгі анықталған мәселе,
бұқаралық ақпарат құралдарының
қоғам өміріндегі пайланылу аясы күннен-күнге
артып, оның көлемінің артуына да себебін тигізуде.
Осыған орай, БАҚ-ның тұлға мен тұтынушылар
тобына (бұқараға) ықпалын зерттеу әлеуметтану,
психология және педагогика ғылымдары арқылы жүзеге
асырылады. Мәселен, психология көбіне аудиторияға
ықпалдың механизмдерін, ал педагогика – болжанған
ықпалға жету жолдарын, соның ішінде: ақпараттық
ықпалдың жолдарын, әдістері мен құралдарын,
сондай-ақ түрлі бағдарламаларды қолданудың
тиімділігін қамтитын жағдайларды зерттейді.
Бұл мәселелелердің барлығында анықтау
мақсатында, қазақстандық және шетелдік
ғалымдар өз зерттеулеріне арқау болғанбұқаралық
ақпарат құралдары туралы және оның бала
психологиясына, тәрбиесіне, әлеуметтенуіне мәселелері туралы
ойларын толыққанды қарастырып өткен жөн.
Профессор А.Б. Венгеровтың пікіріне сүйенетін
болсақ, «бұқаралық ақпарат құралдары
өз көрермендерін ақпараттандырумен қатар,
қоғамдық ой-пікірлерді басқаруға және
адамды қоғамдық өмірге, болып жатқан
оқиғаларға бейімдеуге баулиды» Бұл тұста
ескеретін жайт, ақпарат ол тұлғаны әлеуметтендіруші
функцияны да атқарады, сол себепті ақпараттың әлеуметтік
мәнін ұғынуымыз қажет [1]. Әлеуметтік
ақпарат жайлы В.Г. Афанасьев былай деген: «ақпарат –
қоғамда қолданылатын материя қозғалысының
әлеуметтік нысаны туралы мәлімет, хабар, білім дегенді білдіреді [2].
Адам қызметі іс-әрекетінің тиімділіігі ақпаратты
қабылдау, ойлау және пайдалану қабілеттілігімен
анықталады. Ақпараттың ерекшелігі адамды белгілі бір
іс-әрекет жасауға итермелейді. Ол адамның санасы арқылы
өте отырып, қоршаған ортаның қасиетін бейнелейді.
Демек, аталмыш ақпарат адамның іс-әрекетін реттеу қасиетіне
ие деуге болады. Осыған сәйкес А.Б.Венгеров «ақпарат реттеуші
ретінде әлеуметтік процеске әсер ету тәсілі арқылы,
нақты оқиға туралы және жария түрде
таратылған мәлімет,
яғни бұқаралық ақпарат
құралдары көмегімен талқылау үшін
таратылған жағымды не болмаса жағымсыз мәні бар
мәліметерді білдіреді», - дейді.
Оқу
тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бұқаралық
ақпарат құралдарының ішінде ең
алғашқы болып қызмет көрсетіп келе жатқан
баспасөз құралының мүмкіндіктері туралы
елімідің педагогика ғылымында үлес қосып отырған
ғалым, ұлттық академияның академигі, педагогика
ғылымдарының докторы К.Қ.Құнантаева бұл
мәселе жөнінде былай деп
жазады: «Мұғалімдердің мерзімді баспасөз материалдарын
сабақта және сыныптан тыс уақыттарда пайдалануы оған
адамгершілік мәселелерін шешуге көмектеседі. Әсіресе балалар
мен жасөспірімдер баспасөзі бала бойына адамгершілік мінез
нормалары мен ережелерін дамытуда үлкен насихатшы болып табылады,
идеялық әсердің адамгершілік тәрбиесіндегі дәйектілігін
көтереді», - деп ғалым бала бойында мектеп қабырғасында
жүрген кезден қалыптасуға тиісті адамгершілік тәрізді
аса маңызды қасиетті құндылықтарды
қалыптастыруда мұғалімдер бұқаралық
ақпарат құралдарын, оның ішінде баспасөзді
пайдалануы өзінің жемісін беретіндігін айта отырып, оған
мұғалім мамандарының даяр болу керекігін жазады [3].
Ал О.П. Симанчуктің
зерттеу еңбегінде баспасөз бен қатар
телебағдарламалардың да бала тәрбиесіндегі рөлін
нақтылай отырып, отбасы мен мектептің баланы тәрбиелеуде
телебағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланудың
қажеттілігін осы мәселе бойынша тұжырымдамасында
көрсетеді [4].
А.С. Бараненко бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалану арқылы азаматты
тәрбиелей отырып, әлеуметтендіру жүйесін дайындады.
Бұндай көзқарас қазіргі уақытта
әлеуметтендіру мен тәрбиенің түсінігі шексіз кең
болуына байланысты оған оқыту барысында білім беріп қана
қоймай, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен
қалыптасуына, құнды бағыт бағдарлар беру,
адамның дүниетанымдық көзқарасы қалыптасуы
үшін жағдайлар құру және т.б. жатады.
Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа
ақпараттық әсер ету әртүрлі нысандарда
жүзеге асырылуы мүмкін.
М.Д. Горячев
өз зерттеуінде жалпы бұқаралық ақпарат
құралдарының жоғары сынып оқушыларының
тәрбесі мен әлеуметтенуіне әсерінің дәрежесін
анықтаған. Жалпы алған жоғарыс сынып оқушысы – бұл
қалыптасқан қоғамдық өмірге белсенді
араласатын тұлға, яғни жеткіншектің азамат ретінде
қалыпқа енген кезі. Нақ осы кезеңде ең бастысы
жеткіншектердің рухани әлемі кеңейіп, өзіндік ізденуі,
сенімі, өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.
Бұл кеде оқушы дербестікке, әсерге берілгіштікке салынып,
қимыл-қозғалысқа құштар келеді. Ғалым
осы кезеңде жоғары сынып оқушыларының идеялық
сенімін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалы, бұл істе педагогтар
жүйелі түрде белсенділік көрсетіп, балалардың арасында
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырғанда ғана
дұрыс нәтиже береді және мектептерде тәрбие
іс-әрекетін жүзеге асыруда баспасөз бен
тедебағдарламаларды пайдалану тиімді деген пікірлері көңілге
қонымды.
Сондай-ақ
зерттеу жұмыстарының пәні ретінде бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалану арқылы «қиын
балаларды» тәрбиелеу мәселесі де кездеседі. Мысалы, Д.И. Абдуллаевтың
еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы баланың мінез-құлқына әсер
етудің мүмкіндіктері көрсетілген. Бұл
жағдайларға орай автор бұқаралық ақпарат
құралдарын тәрбиесінде ауытқуға жол берілген
балаларды, тәрбиелеуде педагогикалық ықпалдың
нәтижесі тек қана мақсатты түрде хабарларды,
материалдарды таңдап алғанда, олармен жүйелі түрде
байланыс болғанда, яғни отбасында, мектепте, мектептен тыс жерлерде
үздік байланыс болғанда ғана нәтиже беретіндігін
көрсетеді. Автордың пайымдауынша, балаларды ерте жастан
бұқаралық ақпарат құралдарының
қызметін пайдалануды, оны түсініп қажеттісін алуды
үйретіп отыру оң нәтиже береді.
БАҚ жеке тұлғаның,
қоғамның мемлекеттің ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандырады дегенді негізге алған
В.Д.Сошников бұқаралық ақпарат құралдарының
функцияларын жүйелей отырып, оның ішінде электрондық
бұқаралық ақпарат құралдарының, яғни
теледидардың төмендегідей функциясын бөліп көрсетеді:
-
ақпараттық;
-
мәдени-ағартушылық;
-
интегративті;
-
коммуникативті;
-
әлеуметтік-педагогикалық;
-
ұйымдастырушылық, білім-берушілік;
-
рекреативті;
Тұлғаны
әлеуметтендіру және өмірге бейімдеу тарапынан алғанда
бұқаралық ақпарат құралдары
мезофакторлардың қатарында екендігі мәлім.
Әлеуметтендірудің мезофокторлары ретінде
бұқаралық ақпарат құралдарының
ақпараттары жеке тұлғаға ғана әсер етіп
қоймай, үлкен әлеуметтік топтардың санасы мен
мінез-құлқына яғни бұқара
халықтың санасы мен мінез-құлқына әсер
етуді көздейді, ондағы басты мақсат
тұлғаның кейбір мәселелері бойынша өмірлік
көзқарастарына әсер ете отырып, өмірге,
қоғамға дұрыс әлеуметтенуін, бейімделуіне
ықпал ету. Олай болса бұқаралық ақпарат
құралдары оқушылардың да әлеуметтенуіне,
дүниетанымын кеңейтуге өзіндік тұрғыда үлес
қосады, сондай-ақ тұлғаның қосымша білім
алуына көмектеседі.
БАҚ жеке
тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің
ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырады
дегенді негізге алған Н.В.Махова БАҚ функцияларын атап өтеді
[5] (сурет 1).
Елімізде БАҚ
тұрғысынан көптеген ғалымдар өз зерттеу
жұмыстарымен қатар тұжырымды ой-пікірлерін көрсеткен
болатын. Мәселен К.Смайылов «Тәуелсіз қазақ мемлекеті
жаңа ғасырда өркениетті елдермен терезесі тең
түсіп, өлкесі бай, елі берекелі болса, оған қазақ
халқының БАҚ қосқан үлесі де орасан зоа
болмақ. БАҚ қашанда халқымен бірге қуанып,
халқымен бірге мұңаяды»,-деп жазса, Н.Омашұлы «...
ең қиыны БАҚ ішіндегі телебағдарламалардың
бүгінгі қоғамдағы тәрбиелік әлеуеті болмақ, себебі бүгінгі күні
жастардың талап-міндеттерінің жоғарылығы,
телебағдарламаларда көрсетілетін ақпараттардан да асып
түседі»,- деп көрсеткен болатын [6].
БАҚ –
тың функциялары Мәдени-ағартушылық Әлеуметтік-педагогикалық нормативті Білім берушілік ұйымдаструшылық Ақпараттық коммуникативті идеологиялық Сын және бақылау
Сурет 1 –
Махова бойынша БАҚ функциялары.
Бұл айтылған
жағдайлар түптеп келгенде, жаңа дәуір талабына сай өз қызметіне деген
талпыныс, қазақстандық бұқаралық
ақпарат құралдарын тұтастай, әлеуметтік-саяси
институт ретінде қалыптастыруға итермеледі.Ол
әлеуметтанудың қайнар көздері бола білді. Өйткені
ашық ақпараттық кеңістік саясатының
үстемдігі оқырмандар мен көрермендердің
пікіралуандығына кепілдік берсе, мұның өзі
қалың қауымның көзқарастары мен пікірін
тиянақты зерттеу факторына айналды. Сөйтіп БАҚ
әлеуметтің белгілі бір мәселелері төңірегінде
көңіл-күйін зерттеп қана қоймай,
қоғамдық пікір қалыптастырудың негізгі
құралына айналды. Қоғамның ішкі саяси
тұрақтылығы мен тұлға дамуының тұрақтылығын
сақтау аса маңызды мәселе. Ал оған төнетін
қауіп-қатер сыртқы ақпараттық ықпалдан
болатыны даусыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
А.Б. Венгеров Право информация в условиях автоматизации
управления.- М.: Юрид. Лит. 1978. С.19
2.
В.Г. Афанасьев Социальная информация и управление
обществом. – М.: Политиздат, 1975. С.39
3.
К.К. Кунантаева Некоторве вопросы нравственного воспитания.
– Алматы, 1992. – 4 с.
4.
Симанчук О.П. Воспитание познавательних мнтересов
школьников в процессе работ с периодической печатью: автореф... канд. пед.
наук: 13.00.01. – М.,1980.- 24 с.
5.
А.А Журин «информационная безопасность как педагогическая проблема //
Педагогика, 2001 - №4. С-48
6.
М. Орынбекұлы «Теледидар қазақты ұмытты» // Жас
алаш. – 2008. 11 мамыр.
Annotation
In
this article considered Mass Media’s history from old days till today. The
author analysed the actualization of Mass Media and its impact to child’s
socialization, upbringing and formation of psychology, also the author
researched basic functions of Media in upbringing system.
Key words:
Mass Media, TV, socialization, pupil, psychological features.
Аннотация
В статье
рассматривается история исследования СМИ до сегоднешних дней. Автор
анализировая работы ученых которые стали сегоднешней актуализацией СМИ в
социализации, воспитании и формировании психологии ребенка также рассматривает
основные функции СМИ в воспитательном процессе.
Ключивые слова: СМИ,
телевизор, социализация, ученик, психологические особенности.