Ақтөбе қаласы,
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ
Ж.
Макешова ф.ғ.к.,доцент
А.
Наурзалина
Интерактивті-модульдік
оқыту технологиясын қазіргі білім жүйесінде
қолданудың тиімділігі
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік
ұлттық үлгісі қалыптасуда.Бұл процесс білім
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі
ескі мазмұнның орнына жаңасы
келуде.Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі
объект-субъектілі педогикасының орнын басқасы басты,ол балаға
оқу қызыметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін
танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын дамушы тұлға ретінде
бағытталған.Мұндай жағдайда педагокикалық
процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі
субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық
бағытталған өзара әрекеті болып табылады.Жаңа
білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен
дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы
дамуынқойып отыр.Егер жеке тұлға ұғымының
мазмұнынын талдап,түсінік беретін болсақ,біздің
ойымызша,төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді.’’Жеке
тұлға-бұл адамның психикалық,рухани мәні,ол
әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне
тән. Ғалым әдіскер Ф.Оразбаева: «Жеке
тұлғаның қалыптасуына бірден-бір әсер ететін
қоршаған ортасы. Кез келген адам баласының дамуына,
сана-сезімінің қалыптасуына әсер тигізетін, өзі
өмір сүріп отырған қоғамы.
Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың
өркендеп қанат жаюы жеке тұлғаның дамуына орасан
зор әсер етеді.» - дейді. [1.85]
’’Педагокикалық технологиялар-бұл
білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен
әдістемелердің;оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен
байланысқан міндеттерінің,мазмұнының,формалары мен
әдістерінің күрделі және ашық
жүйелері,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп,
ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды''.Бүгінгі таңда
П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы,Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың даммыта оқыту
технологиясы,Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық
техналогиясы,В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі
және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
техналогиясы,М.Чошановтың и
интерактивті-модульді оқыту
технологиясы,П.И.Третьяковтың,К.Вазинаның модульді оқыту
техналогиясы,В.М.Монаховтың,В.П.Беспальконың және басқа
да көптеген ғалымдардың техналогиялары кеңінен танымал.
Ғалым әдіскер А.Әбілқаев: «Білім – жалпы алғанда
сыртқы дүниенің сәулесі, обьективті
шындықтың тілдік формадағы идеялық қайта
көрінісі ретінде сипатталады» - дейді.[2.36]
АҚШ пен Батыс Европада XX
ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процесінің
технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде
жүргізіле бастады. 1940-1950
жылдары оқу үрдісіне техникалық
құрылғылардың енуіне байланысты «білім берудің
технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. 1950-1960 жылдары
педагогикалық әдіс кеңінен қолданыла бастады.Технология
екі бағытта көзге түседі. Біріншісі, технологиялық
әдісті техникалық құралдарда пайдаланумен байланысты.
Екіншісі оқу процесін ұйымдастыруындағы оқытудың
технологиясы. Педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың
кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және
жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын
технологиялық іс-шаралар жиынтығы.
А) Концептуалдың негізі (әрбір
педагогикалық оқу технологиясына, оқу мақсаттарына
жетудің философиялық,психологиялық, дидактикалық
және әлеуметтік-педагогикалықнегіздері белгіленген
нақты ғылыми концепцияға сүйенуі)
Ә) Оқытудың
мазмұндық белгісі:
Оқытудың
мақсаттары: жалпы және нақты;
Оқу
материалының мазмұны.
Б)
Процесуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
Оқу
үрдісін ұйымдастыру;
Оқушылардың
оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
Оқытушы
жұмысының әдістері мен формалары;
Оқушылардың
оқу материалын игеруін басқарудағы
оқытушыныңіс-әрекеті.
Әдіскер
ғалымдар педагогикалық технологияларды былай жіктейді:
I.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Оқытудың
мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру. (В.П.Беспалько, Қараев)
Деңгейлеп оқыту технологиясы
тапсырмаларының берілуі:
1-деңгей
міндетті;
2-деңгей
алгоритмдік;
3-деңгей
эвристикалық;
4-деңгей
шығармашылық.
1-деңгейдегі
тапсырмалар:
Жаттап алу.
Алдыңғы
сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін
өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру.
Өмірмен
байланысты болуы керек.
2-деңгейдегі
тапсырмалар:
Өткен
материалдарды реттеу, жүйелеу.
Оқушының
ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Танымдық
және үйретімділік маңызы болуы қажет(логикалық
жаттаулар, ребус, сөзжұмбақтар)
3-деңгейдегі
тапсырмалар:
Жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық
алуы керек. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру
арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой
жұмыстарын қажет етеді.
4-деңгей Оқушылардың
жинаған өмірлік тәжірибесімен қалыптастырған
ұғым, түсініктерінің белсенді ой-еңбегінің
нәтижесінде, мұғалімнің көмегінсіз қорытынды
шығару.Бұл технологиялар негізінде өзін-өзі жетілдіріп
өсіруші тұлға қалыптастыруға болады.
II.
Бағдарламалап оқыту (жоспарлап оқыту)
Оқыту
бағдарламасына негізделген бұл бағдарламаның
қатаң жүйесін АҚШ ғалымы Скиннер
дайындаған:
Оқу
материалының өзі;
Оны
меңгерудегі оқушының іс-әрекеті;
Меңгеруді
бақылау формасы.
III.
Проблемалық оқыту.
Бұл
оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді
шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген
дидактикалық жүйенің бірі екендігі айқындалады.
Мақсаты:
Оқушының
шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Белсенді
ізденіс нәтижесінде игерген білім мен дағдылары есте тез және
берік сақталады;
Проблеманы
шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастырады;
Проблемалық
ойлау жүйесі қалыптасады, дамиды.
Ғалым әдіскерлер
проблемалық оқытудың төмендегідей әдістемелік
тәсілдерін көрсетеді:
Мұғалім
оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына
әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
Проблемалық оқытудың
нәтижелі болуының шарттары:
Мазмұнына
қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен
қамтамасыз ету;
Проблеманың
шама жетерлік болуы;
Шешілетін
проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
Педагогтың
оқушымен диалогының өзара түсіністік пен
сыйластыққа құрылуы.
Бұл
технологияның артықшылығы – оқушының
өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді
өқз бетімен меңгеру мүмкіндігі болса, кемшілігі –
оқушылардың кей кезде танымдық іс-әрекеттерінің
әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа
қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп
шығындалуын атауға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Оразбаева
Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі:
Оқу құралы. – Алматы:2005 -170 бет.
А.Әбілқаев, З.Бейсенбайқызы
. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу-
әдістемелік құрал. – Алматы, 2009.-293бет.