Қазақ
тілін оқытуда жаңа технологияны қолдану
Қабошева Н.А./ М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан
мемлекеттік
университетінің оқытушысы/
XX ғасырдың 80 жылдарының соңы
Қазақстан Республикасының тіл саястында түбегейлі
бетбұрыстар кезеңі болды. Қазақ тілі
мемлекеттік мәртебе алды, ал 1989 жылы қабылданған “Тілдер
туралы” Заңда: “Қазақстан халқын
жақындастырудың аса маңызды құралы – мемлекеттік
тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының міндеті болып табылады”, деген жолдар бар(ҚР “Тілдер
туралы” Заңы, 4-бап).
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны жүйелі
түрде қалыптастыра білу – заман талабы.
Орыс топтарында қазақ тілін нәтижелі
үйрету үшін тіл үйренушілерге ана тілі мен қазақ
тілі арасындағы айырмашылықтарды еске ала отырып, соларға
негіздей оқытқанда сабақ табысты және тиімді
болмақ. Ол үшін әр сабақты фонетиадан бастаған
дұрыс. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға көңіл бөліп,
дұрыс айтылуы мен жазылуына назар аударылуы тиіс. Әсіресе,
студенттерге дыбыс үндестігімен жұмысты тиімді ұйымдастыра
білсе дұрыс болар еді. Лексиканы көбейте отырып, сөз, сөйлем
құрау үдерісін бірізді жүргізсе, сабақ тиімді
болады.
Осыған байланысты жұмыс істеуде әр
түрлі әдістерді қолдануға болады:
-сөздік арқылы тіл дамыту;
-мәтінге байланысты тіл дамыту;
-көрнекі құралдар арқылы тіл
дамыту;
-үйірмеге және басқа
жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Қазақ тілінің мақсаты – тіл
үйренушілерге қазақша үйрету болғандықтан,
мұндағы негізгі жұмыс – сөз үйрету. Ал
сөйлем құрау, грамматикалық ережелер, анықтамалар
– сөз үйретудің техникасы.
Ғылым мен техниканың жылдан-жылға жедел
қарқынмен дамуына байланысты студенттерге дәріс беруде
жаңа технологияларды енгізу олардың білімін көтеруге
үлкен әсер етіп отыр. Жаңа технологияларды
қолданғанда оның әрбір кезеңдерін
мұғалім өзі жақсы түсініп, студенттерге жеткізе
білуі қажет. Технологияның түрлері көп:
-деңгейлеп саралай оқыту технологиясы;
-блокпен оқыту технологиясы;
-бейімдей оқыту технологиясы;
-модульдеп оқыту технологиясы(М.М.Жанпейісова).
-В.Ф.Шаталов технологиясы;
-білім беруді ізгілендіру технологиясы(Ш.А.Амонашвили);
-ұжымдық оқыту технологиясы, т.б.
Осы сияқты жаңа технологияларды
күнделікті сабақта қолдану үшін ұстаз өз
алдында отырған студенттердің жас ерекшеліктерін таңдап
алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген
сүйіспеншілігі ерекше орын алады.
Мен қолданатын технология “Ұжымдық оқыту технологиясы”.
Бұл технологияны 1,2-курс студенттеріне қолданамын. Осы технология
студенттің қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып,
ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін
оятуға тәрбиелейді. Өзін-өзі басқаруын
қалыптастырып, байқампыздыққа тартады.
Оған мынадай талаптар қойылады:
-
өзінің еңбегімен қоса
басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
-
өзі оқи отырып, қасындағы
студентті де оқыту;
-
серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп,
көмектесу.
Ерекшеліктеріне келсек:
- жекелей оқыту;
- қасындағы
студентпен жұптасып оқу;
- топпен оқыту;
- ұжымдық
оқыту.
Бұл технологияның талаптарына сәйкес,
студент-студент, студент-ұстаз, студент-үйретуші міндетін
атқарады. Тапсырманы дайындау үшін әр кезеңдерге
бөлінеді.
I.
Берілген тапсырмамен танысу;
-
шағын бөлімдерге ат қою;
-
жоспар құрып, мәтін мазмұнын
меңгеру;
-
сұрақтар дайындау.
II.
Тапсырманы екінші студентке түсіндіру кезеңі:
-
мәтіннің мақсатын анықтау;
-
жоспармен таныстыру;
-
мазмұнын түсіндіру;
-
бақылау сұрақтары бойынша
түсінгенін тексеру.
III.
Жеке жаттығу жазу, шығарма жазу,
түсінгенін баяндау кезеңі.
Білім беру технологиясы
- “Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды
техникасы”. (В.П.Беспалько).
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне
үйретуде жаңа технологияларды қолдану олардың өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануына, ізденуіне, өз нәтижесін көріп,
өз-өзіне сын көзбен қарап, жеткен жетістіктеріне
қуануына кең мүмкіндіктер береді.
Тіл үйретудің нәтижелі болуы
көптеген жағдайларға, мысалы:
-
тіл үйренушінің қабілетіне,
-
мұғалімнің шеберлігіне;
-
мұғалімнің тілді үйрету
тәжірибесіне;
-
оқыту тәсілдеріне;
-
тіл үйренушінің тілді үйренуге деген
ынтасына байланысты.
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі
әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білген жөн, сонда
ғана жұмыс нәтижелі шығады. Ол үшін жұмыс түрлерін дұрыс таңдап алу
керек. бұл студенттерді жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында
қолданылады. Әр мәтінмен жұмыс жасаған кезде
таныс емес сөздерге қоса, омоним, синоним, антоним сөздерінің
де аудармасын меңгертіп, мәтінді аударма жұмыстарын жасатып,
қорытынды жасауға дағдыландырса, жақсы болар еді.
Тұрақты сөз тіркестерімен де дұрыс жұмыс
жүргізе білген жөн.
Студент өз ойын ашық айтып жеткізу үшін
әр сабақ сайын сөздік қорын молайтып отыру қажет.
Студентті терең әрі жинақты біліммен қаруландыру
ұстаздың да жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс іздеуін
талап етеді, яғни оларды дамыта оқыту керек. Дамыта
оқытудың идеяларын жүйелі қолға алып,
оңтайлы қолдана білгенде, студенттеріміз емтихан кезінде
өткізетін сынақ жұмыстарында дұрыс нәтиже береді.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту
әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім –
ізденіс, ізденіске жұмылдыру, проблемалық міндеттерді шешуге
талаптандыру. Студенттерді берілген тапсырманы қызыға, ынталана
орындауға, кез келген қиыншылықтарға төзуге,
оларды жеңе білуге үйрету.
Тіл – халықтың байлығы, айнасы.
Оның тазалығын сақтау – үйретуден. Бұл орайда
Елбасымыз Н:Ә.Назарбаев былай деген: “Қазақ тілі – өте
әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу
мүмкін емес”.
Сол себепті мен мемлекеттік тілді үйретуде бар
күш-жігерімді пайдаланып, білімімді ұштастырып, жаңа
технологияны қолданып, нәтижелі білімге еңбек етпекпін.“”