Кансеитова
У. Р.
Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогика
университеті.
п.ғ.к., аға оқытушы
Алматы
Мәдениаралық
байланыс және шетел тілін оқып үйрену
Мемлекетіміздің
халықаралық байланыстары барған сайын күшейе
түсіп, еліміздің қай саласында болмасын шет елдермен
қарым-қатынас орнаған. Бұл
қарым-қатынастарды нығайтып, жандандыра түсу үшін
шетел тілін жете меңгерудің маңызы зор.
Мәдениаралық қарым-қатынас ең алдымен тіл
арқылы жүзеге асатыны белгілі. Олай болса, мәдениаралық
қарым-қатынаспен шетел тілін оқып-үйренудің
тығыз байланысты екендігін айтпаса да түсінікті.
Шетел тілі сабағын
оқып-үйрену – әр ұлт мәдениетінің
бір-бірімен қиылысуы, өзара мәдени қатынастың
тығыз байланыстылығы, ол әрбір шетел тілінің жеке
сөзі сол елдің дүние танымын, мәдениетін бейнелеу болып
табылады. Әр сөздің түпкі мағынасы сол
елдің ұлттық санасын бейнелейді.
Қазақстанда шетел тілін
үйрету қазіргі кезде әлеуметтік жағдайдың
өзгеруі сияқты ол да күрделі де түпкілікті қайта
құру кезеңін басынан кешіруде. Олар құндылықты
қайта бағалау, алға қойған мақсатын,
тапсырмаларын, әдістерін, қажетті материалдарын қайтадан
анықтау, пысықтау дәл қазіргі кездегі тіл білудің
қажеттілігін, тілге деген адам көзқарасының
өзгеруін, әлеуметтік-тарихи себептердің атқаратын
ролінің зор екендігін ескертудің өзі артықшылық
болар.
Заман талабына сай шетел тілін
оқып үйренудің жалпы методологиясымен қатар нақты
әдістемесіде күн санап дамуда. Бұл жаңа шарт
Қазақстанның «жаңалығы», Республиканың
дүниежүзілік қауымдастығына мүше болуына, саяси
жағдайының жедел алға басуына, экономикасының,
мәденеиетінің идеологиясының өркендеуіне,
әртүрлі ұлт өкілдерінің дамуына, алыс шетел
өкілдерімен қарым-қатынас жасауда алға
қойған мақсаттарының орындалу жолында тілдің
өте қажет екендігінің дәлелі ретінде көруге
болады. Осының бәрі тілді оқып-үйренуде жаңа
әдістер мен материалдарды қажет ететіні де белгілі.
Тілге деген үлкен
қажеттілік үлкен ұсыныстарға алып келді. Шетел тілдері
мамандары қоғам алдында қажетті мамандық қатарына
ілікті: ғылым-білім, мәдениет, бизнес, сонымен қатар, адам
өмірінде қажетті саналатын өндіріс орындары, медицина,
әлеуметтік қызметкерлер алдында да шетел тілін
оқып-үйрену қажеттілікке айналды.
Бірақ
олар үшін тілдің шығу тарихы, теориясы қажет емес.
Шетел тілі әсіресе ағылшын тілі олар үшін
қоғамдағы әртүрлі өндіріс саласында
жұмыс істейтін шетел азаматтары мен мамандарын сол елдің тілінде
түсініп, тікелей тығыз байланыста болу үшін қажет.
Қарым‑қатынас
жағдайында екі жақ тек өз дәстүрі мен салттарын
ғана емес, күнделікті қарым‑қатынаста өзге
ұлттың өмір сүру, тіршілік ету
қағидаларынан туатын қатысым тәртібімен танысуды
мақсат етуі тиіс. Коммуникация
(қатысым) кезінде қарым‑қатынас жасаушылар екі
түрлі ұлт өкілдері болса, (кейде бір ұлттың
адамдары арасында да екі түрлі
мәдениет болады) олардың
таным болмысында өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Мәселен,
ұлтқа тән сөйлеу әдебі мен мәдениеті, білім
қорында жинақталған салт‑дәстүр,
әлеуметтік мәртебесі, діни көзқарасы, тұтас
менталдық ойлау ерекшеліктері.
Индивид әлем туралы түсінігін өзінің кімдермен қалай
мәдениаралық қарым‑қатынас жасауы арқылы кәсіби жағынан толықтыра түседі.
Мәдениаралық
қарым‑қатынаста адамдардың іс‑әрекеті
түрлі аспектілерден көрінеді. Қатысым актілеріне тән
жеке, әлеуметтік, топтық, кәсіби, мәдени т.б. функционалдық
сфералар қамтылатынын ескерсек,
барлық параметрлерінде жеке мәдени лексемалар, сөз
тіркестері, мақал‑мәтелдер мен фразеологизмдер
қолданыста жүреді.
Әлеуметтік-тарихи
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында шетел тілі
факультеттерінде «неофилология» атты жаңа мамандық дайындалады.
Бұл мамандық туралы түсінік ертеректе басқаша
ұғымды білдіретін және ондай мамандар дайындалмайтын.
Оның негізгі бағыты төмендегідей: тілді қоғамның
әр саласында: ғылымда, техникада, экономикада, мәдениетте
т.с.с. пайдалана алатындай етіп жан-жақты оқыту, үйрету.
Мамандарға тіл үйрету
барысында жинақталған қомақты практикалық,
теориялық тәжірибелерді талдай отырып ғылыми
тұрғыдан негіздеу оны салалау, өз ісінің нағыз
мамандары арасында түсінісе білу мақсатында тіл үйрету
әдісін мәдениет, экономика, құқықтану,
қолданбалы математика, ғылымның әр саласын шетел тілін
пайдалануға өте қажетті екендігін ескере отырып тілді
синхронды әдіспен үйрету, шетел тілінде сөйлейтін
халықтың әлеуметтік, мәдени, саяси ерекшеліктерін сақтап,
халықаралық байланыста жұмыс істейтін мамандардың
дайындау үлгісін жасап шығару қажет.
Тіл үйренудің
қажеттілігі түпкілікті өзгерді, ол тек
қызығушылықтан қажеттілікке айналды, сол үшін
шетел тілін оқыту түпкілікті жаңа бір саланы «лингвистика
және халықаралық байланыс» деген ұғымды енгізуге
түрткі болды. Қазақстанда шетел тілін үйрену
қарым-қатынастың шынайы құралы ретінде, ол
үшін тек фундаменталдық-теориялық база қажет.
Ол үшін:
1. филология
ғылымының теориялық еңбектерін шетел тілін
оқытуға ұштастыру;
2. шетел тілі
оқытушыларының мол тәжірибесін бір салаға жүйелеп
талдау қажет.
Біздің елдегі шетел тілін
үйрету мәтіндерді оқумен ғана шектелмеуі керек.
Жоғарғы оқу орындарында филологтарды оқыту әдеби
шығармаларды оқытумен ерекшелінеді. Филолог емес мамандар өз
мамандығына сәйкес келетін «мыңдаған сөздерді»
оқумен айналысуы керек.
Бүгінгі таңда
жоғары оқу орындарында шетел тілін үйрену шетел мамандарымен
тек сол салада оларды түсіну ғана емес, мысалы, физиктер тек физика
саласы, не геологтар геология саласы
бойынша ғана емес, жоғары оқу орындағы оқытушылар
жан-жақты дайындығы мол білімді адамдар болғандықтан
олар тіл үйренушілер үшін сол оқыған тілдің
жай-жапсарын, тарихын, сол халықтың мәдениетін,
әдебиетін тіпті әдеп-ғұрпын оқушыға жете
түсіндіреді, сонда ғана тіл үйренушіге тікелей сол
тілдің өкілін жете түсінуге үлкен көмегін
тигізеді. Ол үшін көпшілік жағдайда шетел маманын
қатыстыра отырып ғылыми конференциялар, дискуссиялар, кездесулер
өткізген абзал.
Аудиториядан (сыныптан) тыс
әр оқушының ерекшелігін ескере отырып клубтар,
үйірмелер ұйымдастырса, әр бағыттағы маман иелері
өз қалауынша әртүрлі тақырыптарға
байланысты пікірлер алысады.
Шетел тілі өкілімен тілдесу, оны жете
түсіну тек тіл білумен ғана шектелмейді, сонымен қатар
тілдесу мәдениеті, шарты, этикеті, мимика, қимыл, орта сияқты
факторларға да байланысты. Осылардың ішінде тілдесу
мәдениетіне мыналарды жатқызуға болады:
а) дәстүрі (
мәдениеттің тұрақты бөлігі), салты,
әдеп-ғұрпы.
ә) тұрмысы, күнделікті тіршілігі. Ол әсіресе сол
елдің дәстүрімен тығыз байланысты. Сондықтан да
оны дәстүрлі тұрмыс мәдениеті деп атайды.
б) мінез-құлқы ( қарым-қатынасы) осымен
тікелей байланысты сөйлеу мәнері, мимикасы ( ым) .
в) қоршаған ортаны ұлттық тұрғыдан
қабылдау, әр ұлтқа тән көзқарас
және ойлау ерекшеліктері.
г) этностардың шығармашылық мәдениеті, сол
ұлтқа тән ерекшеліктер.
Еларалық жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынаста мәдени ерекшеліктерді,
олардың эмоцианалдық тұрғыдан
қарағандағы жай-күйі т.с.с. көптеген жағдайлар.
Шетел тілін оқып-үйренуде заманауи бір тың әдістерді
қолданып оқушыға ұғынықты әрі ойда
қалатындай етіп оқыту үшін сол елдің әлеуметтік мәдени
факторларын, ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың атқарар
ролі өте зор.
Тіл үйрету барысында
оған атүсті қарап тек бір ақпарат ретінде
оқытудың кемшіліктері өте айқын сезіледі және
тілді мәдениеттен бөле қарауға болмайды. Ол дегеніміз
сол халыққа тән ғасырлар бойы жинақталған
тұрмыстың санасы, сол халықтың өмір тарихына
сәйкес келетін құбылыс. Сөздің мағынасын
білу, грамматика ережелерін білу тілді байланыс құралы ретінде
пайдалану әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан таңдаған
шетел тілінің арғы дүние танымын, сол елдің тарихын,
мәдениетін, экономикасын, жағырапиясын да білуді қажет етеді.
Мәдениаралық
коммуникацияда әлеуметтік құрылым қарым-қатынас
жасаушылардың өзара түсіністік дәрежесін
анықтайды. Яғни тіл үйренуші кез-келген ұлт немесе
мәдениет өкілімен тілдік қатынасқа түскенде
оның статустық және позициялық рөлін алдын ала
бағдарлап алып, қарым-қатынас барысында үнемі ескеріп
отырғаны жөн.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. С.Г.Тер-Минасова. Язык и межкультурная коммуникация. М., 2004
2. Абдыгаппарова С.К. Язык и культура. Алматы., 2002.
3. Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Алматы., 2002.
4. Абдыгаппарова С.К. Американские и Казахстанские культурные
ценности. Алматы., 2002.
5. Дулганова В.Н. Прагматический
аспект межкультурной коммуникации. Улан-Удэ, 2003.
Резюме
В статье рассматриваются тесная связь и
взаимозависимость преподавания иностранных языков и межкультурной коммуникации. А также задачи
обучения иностранному языку как средству общения неразрывно сливаются с
задачами изучения общественной и культурной жизни стран и народов, говорящих на
этом языке.
Summary
The article
discusses the close relationship between
interconnection of teaching foreign languages and intercultural
communication. As well as objectives of foreign language teaching as a means of
communication are inseparably
connected with the goals of studying the social and cultural life of the
countries and people who speak that language.