Филологические науки/6 Актуальные проблемы перевода

 

Садуахасова М.Б.

Таразский Государственны Университет, Казахстан

Ағылшын тілінің әлеуметтік желілерде қолданылуы

 

Тілімізге әрқашан болатын әртүрлі құбылыстар алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ жазбаша сөздің және ауызекі тілдің ара қатынасын анықтау, яғни тіл мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасын, айырым тұстарын анықтау сынды көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» проблемасы. Жаһандану заманында әлеуметтік желілер және басқа да қатынастық бағдарламалар өте көп қолданысқа ие. Ағылшын тілінің көп қолданысқа ие болуы  тілдің жаңа формалары пайда болуына әсер етеді. Сондықтан да бұл мәселе зерттелу керек деп ойлаймын.

Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Әлеуметтік желінің бірнеше түрі бар. МойМир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бір бағыттағы, тақырыптық әлеуметтік желілер бар. Мысал ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, фотографтар немесе жәй ғана суретке түсіргенді жақсы көретін әуесқойлар үшін flickr, ал микроблоггинг мысалына twitter жатады.

Қазіргі таңда біздің өмірімізде көптеген амалдар мен байланыс жолдары пайда болды. Өмірімізді компьютерсіз, ноутбуксыз, ұялы телефонсыз, смартфондарсыз, сонымен қатар байланысуға мүмкіндік беретін заманауи техникаларсыз елестету мүмкін емес. Әрине, ол орынды, себебі мәтіннің жіберілу  әдісі өзгергендіктен, тілдің өзі де өзгереді. Сіздерге ағылшын тіліңіздің сөздік қорын  әлеуметтік бірліктермен , хат арқылы байланысу түрімен толықтыруды ұсынамыз.

Қазіргі ағылшын тілінде, сонымен қатар, қазақ,  орыс тілдерінде заманауи коммуникативтік ортада  пайда болған жаңа туынды сөздер көп. Коммуникативтік орта адамдар арасындағы коммуникацияға әсер етеді. Себебі смс, интернеттегі әлеуметтік желілер, ұялы телефондардағы желі т.б. коммуникативті ортаның құрылғылары болып табылады. Коммуникативтік ортамда ең көп ағылшын тілі қолданылатыны айдан анық. What’s up, Viber,  Skype, We chat, Chat On бағдарламарында немесе Facebook, Odnoklasniki, Twitter, Мой Мир,  В Контакте әлеуметтік желілерінде ағылшын акронимдері өте көп кездеседі. Акронимдер сөз тіркесінің алғашқы әріптерінен, бастапқы дыбыстарынан құрылған қысқарма сөздер. Мысалы: LOL (немесе лол; ағылшын laughing out loud — қатты күлу; немесе lots of laughs —көп күлу дегенді білдіреді) ...

Ағылшын    акронимдерінің  әлеуметтік   желілерде  не себепті    көп қолданылатынын    білу қиынға   соқпайды.  Интернет арқылы қатынас:

Хабарламаларда, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде әңгімелесу барысында ағылшын әріптер, сандар, сөз тіркестері мен аббревиатуралар өзара заңдылықтарына сәйкес қолданылады. Мысалы, сөздердің ұзындығын қысқарту үшін сандар қолданылады:  sk8 – skate, алайда сөдің мағынасын түсіну үшін сөздерді әдеттегідей оқып, санды толығымен оқу керек. Келес мысалдарға назар аударсақ,

2 to  демеулігінің орнына, too  - сөзінің орнына, two  сан есімінің орнына,  тіркесінің орнына қолданылады  Олардың  да өзіндік ерешеліктері  бар. 2day = today, going  2 work [tэ]   дыбыс      me2 = me too; 4 for көмекші сөзінің орнына 4ever  = forever,  four сан есімінің орнына, gud4u = good for you, [fo] дыбыс тіркесінің орнына қолданылады. Бұл заңдылықтар әріптерге де тән болып табылады.. Егер әріптер бір бірінен бөлек тұрса,   онда әр сөздің өзіндік бір мағына беретінін ескергеніміз жөн. Мысалы C U  - see you, B there (be there ), bee [bi] зат есім 2 b or not 2 b (to be or                                                                                        not to be). Әлеуметтік желілерде және СМС хабарламаларында көп кездесетін ағылшын тілінен енген қысқартылған сөздерге назар аударайық. 

LOL = lots of laughs = күлкіден ішек қатты, BTW = by the way = айтпақшы, ROFL = rolling on the floor laughing = күлкіден жерде аунау, IMHO = in my humble opinion =  менің жеке пікірім

IMO = in my opinion = менің ойымша, CU = see you = көріскенше, B4now = bye for now = әзірше сау бол, b/f = boyfriend= жігіт, g/f = girlfriend = қыз, BRB = be right back = сәлден соң қайтып келемін, ABT = about = туралы, K = okey = жарайды, Аватар - әлеуметтік желіде отырған адамның суреті, Блог - белгілі бір адамның басқа қолданушыларға ашық интернет сайты, Блоггер – блог иесі, Гуглдау (гуглить) - ізденіс сайттарынан ақпарат алу, Аккаунт - желіде тіркелген қолданушы, Посттау – жариялау, Мем - желіде тез тарқалатын пікір,сурет, видеоролик, Смайлик - эмоцияларды білдіретін тыныс белгелерінен тұратын символ, Коммент - түсінік беру,көз қарасын білдіру, Ник - желідегі лақап аты, Спам -көптеген тұтынушы санына жарнама жіберу, Юзер – пайдаланушы, Юзерпик - пайдаланушының суреті, Селфи -   өз-өзін суретке түсіру, Хакер -  компьютерді кәсіби қолдана білетін адам

Сіз бұл символдарды достарынызбен күнделікті хат алмасқанда, әр түрлі сайт немесе форумдарда, әлеуметтік желілерде кездестіргеніңіз сөзсіз. Егер бейтаныс ағылшын сленгтері тап болса, мағынасын бірқатар ресурстар арқылы қарастыруға болады. Солардың   ішіндегі  ең қызықтысы Urban Bictionary. Бұл сөздік кез келген желі тұтынушының ұжымдасуымен толықтырылады. Сонымен қатар бұл сайттан көптеген жаңа нәрсе білуге болады. Ең бастапқы бетте «Күн сөзі» айдары бар.  Бұл айдар категорияларға байланысты бөлінеді, көп қолданысқа ие сөйлемшелердің түсініктерін берген. Және де бұл сөздік көптеген түсініксіз сөздердің мағынасын ашуға түсіндіреді.

Адамзат қатынасындағы ең қарышты дамитын сала заманауи технологиялар арқылы қатынасу саласы болып табылады. Бұл сала тек қарым қатынасқа ғана емес, сонымен қатар жазбаша және де ауыз екі тілге де әсерін тигізеді. Заманымыздан артта қалмай, жаңа үлгіде болған жөн.

                                                      

Әдебиеттер:
1. Гаффин А.Путеводитель по глoбальной компьютеpной сeти Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном). 
2.
Гилстер П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с        компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.- 735 с. 
3. С
оломенчук В.Интернет: кpаткий курс: Поcобие для ускоренного 
обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.

4.  Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.
5.     Шөкіш А. Интернет - Америка барлaушылыpының туындысы немесe ғаламдық ақпараттар  туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.-Б.19

6.     Антрушина Г.Б. Лексикология английского языка. – М.: Дрофа, 2007