Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қабатаева
К.Т.
І курс Э-11 тобының студенті Сейдгазимова С.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті
Қауымдастық, әкімшілік бөлініске және
туыстық қатынастарға байланысты атаулар
«Шыңғыснама»,
« Әділ сұлтан » эпикалық жыры, « Жамиғат-Тауарих »
және «Түркі Шежіресі » лексикасын тақырыптық
топтарға жіктеп қарастырар болсақ, олар
әрине,өмірдің барлық салаларын қамтиды,
солардың ішінде көбірек жиірек кездесетіндері
–қауымдастық,әскери-әкімшілік бөлініске,
адамдардың атақ-дәрежесіне,соғыс қимылдары мен
туыстық қатынасқа байланысты атаулар.Оның басты себебі
–екі шығарманың шежіре аталып, Адам атадан бері қарайғы
ел билеушілердің аты-жөні мен істеген істерін, әсіресе Шыңғыс
хан тұқымынан тараған хандар мен сұлтандардың ел
басқару ісін, соғыс қимылдарын сипаттауға арналуында
жатса керек. Біз « Шыңғыснама» , «Әділ сұлтан » эпикалық
жыры, «Жамиғат-Тауарих »
және «Түркі Шежіресінде » жиі кездесетін сөздерді 4 негізгі
тақырыптық топқа бөліп қарастырдық,
бірақ бұл шығармаларда кездесетін барлық
сөздердің сипатын бере алмауы мүмкін. Тақырыптық
топқа бөлуде түрік,араб,парсы тілдерінің екеуіне
ортақ та сөздер бар, оларды ана тілдікі немесе мына тілдің
сөзі деп айту қиын.
Әбілғазы
Бахадүр өз шығармасында ата-баба тарихын адам баласы
жаратылғаннан бастайды. Оның алғашқы кезеңінен
сөз еткенде бірыңғай кімнен кім туды, кімді кім орнына
қалдырып, қанша патшалық құрды, кіммен
соғысты деген сияқты нәрселерді баяндайды. Бұл
кезеңдегі адамдар қауымы йұрт «жұрт»
түрінде аталады да, оның билеушісін падшаһ «патша»
дейді. Одан бері келе қауымдастық атауларына нәсіл, әулет,
ұрұқ, тайпа, ру, жамағат, ел, халық,
уәлайат, мемлекет сөздері қосыла бастаған. Осы
сөздер синоним ретінде бірінің орнына бірі қолданыла берген. Йұрт
сөзі қауымдастық атауларынан гөрі кісі, адам топтары
орналасқан «жер, мекен» мағынасында қолданылған.
«Түркі Шежіресінде» ел сөзі жиірек қолданылған. Ал уәләйат
сөзі кейінгі дәуірге қатысты айтылатын сияқты, белгілі
бір шектеу жоқ. Бұл сөз кейде мемлекет сөзінің
орнына қолданылады, кейде «қала немесе аймақ»
мағынасында көрініс тапқан. Ал мемлекет сөзі де
Қытай, Иран сияқты елдерге тіркесіп, бірде «ел, патшалық»
деген мағынада жұмсалған.
Жалайыридің
«Жамиғат-Тауарих» еңбегінде «ру,тайпа» мағынасында қауым сөзі
қолданылыпты. Ал бұл сөз «Түркі Шежіресінде»
кездеспейді. Сондай-ақ, «Жамиғат-Тауарихта» халқ сөзі жиі
кездеседі. «Қарапайым халық» мағынасында да қазіргі
тіліміздегідей қара халқ сөз тіркесі
қолданылған, мыс.: ...тахтың сенің тағға
охшар, халқын сенің сай а дәулетке охшар... Ол қауым ол
күндін бу күнге дегач бисйар қауым болуб кечтілер...
(Сенің тағың тауға ұқсар, сенің
халқың сендей билік еткен падишахтың саясына
ұқсар... Ол қауым бүгінге дейін біраз (көп)
халық болды...).
«Шыңғыснамада»
осы мағынада халайық сөзі кездеседі. Осы секілді, тарихи
мәтіндерде көрәл//курал – король, корольдік сөздері тіркес түрінде 2-3 жерде ғана
кездеседі, мысалы: ...Тақы һала көрәл
падшаһының әцләді ерді... (...Әлі де
король патшаның әулеті еді...).
Туыстық қатынасқа байланысты атаулар. Өтеміс қажының «Шыңғыснамасында»
туыстыққа байланысты атаулардың негізін көне
түркілік немесе түркі және моңғол тілдеріне
ортақ сөздер құрайды, мыс.: нәбәрә,
оғлының оғлы «немере», қарындаш
«ағайын, туысқан», ұғыл, әулад
«ұл», ата «әке», ана «шеше», зәғифә
«әйел», қыз, аға. Мыс.:Ежен хан білә Сайын хан
мәшһүр тұрұр. Туралы хан қызы
зәғифәсіндін туған ерді. Йәнә он йеті
ұғыл кім өзгә зәғифәләріндін
ерді... Ағасы Ежен ханға айтды: Атам орныға ағам сен.
Һәмән атам тұрұрсын...хан болғыл...
(Ежен хан Сайын хан әйгілі болатын. Туралы ханның қызы
әйелі еді. Қалған он жеті ұлы басқа
әйелдерінен туған болатын...Сайын хан ағасы Ежен ханға:
әкемнің орнына сен әрі ағамсың, әрі
әкемсің...хан бол... деді.).
«Әділ
сұлтан» эпикалық жырында туыстыққа байланысты
атаулардан үшеуі ғана кездеседі: ана, қайын ана, қыз,
келін. Мысалы: ...қайын анасы қайырға йорұды
келінінің көрген дүшіне... әділ сұлтан
жауға түшіп қалғанлықларындан хабар берділер,
анасы йығлады... (... қайын анасы келінің
көрген түсін жақсылыққа жорыды... әділ
сұлтанның жауға түсіп қалғанын естігенде
анасы жылады...).
Қадырғалидің
“Жамиғат-Тауарих» атты туындысына туыстыққа байланысты
атаулардың қолданысында көне түркілік сөздермен
қатар моңғол сөздері қатар қолданылады, мыс:
ақа
«жасы үлкен туысқан», оғлан,
улан «бала, ұл» фужин, еке «біреудің
әйелі», гүрген «күйеу бала», екечі «апа», нәбира,
оғлының
оғлы «немере», қарындаш, туғма
«туысқан», өкин «қыз», отчигин «кенже бала» және т.б.
мысалы: Бу Қайдуның ата қарындашының ұғлы
Начин атлығ бар ерді. Канбаут қаумы ға күйеу ерді...
йетміш ер бу ішні харакат қылған жалайырға айтды: қайсы
ата-ағаңызға кеңеш қылыб... (Бұл
Қайдуның ағайынының ұлы – Начын. Канбуыт
қауымына күйеу еді... бұл іске жетпіс ер әрекет
қылған жалайырға айтты: қай ата-ағаларыңмен
ақылдасып...).
Қадырғали
– Шыңғыс ханның ата бабасын сөз еткен кезде ичигә
«өз әкесі», бурқы «атасы», алынчил
«үшінші атасы», будутту «төртінші атасы», уқуқу
«бесінші атасы», буатай «алтыншы атасы», дуқақу «жетінші атасы»,
деп жеті атаға дейінгі туыстық атауларын моңғолша
келтіріп, йани «яғни» жалғаулығы арқылы
мағынасы айқындалып, түсіндіріліп отырған.
Мәтіннен бірер мысал келтірейік: Йесуге
баһадур Чиңгиз ханның өз атасы ерді. Моғол тілі
білә ичигә деб
айтұрлар. Екінші атасы Чиңгиз ханның Бартан
баһадүр, моғол тілі білә бурқы деп айтұр. Чиңгиз ханның
үчүнші атасы Қабыл хан, моғол тілі білә алинчил теб айтұр.Чингиз
ханның төртүнчі атасы Тумина хан ерді, моғол тілі
білә будату деб
айтұрлар.Чингиз ханның бешінчі атасы Бай сонкур, моғол тілі
білә уқуқу деб
айтур. Чиңгиз ханның
алтынчы атасы Қауду хан, моғол тілі білә буатай деб айтур. Чиңгиз ханның йетінчі атасы Дотум
мәнән, моғол тіл білә дутақу деб айтур. Чиңгиз ханның секізінчі атасы Буданжар хан....
Әбілғазының
«Түркі Шежіресінде» туыстыққа байланысты атаулардың
негізін көне түркілік
немесе түркі және моңғол тілдеріне
ортақ сөздер құрайды.
Ата
«әке», ана «шеше», ава «баба», ұғыл
«ұл», оғлан «жасөспірім», бала, фәрзәнд
«жас бала, сәби», ақа «үлкен аға», іні «кіші
іні», қарындаш «ағайын», сіңлі
«күйеуінің қарындасы», келін «келін», небере «немере», қайын
ата «күйеуінің әкесі», анда «өгей туыс», хатұн
«әйелдер», әнеке «кіндік шеше», ука «кіші туыс», йеңече
«жеңге» және т.б. Мысал үшін бірер үзінді бере
кетейік:... ханым айтды өзгесінің бойында йоқ менің
үч айлық ұғланым бар... ханым алты айдын соң бір
еркек ұғыл тапды... Атсыз хан ата орныда олтұрұб бір
нече йыллар йауны йаулаб атасы кейініден кетді...Үчке че анасыны
еммеді...Ай хан ағасының айтқан насихатларыны қабул
қылыб көб йыллар атасының салған йолындын
йүрді... Кічік інісі кетхұда болды...Әбүлхайыр
ханның хатұны Ғабдоллатиф мырзаның сіңілісі еркен
дүр... Қаңлы халқындын һәр кім ол
зағифаға йақын қарындаш ерді...Ханның бой йеткен
қызы бар еркен...Оң ханның хатұны Бөрте
қочынның йеңечесі ерді... (...ханым: менің
үш айлық балам бар, деп айтты... ханым алты айдан соң бір
ұл тапты... Атсыз хан бірнеше жыл әкесінің орнына отырып,
талай жауды жаулап әкесінің жолын қуды...Үш жасқа
дейін анасын ембеді...Ай хан ағасының сөзін
тыңдап,көп жылдар бойы әкесінің салған жолымен
жүрді... Кіші інісі ақылды болды...Әбілхайыр ханның
әйелі Ғабдоллатиф мырзаның қарындасы
екен...Қаңлы халқының барлығы ол әйелге
туысқан еді... Хан бойжеткен қызы бар екен.... Он ханның
әйелі Бөрке қошының жеңгесі еді... .
Ескі
қыпшақ ескерткіштерінің бірі
«Арабша – қыпшақша сөздікте» оғлан және оғұл
(ұл, ұл бала, өз баласы) түрінде кездеседі.Онда ағуыз
оғлан (емізулі бала); кічоғлан (кіші ұл); қыз
оғлан (қыз бала);өгей оғлан (өгей
ұл, асыранды бала) деп берілген. Ат – Тухфа...-да да оғлан // олан
түрінде қолданылған. Бұл сөз кейінірек
дәреже, лауазым, әлеуметтік жағдай қызмет бабын
көрсететін қоғамдық – саяси терминге айналған.Осы
жанғұруды ұлан сөзінің әскери термин ретінде қазіргі
қазақ тіліміздегі қолданысынан да көреміз.
Ата сөзі қазіргі қазақ тілінде:
1)әкесінің
әкесі, 2)жасы үлкен кісіні сыпайылап атау, 3)туыстық,
қандастық, ру, 4)ерлі зайыптылардың қайын әкесі,
5) ауыспалы мағынадағы бір нәрсенің
түп-төркіні, негізі. Орхон- Енисей жазбаларымен
А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында ахы
формасында кездесіп, «жомарт, береген, қолы ашық» деген
мағына береді. Ахы сөзі көне және
орта түркі жазба ескерткіштерінде сақталғандықтан,
профессор Б.Сағындықұлының бұсөздің
араб тілінен алғандығына күдіктенуін қолдауға
болады. Сонымен қатар бұл ғалымның ақы сөзі
«Жомарт» мағынасында қолданылғандығымен бірқатар
зерттеушілердің арабтың әхи сөзі деп
жорамалдауына келіспейтініне де келіспеуге болады.Оның себебі ахы
сөзі негізінен қазақ тілінің диалектілерінде дәл
осы мағынасында сақы формасында
сақталған.Сөз басында с даусызының көне, орта
түркі тілдерінде де қазіргі түркі тілдерінде түсіріліп
қолданылуы якут, башқұрт, чуваш тілінде кездесетіндігін
Б.А.Серебренников, Н.З.Гажиевалар және т.б. зерттеушілер айта келіп:
«тенденция отпадения в отдельных словах была еще в глубокой древности», -
дейді, яғни қазақ тілінде бұл сөздің
бастапқы дыбыстық құрамы сақталып
қалған.