Г.М.Сраилова –аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан.

               

           Ақпараттық технологияларды шетел тілі сабағында қолдану.

     

     Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында «мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру, әлемдік және отандық мәдениет, тарих, салт-дәстүр, рухани байлығын, жетістіктерін сіңіру» /1/білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі деп көрсетіледі.  

     Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасына, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етеді. Адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген,  яғни білім ғана биікке жеткізеді.Оқушы білімін дамыту үшін   жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

   Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану /2/.

    Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

    Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.

   Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) және  білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

   ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

    Шетел тілін оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейік. Оқушылар Интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, Onlain қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға. радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен және  шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.

   «Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады» – деп көрсетті Е.С.Полат. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.

   Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында  дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай оқушылардың сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн.

   Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.

 а) күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;

 ә) желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;

 б) жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;

 в) актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік  құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;

 г)түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері  қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;

   Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

 Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.

    Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани  азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  салада, соның ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол  жеткізіп  отырғаны  белгілі.

   Шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады.

 1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру  үшін  дербес  компютерді   қолдану  арқылы  грамматикалық және  лексикалық  оқу  материалдарын өңдеу.

 2. Шетел  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.

 3. Дербес  компютерді  пайдалану арқылы   оқушылардың   өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.

 4. Интернет  желісін  пайдалану  арқылы    оқушылар  электрондық  пошта  арқылы   хат-хабарлама  алмасу, өзінің ойын еркін  жеткізу.

  Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Ш. Айтматов: «Бірнеше тілді білу әр түрлі тілдердің, яғни әр түрлі ойлау формаларының, әр түрлі дүниетанымның басын қосады, ал бұл сананың жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді»/3/ деп баға береді.

 

Әдебиеттер

1.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

2.Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». – Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16.

3.«Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/. – Алматы, 2007.