Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Аманжолова А.А., Абдулла Ж.,

Жүсіпова Ә.Р., Ертаева М.Қ.

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Қайшы тілдік тұлға: монолог арқылы қайшылықтың берілу қырлары

 

Осы мақаладағы материалды анықтауда салыстырма мағына ерекшелігінің бір қырын айта кету керек. Ол жүйеде және жүзеге асуда кең және түрліше сипатталған. Салыстыру семасы мен реңктер тек салыстыру қатынасында ғана емес, біріктіруден ығысуға дейінгі түрлі семантикалық доминантада анықталады. Шешілетін міндеттің ерекшелігі салыстырудың дұрыс түсінілуін қажет етеді. Бір тұжырымда салыстырма салғастырмамен теңестіріледі. Бұл сәйкес зерттеу көрініс тапқан жаңаша көзқарас оқу әдебиетінде де кездеседі. Айта кететін бір жәйт: салалас құрмалас сөйлем жүйесінде автор бөлік арасындағы мағыналық қатынастың негізгі түрін: «санамалау, бөліу, салыстыру, қарсылықты» деп бөледі. Салыстырмалы және қарсылықты сөйлем бөлігі салыстырылады (салғастырылады) және қайшы қойылады[1;53].

Кей арнайы еңбекте қарсылық салыстырудың бір түрі: салыстыру – текке қатысты түрі ретінде де талданады [2]. Спортшы тәжірибесіз, алайда дарынды деген сөйлемде салыстыру бар. Басқа тұжырымға сай салыстыру, қайшылықпен бірге асимметриямен байланыста болады; Спортшы тәжірибесіз, алайда дарынды; Бастық мейірімді, алайда қу сияқты мысалда қайшылық түрі ерекше, айырмашылығы бар.

Бұл қос көзқарас ұқсас десек те болады. Сыйысу кезеңі келесідей: шкаланың түрліше (тәжірибелі/тәжірибесіз, дарындылық, т.с.с. жоғарыдағы мысалдағыдай) болуы екі қатынасты: біріншіден, болуы мүмкін салыстыруды; екіншіден, «шеткі нүкте» арасындағы асимметриялық қатынасты меңзейді. Осыған сәйкес құрылымдар салыстыру идеясын да, қайшылық негізіндегі салғастырудың белгілі түсініктемесін түсіндіреді.

Салыстырмалы семаның көпқырлы ұсынысы материалға тән және оның шектелуін талап етеді. Материал негізгі бөлігін сараптамастан бұрын, салыстыру нақтылаудан туындаған мысалды беріп отырмыз:

«Өзі туралы ол (Рамазан – А.Ж.) көп айтпайтын: шешем – аспаз, әкем – мүгедек. Бұл шындық, дегенмен түгелдей емес-ау: анасы қара жұмысымен кесек нан тауып жүрген қалалық асханадағы қарабайыр емес, дастарханы ас-тағамнан өмірі босамайтын өз үй аспазы. Әкесінің мүгедек екені рас-ау, тек ол полковник шенінде; оның зейнетақысы он-шақты мұрынбоқ бала-шаға асыруға артығымен жететін. Рамазан болса тумасынан жалғыз, сондықтан үйдегі бар мен жоқ соның асты-үстінде (Т.Н.).

Өзін қайшы сипаттап тұрған Рамазанға (кейде 1-ТТ кедей субъект; кейде 2-ТТ «жаңа қазақ» ретінде) келесі корреляция тән:

әкесі мүгедек - әкесі полковник;

анасы-аспаз – анасы - «зейнетақысы он-шақты мұрынбоқ бала-шағаны асыруға артығымен жететін», «дастарханы ас-тағамнан өмірі босамайтын» үй иесі.

Әр жұптағы мағынаның тек біреуі ғана тілден тыс шындыққа жанасады, ал келесісі тек көмескілеу сипатында жұмсалады. Туыстары мен өзін 1-ТТ ретінде көрсеткісі келетін кейіпкеріміздің дауысы басқа контекстідегі 2-ТТ және автор дауысына қайшы. Дискурс ауқымында Рамазан қайшы тілдік тұлға деп қабылданады.

Атауыш арасындағы байланысты біріктіруші грамматикалық бірлік тұлғаның қайшылығын қамтамасыз етеді. Бұл бірлік аллегориялық мағына ығысуымен сипатталады [3;47]. Онда, біріншіден, «бұл шындық, бірақ түгелдей емес-ау» арнайы құрылымымен берілген нақтылау макросемасы және онымен сыйысатын грамматикалық байланыс қатысады. Сол кезде, екіншіден, салыстырмалы семантика анықталады. Дискурста берілген сыйысқан қатынас ауқымды үзіндіде шоғырланған: Әкесінің мүгедек екені рас-ау, тек ол полковник шенінде...

Предикат анықтауыштық реңдегі полковник шенінде деген таратушы әкесі деген предикат анықтауыштық сөзбен қатынастың екі қырын ашады. Бір қыры – компонент арасындағы байланысқа нақтылаудың қатынасуы. Жалпы мен жеке қатынасты сипаттаушы синтаксистік тұрғыдан біртиптес құрылымды салыстырайық (мүгедек референттік кеңістікке қатысты полковник референттік кеңістігі): (1а) Әкесі расында да мүгедек, алайда полковник шенінде; (1ә) Әкесі расында мүгедек болатын – полковник шеніндегі.

Мысалға келтірілген алайда шылауы бар және шылаусыз өзгертілген сөйлемде (1а, 1ә) нақтылау семантикалық грамматикалық доминантасы сақталған, сонымен бірге қайшылық туындаған. Алайда бастапқы құрылымда тек деген қарсылық мағынасын жоғалтпаған шылаудың болуы тегіннен емес. Сол қатынастың салыстырмалы екінші қырын анықтайды [4;37].

Екі шындық: жалпы және Рамазан кейіпкері құрастырған (немесе, дәстүрлі терминология бойынша: шындық пен жартылай шындық, шындық пен жалғандық) салыстырылған. Қайшылық категориялық мәні рас-ау сөзінің семантикасымен сақталған. Осы жерде емес-ау, рас-ау сөзіндегі ау демеулігінің қайшылықты тереңдете түскендігі қуантады. Жалпы мәтінге ерекше бір рең береді. Мысалдағы жалпы мен жекенің реңі қайшы, құрылымда өте қайшы сипаттың сыйысуы бар, оның бірі – кейіпкер дауысы да, екіншісі: «өзі туралы айтатын:... әкем –мүгедек... әкесінің мүгедек енені рас-ау, тек ол полковник шенінде...» деген автор дауысы. Нәтижесінде тұлға қайшылығы нақты түрде белгілі болады.

Шешесі аспаз үзіндісіндегі нақтылау мен салыстыру да осы іспеттес; осындай сөйлемде салыстырмалы категориялық семантиканы сипаттаушы емес шылауы. Салыстырмалы мағынаның басқа да тілдік бірлікпен күрделенуі қосымша сараптауды қажет етеді.

Қазіргі тіл білімі, қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі қайшы тілдік тұлға диалог, полилогтан да тыс монологта да тамаша көрініс табады. Монологтағы қайшы тілдік тұлғаның сипаты, қолданыс аясы жоғарыда берілген мысалдан байқалады. Қайшы тілдік тұлғаның қазақ, кең мағынада түркі тіліндегі орны әлі де талай талдау, зерттеуді қажет ететін құбылыс.

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.                 Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.

2.                 Ковтунова И., Поэтический синтаксис. М.: Наука, 1986. -206с.

3.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.

4.                 Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.