Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Аманжолова А.А., Абдулла
Ж.,
Ертаева п.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.
«С.Сейфуллин
атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Астана,
Қазақстан
Бағалауыш сөздердің жеке және
жалпы баға берудегі орны
Бағалауыш стреотипі
стандартқа байланысты. Стандарт жеке және жалпы баға беру үшін
де кажет. «Характеризуют отношение оцениваемых вещей к определенным образцам или
стандартам. В этих стихийно складывающихся стандартах указываются совокупности
эмпирических свойств, которые как считается, должны быть присущи вещам. Для вещей разных типов существуют разные стандарты...» [1,38], – деп, А.Ивин
айтқандай бағалауыш
зат белгілі үлгі не стандартқа қатысты
болып, әртүрлі стандартпен беріледі.
Стандарт әртүрлі болады: анық, айкын болуы, көмескі болуы да мүмкін,
тіпті мүлдем стандарты жоқ объектілер де болады [2,450]. Сонда стереотип көп аспектілі
құрылымнан
тұрады. Зат туралы стереотип пікір кабылдау ақпаратына байланысты. Мысалы: су деген сөздің стреотипі
негізгі белгісіне карап анықталады. Су - түссіз, мөлдір,
дәмсіз, шөлді қандыратын зат. Су деген сөзге жақсы/жаман
деп баға беру үшін, оның жеке
белгілерін колдануға болады. Мысады: Су - мөп-мөлдір,
өз бейнеңді көресің. Баға – «жақсы» («+»). Су дәмсіз
екен.
Баға
«жаман»(«-»).
Кейде жеке сөздердегідей емес,
сөз тіркесінің стереотип мағынасы басқа болуы
мүмкін. Мысалы: өтірік - қасиетті өтірік,
қызғаныш - жақсы қызғаныш. Бұл сөз тіркестеріндегі
мағына астарлы, себебі өтіріктің касиетті,
қызғаныштың жақсы болуы мүмкін емес. Немесе жақсы
пышақ,
дәмді қарбыз дегеннен гөрі өткір пышақ, піскен қарбыз дегеннің стреотипі
нақтырақ.
Баға берудің аспектісі бағаланған сөзбен тығыз байлынысты болады [3,389]. Мысалы: жақсы мұғалім не білімді мұғалім десек, жақсы деген бағада жалпы мағына бар да, білімді дегенде адамның жеке қасиеті
байқалады. Ал бұндағы баға аспектісі жақсы, білімді деген сын есімдерден
білінеді.
Ал егер «Асқар жақсы» десек, кай жағынан жақсы деген сұрақ туындайды не «Асқар – ұзын бойлы»,
не «Асқар –бойшаң» десек, ондай сұрақ туындамайды. Сонда жалпы бағадағы аспект көрінбейді
екен.
Б.Момынова «Әрбір
ұлттың ой-санасында адамның аксиологиялық моделі
қалыптасқан. Басқаша айтқанда, әр
халықтың түсінігінде, кез келген ұлттың тілдік
санасында адам қандай болуы керек, халық нені көксейді, ішкі
дүниесі қандай болуы тиіс, жақсы, жаман қасиеттері
қандай, адамгершілік мақсаттары нендей, нені мансұқ
етуі керек, т.б. ұғымдардың жинақталуы негізінде
ұлттық образ бар», - дейді [4,37].
Дүниенің тілдік бейнесінде әр халықтың
тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
наным-сенім, т.б. ұлттық-мәдени құндылығы,
адамның күллі әлем, тұтас дүние туралы
көзқарас, түсінігі, сондай-ақ адамның сол
тұтас әлемнен өз орнын табуға деген
ұмтылыс-талпынысы, түрлі қызметі, алуан әрекеті,
адамдар арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынас
та көрініс табады.
Ғаламның
тілдік бейнесін танытуда аксиологиялық модельмен қатар,
бағалауыш танытатын сөздер де өзіндік қызмет
атқарады, олардың құрылымы да сан түрлі [5,363].
Оның түр-түріне ғалым Б.Момынова еңбегінде
тоқталып өтеді: (1) адамның шыққан
әлеуметтік ортасынан хабардар ететін, текті білдіреін сөздер: ақсүйек, төлеңгіт,
бай, қожа; (2) жас мөлшерін білдіретін сөздер: бойжеткен, бүлдіршін, бозбала,
жасөспірім және т.т.; (3) аса салтанатты, пафосты сөздер:
жасампаз, мызғымас,
қарқынды, даңқты; (4) қауым, көпшілікке
қатысты айтылған сөздер: бұқара,
көпшілік, көп [6,141].
Тәртіпті, әділетті, үлгілі,
ақкөңілділік, адал болу, сертін әркез орындау сияқты
қасиетті дәріптей келе, қазақтың
танымдығынан хабар беретін осындай сөзді қолдана отырып,
соған қол жеткізу үшін түрлі әрекет жасау,
сонымен бірге айтқан сөзінде
тұрмау, ұят әрекет жасау, азғындық,
оңбағандық сияқты жаман қылықтардан
бойын аулақ ұстаудың бәрі қазақ, көп
жағдайда түркі, халқының әлемдік бейнесін беруде
бағалауыш мәндегі сөздерді жұмсауды қажет етпек.
Әлемнің
тілдік бейнесі, сонымен қатар қоршаған ортаның
көркем бейнесін суреттеу жазушылардың жеке сөздік қоры,
көркемдік эстетикалық танымы негізінде жүзеге асырылады.
Осы кезде ғалым
З.Темірғазина жіктеп берген менталь, перцептив, эмоциялық,
ұстанымдық бағалауыш көмекке келеді.
Қорқыныш адамға әл бере ме деп
ойлаймын (ҚӘ).
«Жібек тіл, жебе тілден көп өтімді» деген
пікірмен келісемін (АҮ).
Бүгінгі күннің «модасына» айналып бара
жатқан «Әулие Валентин» күнінің орнына
«Қозы-Баяндай» ғашықтар мейрамын өткізуді
қолдаймын (АҮ).
Алғашқы екі
сөйлемдегі бағалауыш етістік менталь бағаны білдіре отырып,
таным-түсінікке сай ерекшелікті таныту, кейіпкер танымынан
туындаған түйін, тұжырымды беруде өте ұтымды
қолданылған. Сонымен бірге, екінші сөйлемдегі етістік
адамның ой дүниесін биіктететін және түйсікке
қозғау салатын, терең философиялық мазмұнды
Қ.Мырзалиевтің өлеңінен алынған сентенцияға
беріліп отырған бағадан хабар береді.
Үшінші
сөйлемдегі «қолдаймын» етістігі перцептив бағаны бере отырып,
соңғы кезде белең алып кеткен христиандық мерекелерге
деген берген қабылдау/қабылдамау
бағасы.
Қазіргі тіл білімі,
қазақ, жалпы мағынада түркі тілдеріндегі баға
берудің жалпы және жеке қырына қатысты мысалдар,
ғылыми еңбектен алынған ой-пікірлер жеткілікті. Отандық
ғалымдардың осы бағытта жасаған пікірлерімен келісуге
болады. Аталмыш мақалада жалпы және жеке бағалауышты етістік
көмегімен бердік. Менталь, перцептив, эмоциялық және т.б.
қырлар бағалауыш етістікті жан-жақты талдауға
көмек етеді.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1. Ивин А., Основания логики оценкок –М.: - 1970г.
2.
Жүсіпова А., Бағалауыш
сөздердің прагматикалық қызметі//
«Қазақстанның саяси және экономикалық
жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.
Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.449-452.
3.
Жүсіпова А., Бағалауыш
сөздердің перформативтік қызметі//
«Қазақстанның саяси және экономикалық
жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.388-390.
4.
Момынова Б., «Қазақ» газетіндегі
қоғамдық-саяси лексика. Алматы: Арыс. – 1998.
5.
Жүсіпова А., Бағалауыш
сөздердің ғаламның тілдік бейнесіндегі орны//
«Қазақстанның саяси және экономикалық
жаңару жағдайындағы білім мен ғылым инновациялары»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. Рудный, Қазақстан – 2011. – Б.362-365.
6.
Момынова Б., Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы).
Алматы: «Арыс» баспасы. 2003ж.