Есбол  Ғалымқазы  Шәріпұлы

 

      А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университет,Қазақстан      

 

  А.Байтұрсынұлы мен Ә.Фарабидің ұлағаттылық тағлымдары   

Ер  бақыты  ел  қолында ,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Ел бақыты ерлер қолында.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

                                                                                     (мақал)

      Биыл біз 2015 жылы Қазақстан Халық Ассамблеясының құрылғанына жиырма жыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл болса, Ата заңымыз Конституциямызды қабылдағанымыздың 20 жылдығын атап өткелі отырмыз. Аз ғана уақыт ішінде ''елу жылда ел жаңа десе де'' бүкіл дамушы мемлекеттердің арасында ''Азия барысы'' деген мәртебеге ие болдық. Егемендігіміздің іргетасын нығайтып, Батыс пен Шығыс, Азия жолбарыстарымен, көршілес жатқан мемлекеттермен (Албания, Сингапур, Малазия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей) тығыз экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынастар орнаттық.

      Бүгінгі нарық дағдарысы алғы дамыған АҚШ пен Батыс Еуропа (Испания, Италия, Греция…) т.б мемлекеттерін де ‘‘торға түскен құстай’’ күй кештіріп қойды. Бізге де оның салқын лебі келіп жатыр. Десек те, Қазақстан жерінің асты мен үстіне дейін қазба байлыққа толы екенін білген көптеген шетелдік бизнес компаниялар оған қызығушылық танытуда.                                               Бүгінде оны игеру үшін олар инвестиция құюға дайын отыр. Қазақстанды индустрияландыру жедел қарқынмен қолға алына басталды.2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «QASAQ» банкі арқылы алынған 1миллиард 499 миллион теңге несиенің пайыздық ставкасын субсиядалау келісіміне де қол жеткізіп отырмыз. Жаңадан пайда болған «Қордай» кенішінен алтынның мөлшері бір тоннада 1,75 граммға дейін екені есептелген,-дейді «Central Asia Gold Production» ЖШС директоры Батыр Шалбаев. - Бұл жоғарғы көрсеткіш» [1] Осындай бізді қуантарлық жетістіктер баршылық. Сонымен қатар рухани мәдениетіміздің өрлеуіне де жіті назар қойыла бастады. Өскелең ұрпақтың ’’тегін білмес-өзін білмес’’ деген талпынысы, олардың төл тарихымызды білуге құштарлығын арттырып отыр. Тәуелсіздігіміді таңы атқаннан бері кеңестік дәуірде ескерусіз қалған ’’Ұлы Тұран өркениеті’’, б.д.д 4-2 ғасырларда антик өркениетінде ерекше ізін қалдырған Тоқарыс, Анарыс бабаларыз турасында өкінішке орай мәліметтер жоқтың қасы болса да, бүгінде философтарымыз тарапынан тынымсыз ғылыми ізденіс жұмыстары жүріп жатыр. Орта ғасырда ''екінші ұстаз'' атанған Әл-Фараби мен ''Ұлағатты ұлы ұстаз ''бола білген, Алаш туын биікке көтерген А.Байтұрсынұлы: «Ендігі істейтін іс: ай мен күндей әмбеге ортақ білімді меңгеру...білгісі келгенге білім табылады...білім үшін әуелі керек қылу шарт, екінші жаhат ету шарт...»[2] десе, Ә.Фараби ел басындағы адамдарды ғұлама: «...біріншіден дана- халықтың тарихи тәжірибесін ескеретін және әдет-ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне сай келтіруі керек » [3], деген екі ғұламаның тағылымы бүкіл дүниежүзінде болып жатқан экономикалық дағдарыстан және халықтың басына түскен ауыртпалықтан шығу жолдары қолға алатын барлық істе біліктілік пен білімді оңтайлы пайдалануда екенін ұғындырады.

    Бүгінгі әлемді әуре-сарсаңға түсірген экономикалық және саяси дағдарыс-тар көптеген мемлекеттерді (Батыста-Испания, Италия, Греция т.б., Азияда-Палестина, Ирак, Сирия, Иемен, бұрынғы ТМД құрамында болған-Украина.) уақытында шара қолдана алмағандықтан және де әрқилы сырттан да, іштен де айтақтаған күштерге еріп,елдерінің біртұтастығына қауіп төндіріп отыр.  

     Осы орайда А.Байтұрсынұлының: «Өз ісің өз билігіңді өз қолында бекем ұстай  алсаң ғана өнеді. Ол үшін ұлт әуеле өз ахуалын өзі терең түсініп, оны түзетуді бірлесе ойластырып, бірлесе қамдастырмақ шарт.»[2] ,ал Ә.Фараби ойшылымыз: «...ел басқарушы әрқашанда тапқырлық көрсету керек,өйткені өмір өне бойы өзгерісте, олай болса елдің алдында бұрынғы-соңғы кездеспеген жаңа ақуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдердің бәрі жоққа шығарылуы мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап, шығармашылық тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет.»[3],деп ұйғарады. Жоғарыда айтылған өсиеттерден ‘‘Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер...’’ деген қағиданы алға ұстап, қиыншылықтарды ынтымағы жарасқан ел ғана жеңіп, тиеселі төрден орын табады. Ұлтжанды ақылгөй бабаларымыз әруақытта да   бірлік пен татулыққа жеткен ұлыстар өркендеуге мүмкіндікке ие деп білген. Дарабоз ақылмандардың тәлімдерін келешек ұрпақ көңілге тоқыса,бүгінгі қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге сөз жоқ пайдасын тигізері хақ. 

   2015 жылы Қазақстанның ауқымды инфрақұрылымдық дамуы заманға сай жаңа өндірістердің: Жаңақорған ауданындағы «CK3-U» күкірт қышқыл зауытының өнімі жылына - 453 мың тонна, Атырауда «КазТурбоРемонт» өндірісі газ-турбина қондырғыларын мен жабдықтарын жөндеу және сервистік қызмет көрсету, сонымен қатар жабдықтарға қажетті артық бөлшектерді шығарумен айналысады. Президентіміз Н.Назарбаевтің ''Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол '' халыққа Жолдауында елімізді кәсіби білікті кадрлармен және жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қарастырылған.   

    Қазірде ''Болашақ '' бағдарламасы аясында 2000-нан астам жастар шетелде білім алып жатыр. Шүбә жоқ, олар Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көрсетуге ат салысады. Осы жас ұрпаққа қажымас қайрат тілеп, ұлағатты істер қалдырған бабаларымыздың Отаншылдық рухын бойларына сіңірсін демекпін!

                                Қолданылған әдебиеттер  

1.Егемен Қазақстан.Қордайдың алтын кеніші.- 22.01. 2015.-№13.-4бет.  

2.Байтұрсынұлы А.6 томдық шығармалар жинағы.-Алматы «Ел-шежіре»,-2013.-162,164 бет.

3.Мырзалы Серік.Философия.-Алматы:‘‘Бастау‘‘,2008.-137,168 бет.