Дизайн магистры Туребекова А.С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Интерьердің түсін қалай дұрыс таңдау керек?

Түс – дизайнердің негізгі аспатарының бірі. Ол аумақтарды бөлуге, бөлменің өлшемін көзбен өзгертуге және тіпті біздің сезімімізбен көңіл – күйімізге де әсер етуге мүмкіндік береді. Бірақ түстің үйлесімділігіне қалай қол жеткізуге және түстік гамманы таңдағанда қандай ережені ұстану керек?

     Түстік үйлесімдерді таңдау ережелері

Сызбаларды таңдаудан басқа, интерьерді жасап жатқанда ұстанатын белгілі ережелері бар.

Біріншіден, дизайнерлер бір бөлмеден бес түстен көп түс пайдалануды ұсынбайды. Осы саннан көбеюі дисбалансқа және композицияның талғамсыздығына әкеліп соқтырады.

Екіншіден, жатын бөлме, демалу бөлмесі және т.б. қанық құрамдастықты пайдаланудың қажеті жоқ. Бұндай түстік үйлесім босаңсуға жол бермейді және ұзақ байланыста болғанда тез шаршатуы мүмкін. Үшінші ереже – үлгілерді пайдалана отырып, түстерді қай бөмеге пайдалануға жоспарласаңыз, сол бөлмеде таңдаңыз. Түрлі жарықтанатын бөлмелерде түстер бір бірінен ерекшеленеді.

      Түстік шеңбер мен кесте. Түстерді таңдаудың тәсілдерінің бірі түстік шеңберді пайдалану. Алғаш рет түстік шеңбер түсінігін, алты түстен тұратын сызбаны ұсынған, неміс ақыны және теоретигі Иоган Гете енгізген. Бүгінгі таңда 60-тан астам түсі бар түстік шеңбер пайдаланылады.

Сызба сегменттерге бөлінген домалақ түрінде сызылған. Әр сегментте негізгі түс пен оның бірнеше реңі бар. Түстердің қисыны белгілі бір ережелерді пайдалана отырып таңдалады.

Монохромды қисын. Бұл қисында бір түстің бірнеше реңі үйлеседі, қараңғы тондар мен ашық реңдер пайдаланылады. Осы сияқты қисын бөлмеге жинақылық береді, және ережеге сәйкес, тыныштандырып,  демелдыратын интерьер жасау үшін пайдаланылады. Алайда, осы сияқты қисындарда кебір бірқалыптылықты болдырмау үшін контрастты түстік акценттерді жиі қосады. Мысалы: күңгірт шоколад – қоңыр – сарғыш.

 

 

      Қарама – қарсы қисындар. Түстік шеңбердің қарама – қарсы секторында орналасқан түстер пайдаланылады. Осындай қосылыстар әсерлі көрінеді, бірақ олар ұқыптылықты талап етеді. Егер таңдалған түстер бірдей ауданды алып тұрса, қарама – қарсы қисындар анда – санда тиімді көрінеді. Осы жағдайда бір түс негізгі сияқты алынады, ал екіншісі акценттерге назар аударту үшін пайдаланылады. Көбінесе екі қарама – қарсы түстер қатысатын қос қисындар пайдаланылады. Мысалы: сары – күлгін, көк – қызғылт – сары – күлгін. 

      Ұқсас (үйлесімді) қисын. Ұқсас үйлесімді жасау үшін түстік шеңбердің көрші секторында орналасқан  түстер пайдаланылады. Негізгісі ретінде көргіңіз келетін түсті таңдаңыз, және қасында орналасқан 2 – 3 түсті алыңыз. Осылайша сіз, бірқалыпты сияқты, біркелкі емесе элегентты көрінетін қисынды аласыз. Мысалы: жасыл – теңіз толқыны – көк.

        Сонымен, сіздің қалауыңызға сәйкес түстік гамманы сәтті таңдап алуға мүмкіндік беретін бейтарапты, төртбұрышты, үшбұрышты және т.б. сызбалар бар.

        Түстік шеңберге қарағанда кестелер, танымал сызбалардың бірі бойынша таңдалған, дайын қисындарды ұсынады. Көбінесе бұндай кестелер дайын интерьердің үлгілерінен көрінеді, ол дизайнерге түстік гамманы көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Кейде кестелер – түстік шеңбердің ашылған сызбасы болып табылады.

 

Әдебиеттер:

1.     Степанов Н.Н.  Цвет в интерьере.  - Высшая школа 1985.

2.     Алексеев С.С. Цветоведение.  - М.Искусство, 1952.