Ортағасырлардағы Европадағы саяси және құқықтық ілімдер

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

заң ғылымдарының магистрі Айлауова Базаркул Оразбайқызы

Болашақ университеті

заңтау магистрі Сариева Жадыра Молдыбайқызы

 

Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Фома Аквинскийдің құқық пен мемлекет туралы ілімдері. Билік мәні және нысандары. Шіркеу билігі мен зайырлы билік арақатынасы. Заң түрлері. Батысевропалық ортағасырлық еретиктер қозғалысының және шаруалар көтерілісінің саяси және құқықтық идеялары. Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары. Глоссаторлар және постглоссаторлар. Марсилий Падуанскийдің саяси-құқықтық ілімі. Халық билік қайнар көзі ретінде.

ХІ-ХІV ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар. Ресейде орталықтандырылған мемлекет құру кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. «Москва – үшінші Рим» теориясы.

Эволюциялық даму нәтижесінд қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:

1    Ерте феодалдық кезең (V—XI ғ.ғ. ) Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси батыраңқылыққа ұшырады.

2    Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. ортасынан — XV ғ. соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі — өкілді монархиялар өмір сүрді.

3    Кейіңгі орта ғасыр (XV ғ. соңы — XVII ғ. басы) Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болды, абсо-лютті монархиялық билік орнады.

Батыс Европалық орта ғасырлық саяси-құқыктық ойдың басты ерекшелігі оған сол кездегі христиан діні мен рим католиктік шіркеуінің едәуір ықпал етуі болды. Шіркеу орта ғасырлардағы рухани өмір саласына шексіз билік етті. Орта ғасырлық христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының түп тамырын белгіледі, адамдар санасына үстемдік етті

Шіркеу идеологтары мемлекеттін қуаттылығы шіркеудің камқорлығының нәтижесі деп түсіндірді. Осыдан келіп христиан дінінде мемлекеттердің христиан шіркеуіне бағыну міндеттілігі пайда болды. Сол кездсгі саяси-құқықтық ойдын басты мәселелерінің бірі де қоғамдық өмірде қай билік (ұйым) — рухани (шіркеу) немесе азаматтық билік (мемлекет) басымдықка ие болуы керек деген сұрақ төңірегінде болды.

Христиан шiркеуiнiң көрнектi идеологтарының бiрi Аврелий Августин адамзат тарихының христиандық концепциясында барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк және құқықтық құрылымдарды Библия қағидаларына сүйене отырып, адамның күнәға батуының салдары ретiнде көрсетедi. Ол ² Құдай қаласы туралы² еңбегiнде Адам мен Еваның ² ауыр күнәсынан² кейiн бүкiл адамзат қауымы табиғи сипатынан айрылып, күнәсi олардың ұрпақтарына мұра болып қалды деп жазады. Оның айтуынша, адамзаттың бұл күнәсiн жаратушы құдай алдын-ала белгiлеп қойған. Августин әлемде әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерi әртүрлi² халықтар өмiр сүргенiмен, барлық уақытта ² адамзат қауымының екi патшалығы - қанмен және жанмен өмiр сүретiн адамдардың болғандығын айтады. Осыған сүйенген ол адамзат тарихын бiр-бiрiне қарсы екi патшалықтың күресiнiң нәтижесi деп түсiндiредi.Жердегi мемлекеттiк-құқықтық өмiрдiң күнәлығы (қарым-қатынастар мен тәртiптер), Августиннiң пiкiрi бойынша, басқару мен бағынудағы, қожалық пен құлдықтағы адамның адамға үстемдiгi нәтижесiнде пайда болған. Қалыптасқан бұл жағдайды Августин адам тiршiлiгiнiң ² табиғи тәртiбi² деп атайды. Жердегi адам қауымдастығының тарихи эволюциясын Аврелий Августин адам өмiрiнiң алты мезгiлiне сәйкес алты кезеңге бөледi. Олар: сәбилiк, балалық, жастық, жiгiттiк, ересек және кәрiлiк. Оның бiрiншi кезеңi Адам мен Еваның балаларының дүниеге келуiнен басталып, дүниежүзiлiк су тасқынына дейiн жалғасады, ал ең соңғысы Христостың келуi мен христиандықтың пайда болуынан басталып, Христостың қайта оралуы және ақырзаманмен аяқталады.Августиннiң құқықтық позициялары табиғи, құдайлық және адамзаттық заңдарды түсiндiруiнде айқын көрiнедi. Оның айтуынша, адамдар бұл заңдарға бағынуы тиiс, бiрақ адамдар оны жиi бұзады. Августиннiң құқық туралы пiкiрлерi көптеген жағдайда рим стоиктерi мен заңгерлерiнiң, атап айтқанда Цицеронның, ² табиғи құқық² туралы түсiндiрмелерiне ұқсас келедi.Христиан дiнiнiң қағидаларын саясат пен құқықтық позицияда түсiндiрген Августин iлiмi теологиялық-философиялық бағыт ретiнде Еуропада XII ғасырға дейiн үстемдiк еттi.

Фома Аквинскийдің айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы қүдайлық сананың жалпы принциптері, универсальды нормалар — мәңгі заңдар тұрады. Мәңгі зандар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі зандар негізінде пайда болған. Табиғи заңдар — мәңгі зандардың адам санасындағы бейнеленуі болып табылады. Табиғи зандарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) зандары қызмет етеді Оның мақсаты — адамдарды күшпен жәнс қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады. Этика ілімі негізінде Ф Аквинский құқық туралы концепциясын жасады .

Аквинат, сонымен қатар, құл иеленудін сақталуын жақтады, жеке меншік пен әлеуметтік теңсіздікті, қоғамның сословиелік ұйымдасуын дәлелдеу арқылы адамдарды оған көнуге шақырды. Аквинский өзі қарастырған мемлекеттік құрылымдағы бес форманың ең дұрысы деп монархияны таңиды. Оның пікірінше. егер монарх тиранға айналса, халық оның билігіне қарсы шығып, оны биліктен тайдыруға құқылы. Бірақ, ол халыктың мемлекет басшысына қарсы шығуын, осы басшының іс-әрекеті шіркеу мүддесіне қайшы келгендс ғана мүмкін деп есептейді.

М. Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірак, М. Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға — төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелсрі, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделерінс ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.

М. Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінін айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айкындайды.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.        История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

2.        История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

3.        Калишева Н.Х. История политических и правовых учений.-Алматы,2001