ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ
ӨНДІРІСІНДЕГІ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТИІСПЕУШІЛІК
ҚАҒИДАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Альшуразова Р.А., Нарымбетов Д.А., Нарботаева Ж.Б.
М.Әуезов ат.
ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Адамның жеке
басына тиіспеушіліктің жүзеге асырылу мәселелері
тұлғаның қоғамдағы анық
жағдайына сүйенеді.
Мемлекеттік-құқықтық қоғамдық
құрылымға бастайтын демократиялық жол
тұлғаға айрықша көңіл аударылуын,
оның құқықтары мен бостандықтарының
билік институттарын қоса алғанда басқа институттардан басым
болуын болжайды. Негізінде табиғи және ажыратылмайтын
құқықтар мен бостандықтар жатқан
тұлғаның құқықтық
мәртебесінің күзетілуі мен қорғалуының
сенімді жүйесін де қамтиды. ҚР-ның
Конституциясының нормаларымен адам және азаматтың негізгі
құқықтары мен бостандықтары, олардың
жүзеге асырылуының кепілдіктері, олардың сақталуына
және жүзеге асырылуына міндетті адамдардың жауаптылығы
бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында
және көптеген халықаралық құжаттарда
адамның құқықтарымен қатар жүретін, ең
алдымен, олардың Конституция мен заңдарды сақтауынан
және өзге де адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеуінен көрінетін міндеттері де
көрсетілген. Осындай талаптардың орындалмауы
құқықтың әр саласында белгілі бір
шаралардың қолданылуына әкеп соғады. Осылайша
қылмыстық іс жүргізу құқығы да
заң талаптарын орындамаған адамдарға қатысты
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін
көздейді. Бұл шаралар ҚР-ның ҚІЖК-нің
4-бөлімінде көрсетілген (17-19 тараулар, 128-165 баптар) және
өзге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан өздеріне
тән белгілермен өзгешеленеді: 1) процессуалды сипатқа ие,
қылмыстық іс жүргізу органының дәлелді
қаулы шығаруы немесе хаттама жазуы арқылы рәсімделеді;
2) заңда көрсетілген негіздер мен тәртіпте қолданылады;
3) қылмыстық сот өндірісіне кедергі келтіруі мүмкін
іске қатысушы адамдарға қатысты, кейбірі тек сезіктіге
ғана қолданылатын болса, екіншілері – айыпталушыға, ал
басқа түрлері өзге процеске қатысушыларға да
қолданылады; 4) сот өндірісінің жалпы мақсаттарынан
туындайтын нақты мақсаттары бар; 5) тек заңда көзделген өкілетті органдармен
қолданылады; Осыдан қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу туралы заңда көзделген негіздер мен
тәртіпте өкілетті органдармен сезіктіге, айыпталушыға
және өзге де процеске қатысушыларға қатысты
қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз
ету мақсатында қолданылатын амалдардың жиынтығы деп
айтуға болады
Журсимбаев С.К.
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларына
жеткілікті көңіл аударылған деп, оларды былай бөледі:
1)
бұлтартпау шаралары;
2)
дәлелдемелерді табу және алу бойынша шаралар;
3)
сот мәжілісінде тәртіпті қамтамасыз
етуші шаралар;
4)
тағы басқалар [1, 6 б.].
З.Ф. Коврига
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу деп – бұл
қылмыстық-процессуалдық әрекеттердің
қатысушыларына қатысты мемлекеттің құзыретті
органдарымен (лауазымды адамдарымен) заңда белгіленген тәртіпке
сәйкес қолданылатын, сот төрелігінің мүддесіне
қауіп төндіруші құқықсыз әрекеттерді
не әрекетсіздіктерді жоюдың
қылмыстық-процессуалдық құралдарынан
көрінетін мемлекеттік әсер етудің әдісі деп
көрсеткен және қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын екі үлкен топқа бөледі:
1) бұлтартпау
құралдары (бұлтартпау шаралары);
2) қамтамасыз
ету құралдары (тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні
медициналық мекемеге орналастыру, мүлікке тыйым салу) [2, 30 б.].
Осыған
байланысты, осы зерттеуде қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу шараларының мәнін ашуды басты мақсат
етпей, тек қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу
шараларын қолдану барысында адамның жеке басына тиіспеушілік
принципінің жүзеге асырылуында әртүрлі пікір таластар
мен қарама-қайшылықтарға тереңдемей,
мәжбүрлеу шараларының
әлеуметтік-құқықтық сипаттамасы
өздігінен бостандықты шектеу шарасы деп көрсетеміз.
Десе де,
тұлғаның мәртебесін толық анықтау,
Конституцияда және халықаралық актілерде көрсетілген
оның бостандығының «жеткіліктілігі» үшін
тұлғаның бостандығы ол қылмыстық сот
өндірісінің аясына түскенде және мәжбүрлеу
тәртібіндегі шектеулерге кездескен жағдайларда да мызғымайтын
болып қалатын «анықталған шектер» қажет. Мұндай
«шектер» құқықтықпен ең алдымен,
тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарының жүзеге асырылуының
конституциялық кепілдіктерімен көрсетіледі.
Қылмыстық-процессуалдық нормаларда кепілдіктер
қылмыстық процестің ерекшелігіне және
процессуалдық мәжбүрлеу шараларына қатысты нақтыланады.
Осы бір-біріне
қарама қарсы бастамалардың (мәжбүрлеу;
тұлғаның бостандығы; құқықтар
мен бостандықтардың кепілдіктері) қысқаша
мазмұнын біз еліміздің Конституциясының нормаларынан
көреміз. Онда 16-баптың 1-бөлігінде: әркімнің
өзінің жеке басының бостандығына
құқығы бар деп бекітілген. Жеке
бостандықтың мазмұнына заң шығарушы «
адамның табиғи болмысынан туындайтын оның бөлінбейтін
және абсолютті құқығын кіргізеді. Жеке
бастың бостандығы адамзат прогресінің өлшеміндей
қызмет ететін ең жоғары әлеуметтік құндылық
пен принцип ретінде қарастырылуы тиіс» [3, 72 б.].
Жеке адамның
бостандығын шектеудің мәселесі ол қылмыстық сот
өндірісінің қатысушысы болғанда және
процессуалдық мәжбүрлеудің нормативтік ережелерімен
көрсетілген шектеулердің әрекетіне душар болғанда
көңіл аудартатын мәселеге айналады. Сондықтан дәл
осы жерде заң шығарушы қылмыстық сот
өндірісінің аясына түскен жеке адамға оның
мәртебесі процессуалдық құқық нормаларымен
шектелгеніне қарамастан «қажетті» және «мызғымайтын»
бостандықтың берілуіне әсер ететін бірнеше нық
кепілдіктерді қалыптастырады.
Бүгінгі
күнде қылмыстық процесте тұлғаны, оның
конституциялық және процессуалдық бостандықтарына
қол сұқпаушылықты қорғау
Қазақстан Республикасында конституциялық
заңдылықты сақтау дәрежесіне көтерілген мемлекеттік
қажеттілік мәселесі болып табылады. Мысалы соның ішінде,
ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің
«Республикадағы конституцииялық заңдылық жағдайы
туралы» жолдауында «Азаматтардың бостандыққа және жеке
басына тиіспеушілікке конституциялық құқықтары
бұзылып жатыр...» [4]. Осы мәліметтерге қарап-ақ,
ең алдымен қылмыстық
процесте тұлғаның қол сұқпаушылығы
институты оларға қылмыстық-процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында Конституция және
процессуалдық заң нормаларында бекітілген азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының жүзеге
асырылуының мәселелерімен байланысты елеулі түзеулерді
қажет етеді деп констатациялауға болады.
Жоғарыдағы
анықтамалардан әр ғалым қылмыстық процесс аясына
түскен адамдардың құқықтары мен
бостандықтарының қамтамасыз етілуінің жолдарын іздегенін көреміз.
Адамның жеке
басына тиіспеушілік туралы сөз қозғалғанда, біз
арасында қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу
шаралары ерекше орынға ие, мемлекеттік мәжбүрлеу
әдістерін қолданушы
мемлекеттік-құқықтық механизмінің
әсер ету аясына тап боламыз. Қылмыстық процесте
тұлғаның бостандығы тұлға аса қауіпті
құқық бұзушылық түрі – қылмыс
жасағаны үшін сезікті, айыпталушы мәртебесіне ие
болғанда шектеледі, осыған байланысты мемлекеттік
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларына
душар болатыны сияқты, қылмыстық процесте
тұлғаның бостандығын шектеуші мәжбүрлеу
шараларының қажеттігі де белгілі; олардың қолданылуы
қылмыстарды алдын ала тергеумен және сезікті, айыпталушыда жасалған қылмысты ашу
мақсатында тергеуді
істердің объективті және толық жүргізуін
қамтамасыз ететін құқықтық режимді
сақтаумен байланысты. Тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын шектеуші
заңмен бекітілген қылмыстық-процессуалдық шаралар,
соның ішінде, бостандыққа құқықты,
әлеуметті ақталған. Мемлекет өзіне
қоғамдағы құқықтық тәртіп
үшін жауаптылықты алады, сондықтан ол құқықтық
құрал-саймандары көмегімен мемлекеттік мәжбүрлеу
қолданылатын және жүзеге асырылатын жүйені, аппаратты
және режимді бекітеді. Біз мәжбүрлеу қылмыстық,
қылмыстық-процессуалдық және
қылмыстық-атқарушылық аяларында және қандай
болмасын құрылымда және саяси режимде ешқашан өзін
жоғалтпайды деп нық айта аламыз. Мәселе, шамасы ең
маңызды міндет етіп тұлғаның мүдделерін
қоятын демократиялық постулаттардың іске асырылуына келіп
тіреледі. Сондықтан қазір, бізді бәрінен де мына
мәселелер толғандыруы қажет:
-
процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында
тұлғаның демократиялық
құқықтары мен бостандықтары сенімді
қорғалатын және қол сұғылмайтын болады
ма;
- бұл
үшін заң шығарушы қандай
құқықтық құралдарды қолданады;
-
құқық қолдану практикасында заң нормалары
жүзеге асырылады ма және т.б.
Қылмыстық
процесте адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге
асырылуын қарастырушы осы зерттеудің шеңберінде
қамауға алудың альтернативасы ретінде, көбінесе,
қылмыстық қудалау аясына түскен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға
үлес қосушы ретіндегі дәл осы институтқа
көңіл бөлуіміз қажет. Кепілді қолданудың
құқықтық режимі бүгінгі таңда бірнеше
түзетулерді енгізуді талап етуші ҚІЖК-нің 148-бабында
бекітілген. Мәселен, бұл кепілдің бағалылығын
дәлелдеу мәселелеріне қатысты. Кепілдің бағалылығын
дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі (ҚІЖК-нің
148-бабының 1-б.). Бұл жерде «кепілдің бағалылығын
дәлелдеу (мәселен бұл үшін сараптама тағайындау)
осы бұлтартпау шарасын таңдаған органмен жүргізілуі
қажет. Кепілдің бағалылығын дәлелдеумен байланысты
процессуалдық шығындар кепіл берушіге жүктелуі тиіс
дегеннің жөні басқа» деп санаушы Г.Ж. Сүлейменованың пікірімен келісуге әбден
болады [5, 3 б.]
Кепіл
институтының жүзеге асырылуына кедергі келтіруші тағы бір
мәселе кепілдің сомасы. «Кепіл сомасы соншалықты үлкен
болуы қажет, айыпталушыны тергеуден және соттан жасырынуын
нақты ескертетін. Қандай жағдайда болса да, мұндай
сома, ереже бойынша, қылмыспен келтірілген зияннан және берілген
азаматтық талаптың сомасынан аз болмауы қажет» [5, 240 б.]
деуші Ресей ғалымының пікірін келтіруге болады.
ҚІЖК-нің 148-бабының 1-бөлігіне сәйкес
кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің,
айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік
жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған
адам белгілейді, десе де ҚІЖК-нің 148-бабының
3-бөлігінде кепілдің мөлшері нақты бекітілген.
Сонымен қатар,
қылмыстық процестің демократизміне көңіл аудару
қажет. Міндетті түрде айыпталушының кепіл арқылы
шығарылуының тең мүмкіндіктерінің кепілдігін
қарастыру қажет (материалдық жағдайына тәуелсіз).
Өзіне кепілді айыпталушының өзі өз қаражатынан
кіргізуі мүмкін. Егер ол ақша жағынан қиындықтар
көріп отырса, ол үшін үшінші адамдар-туыстары, достары
енгізуі мүмкін. Бірақ көбінің кепіл енгізу сияқты
бас ауруын өздеріне алуға тілек білдіруші немесе
мүмкіндектері бар туыстары немесе
достары табыла бермейді. Д. Барттың пікірінше амалды кәсіби
кепілдік институтын ұйымдастырудан табуға болады. Мәселен,
Әділет министрлігіндегі департамент түрінде. Бұл
жағдайда бап өзінің мүліктік іріктелуінен айырылады. Әрбір
осыған құқық берілген айыпталушы кепіл
арқылы шығу құқығын иелене алады.
Кәсіби кепілдік институтын дұрыс және ойдағыдай
ұйымдастыру мемлекетке кіріс әкелуі мүмкін [5, 7 б.].
Осылайша,
айыпталушыны (сезіктіні) кепіл институтын қолдану арқылы
қамауға алу және тұтқындауды болдырмаудың
заңды мүмкіндігін беру жолымен жоғары деңгейде
қорғау үшін оны ары қарай мұқият
өңдеу қажет. Бұған ұзақ уақыт
бойы басқа елдерде жүзеге асырылып жүрген тәжірибелерді
зерттеу көмектесуі мүмкін және айыпталушының босатылу
шарттарының негізгі тізімін толықтыру қажет деп
қосқымыз келеді. Сондай-ақ айыпталушы кепіл арқылы
шығарылмайтын мән-жайларға да көңіл
аудармауға болмайды.
Бұлтартпау
шарасы ретінде қамау қолданылған сезіктілер мен айыптаушылар
тергеу изоляторларында ұсталынады. Қылмыстық процесте
адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің сақталуының
проблематикасы көп жағдайларда тұтқындалған
адамның фактілі жағдайларымен анықталады.
Алдыңғы
параграфта ҚР-ның «Қылмыс жасады деген сезіктілерді
және айыптаушыларды күзетте ұстаудың тәртібі
және шарттары туралы» заңы қарастырылған. Заң
қылмыс жасады деген сезіктілерді және айыптаушыларды күзетте
ұстаудың тәртібін және шарттарын, олардың
құқықтарының және заңды
мүдделерінің кепілдіктерін, сондай-ақ
тұтқынға алу орнының қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттерін реттейді және
анықтайды.
Осылайша, адамның
бостандығына қол сұқпаушылық туралы сөз
қозғалғанда біз мемлекеттік мәжбүрлеудің
әдістерін, соның ішінде ерекше орынға ие
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын
қолданушы мемлекеттік-құқықтық
тетіктің ықпал ету аясына тап боламыз. Қылмыстық процесте
тұлға бостандығының шектелуі
құқық бұзушылықтың аса қауіпті
түрі – қылмысты жасауымен сезікті, айыпталушы мәртебесіне ие
болатынына байланысты, осыған орай мемлекеттік
қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары
қолданылады. Қылмыстық процесте тұлғаның бостандығын
шектеуші мәжбүрлеу шаралары қажет; олардың
қолданылуы қылмысты алдын ала тергеумен және жасалған
қылмысты ашу мақсатында істі объективті және толық
тергеуді қамтамасыз ететін құқықтық режимді
айыпталушының, сезіктінің иеленуін сақтаумен байланысты.
Тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарын, соның ішінде бостандыққа
құқықты шектеуші заңмен бекітілген
қылмыстық-процессуалдық шаралар, әлеуметті
ақталған. Мемлекет қоғамда
құқықтық тәртіп үшін
жауаптылықты өзіне алады, сондықтан ол
құқықтық құрал-жабдықтары
арқылы мемлекеттік мәжбүрлеу қолданылатын және
жүзеге асырылатын жүйені, аппаратты және режимді (бұл
жерде қылмыстық процесс аясында) бекітеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Журсимбаев С.К. Защитить
человека от пыток / Юридическая газета. –1999. - № 28 (295). – С. 4.
2 Коврига З.Ф.
Уголовно-процессуальное принуждение. – Воронеж: Изд-во Воронеж.ун-та, 1975. -
175 с.
3
Қазақстан Республикасының Конституциясы: Республикалық
референдумда 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. ҚР-ның
Парламентінің Жаршысы. – 1996. - №4. – 217 б. - Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 7-қазандағы №284-1; 2007
жылғы 21-мамырдағы №254-111 Заңдарымен өзгертулер
және толықтырулар енгізілді //Егеменді Қазақстан. –
2007 жыл 22 мамыр, № 132-135.
4
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс
жүргізу Кодексі 1997ж. 13-желтоқсандағы, № 231-V 04.07.2014 ж. Қазақстан Республикасының Заңы.
5
«Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік
қорғау туралы» ҚР-ның 2000 жылғы 5 шілдедегі,
№72-11 заңы //ҚР-ның Парламентінің Жаршысы, 2000. -
№10. – 241-бап.; ҚР-ның №13-111 Заңымен 2004 жылы 20
желтоқсанда өзгертулер енгізілген.