ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жумабекова Р.Ж.
М.Әуезов ат.
ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
«Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс
жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi азаптағаны үшiн қолданылатын
қылмыстық жауаптылықты көздейтiн 347-1-баппен
толықтырылды, оның анықтамасы Конвенцияның редакциясына
(Азаптауға қарсы комитеттiң қорытындылары мен ұсынымдарының 8-тармағы а) тармақшасы) толық
сәйкес келедi.
Қинау
сәйкес тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның
немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшiншi
адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе
жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау,
сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы
кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе
мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын
және психикалық зардап шектiруi, - екi жүз айлық
есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес
айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге
табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш
жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару
құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Дәл
сол әрекет:
- адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
-
бiрнеше
рет;
-
денсаулыққа
орташа ауыр зиян келтiрумен;
-
кiнәлi
адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе
кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, - үш
жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра
отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Дәл сол
әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге
немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, - үш
жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра
отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Лауазымды
адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген
тән зардабы және психикалық зардап қинау (азаптау) деп
танылмайды. Мәселен, қылмыс жасаған адам ұзақ
мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiне түсiнiктемелерде
қинаған кезде жәбiрленушi ұрып-соғуға,
азаптауға немесе психикалық әсерге
ұшырайтындықтан жеке адамның басына қол
сұғушылық жасалады деп түсiнiк берiледi.
БҰҰ Бас
Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы Барлық
адамды азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке
жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау
түрлерiнен қорғау туралы декларациясында қинау
(азаптау) - адамға қасақана қатты ауру немесе тән
немесе психикалық азаптайтын кез келген iс-әрекеттi бiлдiредi деп
айтылған. Елде орын алуы мүмкiн соғыс жағдайы немесе
оның қаупi, iшкi саяси тұрақсыздық немесе
басқа да төтенше жағдай сияқты қандай да ерекше
мән-жайлар азаптауды ақтау үшiн негiз бола алмайды.
Азаптаудың
объективтiк жағы адамға дене немесе психикалық азап
тарттырудан көрiнедi. Азаптау деп әртүрлi жат мiнездi
түсiнген жөн: адамның ұзақ уақыт бойы
тән азабын тарттыру (мәселен, инемен сұққылау,
бүйрек, желке, аяқтарының ортасы тұсынан
соққылау арқылы ұрып-соғу, қолын
қайыру, қинайтын тәсiлдер қолдану, денесiне ыстық
өтек басу, еркiн тыныс алу мүмкiндiгiнен айыру (целлофан
қалта, противогаз қолдану арқылы) судан, тамақтан тыю
және т.б.).
Азаптаудың
субъективтiк жағы ниетпен сипатталады. Кiнәлi өз
әрекетiнiң қоғамдық қауiптi сипатын
сезiнедi және оны жасауға ниеттенедi. Өз
әрекетiнiң салдарларына қатысы бойынша (олар болған
жағдайда) кiнә ниет түрiнде (тiкелей немесе жанама)
белгiленуi мүмкiн, жәбiрленушi қайтыс болған
жағдайда кiнә абайсыздық нысанында белгiленуге тиiс.
Қылмыстық
кодекстiң қаралып отырған 347-1-бабының диспозициясында
осы қылмысты жасаудың барынша таралған мақсаттары
көрсетiлген.
Осылайша,
Қазақстанның қылмыстық заңнамасында
Конвенцияда тиiстi қатаң жазамен айқындалған
қинау (азаптау) құрамы енгiзiлген және қинауды
(азаптауды) қолданудағы қылмыстың ұғымы мен
белгiлерi (Азаптауға қарсы комитеттiң қорытындылары мен
ұсынымдарының 9-тармағы а) тармақшасы) едәуiр
толық көлемде қамтылады.
Осыған байланысты,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20
қыркүйектегi Жарлығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Құқықтық
саясат тұжырымдамасының 2-тарауының ережелерiне сәйкес
қылмыстық заңдарда заңмен қорғалатын
әлеуметтiк жоғары құндыздықтар ретiнде адам
құқықтары мен бостандығының
бастапқылығы мен ажырамастығын танудан туындайтынын
назарға алу қажет.
Қылмыстық
зобалаңды (қуғын-сүргiндi) iзгiлендiру мен азайту
заңды қолдану кезiнде қылмыс жасаған адамдарға
азаптауды, қорлауды болдырмайтын iзгiлiктi қарауды және
оларға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жаза
оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшiн
заңды негiз болмаған жағдайда ғана
қолданылатынын, ал қарастырылғандар арасынан жасаған
қылмысы үшiн жазаның барынша қатаң түрi,
егер қатаңдығы бiршама төмен түрi жаза
мақсатына қол жеткiзе алмаған жағдайда ғана
тағайындалатынын бiлдiредi.
Конвенция
ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудiң аса маңызды
мемлекеттiк-құқықтық тетiктерiнiң бiрi
ретiнде қылмыстық-атқару жүйесiн, ең алдымен
Әдiлет министрлiгi құрылымындағы қылмыстық
қудалау процесiндегi заңдылықты сақтау кепiлi
едәуiр күшейтiлетiн және қылмысты тергеу
мүдделерi арасында оңтайлы теңгерiмге қол жеткiзiлетiн
тергеу изоляторларын қалыптастыруды қарауға болады.
«Қазақстан
Республикасының кейбiр заң актiлерiне
қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы
жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi
Заңымен қылмыстық
атқару жүйесi Iшкi iстер министрлiгiнiң қарауынан
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
қарауына берiлдi
Қылмыстық
саясатты iзгiлендiру шеңберiнде хат алмасуға, сағат
тағуға, бос уақытында спорт киiмiн киюге қойылған
негiзсiз шектеулер мен тыйым салулар алып тасталды. Камералардағы
терезелер кеңейтiлдi, күндiзгi жарық пен таза ауаны
молықтыру үшiн олардан металл жалюздер алынып тасталды, ағаш
едендер төселдi. Сотталған адамдарды, соның iшiнде
туберкулезбен ауыратындарды, жүктi әйелдердi, сондай-ақ стационарлық
және амбулаториялық емдеудегi сырқат сотталғандарды
тамақтандыру жақсартылды. Сырқаттарға арналған
азық-түлiк 22-ден 29 түрге дейiн көбейтiлдi
«Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс
жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Заңын
қабылдау жазаларды орындауды iзгiлендiрудегi маңызды қадам
болды. Осы Заңмен санкцияларға жазаны жеңiлдетуге
бағытталған қылмыстың 40-тан астам құрамы
енгiзiлдi. Соның iшiнде, санкциялардан бас бостандығынан айыру
түрiндегi қылмыс құрамы алып тасталды, бас
бостандығынан айыру түрiндегi санкциялардың
жоғарғы шегi 12 қылмыс құрамды санкцияларға
азайтылды, 13 қылмыс құрамы бар санкциялар жазаның
балама түрлерiмен толықтырылды.
Қылмыстық
атқару кодексiне енгiзiлген өзгерiстер жазаны өтеу
жағдайын жақсартуға және шартты-мерзiмiнен бұрын
босатуды қолдану мерзiмiн қысқартуға, бас
бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгiн жазаның
неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыруға, қоныс-колонияларға
көшiруге мүмкiндiк бердi. 87-бапқа енгiзiлген
өзгерiстер сотталған адамдарға телефон арқылы әр
сөйлескенде ұзақтығы он бес минутқа дейiн
сөйлесудiң шектеусiз санына құқық бердi.
Осы
Заңды қабылдау түрмедегiлердiң санын елеулi
дәрежеде төмендетуге ықпал еттi. Бұдан бұрын
түзеу колонияларындағы сотталғандардың санын
төмендету рақымшылық жасау есебiнен ғана
жүргiзiлген болатын (Азаптауға қарсы комитеттiң
қорытындылары мен ұсынымдарының 8-тармағы h)
тармақшасы).
Түрменi
зерттеудiң халықаралық орталығының (Лондон
қаласы) ресми ақпаратына сәйкес, соңғы бес жыл
iшiнде Қазақстанда түрмедегiлердi азайту бойынша
тұрақты үрдiс байқалуда.
Қазақстан аумағында азаптаулардың
қолданылу дәлелдерін тиімді тергеу механизмінің
жоқтығын, ал сәйкес
нормативтік-құқықтық актілердің азаптау
туралы шағымдар бойынша тексеру
жүргізудегі әділдікті қамтамасыз етпейтіндігін
көрсетіп отыр. 2010 жылы, қазақстандық
құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметтеріне сүйенсек, азаматтар тарапынан
азаптау мен қатыгез
іс-әрекеттер бойынша
шағымданулармен 263
жүгіну тіркелген.
Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетi Қазақстан Республикасының
қылмыстық-атқару саясатын жетiлдiрудiң 2007-2015
жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасын
әзiрледi, ол қылмыстық жазалау жүйесi мен оны
өтеудi және жазалауды орындау жүйесiнiң
материалдық-техникалық базасын одан әрi дамытуға
бағытталған.
Қылмыстық-атқару
жүйесiн жетілдіру пенитенциарлық саладағы мемлекеттiк
саясатты ұзақ мерзiмдi перспективамен қалыптастыруға
және заңдық тұрғыдан ресiмдеуге,
қылмыстық жазалаулардың орындалуын және оны өтеу
жағдайларының жүйесiн жетiлдiруге, сондай-ақ
қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық
стандарттарға барынша жақындатуға мүмкiндiк бередi,
бұл қинауға және адамгершiлiкке жатпайтын немесе қадiр-қасиеттi
төмендететiн қатынастар мен жазалаудың басқа да
түрлерiн алдын алуға ықпал етедi.
Қазақстан аумағында азаптаулардың
қолданылу дәлелдерін тиімді тергеу механизмінің
жоқтығын, ал сәйкес
нормативтік-құқықтық актілердің азаптау
туралы шағымдар бойынша тексеру
жүргізудегі әділдікті қамтамасыз етпейтіндігін
көрсетіп отыр. 2010 жылы, қазақстандық
құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметтеріне сүйенсек, азаматтар тарапынан
азаптау мен қатыгез
іс-әрекеттер бойынша
шағымданулармен 263
жүгіну тіркелген.
Ұлттық
Жоспардың іске асырылу барысын
кең ауқымды
жариялауға бағытталған
ақпараттық кампанияны құру және
жүргізу жөніндегі іс-шараларды қабылдау қажет.
Ұлттық Жоспардың жүрісі туралы ақпараттан тұратын жеке веб-сайт құру. Сайт беттерінде Жоспардың қандай да
бір іс-шарасының орындалуы үшін жауапкершілік жүктелген әрбір мемлекеттік
органдағы жауапты тұлғалардың тізімін
құру.
Іс-шараны
жүзеге асырудың Жоспарда
бекітілген мерзімінің
аяқталуынан кейін
барлық мемлекеттік
органдарды қол жеткізілген
нәтижелер, нәтижесіздік
жағдайында орындамау себептері мен т.б. көрсетілуімен,
орындалған жұмыс туралы
толық ақпараттық есеп тапсыруға міндеттеу.
ҚР
адам құқықтары
жөніндегі Уәкілетті институтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелерге
қатысты Париж Қағидаларына сәйкестендіру бойынша жеке
заң жобасын құрастыру мен талқылау
жөніндегі кең ауқымды қоғамдық тыңдаулар жүргізу.
Кездейсоқ келу мүмкіндіктерінің
қарастырылуымен, бас бостандығын шектеу және айыру орындарында адам
құқықтарының сақталуын
қоғамдық қадағалаудың тиімді механизмін құрудың
заңнамалық шараларын қабылдау.
Азаматтық
қоғаммен
әрекеттесіп, азаптауларға
қарсы Конвенцияның
Факультативті хаттамасының
талаптарына толық
сәйкес келетін «Ұлттық первентивті механизм туралы» заң құрастыру.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің
мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28
желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №
49-50, 590-бап).
2 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің
мәселелері ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28
желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №
49-50, 590-бап).
3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір
мәселелері ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы №
260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 №11, 138-бап).
4 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28
қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 № 41,
532-бап).
5 Қазақстан
Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.)
Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан
Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н.
Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007
6 Уголовно-исполнительное право Республики
Казахстан (сборник нормативно-правовых актов) / Составитель Диденко П.В. -
Алматы: Данекер, 2001. - 274 с.
7
Аблизин
Н.Ф., Подымов П.Е. Исправительно-трудовая колония-поселение. Пособие. - М.:
Изд-во ВНИИ МООП СССР, 1967. - 84 c.
8
Минаков
Ю.А., Соловьев Ю.Д., Орловский А.С. Исправительно-трудовая колония-поселение
для лиц, совершивших умышленные преступления: личность осужденных и проблемы
исполнения наказания // Сб. тр. ВНИИ МВД СССР. М., 1960. - C. 3-15.
9
Уголовно-исполнительное
право : учебник : в 2 т. / под общ. ред. Ю.И. Калинина. - М.: Логос, 2006. -
Т.1: Общая часть. - 444 с.
10 Уголовно-исполнительный
кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г.
№ 208 // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 24, ст. 337
11 Уголовный Кодекс
Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 года № 167 //
Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 15-16, ст. 211.