ШАБУЫЛ ЖАСАП ТОНАУ МЕН ТОНАУДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Мирзакулова Б.А.

 

М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

Қылмыстық криминалистикалық сипаттамасы – бұл тергеу және криминалистикалық әдіс-тәсіл және құралдарды пайдалану шаралары үшін маңызды, сол немесе басқа қылмыстық түр негіздерінде сай жүйесі. Криминалистикалық қатынаста анықталған қылмыс ерекшеліктерінің маңыздыларына мыналар жатады:

-     Қылмыстық қол сұғудың тікелей пәні;

-     Қылмысты істеу мен жасыру тәсілі;

-     Даярланып жасалынған қылмыс жағдайлары (уақыт, орын, обьектіні қорғау шарты және тағы басқа);

-     Қылмыскердің қылмыс орнында қалдырған іздерінің ерекшеліктері (іздердің қалыптасу механизмі);

-     Қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғасы.

Тергеу ситуациясы дегеніміз – ол тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай [1].

Тергеу ситуациясы мазмұнының құрамы:

-     Іс бойынша жиналған дәлелдемелер;

-     Тергеуге маңыздылығы бар басқа да ақпараттар;

-     Осындай ақпаратты алу көзі туралы деректер.

Тергеу ситуациясының мағынасы берілген деректер орындарының құрамында тергеу әрекетінің толық және обьективті кез-келген жағдайдағы суретін құрайды және оған тән баға қоюды тергеушіге береді және осы бағалаудан шыққан өзінің келесі әрекеттері туралы шешімді шығарады.

Тергеу ситуациясы келесі бөлімдерден тұрады:

a)    Психологиялық сипаттама бөлімі – тергеуші мен оған қарсы тұлға арасындағы қақтығыс салдары, тергеушінің психологиялық құбылысының шығуы және тағы басқа.

b)   Ақпараттық сипаттағы бөлімдер – тергеушінің хабардар болуы, тергеушіге қарсы және басқа тұлғалардың ақпараттан хабардар болуы.

c)    Іс жүргізуші және тактикалық сипаттағы бөлімдер – іс бойынша өндіріс жағдайы, дәлелдеме және оның көздері, қиылысу шарасын таңдау мүмкіндігі, нақты тергеу әрекетін өткізу.

d)   Материалды және ұйымдастыру техникалық сипаттағы бөлшектер – ішкі істер органдарының есепке алу аппаратынан тасу құралдарының болуы және тағы басқа.

Тергеу ситуациясы әр түрлі негіздер бойынша топталады:

-     Жай және нақты жағдайлар.

-     Іс бойынша толық тергеудегі немесе жеке тергеу әрекетін жүргізудегі қалыптасқан жағдай.

-     Қақтығысты және қақтығыссыз жағдайлар.

Қылмысты тергеу ісі келесі этаптарға бөлінеді:

a)    Қылмыстық істі қозғау (алдын ала) дәрежесі – белгілеріне ие жағдайлары туралы материалдардытексеру, қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау.

b)   Бастапқы қылмыстық істі қозғаудағы бар қылмыс жағдайлары туралы жалпы немесе жай көзқарастарды тексеру, зерттеуге жататын деректерді анықтау, жоғалып кетуі мүмкін дәлелдемелерді жинау мен бекіту, сезіктілерді іздестіру мен ұстауға арналған шараларды қолдану, қылмыскер әрекеттерімен тиген материалдық залалды өтеу шараларын қолдану, қылмыстың болуына мүмкіндік тудырған жағдайларды табу бойынша жұмысты жалғастыру.

c)    Жалғасушы – дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау бойынша жұмыстың жалғасуы.

d)   Қорытындылаушы – тергеуді бітіру және айыптау қорытындысын құрастыру [2].

Тергеушінің анықтаушы органдарымен ара қатынасының негізгі қалпы болып мыналар табылады:

a)    Жедел іздестіруші қызметкерлерінің иелігіндегі бар материалдар тергеушінің танысуы және бірігіп қылмыстық істі қозғау немесе процессуалдық емес жолмен шешімді бірлесіп қабылдау.

b)   Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері мен жедел іздестіруші іс шараларын бірлесіп жоспарлау немесе тергеушімен жедел іздестіру жұмысшыларының бар жеке жоспарларын реттеу.

c)    Тергеу мен жедел іздестіру іс-шараларын өткізу салдарынан алынған ақпаратпен үнемі хабардар болып отыруы.

d)   Жеке тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге жедел іздестіру қызметкерлері жағынан тергеушіге көмегі.

e)    Тергеушінің жеке тапсырмаларын анықтаушы органдарының қызметкерлерінің орындауы.

Қоғамдық көмекті қолдануда, тергеуде тергеуші келесі қағидаларға басшылық жасауға болады:

-     Қоғам өкілдері тергеуге тек қана өз еркімен қатысады.

-     Қоғам өкілдері кез-келген тергеу әрекетін өзінше жүргізе алмайды.

-     Тергеуші алдын ала тергеу құпиясының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

-     Тергеуші тергеуге көмектесетін қоғам өкілдерінің қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз етуге міндетті.

Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін себеп болып табылатындар: жәбірленушінің немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кеті фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасағандығы туралыхабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы хабарлауы; көзі көрген тұлғалардың тонау немесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактірлер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғаның мән-жайын анықтау қажет.сұрау салушы тұлға көп жағдайда жәбірленушінің денесінен, киімінен және заттарынан табылған іздер (дене жарақаты, жыртылған немесе бүлінген киім) расында да оған қатысты күш қолданылғанын куәландыруына көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде сезіктіні іздеуді ұйымдастыру үшін, арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізуі тиіс [3].

Әдетте тонау мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі:

1.    Тонау немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.

2.    Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бәрақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар.

3.    Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.

Аталған жағдайлардың тергеу іс-әрекеттерінің келесі бағдарламасы мақсатқа сай болмақ: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, жауап алу, қажетті жағдайда – оны куәландыру; жәбірленушіден сұрақ-жауап алу; қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұр.ылықты жерін тінту; көз көрген – куәлардан жауап алу; сот-медициналық, криминалистік және басқа сараптамалар тағайындау.

Екінші тергеу жағдайында алғашқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және киімін қарау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау; жедел іздестіру шаралары.

Үшінші жағдай үшін де жоғарыда атаған тергеу әрекеттерінен басқа, сезікті тұлғаларды анықтау мен ұрланған заттарды іздестіруге бағытталған жедел іздестіру шаралары тән.

Қылмыс жасалғаннан кейінгі уақытқа байланысты «ізін суытпай» іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін тиісті ішкі істер органдарына хабардар етілуі тиіс. Күрделі жағдайларда патрульдік-бекеттік қызмет, сондай*ақ қылмыскерлер автокөлікке жасырынуы мүмкін деген негіз болса, көлікті бақылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған мүліктердің өткізілуі мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі.

Тонау мен қарақшылықты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, қылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің, қарсылырын не басқа да тосқауылдарды (әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай мән-жайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқият және әдісін тауып қарағанда, қылмыстың материалдық іздерін әрқашан табуға болады.

Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру қажет. қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледеді.

Қарау барысында тергеуші қол, аяқкиім, қан іздерің, қылмыскер не жәбірленуші тастаған немесе түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін анықтауға бола­ды (мысалы, оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).

Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі қылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады [4]. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердің құрбанға жақындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.

Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Оқиға орнынан қыл­мыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек.

Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі, ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін.

Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында оны жұбатып, оның қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіруі қажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы қажет:

— тонау немесе қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;

— жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды;

— тонау немесе қарақшылық шабуыл кезінде оқиға қалай дамыды (қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді не айтты, жәбірленушіге қатысты қолданған күш көрсету не­месе күш көрсетем деп қорқыту неден байқалады және т.б.);

— егер қылмыскерлер қаруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері;

— тонау немесе қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады (қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе қылмыскерді ұстауға әрекет жасаған-жасамағаны, қарсылық көрсеткен-көрсетпегені, көмекке шақырған-шақырмағаны және т.б.);

— тонау немесе қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген зардабы қандай (қылмыскер одан не алып кетті, ма­териалдық зиянның мөлшері қандай, жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді);

— қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды;

— ұрланған бұйымдардың белгілері қандай;

— тонау немесе қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;

— болған оқиғаны кім көрді немесе кім көруі мүмкін және т.б [5].

Сұрақ-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға тырысу қажет. Әсіресе қылмыскердің белгілері және ұрланған мүліктердің белгілері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді суреттеу барысында «ауызша суреттеу» ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, татуировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін айқындап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ, оларды хаттамаға егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы түйме, мата қиындысы, фотоаппарат қорабы) сақталып қалған-қалмағанын анықтау қажет. Егер қылмыскерлер киімдерді алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады.

Қарақшылық жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге күш қолданылған болса, тез арада жәбірленушіні куәландыру және оның киімін қарау жүргізілуі тиіс. Сот-медициналық сараптамасын жүргізу кезінде жоғалып кетуі мүмкін, жәбірленушінің денесіндегі күш көрсету іздерін (көгерген жер, қанды сүйелдер) сондай-ақ оның киіміндегі зақымдалған ластанған іздерін де айқындап, бекітудің дәлелдемелік маңызы зор.

Егер жәбірленушіні куәландыру нәтижесінде күш көрсету іздері табылса, лезде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның барысында денсаулығына келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы меселелер жиі шешіледі [6].

Қылмыскерді ұстау кезінде батыл, сонымен қатар сақтанып әрекет ету қажет, себебі сезіктілер көбінесе қарулы болады. Ұстағаннан соң лезде сезіктіні тінту жүргізіледі. Тінтудің мақсаты — қаруды, жәбірленушіден ұрлап алынған заттарды, со­нымен қатар ұсталынған тұлғаға тиесілі емес және басқа тонау және қарақшылық кезінде ұрлануы мүмкін бұйымдарды тауып алу болып табылады. Айта кететін жайт, тонау мен қарақшы­лық шабуыл жасаушы қылмыскерлер жәбірленушіден тартып алған құнды емес және бірден көзге түспейтін жеке белгілері жоқ (тарақ, автоқалам т.с.с.) ұсақ бұйымдарды өзінің жеке басына пайдалану үшін қалдырады. Бірақ жәбірленушілер олар­ды онша байқала қоймайтын белгілері бойынша таниды. Сондықтан тергеу барысында ұсталған тұлғадан табылған әрбір заттың кімге тиесілігін мұқият тексеру қажет [7].

Осы категориядағы іс бойынша тұрғын үйде тінту жүргізудің мақсаты — ұрланған және қару, киім ретінде пайдаланылуы мүмкін және сезікті мен оның отбасына тиесілі емес заттарды табу. Сондай-ақ, тінту барысында қару (мылтық, пышақ, кас­тет) дайындау үшін қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдер, сонымен қатар қылмыскерлердің жасырыну құралдары (маска ретінде пайдаланылатын көзге лайықталған тесігі бар шұлықтар, париктер), қылмыс жасау кезінде сезіктінің үстінде болған киім мен аяқкиімдер жиі табылады.

Қарақшылық шабуыл туралы іс бойынша ұсталған тұлғаны куәландыру мен киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлелдемелік маңызы зор, атап айтқанда, куәландыру мен киімді қарау арқылы күресу іздерін және куәлер немесе жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа да ерекше белгілерді табуға болады.

Оқиғаны көзімен көрген тұлғалардан, куәлардан (егер олар бар болса) жауап алу ізін суытпай жүргізілуі қажет, өйткені оларға қылмыскер, оның достары немесе туыстары жағынан жағымсыз әсер етілуі мүмкін. Егер мұндай әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды. Жауап алу кезінде, әдетте, жәбірленушіден де жауап алу кезіндегі мән-жайлар анықталады [8].

Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жургізілуі тиіс.

Тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша тергеудің келесі кезеңінде куә ретінде жауап алуға болатындар: мекеме, кәсіпорын және ұйым жетекшілері, ведомстволық емес қорғау күзетшілері және жеке күзетшілер; сезіктінің туыстары мен таныстары; жасалған қылмысқа байланысты қандай болса да бір жайды білетін басқа да адамдар. Анықталатын сұрақтар шеңбері жалпы сезіктіге қойылатын сұрақтармен сәйкес келеді. Сезікті мен жәбірленушінің туыстарынан, таныстарынан қосымша түрде олардың өмірбаянынын деректері және тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан қалай сипатталатыны анықталады [9].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1        Червяком М.Э. – Тактика допроса обвиняемого при расследовании краж личного имущества, грабежей и разбойных нападений: Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук, М., 2001

2            Каиржанов Е.И., Шалгимбаев М.Х. Ответственность за приготовление к преступление и покушение на преступление по уголовному кодексу Республики Казахстан. –Алматы: Дәнекер, 2001.

3       Е. Тілеубергенов «Криминалистика»,  «Дәнекер», А. 2002

4      Белкин Р.С. Эксперимент в следственной, судебной и экспертной практике. М.: Юридическая литература, 2004.

5             Алмаганбетов П.А. Проблемы криминалистической диагностики в установлении разыскиваемых лиц и неопознанных трупов. Дис. канд. юр. наук. -Алматы. -1998.

6             Ратинов А.Р. Судебная психология для следователей. -М.: ВШ МОРП, 1999.

7             Байжанова Г.К. Теория и практика собирания доказательств, отображающих биологические свойства и признаки живого лица в уоловном процессе. –Караганда, 2000

8             Каиржанов Е.И. Преступность – явление социальное /Прредупреждение преступности. –2002.

9             Баев А.Я. Тактика следственных действий. —Воронеж: Изд. Воронежского ун-та, 1995.