Қаражанов
М.Д.
«Құқықтану»
мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақ
инновациялық гуманитарлық-заң университетінің
қылмыстық-құқықтық пәндер
кафедрасының доценті
Ахметова
А.Ж.
Құқықтану
магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің «Құқықтану»
кафедрасының аға оқытушысы
Қазақтың
әдет-ғұрып құқығындағы
экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын
қылмыстық құқық бұзушылықтар
үшін жауаптылықты көздейтін нормалардың ерекшеліктері
Қазақ елінің қалыптасуы орын алған
кезеңде экологиялық қауіпсіздікке қол
сұғатын қылмыстық құқық
бұзушылықтар жалпы экологиялық ретінде есептелген, себебі
қазақ халқының негізгі байлығы жер
болғандықтан осыған байланысты талас тартыстар көптеп
болып тұрған еді.
XIV ғасырдың аяғында Шынғыс ханның
ұрпақтары Жәнібек пен Керей хандар Қазақ
хандығын құрады. Олар алғашқы болып
қазақ жерлерін біріктіріп қазақ елінің пайда
болуына әкелген қолбасшылар болған еді. Барлық рулар
арасындағы талас-тартыстарды тоқтату үшін қатаң
тәртіп керек болды. Сөйтіп, олар «Адат» нормаларын пайдаланды.
Кейін Қасым хан Адат нормаларын есепке алып, «Қасым
ханның қасқа жолы» заңдар жинағын шығарады.
Ол бес тараудан тұрады: бірінші тарау – сот, жер, отбасылық
қатынастар, құн төлеу және салық
сұрақтары ашылған; екінші тарауда – қылмыстық жауапкерлішік
сұрақтары; үшінші тарауда – сот қызметі мен
тәртіп; төртініш тарауда – дипломатиялық қызмет
және этика; бесінші тарауда – халық дәстүрі мен салты
қарастырылған [1, 58 б.].
XVI ғасырда келесі қазақ ханы Есім хан «Есім ханның
ескі жолы» аты құқықтық актімен белгілі болып ел
тұрақтылығымен жерін сақтап қалу үшін
Бұхар хандарымен талас-тартысты шешті [1, 63 б.].
Осы екі акті туралы тек Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
толықтай мұра ретінде білдіреді. Тәуке ханның билікте
болу уақытында (1680-1715 жылдары) қазақ тарихында:
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
уақыт», - деп айтылған [3].
Жеті жарғының ролі туралы заң
ғылымдарының докторы, профессор Ж.Д. Бұсұрманов
өз пікірін былай білдірген: «Қазақтардың көшпенді
өркениеті, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы,
өмір сүрудің нормалары, ережелері, көшпенді
шаруашылығы – бұлардың барлығы «қоршаған
ортамен байланыста өмір сүру», үнемді шаруашылық
жүргізу, ерекше мәдениет пен дәстүрді білдіреді.
Осындай кең аумақты қамтыған көшпенді
қазақ даласын байланыстыратын ерекше құжат «Жеті
жарғы болған еді» [4, 22 б.].
«Жеті жарғы» XVII ғасырдың басында
қазақстың атақты билерінің қатысуымен
дайындалған болатын, онда жеті тарау көзделген. Онда жер даулары,
қылмыстық заң нормалары пайда болды. Әсіресе,
құдықтарды ластағаны, малдарды қырғаны
үшін қылмыстық жауаптылық қаралған [5, 38
б.].
«Жеті-жарғы» заңдарымен
қазақ даласында ХХ ғасырдың басына дейін
қолданылып келді. Біздің заманға дейін «Жеті-жарғы»
заңдарының бөліктері А. Левшин этнограф жазып келген түрде
қалыптасты, оны Ш. Валиханов «Қазақ халқының
Геродоты» деп атаған [6, 334 б.].
Ең ауыр қылмыстар: адам өлтіру, ұрлық, тонау,
зорлау, қан араластыру, бөтеннің әйелін оның
келісімінсіз ұрлау – өлім жазасына әкелген [7].
«Жеті жарғы» заңына сәйкес қылмыстық
жауаптылыққа, сонымен қатар, экологиялық
қылмыстар жасағанда да жазаға дербес кінәлі адам
тартылатын, сонымен қатар, рудың ұжымдық
жауаптылық қағидасы да қолданылатын. Егер жауапты адам
сотқа келіп құнын төлемесе, онда рудың
барлығы оны жинап беруге тиіс болған. Осындай жағдай орын
алғанда ру мүшелеріне жауапты адаммен өздерінің
қалауы бойынша пайдалануға мүмкіндік берген. Бас
бостандығынан айыру сияқты жаза болмаған, себебі арнайы
түрмелер болмаған ғой. Зерттеуші-тарихшылар пікірінше,
қазақ қылмыстық құқығы ізгі
болған деп сипаттайды. [7].
Осы актілерді формальды-тарихи
талдау нәтижесі көрсеткендей, ежелгі әдет
құқығына қарағанда жаңа нормалар
пайда болғанын көруге болады. Алайда, бұл нормалар бір
жағынан процессуалдық болса (сот құқығын
реттесе), екінші жағынан қылмыстық материалдық
құқық қалыптасты (жазалар, құн пайда
болды).
Қазақ
заңнамасының келесі ерекшелігін де атаған дұрыс:
Тәуке ханның заңдары жазылмағандықтан билер
арқылы олар бір ұрпақтан келесі ұрпаққа
ауызша беріліп отырған, сондықтан өздері де әдетке
айналып кеткен. Сондықтан, билер соты XIX ғасырдың
аяғына дейін болып әдет құқығын да
Тәуке хан заңдарын да қатар қолданғаны
жөнінде айту қиын.
XVIII
ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта
және Кіші Жүздің көптеген аумағы Ресей
империясының құрамына кірді. 1824 жылы Ресей
құрамына Жетісу аумағы кірді. XIX ғасырдың
ортасында Ресей билігіне Оңтүстік Қазақстан
аумағы Ташкент бастап оңтүстіктегі Шуға дейін
және Сырдария өзенінің орта ағысынан бастап
солтүстікте Ақмешітке дейін аумағы бағынбайтын, себебі
бұл аумақ Қоқан хандығының билігінде болды.
1866 жылдың көктемінде ресей әскерлері Бұхар
әмірлігінің аумағына жетіп, 1867 жылы оның көп
бөлігі құрылған Түркістан
генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Сонымен, 1868
жылы Қазақстан аумағы Ресей империясының
құрамына қосылуы аяқталды.
Осы
уақытан бастап қазақтың әдет
құқығымен қатар, Ресей империясының
нормативтік актілерімен құқықтық реттеу басталды.
1845 жылғы
«Қылмыстық және түзету жазалары туралы» Ережелерінде
нақты табиғат объектілерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғайтын жеке баптар болды.
Мұндай объектілер ретінде: жабайы жануарлар, балықтар,
құстар, ауа, су, орман мен жер табылды. Алайда, Ережеге
қатысты табиғат қорғау қылмыстық
заңнама жүйесі туралы әлі де ерте болатын. Жеке табиғат
объектілеріне қол сұғушылық үшін
жауаптылықты көздейтін баптар таза экологиялық деп айту
қиын, себебі онда кейбір баптар бойынша жауаптылық экологиялық
емес әрекеттер үшін де көзделген болатын. Сонымен
қатар, жеке табиғат объектілеріне қол
сұғушылықты көздейтін баптар әлеуметтік
бағыттылығы бойынша меншік иелерінің (мемлекет, жеке
тұлғалар) құқықтарын қорғауды
қамтамасыз етті. Мәселен, мұндай баптар қазыналық
ормандар мен жеке меншік жерлерде заңсыз ағаш кесу, жабайы жануарларды
жою үшін жауаптылықты көздейтін нормалар болып табылады [8, 304 б.].
1864 жылғы «Әлемдік соттармен
тағайындалатын Жазалар туралы» Жарғыда келесі экологиялық
болып келетін баптар бар: 52 бап – өзендерді, каналдарды,
бұлақтарды оларға тас, топырақ және соған
ұқсас нәрселерді тастау арқылы, судың
бүлінуіне әсер етпей ластау (жазасы 10 сомға тең
ақшалай айыппұл), 57 бап – рұқсат етілмеген жерде,
рұқсат етілмеген кезде, рұқсат етілмеген түрде
немесе жазылған ережелерді сақтамай аң аулау,
сондай-ақ, балық және т.б аулау, құстардың
ұясын бұзу, жабайы құстарды сату (25 сомға дейін
ақшадай айыппұл), 77 бап - каналдар мен өзендер арқылы
ағаштарды ағызу (50 сомға дейін ақшалай айыппұл);
порттағы кеме тоқтайтын жерге, кеме жүзетін арнаға,
айлаққа балласт тастау (100 сомға дейін айыппұл,
қайталаған жағдайда 30 күнге дейін қамауға
алу немесе 300 сомға дейін айыппұл), 85 бап –
балықшылардың өзендер мен каналдарды ластауы немесе
жағаны ластауы (25 сомға дейін ақшадай айыппұл), 111
бап – ауыз суды зығыр мен сора малу арқылы ластау,
халықтың денсаулығына залал келтіруді ойламай, лас немесе
зиян нәрселерді лақтыру немесе құю (7 күнге дейін
қамау немесе 25 сомға дейін ақшалай айыппұл), 112- малдардағы
пайда болған індетті жасыру немесе малды індеттен сақтаудың
алдын алу шараларын сақтамау (1 айға дейін қамау немесе 100
сомға дейін айыппұл), 154 бап – өздігінен орман
ағаштарын кесу (кесілген ағаштың екі есе құны,
екінші рет қайталанған жағдайда сол айыппұл мен 1 айдан
6 айға дейін қамауға алу).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Артықбаев Ж.О. «Жеті-жарғы» - мемлекет және
құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы,
мәтіні) – Алматы: Жеті жарғы, 2012. – 192 б.
2 Ахметова Н.С., Қожахметов Г.З. «Жеті Жарғы» -
қазақ әдет - ғұрып
құқығының ecкepткiші //ikitap.kz/book/tauke_han_jeti_jargy/files/assets/basic-html/page34.html
3 Жанайдаров О. Степная Конституция хана Тауке // Мир закона. - 2001.- №2-3.-
C.38-39.
4 Бусурманов Ж.Д. Права человека в постсоветском государстве: вопросы
теории и практики обеспечения: дис. ... док. юрид. наук. – Алматы, 2006. – 337
с.
5 Законы хана Тауке. История
Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней): в 5 томах. - Алма-Ата, Наука, 1979. –
Т. 2. - С. 334-341.
6 Кульбаев Э. Законы степи - история края //mangistauneft.kz/historyoftheregion/151-zakony-stepi-.html.
7 История Республики Казахстан: учебник для ВУЗов / под ред. А.
Кузембайулы, Е. Абыл. - 5-е изд., перераб. и доп. - Астана: Фолиант, 2001. // tarikh.kz/kazahskoe-hanstvo-feodalnaya-razdroblennost/zheti-zharg-y-zakony-hana-tauke/
8 Уложение о наказаниях уголовных и исправительных. – СПб., 1845. – 592 с.