Қабул
О. Қ.
аға
оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
АДАМ
ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ және ӨКІЛЕТТІ
ОРГАНДАР
Тәуелсіз
Қазақстандағы адамның негізгі
құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мен іске асыруды қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге
заң жүзінде бекітілген адам құқықтарын
қорғау механизмдері мен институттарын және олардың
сақталуын, бақылауын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан
адам құқығы жөнінде кейбір негізгі
халықаралық құжаттарды бекітпеуі не оларға
қосылмауынан адам құқығын
қолданыстағы тиімді механизмдерінен қорғайтын
халықаралық мемлекетаралық институттар мен
(рәсімдерден) процедуралардан қалыс қалды.
Қазақстандағы
адам құқықтарының сақталуын
бақылайтын және тәсілдермен қорғайтын институттардың
қатарына тек мына үш топты – мемлекеттік, аралас (мемлекет
органдары жанындағы қоғамдық-кеңесшілер мен
адвокатура жүйесі) және үкіметтік еместерді
(қоғамдық, соның ішінде халықаралық
және шетел ұйымдары) жатқызуға болады.
Қазақстан
Республикасы (ҚР) Конституциясының 40-бабы бекіткен:
«Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, конституциясының мызғымастығының,
адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының рәмізі әрі кепілі».
Адам
құқын қорғаудың аралас
институттарының қатарына ҚР Президентінің
жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссияны жатқызуға болады, оның Ережесі, 2003 жылғы
19 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді.
Мұның басты мақсаты – Мемлекет басшысының ҚР Конституциясына
сәйкес танылатын және кепілдік берілетін адамның және
азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің
конституциялық өкілеттіктерін іске асыруына жәрдемдесетін
консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
Комиссияның
негізгі міндеттері: 1) ҚР Президентінің Қазақстан Республикасында
адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің
конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай
жасау; 2) адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
мен қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу; 3) орталық
және жергілікті мемлекеттік органдардың адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу; 4) адам
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
мен қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып
табылады.
Комиссияның
құзыреті: 1) Мемлекет басшысына және тікелей Комиссияға
жолданған ҚР азаматтарының, шетелдік азаматтардың,
азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың
адамның және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы ақпарат
бар өтініштерін қарайды; 2) Мемлекет басшысының атына
Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың
құқықтарын сақталуы туралы жыл сайынғы
және арнаулы баяндамалар әзірлейді. Бұл баяндамалар
баспасөзде жариялануы мүмкін; 3) Комиссияның
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге
де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын
қарайды; 4) адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ету, қорғау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар
әзірлейді және оларды ҚР Президентінің қарауына
енгізеді; 5) адамның
және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау
мәселелерін қозғайтын Қазақстан
Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелерді
реттейтін заң жобаларын әзірлеуге қатысады; 6) адам
құқықтары саласындағы халықаралық
шарттар бойынша талдау материалдарын сараптау – ұсынымдық
қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды; 7) адам құқықтары
жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа да
үкіметтік емес құқық қорғау
ұйымдарының жұмысына қатысады.
Комиссия өз
өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік билік органдарымен,
үкіметтік емес құқық қорғау
ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат
құралдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл
жасайды.
Комиссияның
адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мақсатында
құқық қорғау органдарымен,
Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уәкілімен өзара
іс-қимыл жасайды.
Комиссия
өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында: 1) мемлекеттік органдардан,
сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті
мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратып
алуға; 2) өз отырысында адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
етуге және қорғауға байланысты мәселелер
жөнінде мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарының
ақпаратын тыңдауға; 3) уәкілетті мемлекеттік
органдардың адамның және азаматтың
құқықтарының бұзылуы туралы мәліметті
тексеруіне бастамашылық жасауға; 4) жекелеген жұмыстарды
жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен ғалымдар мен
мамандарды тартуға; 5)
адамның және азаматтың негізгі
құқықтары мен бостандықтарының
сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің адам
құқықтары жөніндегі комиссияларымен және
басқа да осындай құрылымдарымен ынтымақтастық
жасауға құқылы.
Комиссияның
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оның
мүшелерінің заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік
билік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарға
баруға құқығы бар. Комиссияның
отырыстарында қабылданатын және ҚР Президентінің
назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар оның
шешімдері болып табылады.
Комиссияның
ұсынымдары мен шешімдері оның отырысқа қатысқан
мүшелері санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық
етуші жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Комиссияның
құрамын – төрағасын, хатшысы мен мүшелерін
ҚР Президенті бекітеді.
Комиссияның
өз өкілеттігі шеңберінде қабылданған
ұсынымдары мен қорытындылары мәселені шешу
құзыретіне кіретін тиісті мемлекеттік органға жолданады. Комиссияның
ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттік орган мен
оның лауазымды адамдары белгіленген мерзімде оларды қарауға
және қабылданған шешім туралы оған хабарлауға
міндетті.
Комиссия
төрағасы мен мүшесі оның жұмысына
қоғамдық негізде қатысады. Комиссия
төрағасы Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге
асырады, Комиссия хатшысы мен мүшелеріне тапсырмалар беріп, оның
отырыстарының күн тәртібін белгілейді. Комиссияның
қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен
қорытындыларына қол қояды, адам
құқықтары мен бостандықтарына қатысты
кеңестерге қатысады. ҚР Президентіне Комиссия қызметін
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Комиссия
төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның
қызметтік құжаттарын, ұсынымдары мен
қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.
Комиссия
мүшелерін комиссия отырыстарына оның төрағасы
қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет
шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерінің
жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады. Комиссия
төрағасы орнында болмағанда, оның отырыстарында
Комиссия хатшысы төрағалық етеді. Комиссияның
қызметін ақпараттық – талдау және ұйымдық
қамтамасыз етуді ҚР Президенті Әкімшілігінің
құрамына кіретін хатшылығы жүзеге асырады.
Комиссия
хатшылығы адам құқықтары мәселелері
құзырында болатын облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалар мен республика астанасының әкімдері
аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру әдістемелік,
ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.
Сараптама-талдау
зерттеулерін жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер,
білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінен
қоғамдық негізде жұмыс істейтін сарапшылық
кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес
құрамы Комиссия отырыстарында бекітіледі.
Адам
құқықтары аясындағы
Қазақстандық заң базасы адам мен азаматтың
негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қорғау мен іске асырылу тәжірибесін қамтамасыз етілуін
төрт деңгейге бөлуге болатындығын көрсетті.
ҚР
Конституциясының 4-бабына сәйкес, оның ең жоғары
заңдық күші бар және Республиканың бүкіл
аумағында ол тікелей қолданылады, - делінген. Екінші
(Конституциялық) деңгейде Қазақстанда адам
құқықтары мен бостандықтарын, қорғау
мен іске асырылу кепілдігі ҚР Конституциясының екінші
бөлімінде: «Адам және Азамат» бекітілген нормалардың
іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілуі тиіс (айталық, 11-39
баптарындағы).
Мұнымен
қатар Конституцияда азаматтардың құқықтарын
қорғау мен сот төрелігін іске асыру принциптерінде
қатысты кейбір ережелерімен бірге кінәсіздік принципі де
тұжырымдалған.
Адам
құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан
қорғалу кепілдіктерімен олардың іске асырылуы
заңдардың мынадай деңгейлеріне: заң шығарушы мен
атқарушы биліктердің Конституциялық заңдарына, жай
заңдарына, жарлықтарына, қаулыларына және өзге де
нормативтік актілеріне тікелей байланысты. Конституциялық
нормалардың азаматтық, азаматтық істер жүргізу,
қылмыстық істер жүргізу, әкімшілік заңдарында
дамытылуы азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын нығайтуы да, немесе оларды негізсіз шектеуі де
мүмкін.
Қолданыстағы
ел заңдары, яғни үшінші деңгей (халықаралық
және ел конституциясында бекітілген құқықтар мен
бостандықтардың қорғалуы мен іске асырылу кепілдіктерін
қамтамасыз ету) көп көлемді заңдар мен
заңға тәуелді нормативтік
құқықтық актілерден тұрады.
Соңғы деңгей (практикалық), мұндағы
биліктің атқарушы тармағы заңдарды қалай
орындайтындығы, азаматтардың конституциялық
құқықтарын қорғау мен сақтау бөлігін кімдер
бақылайтындығы, сондай-ақ егер азаматтардың ойынша
бұл құқықтар заңдарда немесе
құқық қолдану практикасында
мақұлданған болса, онда өз
құқығын қалпына келтіру үшін азамат
қайда, қай органға жүгінуі және бұл
қорғаудың қандай рәсімдерінің бар екендігі
анықталады.
Дәлірек
айтсақ, мемлекет адам құқығын қорғау
функциясын орындаудағы еліміздегі қоғамдық
құрылыстың арқауы – азаматтардың негізгі
ұстанымы еркіндік пен бостандығын заңдылықпен сенімді
түрде қорғай білуді басшылыққа алып,
бүгінде өзіне жүктелген бұл функцияны
тыңғылықты атқаруда. Азаматтар мен заңды
тұлғалардың құқығы мен
бостандығына қатысты сот қорғауының тиімділігін
арттыруда конституциялық құқық ережелерін
бұдан әрі де бұлжытпай жүзеге асыра беруі қажет.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Асанов Б. Қатардағы
еңбек адамы өз құқын жете біле бермейді. //Заң
газеті, №123, 14-тамыз, 2007.
2. Адам
құқығын қорғау кепілі. //Заң газеті,
№53 (677), 29-маусым, 2005.
3. Адам
құқығын құрметтеу дәстүрлі даму
үстінде. //Заң газеті, №30, 13-сәуір 2005.
4. Адам
құқығы ең жоғары құндылық.
//Құқықтық Қазақстан, №27, 2007.