Право/9.Гражданское право
Е.
Ахтышхан заң ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы
Қазтұтынуодағы
Қарағанды Экономикалық Университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасында интеллектуальдық меншіктің қорғалу
түйткілдері
«Елбасының «Стратегия- 2050» Жолдауында
қойған міндеттерінің бірі авторлық
құқықты реттейтін заңнамаға тексеріс
жүргізу болып табылады.
[1] Бұл тапсырма әлемдік экономиканы инновациялық
технологияның дамуынсыз, өндірістік процестердің жетілдірілуінсіз,
энергияның баламалы көздерін пайдаланбастан, энергия
үнемдейтін технологияларды қолданбастан және тағы да
басқасыз елестету мүмкін еместігімен байланысты берілді. Ал
мұның барлығы зияткерлік меншік нысандарын
құрудың арқасында ғана мүмкін болады. Сондықтан
біз ғылыми әлеуетті дамытып қана қоймай, бұл
әлеует алдағы уақытта шығармашылық зияткерлік
қызметтің нәтижелерін беретіндей шараларды қабылдауымыз
қажет. Неліктен? Себебі экономикалық өсімге зияткерлік
автивтерсіз қол жеткізу мүмкін емес. Осы ретте зияткерлік меншікті
қорғау міндеті тек Қазақстан Республикасында ғана
емес, бүтін әлемде маңызды мәселелердің бірі
болып табылады. Сондықтан зияткерлік меншікті тиімді сақтау және
қорғау – бұл әлемдік нарық
құрылымымен толыққанды ықпалдастыққа
жол. Ол халықаралық құқықтық
актілерге және стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Оның
үстіне, біздің заңнама жаңа зияткерлік меншік
нысандарын құруға ынталандырады, бірақ әлемдік
нарықтың, экономика мен саясаттың қарқынды дамуы,
жаһандану үрдістері, еліміздің ішкі дамуы тоқмейілсуге
мүмкіндік бермейді. Сондықтан біздің заңнама заманауи
қыр көрсетулерге жауап беруі тиіс, сол себепті, тек нормативті
шығармашылық қана емес, құқық
қолдану қызметі де қажет. Бұл ретте біз зияткерлік
меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жүйелендіруді
жүргізіп, қазіргі уақытта ескірген нормативтерді қарап
шығып, сәйкесінше, оларды заманауи экономикалық
нормаларға жауап беретін жаңаларымен ауыстыруымыз қажет.
Үшіншіден, ескірген нормаларды қолданыстағы
заңнамамыздан алып тастап, және әрине, зияткерлік меншік
саласындағы құқық нормаларын тікелей
қолдану үшін мүмкіндіктер саласын кеңейтуіміз керек.
Одан әрі біздің заңнама халықаралық
құқықтық актілерге жақындау бағытында
дамитын болады.
Қолданыстағы заңнама
авторлардың құқықтарын толығымен қамтамасыз етуде. Бірақ, экономикалық
даму заңнамалық реттеу аясынан тыс қалып отырған
қоғамдық қатынастардың жаңа саласының
пайда болуымен алға бастыруда. Сондықтан бұл жаңа
қоғамдық қатынастардың пайда болуы адекватты
ресімдеуді және адекватты құқықтық реттеуді
қажет етеді. Интернет желісінің дамуымен онда
құқықтардың қаншама
бұзушылықтары орын алуда. Бір жағынан бұл адамзат
үшін үлкен жетістік, ал келесі жағынан қандай да бір
құқыққа қайшы әрекеттерді жасау
алаңы. Әрине, заңнама осыған сәйкес жылжуы тиіс
және бұл бұзушылықтардың жолын кесуі қажет.
Ұжымдық
құқықты басқару саласындағы мәселе мүліктік
құқықтарды ұжымдық негізде басқаруда
болып отыр. Қазір мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаруды жүзеге асыратын 7 ұйым
қалды. Қазақстанда аккредитациядан өткен мұндай 9
мекем болды, олардың екеуінен куәліктер 2012 жылы алынды, 2013 жылы
тағы біреуінен. Тағы бір мекеме бойынша даулы мәселелер бар,
ол бойынша шешім әлі қабылданған жоқ.
Қазақстандағы 7 ұйымның міндеті қандай?
Біріншісі, авторлар мен құқық иеленушілердің
мүдделері мен құқықтарына өкілдік ету
және қорғау. Себебі, кейбір авторлар олардың туындылары
қашан, қайда және қандай көлемде пайдаланылып
жатқандығын өздігімен бақылай алмайды. Сондықтан
олар осындай ұйымдарға жүгінеді. Олар авторлардың
құқықтарын қорғап, пайдаланылған
туындылар үшін салықтарды жинап, кейін ол ақшаларды
құқық иеленушілер арасында үлестіруі тиіс.
Бірақ мұндай ұйымдар заңнаманы әркез сақтай
бермейді. Екі ұйымда мұндай бұзушылықтар
анықталғаннан кейін, олардан куәліктері алынды.
Жиналған ақшалардың көп бөлігін
өздерінің әкімшілік мақсаттарына жаратқан
ұйымдар да бар. Бұл мәселелерді біз заңнамамыз
арқылы шешкеніміз жөн. Бұл ұйымдар алдағы
уақытта өз қызметтерін анағұрлым тиімді
жүзеге асырады деп сенемін.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау тек
құқықтық әрекет етуді ғана емес,
мәселе түрлі мемлекеттік органдардың өзара әрекет
етуінде болып отыр. Әділет органдары құқық
қорғау органдарымен бірлесіп тексерулерді тұрақты
негізде жүзеге асырып отырады. Мәселен, өткен жылғы
тексерулердің нәтижесінде 527 бұзушылық
анықталды, 595 әкімшілік іс қозғалды. Тексерістермен
түрлі нысандар, атап айтқанда, эфирлік және кабельдік тарату
ұйымдары, театрлар мен т.б. қамтылуда. Контрафактілік өнімдер
көптеп анықталуда. Өткен жылы заңсыз айналымнан жалпы
сомасы 35 млн. теңгеге 68 мың дана контрафактілік өнім
анықталды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында
әділет органдары зияткерлік меншік нысандарын пайдаланатын субъектілерге
155 тексеріс жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша 119
құқықбұзушылық анықталды, 147
әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік жауапкершілікке 101
тұлға тартылды және айыппұлдардың жалпы сомасы 6
млн. теңгеден астамды құрады. Бұл жерде зияткерлік
меншік саласындағы бұзушылықтарға қарсы
күресте өзге мемлекеттік органдармен өзара
әрекеттістікті атап өткен жөн. Әділет органдарына
үлкен көмекті ішкі істер органдары мен қаржы полициясы
көрсетуде. Мысал үшін, ішкі істер органдарымен 2012 жылы
заңнаманы бұзудың 1803 фактісі анықталып, 104
қылмыстық іс қозғалды. 2012 жылы 4 республикалық
шұғыл-алдын алу іс-шарасы өткізілді, олардың бірі
«Кибер қылмыстылық» және үшеуі «Контрафакті» деп
аталды. Бұл іс-шаралардың барлығы ақпараттық
технологияларды пайдалануға, соның ішінде интернет желісінде жасалатын
қылмыстарды анықтауға, алдын алуға және
ашуға бағытталған. Онымен қоса, әділет органдары
қаржы полициясы органдарымен бірге 2151 рейдтік іс-шара өткізді,
аудио және бейнеөнімдерді сатумен айналысатын 1235 орын, 677
компьютерлік клуб және интернет-кафелер тексерілді. Тексерістердің нәтижелері
бойынша, 1192 қылмыс пен құқықбұзушылық
анықталды, олардың арасында контрафактілік өнімдерді
сатуға қатысты – 1058 факті. Қаржы полициясы
органдарының күшімен зияткерлік меншік саласында 444 қылмыс
анықталды, олардың 401-і ҚР Қылмыстық
кодексінің 184-інші бабы («Авторлық немесе аралас
құқықтарды бұзу») бойынша, 16-сы
ҚК-нің 199-ыншы бабы («Тауарлық белгіні заңсыз
қолдану») бойынша және т.с.с.[2] Авторлық
құқық заңнамасы саласындағы бұзушылықтарға
қарсы күресте үлкен қолғабысты кеден органдары
жасауда. Кеден органдары зияткерлік меншік нысандарының тізілімін
жүргізеді және тауардың шығарылуын
тоқтатуға құқығы бар, яғни егер тауар
бұл кедендік тізілімге енбеген болса. Тауарларға 356 декларация
бойынша зияткерлік меншік құқығын бұзу
белгілерімен тауарлардың шығарылуы тоқтатылды. Бұл
тауарлардың жадпы құны 6 млн. доллардан астамды
құрады.
Қылмыстық-құқықтық шаралардан
бөлек, азаматтық-құқықтық,
әкімшілік құқықбұзушылық кодексімен
белгіленген шаралар бар.
Кеден одағы аясында 2010 жылдың 9 желтоқсанында
қабылданған зияткерлік меншік құқығын
сақтау және қорғау саласындағы
бірыңғай принциптер жөніндегі келісім бүгінде
жұмыс істеуде. Бұл келісімді жүзеге асыру үшін
күнтізбелік жоспар, бірыңғай экономикалық
кеңістікті қалыптастыратын құжаттардың
әзірлемелері бекітілді. Және бұл күнтізбелік
жоспарға сәйкес қазір халықаралық
келісімдердің үш жобасын әзірлеу бойынша белсенді
жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жоба – бұл тауарлық
белгілер туралы, Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық
кеңістіктегі мемлекеттердің аумағында қызмет
көрсететін және тауардың шыққан орны
атауларының белгілері туралы келісім. Бұл келісімнің
мақсаты тіркеумен, тауарлық белгілерді, қызмет көрсету
белгілерін, тауардың шыққан орны атауының белгілерін
құқықтық қорғаумен және
пайдаланумен байланысты туындайтын қатынастарды реттеу болып табылады.
Екінші жоба – авторлық және аралас
құқықтарды ұжымдық негізде
бірыңғай басқару туралы келісім. Әңгіме
мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдар туралы болып отыр. Бұл жобаның
мақсаты құқықтарды ұжымдық
басқару саласында, жеке мақсаттарда фонограммалар мен аудиобейне
бағдарламаларды еркін пайдалануда құқықтарды
жүзеге асыру саласында авторлық және аралас
құқықтарды басқарудың бірыңғай
тәртібін қалыптастыру болып табылады. Үшінші жоба –
зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын
қорғау бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру туралы келісім.
Оның мақсаты Кеден одағы және Бірыңғай
экономикалық кеңістік елдерінің зияткерлік меншік
нысандарының құқықтарын қорғаудың
бірыңғай жүйесін қалыптастыру болып табылады. Негізгі
мақсаты – зияткерлік меншік нысандарының
құқықтарын қорғау саласында үш
мемлекеттің: Қазақстан, Ресей және Беларусьтың
құзырлы органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру.
Жобалар бойынша бұл жұмыстар ағымдағы жылдың
соңына дейін аяқталуы тиіс.
Тағы бір мәселе «Кеңестік
брендтерке » қатысты. Мәселе
Қазақстан үшін ғана емес, барлық
посткеңестік кеңістік үшін проблемалы, себебі, кеңес
уақытында «кеңестік брендтке» тауарлық белгілерді тіркеу
жүргізілген жоқ. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін
бірқатар елдер, соның ішінде Ресей Федерациясы туарлық
белгілерді тіркеуді жылдам жүзеге асырды. Тіркеу өзімізде –
Қазақстанда да жүргізілді, бірақ Ресей мен
Беларусьқа қарағада әлдеқайда аз көлемде.
Өнімдерді «кеңестік бренд» атауымен Ресейге және
Беларусьқа кіргізумен проблемалар туындауда. Тіпті РФ-ның
өзінде бұл түйіткіл бар, өйткені, нақты
тауарлық белгіге өзінің құқығын
тіркеп алған субъекті бар. Бұған дейін өндіріп
келгендердің өнімі заңсыз болып табылады, себебі оның
құқықтық иесі пайда болды. Олар бізге таныс
атаулар: Мишка Косолапый, Красная Шапочка, Буратино және т.б. Және
әрине, бұдан біздің қазақстандық
өндірушілер зардап шегуде. Бұл мәселені шешу қажет. Біз
Кеден одағы елдері аумағында тауарлық белгілер өзара мойындалған
болғанын қалаймыз. Мұндай келісімге қол қойылу
авторлық құқықтарды бұзбастан
әкелінетін және жөнелтілетін кондитерлік
өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берер еді.
Кеден одағы аумағында күші болатын тауарлық белгіге
өтінім берудің бірыңғай жүйесін
құруға да болушы еді. Кеден одағы және
Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері үшін тауарлық
белгілерді тіркеудің бірыңғай қағидаттары мен
процедураларын әзірлеу қажет. КО және БЭК елдерінің
зияткерлік меншік құқығына қатысты барлық
құзырлы органдарының, соның ішінде ҚР ӘМ
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі
комитеттің сайтында Қазақстан, Ресей және
Беларусьтың тауарлық белгілерінің мемлекеттік тілізімдерін
жариялап отыру қажет. Біздіңше, бұл аталған
мәселелерді шешуге септігін тигізер еді.
Зияткерлік меншік құқығын бұзушылықпен
байланысты проблемалар мұнда ғана болып отырған жоқ.
Қолымызда бар соңғы мәліметтер: Қазақстанда
10 млн.-ға жуық Интернетті пайдаланушы бар. Бұл жалпы
халық санының 60 пайызға жуығы. Егер әлемдік
ауқымда алатын болсақ, көрсеткіш 2,5 млрд. адамға
жуық. Бұл желі арқылы жай ғана пікір алмасулар мен
танысулар болып жатқан жоқ, мұнда түрлі өнімдерді
сату, сатып алу жүзеге асырылады, әсіресе баспа
өнімдерінің, авторлар туындылары мен ғылым саласында.
Интернет желісі арқылы контрафактілік тауарлардың сатылымы тарауда.
Әрбір сайтты тексеріп шығуға ешбір мемлекеттің
қауқары жоқ. Бірақ бұл мәселелерді
заңның көмегімен қалай шешуге болатындығына
қатысты шетелдіктермен барынша тиімді тәжірибелер алмасу керек
және оларды заңнамамызға енгізуге талпынғанымыз
жөн.
«Зияткерлік меншік туралы» заң жобасында
бірқатар
өзгерістермен толықтырулар көзделіп отыр, бірінші кезекте
Азаматтық кодексте. Себебі нақты осы құжат зияткерлік
меншік құқығы институттарын және аталмыш
саладағы бірқатар салалалық заңдарды реттейді. Бір
проблеманы жоғарыда атап өттік, ол ұжымдық
ұйымдардың қызметіне байланысты. Бұл ретте біз үш
мәселені шешу көзделген. [3] Атап айтқанда, бұл
ұйымдар тарапынан қиянатты болдырмас үшін, олардың
міндеттерін нақты жазып көрсету. Екіншіден, республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарында, дербес сайттарда бұл
ұйымдардың атқарған жұмыстарының есептерін
жариялау. Үшіншіден, шегерулердің шекті пайызын және
шегерілген сыйақының сомасын белгілеуді қарастыратын,
туындыны аралас құқықтан және пайдаланушы
ұйымнан шығару бойынша процедуралар мен мерзімдерді
анықтайтын нормаларды орнату. Екінші мәселе – ол инновациялық
патент проблемасы. Инновациялық патент тексерістен өткеннен кейін
оқшауланған жаңашылдыққа беріледі. Әлемдік
жаңашылдық ескерілмейді. Бірақ ол патенттер нағыз
әлемдік жаңалыққа үміттене алмайды.
Сондықтан заңнамадан инновациялық патент институтын алып
тастау көзделген. Бұл әлемде белгілі өнертабыстарды
патенттеуге жол бермеуге мүмкіндік береді. Үшіншісі –
өнеркәсіптік меншік нысандары саласында реттелмеген мәселелер
бар. Мәселе бір жеке тұлғаны емес, заңды
тұлғаны коммерцияландыруда болып отыр. Бұл институт жеке
заңнамалық реттеуді қажет етеді. Сол себепті
өнеркәсіптік меншік нысандарын кеңейтуді немесе олардың
қатарына жатпайтындарды шығарып тастау жоспарлануда. Онымен қоса,
өнертабысқа патенттің жарамдық мерзімін бес жылға
дейін ұзарту ұсынылуда. Бұл жаңашылдыққа ие
өнімді ойлап тапқан тұлғаның
құқықығын барынша қамтамасыз ету
қажеттігімен байланысты. Қазір орнатылған мерзім жеткіліксіз.
Өнеркәсіптік меншік нысандары халықаралық көрмеге
қойғаны үшін өтемақылардың шекті
көлемін бекіту бойынша құқықтық
олқылықтардың орнын толтыру да ұсынылып отыр.
Қандай да бір нысан көрмеге шығарылғанда патент иесіне
қорғау құжаты мен ақшалай өтемақы
беріледі. Бірақ кейбір жағдайларда өтемақының
көлемі бойынша даулы мәселелер туындайды. Тағы бір
мәселе қызметтік селекциялық жетістіктерге қатысты
болып отыр. ДСҰ-ға, КО-ға және БЭК-ке кіру
қарсаңында ауылшаруашылық өнімдердің
бәсекеге қабілеттілігі өзекті бола түсуде. Және
әрине, селекциялық жетістіктер біздің занмамамызда барынша
реттелген болуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының
Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.17.01.2014 жыл.Астана
3. «Зияткерлік меншік туралы»
заң жобасы http://www.adilet.gov.kz