Психология и социология/12.Социальная психология
п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай
педагогика магистрі, аға оқытушы М.А.
Мырқасымова
Психология мамандығының 2 курс студенті Ж.Ұ. Қамбатыр
Тараз Мемлекеттік педагогикалық Институты
М.Х. Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан
Әлеуметтік
жетімдік мәселесінің психологиялық-педагогикалық
аспектілері
Жетімдік – біздің
қоғамның алдында тұрған өте өткір
мәселелердің бірі. Жетімдіктің етек алуы бүгінгі
таңда көп елдерге тән күрделі мәселе болып
табылады. Мұндай балаларды әр елде әрқалай атайды –
«қабылданбаған балалар», «тастанды болу үшін
туылғандар», «өмірлік нәрестелер». Жетімдіктің бар
себебін атап шығу айтарлықтай қиын. Сонымен қатар
бұл мәселе ғылымның әртүрлі саласында
қарастырылғанымен әлі күнге дейін түбегейлі
зерттелген жоқ. Жетімдік баланың қоршаған орта,
ересектер мен өз құрбы-құрбыластарымен сезімдік
байланыстарын бұзатын фактор әрі оған қосымша денелік,
психологиялық және әлеуметтік дамуында да терең тежеу
тудырады.
Қазіргі
кездегі ғылыми айналымда жетімдік екі ұғым
төңірегінде кең түрде қолданылады: 1.
«Әлеуметтік жетім (әлеуметтік жетімдік)». 2. «Жетім
(жетімдік)». Бірақ жетімдік
ұғымының астары әр алуан, оны әртүрлі
ғылыми амалдар тұрғысынан қарастыруға болады.
Психологиялық
тұрғыда, жетімдік – ата-ана қамқорлығынан
айрылған, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың
өмірін сипаттайтын жағымсыз әлеуметтік құбылыс.
Л.Я.Олиференко, Т.И.Шульга [1]
пікірінше, әлеуметтік жетімдер – әлеуметтік-экономикалық,
сонымен қатар рухани-адамгершілік себептермен ата-ана
қамқорлығынан айрылған, 0 жастан 18 жасқа дейінгі
балалардың ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы, олар
яғни, өз балаларынан бас тартқан, ішімдікке салыну,
нашақорлық және тағы басқа салдарынан ауыр
науқасқа ұшыраған және оның ішінде
психикалық ауруларға шалдыққан ата-аналық
құқығынан айырылған ата-аналары бар балалар.
Е.М.
Рыбинский көрсеткендей, әлеуметтік жетімдік – «көптеген
адамдардың ата-аналық парызды орындауға қатыспауы
немесе ата-аналық борыштан айрылуы (ата-аналық
әрекеттің бұрмалануы)».
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, жетімдік
ұғымына жалпы сипаттама беруге болады. Жетім балалар – ата-анасының
біреуі немесе екеуі де қаза болған адамдар.
Әлеуметтік
жетім – әлдебір себептермен баласын тәрбиелей алмайтын және
қамқорлығы жоқ биологиялық ата-анасы бар балалар.
Бұл жағдайда баланы қамқорлыққа алуды
мемлекет пен қоғам өз мойнына алады.
Бірақ бірінші жағдайда баланың жетім қалу
себебі айқын (ата-анасының қаза болуы), екіншісінде
мәселе күрделірек. Бұл себептердің әлеуметтік
сипаты бар. Олар:
·
ата-аналық
құқықтан айрылу;
·
ата-аналық
құқықтарын шектеу;
·
ата-аналардың тұрмысқа
қабілетсіздігі;
·
бас бостандығынан
айрылып, кесімді мерзімді өтеуі;
·
баланы
тәрбиелеуден бас тарту.
Зерттеу барысында
50%-дан астам балалар ата-ана құқығынан айрылу,
материалдық, тұрмыстық жағдайдың өте
төмендігі, әйелдердің некесіз тууы, ата-аналардың
түрмеде отыру себебінен балалар үйіне
қабылданғандықтары анықталды. Ата-ана
құқыларынан айрылған 96%-дай отбасында әкесі
немесе шешесі, немесе екеуі де ішімдікке салынған. Ішімдікке салыну
әлі күнге дейін жетімдіктің негізгі себебі болып келе жатыр.
Ерекше топты тастанды балалар құрайды. Баладан бас тартудың
басым себептері – оның қауіпті ауруы (60%), сонымен қатар
отбасыдағы материалдық және тұрмыстық
жағдайдың өте төмендігі (20%). Осылайша
ата-ананың баладан бас тарту себебі ауыр науқасты баланы
толығымен мемлекеттің қарауына беру қажеттілігінен
туындайды.
Әлеуметтік жетімдіктің тағы
бір себептеріне мыналар жатады: халықтың материалдық
жағдайының күрт төмендеуі,
әлеуметтік-экономикалық жіктелу, халықаралық
қақтығыстар, босқындардың пайда болуы,
урбанизация, білім беру мен тәрбие жүйесіндегі дағдарысты
жағдай. Бұл фактілердің барлығы көптеген елдерге
тән және отбасыларға кері әсерін тигізеді,
нәтижесінде туу деңгейі кеміп, жарты отбасылар саны көбеюде,
үй-күйі жоқ кезбе балалар мен шеттен шыққан
балалар пайда болуда.
Балалардың
психикалық өміріне әлеуметтік жетімдік ауыр із
қалдырады. Ата-анадан қол үзген және интернат
жағдайында өскен балалардың жалпы психикалық
күш-қуаты төмендейді, өзін-өзі
реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі
жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің
өмірге қызығушылығы жоғалады,
өзіне-өзінің сенімсіздігі оянып, бойын үрей билей бастайды.
Эмоциональдық-танымдық әрекеті төмендейді де,
интеллектуалдық дамуы тежеледі. Бала қаншалықты ата-анасынан
ерте қол үзсе, оның психикалық дамуында
соншалықты кері кетушілік айқын байқалады. Басты
байқалатын кемістік – ол интеллектуалдық және
тұлғалық дамудағы дағдарыс пен бүліну болып
табылады. Көбінесе балалар үйінің түлектері (85-92%)
жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын оқуға
қабілетсіз, ал жалпы балалардағы жетілмей қалған
ақыл-ой дамуы 8-10%-дан аспайды.
Интеллектуалдық дамудың тежелуін
айтпағанда, парааутизм аясында эмоциональдық дамудың кешенді
күрделі бұзылыстары қалыптасады: эмоциональдық
көңіл білдіре алмау, қарым-қатынастағы
қиыншылық, серіктестікке қабілетсіздік,
самарқаулықтың артуы, қозғаушы түрткілерден
тез айрылу, жас өсе келе эмоциялық дамуда кенже
қалушылық арта түседі.
Бұндай
бұзылыс зардаптарынан дені сау балалар да айналып өте алмайды.
Сондықтан да туа кеміс балаларды тығырыққа тірейді.
Жетімхана мекемелеріндегі эмоциональдық өмірдің жетімсіздігі
баланың жасы өсе келе әртүрлі психикалық
күйзелістер мен әлеуметтік бейімделудің бұзылысын
тудырады: біреулерде – бұл үдеріс селқостыққа
ұрындыратын белсенділіктің төмендеуі және адамнан
гөрі затқа үлкен қызығушылықпен
қарауға; енді біреулерде – бейәлеуметтік және
қылмыстық әрекетке кетудегі гипербелсенділік;
көпшілігінде қоғамда шамданған түр көрсету,
ересектердің назарын өзіне аударуға тырысу, қолынан
келмесе де мықты сезімдік жақындық орнатуға тырысу
үдерісі байқалады.
Балалар
мекемесінде бала үнемі бір ғана құрбыластарының
шағын тобымен қатынас жасайтынын, сондықтан ол өзін
әлдебір басқа топта көре алмайды, мұны жай мектептегі
кез келген оқушы жасай алады, бірақ оны одан айыра алмайсың.
Белгілі бір құрбы-құрдастар тобына жату сөзсіз
нәрсе сияқты. Бұл құрбыластар арасындағы
қатынас достық жолдастықтан гөрі, ағалар мен
әпке-қарындастар арасындағы туыстық
қарым-қатынастарға ұқсайды. Балалар мекемесіндегі
құрбыластар қатынасындағы мұндай
шүбасыздық бір жағынан құрбылас топтар
отбасының нақты баламасы ретінде көрінгенде сезімдік
тұрақтылықты, қорғаушылықты тудыратын
жағымды фактор ретінде қарастырылады. Тағы бір қырынан
қарағанда, таңдаулы, достық қарым-қатынас
үшін қажетті өз сапаларын тең бағалауға,
бейтаныс баламен тең құқылы қатынас ұстай
білуге, құрбыластарымен қарым-қатынас дағдыларын
дамытуға аталған байланыстар мүмкіндік бермейтінін,
айтарлықтай тежеу салатындығын айтпасқа болмайды.
Психологиялық сипаттағы
мәселелер жетім бала көбінесе балалар үйіне түскенде,
оның әлеуметтік-психологиялық қараусыз қалуымен
байланысты, девианттық мінез-құлық балалар үйіне
түскенге дейін әрі түскеннен кейінгі бірінші айда 70 %
балалар мен жасөспірімдерде байқалады. Психопатологиялық
көріністермен бірге жетімханаға түскен балалардың
тең жарымында дерлік жалпы психологиялық жетілмеу анықталды.
Ал бұл реаблитациялық үдерісті қиындатады.
Қазіргі кезде көп
жағдайда баланың нақты мүдделері мен
қажеттіліктері, тілектері ескеріле бастады. Интернат мекемелері
өмірінде қайта құрулар басталды. Отбасылық
балалар үйін құру жолымен тәрбиеленушілердің
күтіміне мол шығын шығарыла бастады. Жетім балаға
жәрдемдесетін қоғамдық бірлестіктер
құрылуды. Интернат мекемелерінің реформалану үдерісі
басталды. Балаларды дене, психикалық және әлеуметтіік
қамсыздандыру мақсатында олардың балалар үйінде 1,
5-тен 18 жасқа дейінгі паналау жастық іс-әрекет кезеңі
өзгереді. Олардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдететін
туыстық байланыстарын сақтайтын кішігірім топ (10-12 адамнан)
құрап өмір сүруіне жағдай жасала бастады.
Бірақ басқа білім беру мекемелерінен гөрі жетім
балаларға арналған көптеген мектеп-интернаттар мен балалар
үйі жаңа шаруашылық және экономикалық механизммен
басқаруға тездете көшуі қаржылық
қиыншылықтан құтылу ғана емес, қазіргі
білім беру кеңістігінде жағымдырақ жағдай тудырды.
Бұл жетекші психологиялық мақсат ретінде интернат
мекемелеріндегі психологиялық ұжымды жетім балалардың
әлеуметтену міндетін іске асыруға бағыттайтын жүйелі
мемлекеттік саясат арқасында мүмкіндікке ие болды.
Әлеуметтену құралдары ретінде тек қана білім беру
және тәрбие бағдарламалары ғана емес, сондай-ақ
тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы және түрін
таңдаудағы еркіндік пен ұтымдылық алға тартылды.
Қазіргі
жетімдік әлеуметтік мәселе ретінде
дәрігерлік-психологиялық деңгейде кешенді қарастырылуы
керек. Яғни, белгілі бір дейгейде балалардың дамуы мен
әлеуметтік бейімдеуіндегі ауытқушылықтардың орнын
толтыратын, түзеу міндетін алға тартатын, маман аралық
зерттеу мен әрекет нысаны болу керек.
Психологиялық
тәжірибені талдаудан көрінгендей [2], барған сайын
баланың өз болашағына сенімді дербес өмірге кіру
ммүмкіндігін беретін мекемеде өзіндік іс жүргізуі мойындала
бастады; бұған баланың мекемедегі өмірін
ұйымдастыруда оның ерекшеліктерін ескеру, білім алуды
таңдауға, авторлық білім беру бағдарламаларын енгізу
арқылы оны кеңейту, әлеуметтенудің анықтағыш
факторы ретінде өндіргіш жұмыс түрі мен мазмұнын
таңдауға дамудың өзіндік жоспарын жасау жатады.
Жетекшілер мекемеде тек қана дамыту және оқу еңбектерін
жасауға тырыспайды, сондай-ақ балалардың еңбектегі
бәсекелестікке қабілетті, өзін асырай алатындай түрлерін
таңдауға мүмкіндік беретін жұмыстарды
ұйымдастыруға тырысады.
Жетім
балалардағы денелік және психикалық
денсаулығындағы сансыз ауытқушылықтардың себебі
әр алуан. Осы категориядағы балаларда денелік және
психикалық ауытқушылық жиі кездеседі, ол мас күйінде
серіктесінен жүкті болып қалудың және болашақ
аналардың жүктілікті тоқтату үшін әртүрлі
зиянды құралдарды қолдануы салдарынан туындайды. Одан
басқа, балалар үйіне орналасқан балаларда
психопатологиялық тұқымқуалаушылық шамадан тыс,
ең алдымен оларда ақыл-ой кемістігі, шизофрения жиі кездеседі [3].
Медициналық
бақылаулар «қабыл алмаушылардың» қалаусыз
жүктілігінің өзі зиянды болып табылады (перзентханға
нәрестелерді тастаушылар). Мұндай жүкітіліктегі
күйзелістік әсермен бала көтеру бала мен ана арасындағы
жүретін сенсорлық, гуморальдық байланыстарды бұзады.
Олардың арасындағы ішкі ана құрсағындағы
дамуда өмірлік маңызды өзара ықпалдылық
өрескел бұрмалануына әкеліп соғады. Болашақ «бас
тартушылардың» көпшілігінде жүктілік кезеңінде
психикалық ауытқушылықтар барлығы байқалады:
истероформдық реакциялар, депрессиялық күй, психовегетативті
ауытқушылықтар, соматикалық психикалық созылмалы
аурулардың асқынуы. Мұндай жүктілердің
психикалық ауытқуларға байланысты
мінез-құлқындағы бұзылыстар маңызды
патогендік фактор болып табылады, олар: гипербелсенділік, жүктілікті
үзбек болған сәтсіз қадамдар, ішімдік, наша, шылым шегу
сияқты зиянды нәрселерді қолдану[4].
Балалардан бас тарту
жағдайларының басым көпшілігі әйелдердің
әлеуметтік мұқтаждықтары мен терең адамгершілік
деградацияларымен байланысты болса, соншалықты уақытша жеке,
әлеуметтік-психологиялық және материалдық
дағдарыспен байланысты.
Сондай-ақ ересектеу балалардағы
патогендік фактор бұрынғы ата-ана отбасындағы
әлеуметтік-психологиялық зияндылықтардың кешені болып
табылады. Әлеуметтік жетімдік үшін дұрыс
тәрбиелемеудің түрлері ішінде әдетте
бақылаусыздық пен гиперопека әсері көбірек. Балалары
ата-ана қамқорлығынан айрылған отбасылардың
көбісі жан төзбес әлеуметтік жайсыз жағдайлармен
сипатталады: нашар материалдық деңгей, тамақтың
жетіспеуі, ата-ананың ішкілікке салынуы, олардың
өмірінің аморальдылығы, отбасыдағы дау мен жанжал,
сондай-ақ өте ауыр психикалық ауру туыстармен бірге
тұру. Бұндай отбасыларда балаларға қатыгез
қарайды (денелік сексуальды және сезімдік қорлау). Бұл
отбасылардағы балалар ата-ана сүйіспеншілігінен айрылады, тойып
тамақ ішпейді, балалар ұжымының ұйымдастыруларына
қатыспайды, азапқа ұшырайды, бұл оның үйден
кетуіне әкеліп соқтырады. Бұдан шығатыны –
сенсорлық және әлеуметтік депривация белгілері, үштен
бір жағдайда ғана психикалық артта қалушылық,
неврологиялық бұзылу, мидың дисфункциясы белгілері, энурез,
танымдық әрекеттің бұзылуы, сезімдік тұрақсыздық,
өтірікшілік, невротикалық реакцияларымен көрінетін
патологиялық қиялшылдық [5].
Туыстармен, ата-анасымен қатынас
деңгейі тек биологиялық отбасылық шегінде ғана
қалыптасып келе жатқан баланың ата-аналық
отбасындағы өмірі бала үшін мықты патогендік және
дезбейімдеуші фактордың бірі болып табылады.
Көрсетілген факторлар жетімхана мекемелері жағдайында
тәрбиеленіп жатқан балалардың тұлғалық даму
құрылымының барлық деңгейінде өз ізін
қалдырады. Егер алғашында бұл факторлардың әрекеті
мінез-құлықтың жекелік, саналық және
сезімдік еркі аспектілерінің деңгейінде көрініс береді
және мінез-құлықтық паттернға аса
қауіп тудырмайды, оның екінші рет қайталануы
жетімдердің әлеуметтік тәжірибені меңгеру
үдерісінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар
жүйелерінде мінез-құлықтың теңестірілуінде
күрделі қауіп төндіреді.
Бұл
байланыстарға қатысты балалар интернаты мекемелеріндегі
жұмыстағы басты тактикалық міндеттердің бірі – ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім
балалардың нәтижелі әлеуметтенуі үшін жағдай
жасау болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Олиференко Л.Я., Шульга Т.И., Дементьева И.Ф. Критерии и
показатели отнесения детей к категории нуждающихся в
государственной помощи и поддержке.- Москва, 2002. - 84 б.
2.Закарьянова
Ш.Н. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді
әлеуметтендірудің психологиялық
аспектілері. Психология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация.- Алматы, 2009.
3. Красницкая Г.Б.
Усыновление: вопросы и ответы (специалистам опеки и попечительства, Москва: Изд-во Дрофа, 2001. - 12-21 б.- 96 б.
4. Борозинец
Н.М., Евмененко Е.В., Козловская Г.Ю., Палиева Н.А. Социально-психологические аспекты помощи
детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей. - Ставрополь, 2003.
- 98 б., 24 б.
5. Закарьянова Ш.Н. Балалар
үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық аспектілері. Психология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.- Алматы, 2009.