Психология / Социальная психология
Л.Н.
Альмуханбетова
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА
ТИГІЗЕР ЫҚПАЛЫ
Бастауыш сынып оқушыларымен
қарым-қатынас жасау барысында
музыка мәдениетін қалыптастырудың маңызды алғышарты музыка
сабағында музыкалық
іс-әрекет үрдісінде
музыкалық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Неғұрлым белсенді, әрі әртүрлі болған сайын, олардың дамуы да
қарқында болады, осыған орай, музыкаға
тәрбиелеу мақсатына табысты
жете алады.
Музыканың
өнері ретінде қарастырып зерттеген ғалымдар қатарына
О.А. Апраксина, О.П. Радынова, Г.Я. Лешакова., В.С. Укалов, Л. Школяр, А.Г:
Юсфин және т.б. ғалымдар
мен педагогтарды айтуға болады. Музаканың талғамын
қалыптастыру мәселесімен айналысқан ғалымдар: Б.А.
Бачак, Д.В. Кавалевский, О.П. Радынова, Г. Зарипова, Ш.Б. Кульманова, И.Р. Халитова және т.б.
Ш.Б. Кульманованың ғылыми зерттеу жұмыстарында
көрсеткендей, музыкалық
қабілеттердің элементтерін құрайтындар: музыкаға
эмоциональды ықылыстылық танытуы (лад сезімі), әуендік-есту
елестетулерімен, музыкалық ырғақты сезімдерімен ырықты
қабілетіне сүйену арқылы жүзеге асады [1, 346].
Ғалым, философ Абрахман Жамидің
музыканы төрт лад мәнінде
қарастыруы әлеуметтік-педагогикалық маңызды ой-пікірді
қалыптастырды. Атап айтқанда, олар:
1)
адамның бойына қуат пен батылдық
беретін лад;
2)
адамның бойында қуаныш пен
көңілділік пайда қылатын лад;
3)
қайғы
мен қасірет сезімдерін күшейтетін лад;
4)
Адамның көтеріңкі
көңіл-күйін торығу мен қасірет пен қоса
мәз-мейрам болу мен қатар –аралас сезім туындатады [2].
И.Р. Халитова өз
зерттеулерінде музыка
өнерінің әлеуметтік-тәлімдік маңызы жағынан
қарастырады. Оның пікірінше, «...музыка және оның
кез-келген түрі оны жазған композитор, не болмаса, әнші,
күйшілер үшін емес, ол халыққа арналады, оны тұтынушы
халық. Ал халық ол- әлеумет. Сондықтан кез-келген
музыкалы шығарма әлеуметтік-тәлімдік мәнге ие», деп
қарастырған [3].
Г. Зарипованың «Развитие
музыкального вкуса у детей младшего школьного возраста» атты
мақаласында музыка өнердің бір түрі ретінде
адамның әлемді тануға мүмкіндігін ашады, таным
үрдісі дами түседі деп қарастырған [4, 107]. Мектеп оқушыларының
музыкалық талғамын
көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесіне көңіл бөліп отырса да,
өзінің зерттеу аумағы өзекті болып қала бермек,
өйткені өскелең ұрпақты музыкалық
мәдениетке тәрбиелеу деген
музыкалық талғамын қалыптастыруға негіз болады дегенді
білдіреді деп ойлаймыз. Олай болса, адамның талғамын
қалыптастыруға музыканың
әсерін қарастыра отырып, ең алдымен мынандай
жағдайларға көңіл аударымыз шарт: музыка деген не, ол қалай пайда болды
және адамның ішкі әлеміне, санасына әсер ететіндей
қандай күші бар? Бұл сұрақтарға
антикалық дәурдегі философтар жауап іздезтірген. Атап
айтқанда, ертеден-ақ
дыбыстардың ырғағы мен әуезділігі адамдардың
жандүниесіне, көңіл-күйіне ықпал ететінін
байқаған. Әбу-Насыр әл-Фараби музыканың адамға әсерін үш түрлі
мәнде қарастырады, бірінішсі, адамның жандүниеміне
рахаттаны сезімін оятып, рахаттанады, таңырқатып, тыныштандырады;
екіншісі, еліктеу сезіміне қозғау салып, қиялдануына
түркі береді, белгілі бір зат немес құбылысты көз
алдына елестетіп, көз алдына алып келеді; үшіншіден, адамның сезімін қоздырады,
слның негізінде құмарлығы оянып, адамды шабыттандырады
– деген пікір қалдырған [5].
Балалардың реакциясын музыканы
тыңдау процесі арқылы байқай аламыз. Көбінесе
тыңдау музыкасына жай музыка ырғағы қолданылады.
Өйткені музыканы тыңдау барысында бала өз-өзіне келеді
де зейінін бір обьектіге тұрақтындырады.
Оларды бақылай отыра олардың
сол кездегі мінез-құлқы мен мінез ерекшеліктерін
анықтауға болады. Алғашында таныс емес музыканы, одан
соң, таныс музыканы ауыстырып қою қажет. Баланың
эмоционалды дамуына музыканың мақсатты бағыттала әсер
етуі, олардың есту және тыңдау реакциясын дамытады.
Өздеріне ұнамды музыка болса, онда, олардың
көңіл-күйі көтеріліп, психикалық тонусы
жоғарлайды, яғни музыканы тыңдау барысында баланың эмоциясы
анық байқалып отырады. Жалпы бала ағзасы жақсарып,
музыка арқылы демалады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Кульманова Ш.Б. К вопросу о музыкальном развитии младших школьников (из
опыта работы) // Актульные проблемы и перспективы развития психологической
науки РК: материалы международной научно-практической конференции (Алматы,
15 января, 2010 г). КазГосЖенПУ). –
Алматы. – 452 с.
2.
Абрахман Джами. Вкн: әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии.- Алматы,
1993. -452 с.
3.
Халитова И.Р. Музыка
өнерінің әлеуметтік-тәлімдік маңызы. //
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы «Педагогика» сериясы, №2(38),
2013. -11-15 бб
4.
Г. Зарипова.
Развитие музыкального вкуса у
детей младшего школьного возраста. //
Высшая школа Казахстана. – 4/2010. – 107-111 с.с.
5.
Әбу Насыр әл-Фараби.
Музыканың трактаты. - Алматы. - 95 б