М.А. ҚУАНӘЛІ

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

 

ЭТНИКАЛЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

 Адамның тұлға ретінде қалыптасуының этностан тыс жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан да этнопсихология пәніне «этнос және тұлға» мәселесін қосумен қатар, этникалық сана сезім халықтың дүние таным ретінде қарастыруда маңызды сипатқа ие. Осылайша, этнопсихологияның пәнінің аймағы тек қана этникалық сананы қамтып қана қоймай, олардың тұлғалық қалыптасуына, олардың құндылықтарының қалыптасуына ықпал ету жолдарын да қарастырады. Ғылыми әдебиеттерде принциптер нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізу кезеңіндегі әдіснамалық қызмет атқаратын басты теориялық ережелер ретінде түсініледі. Этнопсихологияда принциптер этникалық белгілердің қоғамдық психологиясындағы барлық психикалық үрдістерді, психикалық қасиеттерді, психикалық күйлерді түсіндіруге деген жалпы бағытты анықтайды. Олар қоғамдық психологиямен қоғамдық сананың қызмет етуі, қалыптасуы мен даму заңдылықтарын ашуға бағытталған.

Этнопсихологияның негізгі принциптерінің бірі детерминизм принципі, яғни «кез-келген әрекет – ол өзара әрекет», «сыртқы себептер ішкі жағдайға байланысты». Ол этнопсихологиялық құбылыстардың себептерін әлеуметтік және өзге факторлармен түсіндіреді. Бұл дегеніміз, біріншіден, этникалық белгілердің қоғамдық психологиясының қалыптасуы өмір ағысына, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық дамуға, халықтың саяси, идеологиялық өміріне байланысты. Екіншіден, этникалық белгілердің қоғамдық психологиясындағы өмір құрылысының бейнесі қажеттілік және мақсаттар арқылы өзгере отырып, жүзеге асады. Нақты этнопсихологиялық құбылыстарды зерттеу үшін ұлттық ерекшеліктерді тудыратын себептерді және шарттарды анықтап, түсіне білу керек.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі этнопсихологиялық феномендердің көрініс беруінің мәнін дұрыс түсінумен этнопсихологияна қаруландырады.

Бір жағынан, іс-әрекетті қалыптастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылықтары оны жүзеге асыратын субъекті психологиясының көрініс беруіндегі ұқсастықтарды тудырады. Екінші жағынан, әрбір ұлттың этникалық өзіндік санасы іс-әрекеттің элементтеріне, формалары мен нәтижелеріне өзгешеліктер ендіреді.

Тарихилық принцип. Б.Ф.Поршневтің пікірінше, тарихилық принцип этнопсихологияның ең негізгі принципі ретінде мойындалуы керек.  ол этникалық белгілердің қоғамдық психологиясының психикалық үрдістерінің, психикалық қасиеттерінің, психикалық күйлерінің терең өзгерістерін мойындауды білдіреді. Тарихилық принципі қоғамдық психолгияның генезисіне еніп қана қоймай, оның дамуының заңдылықтарын ашып, оның өзгерістерінің тенденцияларын көруге мүмкіндік береді. Қоғамдық психологияның дамуындағы этнопсихологияның тарихилық және онтогенездік принципінің бірлігі принципі маңызды болып табылады. Олар сөздік, вербальдік қарым-қатынас негізінде жүзеге асады

Тұлғалық бағыт принципі. Бұл бағыт этнопсихологиялық құбылыстарды жасаушы біріншіден нақты тұлға, екіншіден, этникалық белгінің өкілі екендігін ескеру арқылы жүзеге асады. Этнопсихологияның ғылыми білімнің кез-келген дербес бір саласы ретінде өзінің ұғымдық аппараты бар. Ғылыми әдебиеттерде ұғымдар дегеніміз – шынайы құбылыстарың маңызды, жалпы қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін жалпы және фундаментальді ұғымдар. Осындай түсінік контексінде этнопсихологияның ұғымдық аппаратын этнопсихологияның негізгі ұғымдарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен де этнопсихология дамуының қазіргі деңгейі тұтас ұғымдық аппаратты белгілеуге мүмкіндік бермей отыр, себебі ғылымның өзі әлі қалыптасу кезеңінде. Сондықтан да этнопсихологиялық білімдірдің болашақтағы дамуы, этнопсихологиялық зерттеулерді актуалдау осы жас ғылымның ұғымдық аппаратының дамуы мен кеңеюіне жағдай туғызады. Этнопсихологияның ұғымдық аппараты ұғымдардың күрделі көпдеңгейлі жүйесін құрады. Жүйенің бірінші деңгейі этнопсихолгияның пайда болуымен байланысты. Олар этнос, ұлт, этникалық топ, тұлға және т.б. сияқты ұғымдар. Екінші деңгейі іс-әрекет, темперамент, қажеттіліктер, менталитет сияқты ұғымдармен байланысты. Осы ұғымдардың, әсіресе бірінші деңгейдегі ұғымдар психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттанушылық әдебиеттерде жақсы және мұқият зерттелген. Эмпирикалық мойындауды талап ететін ұғымдарды анықтауға келсек, олардың  көпшілігі өңделу мен зерттелу кезеңінде [1,2,3]

«Этнос» ұғымы кілттік ұғым болып табылғандықтан, осы ұғымды анықтауға қысқаша шолу жасаған жөн. Көп уақытқа дейін ғылымда осы терминнің екі бәсекелес ұғымы болды. Ресми ғылымда Ю.В.Бромлей өңдеген бір ғана ұғым мойындалды. Ол этносты әлеуметтікмәдени құбылыс ретінде қарастырды. Оның ойынша, «этнос – тілдің, мәдениет пен психиканың ортақ тұрақты ерекшеліктерін меңгерген, белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты тобы». Жартылай ресми ғылымда Л.Н.Гумилев дамытқан этносты альтернативті ұғыну қолданылады. Ол бойынша, этнос биологиялық бірлік, «биосфера феномені». Оның ойынша, «этнос – биосфера және социосфера шекарасында жатқан құбылыс».

Этнос өзге ұжымдардан өздерін ажырата алатын адамдардың ұжымы.  Этнос тарихи уақытта пайда болып немесе жоғалуына қарамастан тұрақты болып табылады. Тіл, шығу тегі, салт-дәстүрлері, материалдық мәдениеті, идеология әрқашан анықтаушы сәт болып табыла бермейді. Сонымен: этнос – биологиялық та, әлеуметтік те құбылыс емес, ол маргиналды, яғни биосфера мен социосфера шекарасында жатқан құбылыс. Бұл бағыт Гумилевке маңызды этникалық белгі пассионарлық, яғни олардың психологиясында жасырынып жатқан жоғары белсенділікке деген адамдардың қабілеттерін бөліп көрсетуіне мүмкіндік береді. Пассионарлық құбылыс–биосфераның тірі заттарының энергиясының эффектісі деп В.И.Вернадский жазып кеткен.

Л.Н. Гумилевтің ойынша, пассионарлық – ерекше доминанта, ол қандай да бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекетке іштей талпыну (саналы немесе санасыз).

Батыс ғылымында «этнос» ұғымының мағынасы «салттары ортақ адамдардың» жиынтығы ретінде анықталады. Батыс ғылымында бұл ұғым термин ретінде сирек қолданылатынын ескеру керек. Этностың пайда болуының негізгі шарты территориялық, тілдік, белгілер мен психикалық складтың ортақтығы. Этносқа тән сипаттар: тұратын территорияларының атауы; антропологиялық белгілер; материалдық, рухани мәдениет ерекшеліктері.

Дегенмен де әр түрлі тарихи себептерге байланысты пайда болған миграция нәтижесінде көптеген халықтар әр түрлі елдердің территорияларында тұруы мүмкін.  Этникалық сана сезім халықтың дүние танымын, дүниені қабылдауын, олардың рухани өмірлерін бейнелейді.

  Әдебиеттер:

1.    Божович Е.Д. Духовная култура и этнического самосознание – М., 1991.

2.    Елікбаев Е.  Ұлттық психология. - Алматы, “Қазақ университеті”

3.    Жарықбаев Қ.Б., Этнические самосознание //Этнопсихология Алматы, “Қазақ университеті” 98. стр.69.

4.     Крысько В.Г. Этнопсихология: Уч.пособие для студент. Высш. уч.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. - 320 с