Қабул О. Қ.

аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

КАДРЛАР КӘСІПТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері Республикамыздың құқықтық саясатының концепциясында ең маңызды орын алады.

Концепцияда мемлекеттік қызметті әрі қарай жетілдірудің қазақстандық моделін дамыту жолдары анықталған – бұл мемлекеттік қызметтің кәсіптілігі мен тұрақтылығының деңгейін жоғарлатуға, оны мансаптық өсімді қолпаштауға, іс жүзіндегі кадрлық резервті қалыптастыруға, кадрлар дайындаудың жалпы мемлекет жүйесін жасауға, мемлекеттік қызметтің әлеуметтік және құқықтық қорғаулары шараларын күшейтуге бағытталған мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруі мүмкін. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдірудің ең бір басты бағыттары қызмет баспалдағы бойынша жүрудің мансаптық жүйеге көшуі болып табылады.

Мемлекеттік қызметі реформалау ісінің басты бағыттарының бірі дайындықты жетілдіру мәселелері болып табылады. Оларға мемлекеттік қызметтің кәсіби-білімдік дайындықты іске асыруға құқылы білім беру мекемелерінде мемлекет қызметшілерін дайындау, қайта дайындау, біліктіліктерін жоғарлату жатады.

Мемлекет қызметтің кәсіптендірілуі үшін екі шарт қажет – кадрлар тұрақтылығы, бұған тиімді әлеуметтік және құқықтық қорғау арқылы қол жеткізіледі және кадрларды үздіксіз оқыту.

Мемлекеттік қызметтің реформасы іс жүзінде пайда әкелуі үшін жаңа кадрлар дайындап, олардың кәсіби сұрыпталуы мен өсу жағдайларын, өз кәсіби міндеттерін жоғарғы деңгейде орындауларына қажет білімдер мен дағдыларын игеруге қажетті жағдайларды туғызу керек. Жаңа кадрларды дайындау және енгізу реформаларының міндетті шарты болып табылады.

Мемлекет қызметшілерді дайындауды реформалау, «Қазақстан 2030» стратегиясын іске асыру барысындағы мақсаттардың масштабы мен қиындығының өсуімен, мемлекет рөлі мен функцияларының өзгерту жағдайларындағы мемлекет қызметті реформалаумен, экономиканың жаһандануымен, азаматтық қоғам институттарының дамуы мен жаңа ақпараттық технологияларды енгізуімен байланысты кадрлардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін жоғарлату мұқтаждығынан туындаған.

Жоғары лауазымға тағайындалу кезінде, міндетті шарттардың бірі, мемлекет қызметкерлердің «мансаптық қайта дайындау» бағдарламасы бойынша біліктілігін жоғарлату немесе кәсіптік қайта дайындау болу керек деп санаймыз. Біліктілікті жоғарлату, лауазым құзырын тиімді атқаруға жеткілікті біліктілікті қажет деңгейде ұстау мақсатында, «мансаптық қайта дайындау» бағдарламасының өтініштеріне және мемлекет қызметкерлер туралы жаңа заңнамаға сәйкес, мемлекет қызметкерлерінің теоретикалық және тәжірибелік білімдерін жаңартып отыру болып табылады. Кәсіптік қайта дайындау – бұл мемлекет қызметкерлерінің білім алу бағдарламалары бойынша қосымша кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларды қабылдауы. Осы бағдарламалар қызметтің жаңа түрлерін немесе бұрынғы лауазымдық міндеттерді жаңа кәсіптік ортада атқаруға қажетті жеке пәндерді оқытуды қарастырады.

Осыған қоса, білім беру жүйесі кәсіптік қызметтерін атқарумен тікелей байланысты емес, бірақ мемлекет қызметкерлердің шығармашылық потенциалын байыпты және оның тұлға ретінде дамуына ықпал жасайтын білім алуға мүмкіндік беруі қажет. Шенеуніктің үздіксіз білім алуына себеп, қызметтің өсуі немесе өз жұмыс орнын сақтап қалу емес, өзінің әлеуметтік міндеттерін атқаруда мейлінше толық шығармашылық өзін-өзі іске асыру үшін білім алу себеп болуы керек.

Мемлекет қызметшілерді оқыту жүйесінің  қазіргі жағдайына келетін болсақ, мемлекет қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру қажеттілігі қазақстандық мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі стратегиялық міндеттен туындады. Мемлекеттік қызмет кадрларын даярлаудың жоғары деңгейі Елбасының "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына жолдауында тиімді мемлекет басқарудың басты факторларының бірі ретінде белгіленген.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында басқарушылардың жаңа буынын даярлау – таяу болашақтың міндеті деп баса айтылған. Басқарушылыққа қабілетті әрі басым мақсаттар мен міндеттерге жетуге жұмыс жасауға әзірлігі барлар келуі тиіс. Мемлекет бүгін лайықты кадрлармен қамтамасыз етуге өскелең сұранысты сезінуде.

Қазақстан бүгін кәсіби мемлекет қызметтің қалыптасуының сапалы жаңа деңгейін бастан кешуде. Қазақстандық жаңа модельде мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге жәрдемдесетін институциональдық шаралар бекітілген. Мемлекеттік қызметке үміткерлерді конкурстық іріктеу және мемлекет қызметшілерді жылжыту жүйесі жасалып, әрі пәрменді жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтің лауазымдарына қойылатын біліктілік өтініштеріның нормативтері, кадрларды іріктеу мен жылжытудағы басты өлшем – жоғары кәсіби деңгейді айқындайды.

Бүгінгі оқыту – мемлекет қызметшілердің бұдан әрі сатылап өсуі үшін қуатты ынталандыру. Жаңа заңнама тиісті бюджеттің қаражаты есебінен қайта даярлануға (біліктілігін өзгертуге) және біліктілігін көтеруге мемлекет қызметшілердің құқығын бекітеді. Осы құқықты іске асыру кадрларды қазіргі білім, дағдылар мен шеберлікке тұрақты және сапалы оқыту жүйесін институциональдық ресімдеуді талап етеді.

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет кадрлары корпусының сапалық жағдайын талдау, мемлекет басқару жүйесінің алдында тұрған міндеттерге шенеуніктердің кәсіби деңгейінің мардымсыз сәйкестігін көрсетті.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте мамандар әртүрлі біліммен жұмыс істеуде. Рыноктық басқару әдістеріне көшу жағдайында мемлекет рөлінің өзгеруі, жаңаша ойлайтын мамандарды тарту қажеттілігін талап етеді. Кадрларды үздіксіз оқыту реформа тиімділігінің аса маңызды шарты болып табылады.

Қазақстанда мемлекет қызметшілерді кәсіби оқытудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөнінде қадамдар жасалды. Мысалы, 1991 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекет қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру институты, 1994 жылы – ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекет басқару жоғары мектебі құрылып, солардың базасында 1998 жылы – мемлекет қызметшілерді оқыту жөніндегі орталық оқу орны ретінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекет қызмет академиясы ашылды. Жоғары білім беру жүйесінде мемлекет басқару мен мемлекеттік қызметтің әртүрлі мамандықтары бойынша кәсіби дайындық базасын жүзеге асыратын жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Қазақстанда кадрларды даярлау, қайта даярлау жүйесі әртүрлі себептерге байланысты бұрмаланған. Жекелеген қалалардағы жұмыс істеп жатқан орталықтар, курстар бейберекет жұмыс істеуде, жеткілікті педагогтік және ғылыми әлеуеті, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы бар. Өкімет органдарында басшылардың қызметкерлерді оқытуға ықыластары төмендеді, кадрларды даярлаудың озық қағидаттары пайдаланылмады. Нәтижесінде, мемлекет қызметшілердің белгілі бір белігі жаңа идеяларды қабылдауға және практикада қолдануға кәсіби әрі психологиялық жағынан жеткіліксіз бейімделді.

Бүгін мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жүйелі сипат беру проблемасы алдыңғы қатарға қойылуда. Мемлекет қызметтің кадрлар құрамында сапалы өзгерістер жасау үшін, мемлекет қызметшілерді оқыту жүйесінің әрбір аймақтағы оқу орнын және біліктілікті арттырудың салалық орталығын қамтыған тарамды инфрақұрылымы болуы тиіс екені әбден айқындалды. Бұдан басқа, оқуда ұйымдастыруда, мемлекеттік қызметшілерді оқытуды басқару жүйесінде және ресурспен қамтамасыз ету тетігінде жүйе құраушылық сипаттағы бірқатар олқылықтардың орнын толтыру қажет.

Мемлекеттік қызметшілерді оқытуды басқару қазіргі уақытта жүйе ретінде қалыптаспаған. Басқарудың "кадр саясатын жасау – жоспарлау – ресурспен қамтамасыз ету – орындау (оқыту) – бақылау" базалық процестерінің дәйектілігі бүгінде үзілген және үйлестірілмеген. Қазіргі жүйе қандай және қаншалықты кадрлар даярлау қажет, оларды неге оқыту және қайда оқыту керек, олар қашан талап етілетін болады және оларды оқыту үшін қандай қаражат қажет дегенге нақты баға беруге мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесінің бұрмалануының басты бір себебі, қаржыландырудың жылдан жылға төмендеуі болып отыр. Бүгінгі күні, мемлекеттік органдардың, әдетте, өз қызметкерлерін оқытуға шығыстар баптары қарастырылмаған, оқуды жоспарлауды ұйымдастыруда қиындықтарды бастан кешуде. Оқыту жүйесіне кадрмен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті таяу болашақта шешуі қажет. Бүгінгі заманғы жағдайда, оқытушылар құрамына жоғары талап қойылуы тиіс. Олар, тек қана өз пәндерін немесе белгілі бір салалық білімді бүге-шігесіне дейін біліп қоймай, мемлекет органдар жұмысының ерекшелігін түсінуі тиіс. Мемлекеттік қызметтің қажеттіктері, мемлекет қызметшілерінің әртүрлі санаттарына қойылатын біліктілік өтініштері кадрларды оқытуды дидактикалық қамтамасыз етудің негізі болуы тиіс.

Сөйтіп, мемлекеттік қызметтің қазіргі даму деңгейіндегі мемлекет алдында тұрған түйінді міндеттердің бірі, басқарудың жоғары буыны үшін білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ басқарудың төменгі және орта деңгейдегі кадрларын ұдайы қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын дамыған инфрақұрылымы, тиімді басқару мен ресурспен қамтамасыз ететін мемлекет қызметшілерді оқытудың түзу жүйесін жасау болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1 «Мемлекет қызметшілердің дайындығын, қайта дайындығын және біліктілігін жоғарлату жетілдірудің шаралары туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. № 4075 18.09.1998. -21б.

2 Мемлекет қызметшілердің қызметті өтеу тәртібі туралы Ереже. Мемлекет қызметкерлердің қызметтік этикасы. ҚР Президентінің Жарлығы. 10.03.2000. -40б.

3 «Мемлекет қызмет туралы». ҚР Ата Заңы. 23.07.1999. -15б.