Сияр Оңғарсын Талғатұлы

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Униерситеті, Қарағанды қаласы

Ғылыми жетекші аға оқытушы  КусайноваМ.А.

Өзіндік сана – сезімнің  психологиялық құрылымы.

Баланың жасөспірімтік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік санасының дамуымен айрықша мәнді. Жасөспірімте ересек  адамның позициясы қалыптаса бастайды оған ересектік сезімнің дамуы және жасөспірімтің ересектігін  басқа  адамдардың тануы  негіз  болады. Бұл позиция жасөспірімтің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жасөспірімтің өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктері дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жасөспірім бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады.

Өзін-өзі бағалауды адамның өмірінің басқа психикалық көріністерінен біліп алуға болмайды. Ол ойлаумен де, еспен де, адам өмірінің эмоционалдық өмірімен де байланысты. Өзін-өзі бағалау даму деңгейлері мен алға басу қарқынын анықтайды.

Адамның өзін-өзі бағалауы туралы айтқанда, оның нәтижесі байқалады: жоғары немесе төмен, адекватты немесе адекватты емес, т. б. Бірақ адамның бұл бағалауға келуін, оның қандай құралдарды қолданғанын, ол өзін тануда қандай ақпаратқа сүйенгенін білу керек. Әртүрлі факторлерге байланысты бірнеше жолмен өзін бағалауға болады. Кей адам өзінің өткен тәжірибесін талдайды, қорытынды шығарады, өз қатесін қайталамауға тырысады. Ал, кейбіреуі мұндай әрекеттер жасамайды. Кейбіреулерге өзін-өзі бағалаудың негізі өз тілегі болып табылады. Мұндай адамдар ешқашанда сын–пікірлермен келіспейді. Өзін-өзі бағалаудың маңызды негізі – қоғамдық–әлеуметтік нормалар. Бұл кезде өзін-өзі бағалау схема бойынша құрылады: “мен бұл нормаға сәйкес келемін, демек мен жақсымын; сәйкес келмесе - жаманмын”.

Өзін-өзі бағалаудың құрылымында психологтар екі компонентті көрсетеді: когнитивті - өзі туралы білу, эмоционалды - өзіне деген қатынас. Оларды ажырату қиын, олар өзара тығыз байланысты. Эмоциялар өзін - өзі бағалауға өзіне қанағаттанушылық немесе қанағаттанбаушылықты береді.

Өзін-өзі бағалау екі формада қызмет етеді: жалпы және жеке. Жалпы өзін - өзі бағалау жеке тұлғаның өзіне қатынасының жалпы стилін және жалпы өмірлік бағдар. Жеке өзін-өзі бағалау адамның сапасын, әрекетін қарым–қатынасын өзі бағалаумен байланысты. Жеке өзін-өзі бағалау адам үшін әртүрлі мәнге ие. Олар адам өмірінің басты сызыттарымен үйлеседі. Кейде теріс бағалау адамның өзінің белгілі бір аймаѓында ол үшін маңызды емес.

Жалпы сияқты жеке өзін-өзі бағалауда жоғары және төмен, тұрақты және тұрақсыз, нақты және нақсыз, сенімді және сенімсіз болады. Бұл сипаттамалардың даму деңгейі өзін-өзі бағалауды қалыптастыру деңгейіне әкеледі.

Өзін-өзі бағалауға екі маңызды фактор әсер етеді: айналасындағылармен қарым – қатынас және баланың өзіндік әрекеті. Кішкентай сәбилердің өзін - өзі бағалаудың алғашқы формасы өзінің жекеленгенін сезуі, яғни бала анасының бет – әлпетін көріп, оның өзінен бөлек екендігін сезеді. Өзін басқа адамнан бөліп қарау, міне , бұл алғашқы өзін - өзі бағалау әрі қарай ол мазмұнмен толығады. Өзін - өзі бағалауда оның мазмұнын анықтауда баланың өзіндік қатысуы ерекше мәнге ие. Уақыт өте келе, баланың айналасында әлем айналысқа түспейді, оның санасына өзіндік орталығы бар жаңа әлем енеді. Бұлардың бәрін бала оңайлықпен игермейді. Ол өзін белгілі талаптарға сай өзін дамытып, жеке тұлға ретінде құруы керек. Өзін - өзі бағалау бұған ықпал етеді.

Өзін - өзі бағалаудың құрылымында когнитивті және эмоционалды екі компонент болады. Өзін -өзі бағалау құрылымын қалыптастыруда балада өзі жайлы терең білуі, өзін бағалауда әртүрлі сипаттамаларды қолдана білу іскерлігі, бағаланатын сапалар мазмұныны түсіндіру маңызды міндеті болып табылады. Сондай  - ақ баланы өз мүмкіншілігін, іскерлік, жеке сапаларын өздігімен бағалауға үйрету керек. Оқу іс – әрекетінде және еңбек іс – әрекетінде байқалатын білімдер мен іскерліктерін тұрақты бағалауға үйрету керек. Мұндай қабілеттерді баланың бойында қалыптастыруда шығармашылық сипатқа ие кез келген шығармашылық іс –әрекетте үлкен мүмкіндіктер береді. Мынадай пікір қалыптасқан: баланы мақтаған жағдайда ол үлкен табыстарға ие болады. Әрине, қолдау мен  жағымды эмоционалды атмосфера іс –әрекітінің кез келген түрінің табысты болуында өте маңызды. Бірақ, еңбектің шын нәтижесі әділ бағалануы керек, баланы өз жұмысын талдауға үйрету қажет.

Өз - өзіне лайықты баға берудің қалыптасуы – баланың тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Балаларда  қатыстық тұрақты өз - өзіне баға беру қоршаған адамдардың бағасының, ең алдымен жақын ересектер мен құрдастардың берген бағасының әсерінен, сонымен қатар баланың өз әрекеттері және оның нәтижелерін өз бетінше бағалау процесінде қалыптасады.

Өзін - өзі бағалау баланың өзіне және өз мүмкіндіктеріне деген сенімінің қалыптасуы негізінде жатады және жеке толыққандылық пен жауапкершіліктің дамуының негізі ретінде болады. Өзін - өзі бағалау керісінше баланың мүмкіндіктері мен қабілеттілігінің ашылуына және қолданылуына кедергі болады, ішкі конфликтілердің пайда болуына , қарым – қатынастың бұзылуына әкеледі және жалпы баланың тұлғалық дамуының сәтсіз өткені туралы хабар береді. Өзін - өзі бағалау, яғни құрметтеу - өзін жақсы қасиеттерге ие, өзі маңызды деп санайтын іс – әрекетте жақсы нәтижеге жете алатын адам деп санау.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Берне Р.Развитие  Я-концепции и воспитание.-М.,1986.

2.     Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве.- М.,1990.

3.     Жасерекшелік психология жәнепедагогика./ Кусайнова М.А.  және Жакишева Г.С.- Қарағанда,2013.\