“Психология и социология”
/ 5. Психолого-воспитательные проблемы
развития личности в современных условиях
Тенкебаева А.З. аға оқытушы, Мадиева М.С. студент
С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемелекеттік университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы
Церебральді сал
ауруы бар балалардың ата-аналарының психологиялық жағдайы
Отандық ғылымда церебральді сал ауруы бар балаларды
тәрбиелейтін отбасыларындағы
мәселелер медициналық зерттеулерде ғана қарастырылды. Бұл
мәселенің осы аспектісі алғаш рет Б.А Воскресенскийдің (1976 ж.) және В.А
Вишневскийдің (1985 ж.) еңбектерінде қозғалды. Әр
отбасында сал ауруына ұшыраған баланың өмірге келуі
анасының ұзаққа созылған депрессиясын туғызады.
1990 ж. аяғында алғашқы психологиялық (В.С Чавес 1993 ж., И.А Скворцов 1995
ж.) зерттеулер жарыққа шықты. Жоғарыда аталған
ауруы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен жұмыс
істейтін мамандар шешімін табуға қиын бірнеше мәселелерді
көрсетті, олар: психофизикалық мәселелері бар балалардан
жақындарының сырт айналуы, баланы тәрбиелеудегі ата-ананың қате ережелері мен
ұстанымдары, отбасындағы бір-біріне деген қырғи
қабақтылық. Аналарда байқалатын жоғары
эмоциялық психологиялық мәселелер де балалардан да
көрініс тапқан.
Балалардың церебральді сал ауруының алғашқы клиникалық
көрінісін 1861 жылы ағылшын хирургі Уильям Литтл сипаттап
жазған. Қазіргі кезде ауру перинатальдік кезеңде басталып, көп жылға кейде
өмірінің соңына дейін созылады, ол психологиялық
сөйлеу және қимыл бұзылыстары ерешеліктеріне
негізделген деген К.А Семеновтің ұсынған жіктемесі
пайдаланылады.
Сонымен қатар, балалардың церебральді салдануы 3 кезеңге
бөлінеді. Балалар салдануының бірінші кезеңі туа сала
және нәресте кезеңде байқала бастайды. Екінші
кезеңде нәрестенің 4-5 айында анықталып, 2-3
жылға дейін созылады. Аурудың үшінші кезеңі
патологиялық қимыл стеоротипін толығымен
қалыптастырады. Екінші дәрежелі ауыртпалықтағы
соңғы кезеңде балалар өмір сүре алмайды.
Сал ауруына ұшыраған балалардың ата-аналарына
педагогикалық көмек көрсету мәселелері белгілі педагогтер
мен ғалымдар М.В. Ипполитова,
Р.Д. Бабенкова, Е.М. Мастюкованың жұмыстарында
қарастырылды.
Сал ауруына ұшыраған балалардың ата-аналардың
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі алғаш 1999-2005
жж. В.В.Ткачев зерттеулеріінде
ұсынылды. Қозғалыс патологиясы бар баланың өмірге
келуі отбасында үлкен қасірет ретінде қабылданады. Сал
ауруына ұшыраған баланың пайда болуы ана үшін
үлкен стресс. Болашақ баланың дүниеге келуімен
байланысты үміт пен жоспарлар бір мезетте бұзылады. Әйелге
әсер ететін эмоциональдік стрестің әсері баланың
әкесіне қарағанда анасына үлкен әсер етеді. Баласы
сал ауруына ұшырап туған ана алғашқы кезеңде
жалғызсырап, өмір сүргісі келмейтін жағжайға
жетеді. Аналардың мұндай мінезіндегі ауытқулар өз-өзіне
деген көзқарастың төмендеуі, кәсіби
дамудағы перспективасын жоғалуы, әйел тұлғасы
ретіндегі қызығушылығының төмендеуі байқалады.
Аналарда болашақ баланың өмірге келуімен байланысты
қорқыныш туындайды. Көбіне
баланы күтіп бағуда ана үлкен рөл атқарады. Мұндай
өмір ритмі физикалық және моральдік ауыртпашылық
тудырады және әйел ағзасына шаршау мен астенизация тудырады.
Қатты эмоциялық стрестің салдары әйел ағзасын
шаршатады. Патологиялық тізбек түзіледі, баланың
дамуының бұзылуы анада психогенді стресс тудырады, бұл
ананың психикасына кері әсер етеді. Баласы ауру ана артериальдік
қан қысымының тербелмелі құбылысына, ұйқысыз
түнге, жиі қайталанатын бас ауруы, терморегуляциялық ақаулар
сияқты күйзелістерге ұшырайды. Бала өскен сайын
психопатогенді жағдай ұзара түседі және аналардың
денсаулығыда соған байланысты ақаулар пайда болады.
Менструальдік цикльдің бұзылуы, ерте климакс, жиі жиі
суық тиу мен аллергия, жүрек буын және эндокриндік аурулар, асқазан
ішек аурулары туындайды. Сал ауруына ұшыраған бала және
оның анасына түсетін физикалық ауыртпашылық өте
үлкен (үйде болғанда баланың қозғалуы, балалы
мектеп пен үй арасында әртүрлі тасымал құралымен
тасу т.б). Осыған қарамастан психологиялық фактор
ештеңемен салыстыруға келмейтін уайым қайғы үлкен
рөл атқарады. Көп жағдайда тәжірибе көрсеткендей
отбасында сал ауруына ұшыраған бала дүниеге келгенде
әкелер тастап кетеді. Кейбір әкелер көбіне жұмыста
болатындықтан тәрбиелеу, білім беру үдерістеріне көп
қатыспайды. Бірақ, зерттеу нәтижесі көрсеткендей ауру
баласы бар анаға тән психологиялық ерекшеліктерге
әкелер де ие.
Ата-аналардың, тұлғаның, уайым
қайғының сипатын көрсететін негізгі психологиялық
факторлар ретінде қозғалыс, психикалық, сөйлеу, сенсорлық
және жеке эмоциялық күйзеліс сияқты компоненттер бала
дамуын тежейді.
Тағы бір айта кететін жағдай, баласының дамуы
тежелгендігін уайымдаған ата-ана психикалық депрессияға ұшырауы
мүмкін. Осы мақалада тура осындай қалып күйге
ұшыраған ата-аналар
категориясы қарастырылған. В.В.Ткачев жүзеге асырған психологиялық зерттеулер сал
ауруына ұшыраған балалардың негізгі мінез қырларын
жалпылай көрсетуге мүмкіндік туғызды. Тәжірибе
жүзінде алынған салыстырмалы талдаулар негізінде жеке дара типологиялық
ерекшеліктері ұқсас ата-аналардың үш тобын (невротикалық, авторитарлық,
психосоматикалық) бөліп көрсетуге болады. Төменде
солардың психологиялық портреттері берілген.
Невротикалық типті ата-ана
портреті. Мұндай ата-аналар мәселені шешуде өте
әлсіз болып келеді. Оларға баяу тұлғалық позиция тән. Оны келесі
түрде дәлелдеуге болады: «Болары болды, енді ештеңе істей
алмайсың. Бала қандай болып туылса, сондай болады». Ата-аналар
мәселені шешуге ұмтылмайды. Ата-аналардың бұл
категориясы туындаған мәселенің шешімі жоқ деп ойлайды,
бұл олардың психологиялық көңіл-күйін
бұзады.
Невротикалық типтегі ата-аналар жеке бас сылтауларын мамандар,
туған туыстар немесе достар тарапынан ешқандай
нұсқаулар болмағандықтан, «Бізге ол баланы қарату
керектігін ешкім айтпады. Біз ештеңе білген жоқпыз» деуге
әзір. Осы ата-аналардың
көбі өмірде бәрі қалай болса, солай болсын деген
ұранды ұстанады. Оларға баласындағы кемшіліктер
өздерінің педагогикалық икемсіздігі салдарынан туындап
отырғандығын түсіну қиын.
Невротикалық типтегі ата-аналар өзінің баласының
мүмкіндіктерін бағаламайды, оның кемшіліктерін жасыруға
тырысады және бала дамуның нәтижелерін шындық ретінде
қабылдауға тырысады.
Авторитарлық типтегі
ата-аналардың портреті. Бұл
топтағы ата-аналар мәселені бірден шешуге тырысады. Бұл
ата-аналардың өмірлік ұстанымдары белсенді
болғандықтан олар мамандардың айтқан кеңесіне
өз ұйғарымдарын алға тарта қарсылық
көрсетеді. Авторитарлық типтегі ата-аналарға екі категорияны
жатқызуғы болады. Біріншісі баланың денсаулығында
ақау барын білгенде босанғаннан кейін тастап кететіндер. Екінші
категориялы ата-ана өзінің баласы және өзі үшін
туындаған мәселені тез шешуге ұмтылады. Баланы тастап кет
деген ұсыныс түссе ата-ана мұны қорлау деп
түсінеді.
Осы категорияға жататын ата-аналардың жаман қасиеттері
ашу-ызасын өзгеден алу, өзін-өзі ұстай алмау, ұрсысуға
дайын тұру. «Қоғам бізге, біздің балаларымызға
үйрене берсін» деген ұранды көптеген ата-аналар
ұстанады.
Психоматикалық типтегі
ата-аналардың портреті. Бұл
категорияға көптеген ата-аналар тобы жатады. Олар мәселеге
жан-жақты қарайды. Осы
ата-аналарға бірінші және
екінші категориядағы
адамдардың ерекшеліктері тән. Бұл ата-аналар авторитарлық категориямен
салыстырғанда эмоциялық көріністері айқын. Олардың
көңіл-күйі ауыспалы, бірде күліп тұрса, енді бір
қарағанда жылап тұруы мүмкін. Олар көп
ұрсыспайды, көп жағдайда өздерін ұстай біледі, кейде
тұйық болып көрінеді. Тәртібі көбіне ережеге сай
болады. Баласының мәселесі сырт көзге білінбегенімен іштей
уайымдайды. Мұны былайша түсіндіруге болады: психикаға
әсер ететін мәселеге іштей білінбей қайғырады. Алдыңғы екі топтағы
ата-аналарда ол сыртқы жоспарда көрінеді, невротикалық типте
жылау, уайымдау; авторитарлық типте ұрыс-керіс, агрессия, айқай-шу түрінде болады. Бұл психосаластикалық
сферадағы бұзылуларды тудырады. Мұндай ата-аналар баласы
үшін өз өмірін құрбан етуге әзір.
Барлық күш-жігерін баласына көмек көрсетуге
жұмсайды. Осындай ата-аналар балаларымен жұмыс істейді,
баласының денсаулығы үшін бәрін жасайды. Олар
мүлде демалмайды және де шаршадым деп мүлде айтпайды. Психосоматикалық
типтегі ата-аналар, авторитарлық
типтегі ата-аналар сияқты жақсы мамандарды іздеуге тырысады. Кейбір
жағдайларда олар өздерінің балалары сияқты бола алады, баласының
өміріне араласа алады, өздерінің білім деңгейін
жоғарылатады, өзінің ауру баласы үшін мамандығын
да ауыстырады. Кейбір аналар
дефектологиялық білімді меңгере отырып, жоғары кәсіби
маман дәрежесіне жетіп өзінің ғана емес өзгенің
баласына да көмек көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Вишневский В.А. «Депрессиялық невроздың динамикасы».,- Москва 1987.
2. Мамайчук М.И., Мартынов В.П., Пятакова Г.В. «Церебральді сал ауруы бар
балаларды әлеуметтік–психологиялық тексеру және ата-анасымен
психо-коррекциялық жұмыс» ⁄ Ред.кол. Шабалина Н.Б.,
Добробольская Т.А., Ширшова Л.А., Москва 1989.
3. Мясищев В.Н. «Тұлға және невроз» Л.1960.
4. Скворцов И.А., Осипенко Т.Н., Дедов Н.П., және т.б
«Неврологиялық инвалидті
балалардың ата-аналарының психологиялық негізі», Москва,
1995. 2-ші басылым.
5. Ткачев В.В. «Дамуы тоқтаған балалардың отбасына
психологиялық көмек көрсету технологиясы» . Астрель - 2007,-318
б.
6. Ткачев В.В. «Дамуы тоқтаған балалар отбасы»: Кеңес
беру және диагностика. Москва, 2007-144 б.