УДК 3272.15.С7
Балалар бойында агрессивті
мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін
факторлар
Тлемисова
Ә.
ҚР, Шымкент қ. ҚИПХДУ
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается
понятие «агрессия», а также причинные факторы проявления агрессии у детей.
RESUME
In this article, the problem of manifestations in
childrens behavior aggressive traits considered in theoretical shidies of
modern ieading foreign.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында, 2012 жылғы 14
желтоқсан, 2050 стратегиялы даму
жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда
баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек
көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып
қарастырылған. [1]
Агрессивті
мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін
шартсыз факторлардың бірі – жанұядағы қатынас.
Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті
балалардың ата-налары физикалық жазаларды қолдануға
бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған,
балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық
суықтықпен қараған. Балалардағы агрессивтілікті
зерттей келе үш вариантын сипаттайды:
1.
Ата-анасының біреуі агрессивті болғандықтан және
агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын
күрделі конфликттер себебінен бала агрессивті болады.
2.
Ата-анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата-аналары
агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және
жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар
физикалық жазалауға ұшырайды.
3.
Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс
қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек
осының салдарынан бала нақты сол агрессивті
мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының
басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар
ата-ана жағынан агресситвті мінез-құлықтың шектен
тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу
ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның
агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі.
Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі.[2]
Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде
жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл
қайталанатын болса, негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын
мінез-құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын
агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және жайсыздық
(дискомфорт) пайда болады.
Агрессивті
мінез-құлыққа анасының және
әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және
фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану
жоғарылай бастайды. Бұл тұжырымды И.Г. Морозова да (1993)
ұстанады. Оның пікірінше, просоциалды өмірлік бағдары
бар жағымды жанұяда өскен балаларға ашық түрде
өзінің агрессивтілігін қанағаттандыруға шек
қойған жағдайда, яғни асоциалды жеткіншектерге
тән сана астындағы кешендерді қанағаттандырудағы
агрессивті садисттік фантазиялау негізіндегі стереотиптегі формаға
айналуы мүмкін. [3]
Әлеуметтенудің
тиімді және мінез-құлықтың агресситвті
формаларының қалыптасуын ескертудің маңызды шарты
үйір болу мотивациясы, балалар сол арқылы қоршағандар
оның ішінде, әсіресе өз ата-аналарының қолдауын,
назар салуын, қызығуларын тілейтін әрекеттерге үйір
болады. Содан кейін екінші бекіту ретінде үйір болу баланың
әлеуметтік талаптар мен шектеулерге бейімделуін шарттандырады.
Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты
тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының
болмауы немесе олар жақтан үнемі жазалаудың болуына байланысты
туындайтын фрустрация да жатады. Балалардың агрессияның
көріну формалары мен әлеуметтік-психологиялық факторлары да
маңызды сұрақтардың бірі, көптеген
зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, агрессивтіліктің
көрінуі индивидуымның өмірлік тәжірибесіне байланысты.
Агрессивтіліктің көрінуі бұл белгілі бір кедергілерге немесе түсірген
ауыртпашылыққа байланысты болатын жауап мүмкіншілігі.
Мәнді мақсатына жету жолында кедергілер пайда болған кезде
индивидум, фрустрацияны қаншалықты бастан өткерсе,
нақты мақсатқа жету талпынысы да соншалықты
жоғары болады. Фрустрация агрессивті мінез-құлық
үшін күшті мотивациялық жүйені қалыптастыра
отырып, агрессивті сезімдерге әкеледі.
Фрустрация
мен агрессияның өзара байланысты екеніне ешқандай шек
жоқ, алайда бұл байланыс бір жақты емес және міндетті
емес. Агрессия жайлы фрустрация – агрессия теориясында, фрустрация
агрессияға деген мотивті немесе ішкі ниеттенулерді жасайды деген
түсініктерді көрсетеді және тек агрессивті мінез-құлық
реакциясы ғана емес, альтернативті реакциялар да болады деп санайды.
Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы фрустрацияны
қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт ретінде агрессияның
көрінуін жеңілдетеді деген ойды дамытады. “Фрустрация жағдайында
агресситі мінез-құлық пайда болу үшін индивидте “диспозиция”
болу керек немесе осыған ұқсас жағдайларда өзін
агрессиялы ұстайтын мінез-құлыққа бейім болу
керек. Мұндай “диспозициялар әлеуметтік үйренулер:
бақылау, қоршағандардың мінез-құлқы,
агрессияны қолданудағы меншікті сәтті тәжірибелер” арқылы
қалыптасады және бекиді.[4] Бұл теорияда агрессивті тұлғалық
диспозициялардың қалыптасуындағы бірінші орынды
әлеуметтік қоршағандар алады, алайда фрейдизмде бірінші
дәрежелі мәнді беретін психобиологиялық конституциялы
ерекшеліктердің белгілі бір рөлдері жоққа шығарылмайды.
Соңғы кездері дамып келе жатқан агрессивті
мінез-құлықты түсіндіруге тырысатын, индивидуалды
және әлеуметтік-психологиялық ықпалдарды синтездеуге
деген талпыныстарды көрсететін “ықтиярсыз күштер” теориясын
айтуға болады. Бұл теорияда агресия барлық
басқа тәсілдер тауысқанда қажетті, тілейтін
жағдайға жетудің құралы деп түсіндіріледі.
Алайда осы жалпы теорияларда импульсивті, психопатологиялық, агрессиялар
жеке сипатқа ие болғандықтан не агрессияның
көрінуін, не фрустрацияға тән сипаттмаларын түсіндіре
алмайды.
Сонымен, агрессивті
мінез-құлықтың табиғаты мәселесіне келсек,
балалардың агрессия мәселесіндегі маңызды сұрақ -
агрессивті реакцияларының жасөспрімнің өзіндік
бағалауымен корреляциялану мәселесі. Өзіндік бағалау
жоғары болған сайын жалпы агрессия көрсеткіштері де
соғұрлым жоғарылай береді. Мұндай өзара байланыс
инструменталды агрессияға да, жауласқан агрессияға да
тән болады. Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын
физикалық агрессияның көрінуге деген бейімділік те
жоғарылайды (Артур Александрович Реан –псих.ғ.д., профессор
1997).[5,6] Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке
қабілетті өзіндік бағалау, өзінің
“физикалық Менін” бағалауға бейімділік негативизм
сияқты агрессия формасымен корреляцияланады.
Кейбір зерттеулер көрсеткендей
агрессивті жасөспірімдерде экстрималды өзіндік бағалау – не
шамадан тыс жоғарғы не төменгі өзіндік бағалау
көп байқалады (Наталья Борисовна Трофимова – псих.ғ.д.).[7]
Жасөспірімдердің агрессиясын түсіну үшін тек
өзіндік бағалауды ғана емес, сондай-ақ өзіндік
бағалау мен сыртқы бағалаудың (референтті
тұлғалар, мысалы мұғалімдері, құрбылары)
ара қатынасын талдау керек. Егер де өзіндік бағалау
сыртқы әлеуметтік кеңістікте қажетті сүйеніш
таппаса, егерде жасөспірімді қоршағандардың
бағалауы оның өзіндік бағалауынан төмен болса,
онда агрессияны фрустрация деп қарастырылуы керек. Алайда
агрессияның фрустрациялық теориясын жақтаушылар
бұл жағдайға мүлдем қарсы болып,
агрессия міндетті түрде туындайды деп көрсетеді. Шынында да
жасөспірімдердегі өзіндік бағалау социумның сыртқы
бағалауымен конфликтіде болады, оларға агрессияның
жоғарғы деңгейлері тән болады
(ашуланшақтық, физикалық агрессия және реніш).
Әдебиеттер
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН
ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, 2012
жылғы 14 желтоқсан
2.
Абілханова
Ә. “Девиантты мінез-құлық адиктивті
мінез-құлықтың спецификасы ретінде”. Педагогика
журналы. 2005
3.
Морозова И.Г.
Патологические формы агрессивно-насильственного поведения у детей и подростков
// Дети и насилие М., 1996. - С. 78 - 82.
4.
Заремба Г Б. Фрустрация
в профессиональной деятельности учителя начальной школы и условия ее
преодоления: Автореф. дисс. . канд. психол. наук. М., 1982. 16 с.
5.
Реан, А.А. Психология
подростка. Полное руководство / А.А. Реан - СПб.: Прайм - Еврознак, 2008
6.
Реан А.А.
Агрессия и агрессивность личности. //Психологический журнал. Том 14. -1996.
-№5. -3-17 ст.
7.
Н.М.
Трофимова, С.П. Дуванова, Н.Б. Трофимова, Т.Ф. Пушкина Основы специальной педагогики и психологии: Уч. пособие, СПб., Питер, 2010