УДК 3272.15.С7
Балалардың
бойында психикалық кемістігі ретінде агрессия қасиетін
психологиялық коррекция жұмыстарының ерекшеліктері
Усанбаева Ф.П. ҚР, Шымкент қ. ҚИПХДУ
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается
понятие «агрессия», даны некоторые особенности психологической коррекции
данного вида поведения.у детей
RESUME
In this article,
the problem of manifestations in childrens behavior aggressive traits
considered in theoretical shidies of modern
ieading foreign.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында, 2012 жылғы 14
желтоқсан, 2050 стратегиялы даму
жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда
баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек
көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып
қарастырылған. [1]
Психикалық дамуында кемістігі бар қиын
балалар – қазіргі қоғамның әлеуметтік және
саясаттық өмірінің маңызды
құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның
қоғамдағы өмірі күрделі және жеке
индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші
әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының
қақтығысынан жиі алып келетін
қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға
анық. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және
инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары
болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз
кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын
балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жасау бүгінгі
күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады. Бүгінгі
таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.
Қоғамның дамуындағы баланың эмоциясы
тұрақты нормада болуының қоғамға
әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге
итермелейтіндігі.
Қиын балалар қайдан шығады?-
деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты
себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе
екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың
мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып,
жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа
сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл,
жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры,
болашағы қандай болмақ.
Қиын балалардың психикалық
дамуындағы жағымсыз кемісіктерінің бірі агрессия,
нақтырақ айтқанда, зерттеу контекстімізде балалар агрессиясы
– қазіргі қоғамның әлеуметтік
өмірінің өзекті көріністерінің бірі болып
саналады. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей
ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін
факторлар бөлімінде негізгі мәселе кішкентай балалардың
эмоциялық, мінез-құлықтық дағдарыстар деп
көрсетіледі.
Агрессиялы баланың ызалы кезінде
олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра
отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай
өзгертуге тырысу қажет.[2] Әртүрлі жағдайларда
баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық
тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай
кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын
қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай
құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік
қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі
үлгі болатындай болу қажет. Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз - Жағымсыз қатынас туғызатын
ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл
күш салу, зиян келтіру əрекеті ретінде түсіндіріледі.
Субъектің агрессивті
мінез-құлқы — жеке тұлға агрессивтілігінің
салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады.
Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі
оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершшік нормалары
және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса
маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар
тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық
өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын
өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі,
қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.)
маңызды рөл атқарады.. Агрессияның кейбір
көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және
т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі
патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал.
Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауынқалыптастыруда
және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей
құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге
тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп
негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және
орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің
маңызы зор.
Психология ғылымында психикалық
құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген
құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады.
Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін
әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан
психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып
қала береді.[3,4,5,6,7,8]
Сонымен қатар
мұндағы тағы бір маңызды жағдай –
балалардың мінез-құлқының кемістігі ретінде болып
табылатын – психологтардың агрессивті балалармен психологиялық
коррекциялау және психологиялық кеңес беру жұмыстарды
ұйымдастыру мен жүргізу.
Агрессиялық невроздар
баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін
тигізеді. Оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып
келеді. Білуге тырысушылық мотиві оқу ісінде басты болудан
қалады. Құндылықтарды бағалау,
өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты
шаршату, көп тапсырма беруде невротикалық бұзылуы
мүмкін. Зерттеу контекстімізде невроз - тұлғалық
дамудың ауруы. Бір патогендік жағдай невротикалық
бұзылуға алып келмейді. Мектеп неврозының көріну
шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық
жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану,
әуреге түсу және баланың жанының
жарақаттануы. Егер оқушыларға невротикалық
реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударса,
адаптациялық бөгеттерді тұрақты етуге ол баланың
психогендік дамуын тоқтатуға болады. Осы проблемаларды шешуге
психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика,
психокоррекция жасау және басқа көмектесетін шаралар
қажет.
Мінез-құлқында
агрессиялық кемістігі бар балаларға психологиялық
қызмет көрсету барысында психологиялық кеңес беру
және психокоррекцияны ұйымдастыру үлгілері және
балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі
қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін
құрушылар И.В. Дубровина, З.А. Малькова, В.М. Вульфсон, К.Р. Рональдо,
Г.Б. Радионов, И.А. Соколова, А.С. Овчинников, И.О. Татур, М.Р. Битянова, Л.И. Прихожан,
Р.С. Немов, В.Г. Гильбух, Е.И. Рогов, Р. Римский, С. Римская т.б.
ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің
мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі,
мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу
жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған.
Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық
қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар
әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген
ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше
орын алатындығы дәлелденген. Сондықтан осы жас
кезеңіндегі балалармен жұмыс жүргізгенде психокоррекция
элементтері және психологиялық кеңес беру қызметі жиі
орын алады.
Баланың жас
ерекшеліктеріне және алдында тұрған агрессиялы проблемасына
байланысты психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу
реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдер анықталады.
Психологиялық
кеңес беру және психокеррекциялық жұмыс жүргізу
өте күрделі жүйе болып табылады. Олардың өзі бір
неше блоктардан тұрады.
І-блок
психодиагностикалық. Бұл кезеңде ыңғайсыз
жағдайға алып келген факторлар талданып, олардың орны
анықталады. Шытырман жағдай зонасы отбасы, құрбылар
ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі т.с.с. жерлер болуы мүмкін
(сол адамның өмір сүру ортасы).
ІІ-блок бағыт беру деп аталады. Бұл
кезеңде балаларды
коррекциялық жұмыс жүргізу
қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері
түсіндіріледі.
Агрессиялы балалармен психокоррекция көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әдіс. Оның ішінде коррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстар әсері үлкен:
а) психологпен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (ұштасып, түйісін, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс құбылмалы. Өйткені балалардың психологқа сеніміне байланысты өзгеріп тұрады.
б) Балалардың психологқа және бір-біріне сенуін және осы сенімнің күшеюі, оны білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты әркім өз сырын ашып айтады немесе түйсініп қалады.
в) Сенімнің артуы. Баланың позитивтік нәтижеге жететінін түсінудің белгісі болып табылады.
Баланың проблемасы отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты болса коррекциялық жұмыс балалармен және олардың ата-аналарымен немесе оларды тәрбиелеуші үлкендермен параллель жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағынада болуы мүмкін:
1 - баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды қалыптасқан талаптарға сай келтіру;
2 - қалыптасқан жағымсыз құрылыстарды бұзып оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;
3 - мінез-құлық стереотиптерін және оның эмоционпалдық көрініс беру формаларын өзгерту;
4 - жалпы даму барысын рекомструкциялау (құрылымын өңдеу);
5 - ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінде барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары ойын әрекеттің орны өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалалық «Менің» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Коррекциялық ойын барысында келесі
мәселелер шешіледі.
1. Балалар
барысында сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
2. Басқа
адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына,
өзіне деген көзқарасы ақиқатқа
жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды
бағалауға, сыйлауға үйренеді.
3. Өзіне
сенімі нығайады.
4.
Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау
тәжірибесін қалыптасады.
5. Ойын және
іскерлік, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне
жаттықтырады.
6. Балаларды
сыйлап кішігірім санасын олардың дербес, өз бетімен қажетті
мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Коррекциялық
ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштері бар, сонымен
бірге әр коррекциялық ойынның өзіндік ерекшеліктері
бар. Ойын коррекцияларының ортақ көрсеткіштері және
өзіндік ерекшеліктері бар.
1. Коррекция
жүргізу үшін оны ұйымдастырған ортаның
коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті.
Кішкентай балалармен коррекция ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады. Ең үлкен ерекшелік - баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмау, нормативтармен таныстырмау, әркім өзінің творчестволық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
2. Екінші талап - қарым-қатынас
ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен пациент
өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына
жәрдем беретіндей болуға тиіс. Өйткені конфликт зонасындағы
байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз
болуының негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке
негізделген қарым-қатынас басқаларға
деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл,
ыңғайсыз екенін көрсетеді және басқалармен
мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді.
Осы іздеу табысты болу үшін жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс
үлгісін көрсетуге тиіс:
1.
үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы
жайбарақат, тілектестік негізінде жүреді;
2.
ешкім ешкімді сынап, мінен алтып, айыптап отырмайды;
3.
шектеу шектеулі, жіберілген қателіктер үшін ұрсу
жоқ;
4.
емін-еркін сезінуге мүмқіндік туғызылады.
Ойын коррекциясын
ұйымдастыру барысында, психологиялық кеңес беру үшін
күрделі мәселелерді талдауға арналған
сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер
өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан
өте қарапайым болады. Мысалы:
«Неге сіз басқаша ойлайсыз? Онда тұрған не бар? ...»
Мәселесіні шеше алмай жүрген адамға кей кезде кішкентай
түрткі керек.
Әлеуметтік
үйренудің когнитивті-бихевиористтік концепциясы тұрғысынан
әлеуметтену процесі индивид өмір сүретін қоғам
мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының
дамуымен байланысты. Когнитивті-бихевиористтік концепция шеңберінде
жеткіншектердегі агрессияны әлеуметтік үйренудің
нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы
мінез-құлықты бекіту мен даму негізін ата-аналар баланы
алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегеніне және
кейінгі кеш кезеңдерде , атап айтқанда, жеткіншек кезеңіне
байланысты іздестіру керек.[9]
Әдебиеттер
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН
ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, 2012
жылғы 14 желтоқсан
2. Джаманбалаева Ш.Е. “Социология девиантного поведения”- А., 1999
3.
Изард К.Е. «Эмоции человека.» - М., 1980. - 290 с.
4.
Психологические
аспекты исследования агрессивности в школе (Опросник Басса-Дарки) //Психология
в казахстанской школе. -№1(25). 2011. -36-39 ст.
5.
Берковиц Л. Агрессия:
причины, последствия и контроль. Издательство:
СПб.: прайм-Еврознак. 2001
6.
Zillmann,
D. The interplay of cognition and excitation in aggravated conflict among
intimates. In D.D. Cahn (ed.), Intimates of conflict: A communication
perspective. 1990. P. 187-208. Hillsdale, NJ: Erlbaum.
7.
Бютнер К.
Жить с агрессивными детьми: Пер.с нем. М.: Педагогика. 1991. - 144 с.
8.
Психология.
Словарь./ Под ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М.:Просвещение., 1990.
–С.7
9.
Фромм Э.
Анатомия человеческой деструктивности. М.,1994.354 с.