Дәуренбекова Ә.К., Зайнуллаева А.Б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ӘР
ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТОПТАН ОҚШАУЛАНАУЫ
ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІ
Стратегиялы даму
жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен
тәрбиелерін жақсарту мен нығайту мәселес баса
айтылған. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың
білім деңгейі мен салауаттылығы. сондай-ақ олардың жеке
тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздын әлеуметтік
және экономикалық техникалық жетістігіміздің негізгі
шарты.Адам адам болып жарытылғаннан соң. оның өмір
сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі. сондай-ақ
қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен
қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан
балалардың қарым-қатынасындағы мәселе -
бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып
қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің
психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке
тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ
білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен
қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан
айналасындағылармен қатынас жасауы өзінің кім екенін
танып, өзін өзгелерден ажырата алудың өзін
басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы
қасиеттерді менгерудің балалардың әлеуметтік
мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі
тірегі деп қарастырсақ. онда олардың
қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып
табылады.
Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және
тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек
көңіл болінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар
жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы
олардын өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша
педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса
назар аудару керектігі туындайды. Әрбір қоғамның дамуы,
әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы -
олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына
байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс
әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге
аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан
және шешілуімен байланысты. Мектептегі оқушылар арасындағы
туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың
мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты
түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі
кездеседі.
Мұндай жағдайлар бала өмірі
мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп
баланың дамуында түрлі ауытқулар. сабаққа
қатынасының өзгеруі байкала бастайды. Топтың жеке
адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар
арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап
жатады. Мектепте баланың жеке тұлталық әлеуметтену
барысында оның рухани ұнамды құндылықтарын ескеру
арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты
жақсарту қажеттілігі туындайды. Оқушылар арасындағы
қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына
немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы
белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын
алады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың
өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға
қоюға арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу
керектігінен туындайды. Қазіргі кезде мектеп өмірінде
қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген
жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектеп
психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі
міндетіне кіретіндігі даусыз. Мектеп оқушылары арасындағы
қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы
баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету
актуалдылығы ешқашан төмендемеген. Сондықтан мектеп
сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылыктары
бар балаларды анықтап оларға дер кезінде көмектесу -
қазіргі мектеп алдында қоғам алдында тұрған
міндеттердің бірі.
Балалардың
әлеуметтік-эмоционалдық дамуындағы оқшауланудың ролін психологиялық
ғылыми-зерттеу жұмыстарынан көруге болады. Бұл
мақалада біз психологиялық әдебиеттерге шолу жасау
арқылы балалардың мектепке дейінгі шақтан жеткіншек
жасқа дейінгі аралықта әлеуметтік изоляцияны зерттеу
мәселелері мен қарым-қатынасында проблемасы бар
балалардың психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі мен
оның дамуын сипаттайтын мәселелерге тоқталамыз. Әлеуметтік
қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш,
қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы,
конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала
психикасындағы көп толғандыратын жайт. Адам
психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі
тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана
дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ
қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам
психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр. Мектеп
жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы
қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде
көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер
мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі
болып табылады. Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін
жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа
үлгеріміне байланысты балалардың өзара
қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын
мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың
ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты. Айталық,
ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары,
сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына
белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып
келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі
төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен
басқа балалар көп жұғыса бермейді. Мектеп жасына
дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция белгілері
үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара ойынмен ойнап
жатқан бала тәрбиешілер мен ата-анаға проблемалы болып
көрінбейді. Алайда мұндай балаларды мұқият зерттеген
кезде, олардың алдында өз қатары мен
қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды
қиындықтар туындайтындығы байқалған Олай болса
өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында
қиыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша
түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:
1. Өз
құрбыларымен өзара қарым-қатынаста бала
инициативасы мен белсенділігі әлсіз болады.
2. Басқа
өз құрбы балаларға инициативалық үндеуі
құнсыз болады.
3. Тұлға
аралық қарым-қатынастағы проблемаларды өз бетінше
шеше алмайды. Өз құрбылар арасында болған кішігірім
қақтығыстар үшін де ересектер мен үлкендерден көмек
сұрап келеді.
4. Өз құрдастарының
арасында беделі төмен болады.
5. Вербальді қарым-қатынас
деңгейінің төменділігі көрініп тұрады.
Жалпы алғанда мұндай балаларды
көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге
болады.Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік
және жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда
ұялшақтық, қорқақтық,
жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық
сезімдері пайда болады. Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану
деңгейі өседі. Олардың өзіне деген бағасы
төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды.Бұндай
қасиеттердің көріну бағыттары психология
ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және
әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие. Мектеп
тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай –
оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне
байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы
ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі
төмендегіше көрінеді.Айталық, ақыл-ойы басқа
балаларға қарағанда жоғары, сабаққа
үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын
оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы
біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу
тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп
жұғыса бермейді.
Ендігі кезекте осындай балалардың
қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін
қарастырып кетейік. Педагогикалық тәжірибе және
психологиялық зерттеулер жалпы білім беретін мектептерде - оқу
барысында арнайы басты талап ететін оқушылар едәуір кездесетіндігін
көрсетеді. Денсаулығына, физиологиялық және
психикалық функцияларының дамуына байланысты норма мен патология
арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу
үлгерімі төмен, артта қалған, әлеуметтік
дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай
балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив)
оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта
қалған балаларға ұқсас болып келеді.
Ақыл-ойы енжарлықтың себебі көптеген әр
түрлі жағдайда олардың дамуындағы
ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен
тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін.
Сондықтан, ақыл-ойы енжар оқушылар ерекше зерттеуді
қажет етеді. Бұл мәселеге
ең алғаш Л.С.Славина зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде
ақыл-ойы енжар балалар төмендегіше сипатталады деп көрсетеді.
1.
Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті
дәрежеде қалыптаспаған.
2.
Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас
құрады.
3.
Шындыққа танымдық
қатынастың болмауы.
В.С.Юркевич
танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне талдау жасай
отырып, «ақыл-ой жалқаулық» ұғымына сипаттама
береді, яғни ақыл-ой енжарлығы - білуге
құмарлықтың балада болмау нәтижесі деп
көрсетеді. Көптеген зерттеулерде нашар оқитын оқушылар
сипаттамасына ұқсас ақыл-ойы енжар көрінуін
түсіндіреді. Дегенмен, «ақыл-ойы енжар» термині жиі
қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің
себебіне түседі.Осыған байланысты ақыл-ойы енжар
болуының табиғаты зерттеуден тыс қала береді, бірінші кезекке
оқуда қиыншылықты жеңу міндеттері қойылады.
Психологиялық әдебиеттерге талдау жасай отырып, ақыл-ойы
енжар - негізгі мәселе ретінде Л.С.Славина жұмыстарынан кейін
зерттеулер жүргізілмеген.
Сонымен мектеп оқушылары арасында
туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін
түсіндіретін оқушылардың өзара конфликттерін
түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды
роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір
тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға
өзіне қажетті бостандығының толық дамуын
қамтамасыз ететін әрекет екенін түсіндіру
қажет.
Әдебиеттер:
1. Божович Л.И. Проблемы
формирования личности: избранные психологические труды / Под ред. Д.И.
Фельдштейна. — Москва; Воронеж: Ин-т практической психологии, 1995.
2. Богоявленская Д.Б.
Природа мышления как процесса. /Московская психологическая школа. М., 2004.
т.1, (1), с.307-314.
3. Психология одаренности
детей и подростков. - М.: Academia /Под. ред. Лейтеса Н.С. Учебное пособие для
студентов высших и средних педагогических учебных заведений Изд. 2-е, перераб.,
доп. М.: ACADEMA. 2000. - 332 с.
4. Юркевич В.С. Одаренный
ребенок: иллюзии и реальность: кн. для учителей и родителей. - М.: Просвещение,
Учебная литература, 1996.