А.Т.Абдрахманова, Н.Қолдағанова
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕ
ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлттық
сана-сезім – бұл нақтылы
тарихи құбылыс. Сондықтан онда қоғамдық болмыс
көрініс табады. Халықтың тұрмыс жағдайының
әр түрлі болуы жоғарыда айтылған болмыспен тығыз
байланысты. Сананың түрлі қоғамдық
қауымдастықта әрқилы болып келуі, тез өзгеріп
отыратын әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екенін
айтуымыз керек.
Ұлттық
сана-сезім этникалық топтың көзқарас, пікірінің
негізінде басқа топтармен арнасу процесінде пайда болып, оның
өзге ұлыстардан айыруға жол ашып береді (В.П.Левкович,
Н.Т.Панкова). Бұл халықтың өзін-өзі тануға,
оның басқа ұлыстарының ішінде орынын белгілеуге
жағдай жасайды.
Ұлттық
сана-сезімді ұлттық тек деген ұғыммен шектеуге
болмайды. Этникалық тек ұлттық сана-сезімді
құраушы бір элемент қана. Осыдан барып ұлттық
сана-сезім тұлғаның және жеке топтың
этникалық тұтастығы негізінде қарастырылады.
Өз-өзін
белгілі бір этнотоптың өкілі ретінде қалыптастыруы
«Тұлғаның психологиялық негізделген актілері»
ұғымына жатады. (Л.А.Байгелдинов). Мұнда адам
өзінің өмірлік құндылығы ретінде тілін,
салт-дәстүрін, тарихи ескерткіштерді, ұлттық
мәдениетті таңдап алады. Егер адам өзінің
ұлттық ерекшеліктерін жан-тәнімен түсіне алатын болса,
онда сана-сезімі ұлттық болмысты қабылдай бастағаны.
Қазақтардың
этникалық ұғымында жеке тұлғаны
қалыптастыру тарихқа негізделіп, өзінің
түп-тамырын тану идеясына құрылады. Халықтық
ұлттық ерекшеліктерін көрсететін мифтер, аңыздар,
таңбалар (көркемдік мәдениеті) ерте уақыттың
әр алуан символдары болып табылды. Сондықтан да қазақ
этносын зерттеуде халық ауыз әдебиетінің тигізер әсері
мол. Мұның ішінде, 13-16 ғасырлардағы
ақын-жыраулар тудырған эпикалық поэмалар қазақ
халқының сана-сезіміндегі өзгерістерді шынайы
айғақтайтын жалғыз қайнар көзі.
Ата-бабаны
қастерлеу қазақтың ұлттық
сана-сезімнің басты ерекшелігі.
Ата-бабаның
қастерлеу рулық құрылымының діни сенімінен де
туындайды. Өйткені, рулық жүйе салт-дәстүр мен
әдет-ғұрыптарды сақтаушы орта. Ол негізінен
аруақтың моласына тағзым етуден байқалады. Кезінде
Ш.Уалиханов қазақтың қайтыс болған адамға
қорған немесе ескерткіш орнату балаларының парызын
саналған деп атап өткен. Бұл – қазақ үшін
киелі ұғым.
Аталмыш
мәселені қазақ халқының өмірі жайында
жазылған көптеген тарихи-этнографикалық, археологиялық,
жазба, филологиялық деректерге сүйене отырып С.Н.Ақатаев зерттеген, ол ата-бабаны қастерлеу
«бабаны құрметтеу арқылы ру-тайпалық топтардың
этнонимдік байланысы» өзінше көрсетеді деп санайды.
Қазіргі
кезде қазақтардың ата-бабаны қастерлеуге деген
ұлттық сана-сезімінің дамуы өзінің рулық
өзінің рулық тегін ең құрығында жеті
атаға дейін білуге деген құлшынысымен байқалады.
Қазақтар үшін шежірені білу жерге, елге деген ерекше
көзқарастан туындайды және ол айналасындағылардың
өзіне деген құрметін айтады. Мұның бәрі
түптеп келгенде қазақ халқының ұлттық
сана-сезімін дамытады. Ал өз ата-тегін, тарихын, тілін білмегендерді
өзінің тарихи түп-тамырынан мақұрым
қалған мәңгүрт деп атайды.
Ю.В.Бромлей
ұлттық сана-сезім – «адамның өзінің осы
ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен
құндылықтарын және басқа ұлттарға
көзқарасын сезініп-түсіну, өзінің кешенді
ұлттық ұғымын қалыптастыру» деп білгірлікпен
атаған.
Қазақтардың
ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы
қазақтардың біртұтас этникалық топ ретінде
құрала бастаған 15-16 ғасырлардан бастау алады.
«Қазақ», «Алаш» этнонимі өмірге келуі арқылы
қазақтар өздерінің өзгелерден айырмашылығын
көріп, қазақ халқының өзге
өкілдерімен біртүтастана бастады. Қазақ халқының
ұлт ретіндегі қазақ этносының үш жүзге –
ұлы, орта, кіші жүздерге бөлініуімен ерекшелінеді.
Қазақтарды
басқа отырықшы елдеге қарағанда ортақ
көшпелі мәдениеті біріктіреді. Бұл этникалық
мәдениет қазаққа ерте кездегі көшпелі
өркениеттен мұра болып жалғасқан. Көшпелі
өмір салты қазақтардың өз ұлтының
толыққанды өкілі ретінде сезіну үшін өте
үлкен маңызға ие.
Территорияның
орталығы да қазақтар үшін маңыз атқарады.
Олар өздерін шалқар даланың перзентіміз деп қабылдады.
Қазақтардың ұлттық сана-сезімінде дала («Арқа»)
туған үйім, Отаным («Атамекен») деген ұғым. Сондықтан
қазақтардың ұлттық сана-сезімінде тарих
мәдениет өте маңызды. Ол ата-бабаны қастерлеумен, киені
құрмет тұтумен байланысты. Қазақтар үшін
Қожа Ахмет Ясауи мазары, Айша Бибі мазары, Ұлытау қасиетті
орындар.
Халықтың
ұлттық сана-сезімінің оянуына әсер ететін
факторлардың бірі – тілі. Тіл арқылы олртаның ахуалы, шынайы
ақиқат айтылады. Сондықтан тіл ерекшелігін зерттей отырып
халықтың ұлттық болмысын тануға болады. Тіпті тіл
арқылы адамның адамға деген қарым-қатынасын
түсінуге болады.
Тілдің
атқаратын этноинтеграциялық функциясы рухани
құндылық ретінде адам тұрмысының барлық
қырларын жалғайды. Сонымен қатар, тіл арқылы
бір-бірімізбен, ортамен қарым-қатынас жасаймыз және
ұлттық жалпы халықтық мәдениетпен
жалғасамыз. Әр адамның өмірінде туған
тілінің маңызы зор. Тіл арқылы біз қандай да бір
этносқа қатыстылығымызды, өз халқымызбен бірлігімізді сезінеміз. Туған тілін –
отбасының, Отанынның тілі.
Кеңес
мемлекеті ыдырағаннан кейін ТМД елдері егеменді ел болып,
тәуелсіздік алған кезде психология ғылыми күрт
өзгерістерге ұшырады. Әсіресе этнопсихология саласында
байыпты зерттеулер пайда бола бастады. Осынау үлкен аймақта
ұлтаралық қақтығыстарға, жанжалдарға
орын берілуі ұларалық мәліметтердің қордаланып
қалғанын және бұл бағыттағы ғылыми
жұмыстарды жан-жақты жүргізу керектігін көрсетті.
Бұл
жерде мына мәселені еске ала кеткен жөн.
Этнопсихологияның
маңызы бөлігінің бірі – ұлттық сана-сезім.
Ұлтаралық қарым-қатынастың дамуына,
ұлыстардың арасын жақындатуға ұлттық
сана-сезім әсер етіп қана қоймайды. Оның сыртында
аталмыш қатынастарды реттеуге құбылыс игі ықпалын
тигізеді. Аталмыш мәселені басқа қырынан
қарастырсақ, ұлттық мәдениетті жандандыру
этникалықсана-сезімді зерттеу мәселелерін әрі кеңінен
қоюға мүмкіндіктер береді.
Ата-бабаларымыз
өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас
ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін
жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдеп-ғұрып,
дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар
адамдардың тұрмысына сінген жөн-жосын,
жол-жоралығылары, әр адамның іс-әрекетінің
қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен
принциптерінің көріністері еді. Көшпелі халық өзі
өмір сүрген қоғамның әлеуметтік
экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына,
табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің
айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас
адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық
нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір
сырлы»делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды.
Халқымыздың
бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда
қазақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан
көргенділікпен дәл басып айтқан еді. Сонау отызыншы
жылдардың басында жазықсыз жазаға үшырап,
зорлық-зомбылық құрбаны болған
Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
Х.Қосмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардың
ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы терең де
сындарлы пікірлері бүгінгі жас ұрпақты толғандырып,
тебірентпей, бей-жай қоя алмайды. Олар өз еңбектерінде кешегі
көшпелі қазақ жұртының арасындағы әр
түрлі қарым-қатынасын ұлттын калоритқа толы сан
алуан көріністерін, енді ғана қаз-қаз басып
жатқан жаңа типтегі мектеп өмірінің күнгей
және көлеңкелі жақтарын, ғылым негіздерін
оқыту мен сауат ашудың тиімді әдістерін, төте жолдарын,
үлгілі мектептердің түрімен комплексті оқудың
тиімділігін сөз етіп, осы секілді ұлттық мектеп пен
психологияға тікелей қатынасты мәселелерді айтқан еді.
Қай
заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар
өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны
қақ. Қоғам өміріндегі қазіргі терең
өзгерістер ұлттың тәлім-тәрбие ерекшеліктерін
бұкіл адамзат жинақтаған тәжірибемен ұштастыра
отырып, қазақ мектебінің болашақ дамуының
жаңа белеске көтерілуіне жағдай туғызды.
Халықтың ата-баба мұрасының баға жетпес рухани
байлықтары: тілі, діні, тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы,
шаруашылық үйымдастыру мен күнкөрісіне байланысты
қалыптасқан ұлттық қолөнері, киім-кешегі
мен ою-өрнегі, ақындық-шешендік өнері,
инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен адамгершілігі –
қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс-бітімі бүгінгі
таңда қазақ мектептеріндегі білім мен
тәлім-тәрбие мазмұнынан беріге орын алуы тиіс.
Ұлттық
тәрбиенің пәрменділігін арттырып, мектептерде оны
жандандырудың бір көзі әдеп-ғұрып,
салт-дәстүр, жон-жосын, жол-жоралығы секілді этностық
ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларына бойлап,
бұлардың қайталанбас белгілерін, оның күнгей
және көлеңкелі жақтарынан даму, қалыптасужолдарын
ғылыми електен өткізуге келіп тіреледі. Мәселен,
халқымыздың кезінде талай жұртты тамсандырған тамаша
қасиеттерін: үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иман
жүзділік, бауырмашылық, ақ көңілділік,
қайырымдылық, ақынжандылық т.б. дамыта түсумен
қатар, социализм түсында теріс бағытта белен алған
әр түрлі келенсіз қасиеттердің (үлкенді сыйламау,
ала ауыздық, арызқойлық,
қызғаншақтық, күншілдік, бақталастық,
рушылдық, дүниеқоңыздық, енжарлық,
ішімдікке құмарлық, неке бұзарлық т.б.) пайда
болу себептерін қарастырып, олардан біртіндеп арылту жұмыстарын
жүргізу – қазіргі таңда ұстаз атаулының басты
борышы мен парызы.
Ұлттық
сана мен халықтық тәлім-тәрбиенің ілкі бастауы
бесіктен қалыптасатыны белгілі. Сондықтанда, ұлт
тәрбиесінің әліппесін
бала шыр етіп жерге түскен күннен бастапүйдеде,
түзде де, мектеп жағдайында да жас буынның ұлттық
санасы мен әдеп-ғұрпы, тілі мен имандылығы
қалайша дамып, қалыптасып отырғандығына үнемі
көңіл бөлу қажет. Имандылық, инабаттылық,
мейрімділік секілді халқымызға тән қасиеттердің
түп-төркіні мен байырғы бастауларын танып-білу долында
ерінбей – жалықпай ізденіс зерттеулер ұйымдастыру, бұларды
тәлім-тәрбие процесінің тұрақты жүйесіне
айналдыру – барша жұрттың әсіресе ұстаздар
қауымының абыройлы міндеті.
Халқымызда
баланы жөргегінен бастап оны ер
жеткенге дейін үздіксіз
тәрбиелеу жүйесі, халықтық педагогика
дәстүрі болған. Сондай-ақ ата-бабаларымыз
ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтерген рухани
мұраны көкпардай қағып алып, кейінгі
ұрпаққа жеткізіп отырған.
Ж.Аймауытов
ұлттық тәрбие туралы аз айтпаған. Мәселен, ол:
«…адамның өз басынаң көгергенімен ұлт көгермейді.
… Ұлт көмектес, ол бақыт сол ұлт ішіндегі
адамдарға ортақ … ұлтың, отанын көркейту –
қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу …» десе,
асқақ ақын М.Жұмабаев: «… қазақтын
тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі … мектебімізді таза, берік һәм
өз жанымызға (қазақ жанына) қабысатын,
үйлесетінін негізінде құра білсек, келешегіміз үшін
тойынбай-ақ серттесуге болады» деген еді.
Қазіргі
жастар тәрбиенің сынар объектісі емес, олар өз өмір
жолын заман талабына орайластыра құруға қабілеті
жететін, шығармашылық істің өнімдері. Олар
нарықтық қатынастарға өтудің кейбір
күйініш-сүйініштерінересек адамдармен бірге тізе қосып,
бастарынан кешіруде. Бұл жайт оларды бұрынғыдан көрі
есейте түсуде. Қоғамдағы әр түрлі проблемаларды
және білуде жас жеткіншектерге аға ұрпақтың
көмегімен ақыл кеңестері әлде де қажет бола
бермек. Сондықтан, жеткіншектердің психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ұмтылыс, белсенділіктеріне қолдау
жасап отыру – үйдегі, түздегі тәлімгерліктердің
абыройлы парызы болмақ.
Халқымыз
құрыметтеп, ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді
жағаның кеңерілуімен тұншықтырып, салт пен
санамызды дәстүрлі адамгершілік азайып кеткенін енді ғана
сезе бастағанға ұқсаймыз. Ұлттық сана-сезім
деңгейінде төмендеп бара жатқанын көз көріп отыр.
Ұлттық сана-сезім дегеніміз өзінің ұлттық
өкімділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік,
жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай
білу. Ұлттық сана-сезім өз ұлтының
әлеуметтік-этикалық мәнін түсіну, ұлт
аралық қатынастарында қандай жағдайға ие
екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі барын
ұғыну, әрі өзге халықтар мен бірдей
бостандықта өмір сүруін т.б. жағдайларды жете түсіну
болып табылады.
Н.К.Крупская
балаға деген бауырмалдың, жылы жүректік шығыс
халқына тән қасиет екенін айта келіп: «балаға деген
сүйіспеншілікті Россиялықтар шығыс халқынан
үйренсін»1 – деп өте орынды айтқан.
Көшпелі
тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің,
кітап пен баспа сөздің қызметін алмастырады. Ол
айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған
жинағы, халықтың өзінше шағын ауызша
энциклопедиясы ғана болып қоймай, ұстаздық,
тәлімгерлік рольді де атқарды, адам бойындағы барлық
жақсылықты көріп, жамандықты әшкерелеп,
күлкіге айналды. Мұндағы ақыл – кеңестер
ұзақ өсиетсіз – қысқа да нұсқа,
әрі иланымды болды. Бұлардың бала тәрбиесіне оны да
айрықша деді. Халық даналығы ата-анаға
ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінің бұрынғылардың
моральдық, психологиялық, медициналық, гинетикалық
өнер салты керлік ой-пікірлерінде шоғаландырып, бүкіл
халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа
қалдырып отырды.
Адам баласы
әртүрлі жағдай да тәрбиенің әр алуан
әсерінде болып, әр салада қызмет етеді. Осы фактілердің
бәрі оның жан дүниесінің
қалыптасуына елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздену,
тәрбиелеу арқылы өзін-өзі сомдайды. Жас
ұрпақты жағымды мінез-құлыққа
тәрбиелеудің түрлі әдіс тәсілдерімен қатар
ұстаз тәлімгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер
бір төбе. Олар өз ақыл, білім,
мінез-құлқымен, қысқасы, бар болмыс бейнесімен
баласына үлгі болуға тиіс. Егер адамды жақсы жағдайда
дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие
болатындығы даусыз. Көшпелі халыққа тән
имандылық, ілтипаттық, жанашырлық, сезімталдық, балажандылық,
т.б. туралы тамаша түйіндер, даналық сөздер
қомақты тақырыптарының бірі. Жақсы, жаман болу
тәрбиенің, оқу білімнің нәтижесі. Әрине,
адамның нақты іс-әрекеттерінің тыныс-тіршілігінің
әсері ерекше маңызды. Адам үнемі өзін-өзі
тәрбиелеумен шұғылданғанда ғана қабілетін
жетілдіре алмақ. Өз кемекшілігін біліп жағымсыз
қасиеттерден арылу адамның өз қолында.
Халқымыз
әр жастағы адамдардың көңіл-күйі,
сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім,
қызығулары, әдеп-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі
жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Ата-ана өз
баласын өнегелі сөзбен, жеке бастының үлгісімен
тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне,
қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым. Жас
бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын
жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік
ерекшелігін айрықша ескеру қажет дейді мақалдар. Баланы
оқытып – тәрбиелеуді оның жас кезінен бастап
қолға алса ғана тәрбие нәтижелі болып жақсы
жеміс бере алады. Жас бала табиғатында оқып үйренуге, танып
білуге әуес. Ұстазда
ата-анада осы жайтты кезінде тиімді пайдаланып қалуы қажет.
Халық адамның білігі, дүние танымы, шыдамдылықты, ойлап
толғануды, құмарлық, ықыласты керек ететіндігін,
берік білім, өнегелі тәрбие іс-тәжірибе үстінде
белсенді әрекет арқылы қалыптасып отыратындығын
әдейлеп ескертіп отырған. Міне – осы мәселелер жеткіншек
психологиясын танып білуге, тәрбиелеуге азды-көпті пайдасы тиетіні
даусыз нәрсе.
Әдебиеттер
1. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология». Алматы, «Білім», 1996 ж.
2. Аракелова Г. «Учителю и родителям о психологии подростка». Москва, 1990 г.
3. Адамбаев Б. «Халық даналығы». Алматы, «Мектеп», 1976 ж.
4. Адамбаева Б. «Алтын сандық». Алматы, «Жазушы», 1989 ж.
5. Амонашвили Ш. «Педагогикалық ізденіс». Алматы, 1989 ж.
6. Адамбаева Б. «Ел аузынан». Алматы, 1989 ж.
7. Әлімбаев М. «Халық – қапысыз тәрбиеші». Алматы,
1977 ж.
8. Бромлей Ю. «Этнос и этнография». Москва, 1973 г.
9. Бейсенбаева Ж. «Әдептілік әлемі». Алматы, 1982 ж.
10. Выготский Л.С. «Педагогика подростка». Соб.соч.в 6 том.,М.,1984 г.
11. Гоноболин «Психология». Алматы,1976 ж.
12. Держанов С. «Ұлттық тәлім-тәрбие».
«Ақиқат», № 12, 1991 ж.