Мусадилова Г.С., Құрмантаева
Ә.Н.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
СТУДЕНТТІК ШАҚТАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарым-қатынас
адамдардың өзара әрекеттестік және өзара
қатынас жасаудың ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас
мәселесін психология, философия, әлеуметтану-осы сияқты
әр саладағы ғылымдар
жан- жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік
психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда
қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс,
күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.
Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның
құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған
байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым –
қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне
жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара
байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік,
интерактивтік және перцептивтік.
Қарым –
қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар
мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу
мәселесімен анықталады;
Интерактивтік
жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара
әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтік
жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы
қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде
қалыптасу процесін білдіреді.
Ғалым
бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым –
қатынас үрдісінде оның үш жағы да
көрінетіндігін дәлелдеді.
Р.С.Немов та қарым – қатынас құрылымын жіктеуге аса
назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым –
қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық
(зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін
алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық
жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен,
қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-
әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен
алмасу).
Мақсаты
бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген)
биологиялық және әлеуметтік қарым – қатынас деп
бөледі.
Тәсілі бойынша
(кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен)
қарым – қатынас тура және жанама болады.
Түрлері
бойынша – іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен
өнімінің іс - әрекеті сияқты болады),
тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының
психологиялық мәселесінің аймағына
шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік
мақсат болып табылмайтын қарым –қатынас өзбеттілік
қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық
қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне
- өзі қызмет ету қарым – қатынасы) болып
бөлінеді.
Қарым-қатынас
жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В.М.
Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және
ұжымдық экспериментінде басты орын алады. В.М. Бехтерев
(1907-1921ж.ж.) әлеуметтік - психологиялық теориясында қарым
– қатынас процесін; және социализацияның механизімі
сияқты адамдардың бір-біріне өзара психикалық
ықпалын, оның дамуын кіргізді. В.М. Бехтеревта
қарым–қатынас адамдарды топқа біріктіру механизімі, тұлға
социялизациясының шарты сияқты қаралады. В.М. Бехтерев былай
дейді, неғұрлым адамдардың айналадағы
қарым-қатынасы бай әрі жан-жақты болса,
соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі
түрде іске асырылады.
«....Әр
түрлі ортада қарым-қатынаста болып өскен адамдармен
салыстырғанда жан-жақты дамыған болады».
В.М. Бехтерев
қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады.
Қарым-қатынастың
тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді қарастырады,
еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік
механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән
факторлық рөлді жатқызды, ал көндіруді психикалық
жағдайды бір адамнан басқа адамға немесе басқаға
оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі
сияқты анықтады. Ол көндіру рөліндегі лидерлердің
жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың
қоғамдық ойларының механизімдегі өзара
әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның
ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоционалдық жағдайларды
жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына
көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті
жүреді».
В.М.
Бехтеревтің идеяларының дамуы өзінің шәкірті
В.Н.Мясищевтің, одан кейін А.А.Бодалев, Б.Г.Ананьев сияқты
ізбасарларынан жалғасын тапты.
Жеке
тұлға қоғамда өзін қоршаған адамдар
тобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына
сәйкес өз ойлары мен мінез-құлқын
өзгертеді, топтың басқа мүшелерімен өзара
әрекеттесу арқылы әртүрлі байланысты сезінеді.
Қарым -қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады,
оның негізінде өркениет дамуының кейінгі кезеңдерінде
қарым-қатынастың басқа түрлері пайда болды.
Біздің әрқайсымыз адамдар арасында өмір сүріп
және жұмыс істегендіктен кез-келген жағдайда өз тілектерімізге тәуелсіз
түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсеміз. Егер
біз өз өмірімізді бақыласақ,онда мынаны байқаймыз:
- басқа адамдармен өзара
әрекеттесіп қабылдаймыз және бағалаймыз;
- түрлі естігендерімізді жиі
қызығушылықпен қабылдаймыз;
-таныстарымызбен немесе кездейсоқ
адамдармен өмірлік тәжірибелерімізбен алмасамыз;
- басқа адамдардың әсерін
сезініп оларға еліктеп өз мінез-құлқымызды
өзгертеміз;
- шешім қабылдағанда көп
жағдайда қасымыздағы адамдардың пікірін есепке аламыз.
Қарым-қатынас
стратегиясы үшке бөлінеді: біріншісі,ашық-жабық
қарым-қатынас.Ашық қарым-қатынаста әр адам
өзінің көзқарасын жеткізе біледі және басқалардың
позициясын тыңдауға әрдайым дайын.тАл жабық
қарым-қатынас ақпаратқа деген өзінің
көзқарасын, қатынасын жеткізе алмауы,
қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы; екіншісі, монологты
стратегия;үшіншісі, рөлдік тұлға аралық
стратегия. Қарым - қатынас - қоғам дамуының құралы
және терең негізі және мәдениет деңгейін
бейнелейтін қоғамдық тарихи дамуының нәтижесі.
Қарым -
қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді:
адамдардың бір-бірін қабылдауы және түсінуі,еліктеу,
сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық,
біріккен іс-әрекет және тұлға аралық
қатынастар. Осы психолгиялық құбылыстың әр
түрлілігінде, оларды, пайда болуының негізгі қайнар
көзі болып адамдар арасындағы қарым-қатынасын айтамыз.
Сондықтан, қарым - қатынас болмаса рухани, материалдық
даму деңгейіміздің қандай дәрежеге көтерілгенін
білмес едік. Біздің әрқайсысымыз өзіміздің
негізгі қырларымызды жеке қарым - қатынас
тәжірибелеріміз арқылы жанұядағы, мектептегі,
жұмыстағы, көшедегі тікелей қатынастар арқылы
игереміз.
Қазақстандық
психология ғылымында адамдардың бірлескен іс-әрекетіндегі
өзара әрекет пен қарым-қатынастағы
мағына,мотив және мақсат құрылым механизмдерін
зерттеуде С.М.Жақыповтың тұжырымдамасы өте
маңызды.Жалпы және жас ерекшелік психологиядағы
қарым-қатынас мәселесін М.М.Мұқанов, Қ.Б.Жарықбаев,
С.М.Елеусізова; мектепке дейінгі мекемедегі балалардың
қарым-қатынастарын тренингтік жұмыстар арқылы дамыту
ерекшеліктері Х.Т.Шерьязданова, Ж.Ы.Намазбаева; этнопсихология
С.Қ.Бердібаева,О.Х.Аймағанбетова және басқалардың
теориялық-эксперименттік жұмыстарының алатын орны ерекше.
Бірлескен
іс-әрекет аймағында тұлғаның жеткен жетістіктері
қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес.Олай болса
қарым-қатынас феномені қолданбалы аспектіде іс-әрекетті
тиімді ұйымдастыру құралы болып табылады. Адамның
кез-келген іс-әрекетінде ақпаратты тасушы ретінде нақты
жақтарын сипаттау мен олармен байланысты мүмкіндіктерін
анықтау қарым-қатынастың барлық саласын
ерекшелеумен сәйкес келеді. Басқа жағынан,адамның
интегралды жеке даралық құрылымын қарастыру оның
бірлескен іс-әрекетте қарым-қатынас қабілетін
нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл жиынтықтарды
есепке алу бірлескен іс-әрекетте тиімді қарым-қатынас
жоспарында жеке даралық мүмкіндіктерді диагностикалау
әдістерін нақтылайды.
Қарым-қатынасқа
түсу, бұл - "бірге болу,келісу,қолсылу,барлығына
бірдей қарау". Егер жоғарыда айтылғандардың
барлығын психологиялық тұрғыда интерпретация жасайтын
болсақ,онда "қарым-қатынас" түсінігінің
алғашқы мәні
ақпараттық,мінез-құлықтық және
эмоциялық-ерікті компоненттер боып табылады.Қызметтік жоспарда -
бұл жағдайдың ауысуы,жалпы ортақ күйге
ену,қалыптастыру бірлескен ақпараттық орта,эмоциялық
уайым және бірдей ерікті импульсті қалыптастыру.
Ал,
студенттік шақтағы қарым-қатынас мәселесіне
келсек, өзінің жоғарғы көрсеткіштерінде
қарым-қатынас айналадағылармен контактқа
түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері
басады,сондай-ақ адамдар арасындағы басқа адамдарға
оның қоғамдық маңызын айқын
көрсетеді.
Оны
Ж.Ж.Руссо өзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді:
«Менің бірінші ең үлкен, ең күшті
қажеттілігім тұтастай менің жүрегімде
қортындыланды: бұл мүмкін болатын интимдік жағдайда
тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».
Шарты
түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің
негізгі екі формасын бөлуге болады:
1)
Қарым-қатынас сі-әрекетті
ұйымдастырудың тәсілі ретінде;
2)
Қарым-қатынас адамның басқа
адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
Ол
жастық аспекттеде әр түрлі кезеңдерден өтеді
және ол жүйелік тәсіл аймағындада өте
қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас
қажеттілігінің дамуы әсіресе тәсіл мен «көлем»
оның тұлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да
маңызды.
Әсіресе
қарым-қатынастағы қажеттілік студенттердің
төменгі курстарында, бірінші курстарда көрінеді. Олардың
көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі
жеке контакттар үзіледі (жанұямен, достармен). Үйренбеген
жаңа ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек
басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да
қатар жүреді.
Айналадағылармен
үйреншікті өзара қатынастың бұзылуы сирек
невротикалық бұзылыстардың көрінуіне әкеледі.
Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жұмыс
істейтіндердің айтуынша оларға көмек сұрап
баратындардың көпшілік проценті 17 ден 25 жасқа дейінгі
жастар. көптеген адамдар дәл осы студенттік шақта пайда
болған қарым-қатынастың стихиялы стильінің
түзетуді қажет ететінін түсіне бастайды. Оларға
айналадағылармен өзара қатынастың міндеттерін
қайта құруға тура келеді.
Бұл
өз кезегінде көп ойланатын жастарды өзін терең
түсінуге, өзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен жеткіліксіз
жақтарын түсінуге, өз-өзін тәрбиелеумен
айналысуға итермелейді.
Қарым-
қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында,
тіпті олардың профессионалдық және
әлеуметтік-психологиялық бейімделуіндеде маңызы өте
зор. Ерекше зейінді авторлар студенттік шақтағы қатынас пен
қарым-қатынас белсенділігіндегі өзара байланыс қажеттілігіне
аударды.
Олар
әділетті түрде студенттік шақтағы маңызды
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге міндетті түрде
іс-әрекеттің ұжымдық формасына тырысудан
туындаған, құрдастарымен интенсивті қарым-қатынас
қажеттілігі кіретінін белгілейді.
Сондықтанда
студенттердің арасында студенттердің топтық
қызығушылықтырын қорғаумен байланысты
сондай-ақ хабарлай отырып орындауға болатын ұжымдық бағытта
жүретін тапсырмалардың маңызы өте зор. Студенттер
коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің
маңыздылығын, қатынастың дамуын анық
меңгереді.
Жоғарғы
оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде әр
түрлі жағдайлық сензитивті кезеңдерді, жаңа
талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдауды басынан
өткізеді.
Студенттердің
қарым-қатынас стилін қалыптастыруда осы кезеңнің
маңызы өте зор, бірақ жиі оны ешкім ешқалай ескермейді.
Осы кезеңде ойластырылған педагогикалық өзара
әрекеттер маңызды түрде студенттердің әлеуметтік
өмірдегі тәжірибелерді меңгеруі, көптеген әр
түрлі әлеуметтік топтармен байланысты құру қаблетілікті,
жолдастықты, достықты дамытуы, тәжірибемен, ақылымен,
мұңымен, көңіл-күйімен бөлісе білуі
эффективтілікті жоғарлатады.
Сондықтанда
қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық
сферасында, яғни олардың профессионалды қалыптасуы,
тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және
студенттік ұжымның қалыптасуындағы
тұлғааралық қатынастың қалыптылығы,
әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны
өте үлкен.
Әдебиет:
1. Сейталиев Қ. Жалпы
психология: Оқу құралы. –Алматы: Білім, 2007
2. Жарықбаев Қ.
Жалпы психология: Оқулық.- Алматы, 2004
3. Қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Педагогика және психология. – Алматы: Мектеп, 2002
4. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы,
1996.
5. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997