Психология и
социология/ 9. Психология развития
п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай
педагогика магистрі, аға оқытушы М.А.
Мырқасымова
Психология мамандығының 2 курс студенті А. Құттыбек
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты,
М.Х. Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан
Психикалық
даму қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру ретінде
Психологияда
психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибені
меңгеру ретінде қарастырылады, оның барысында бала психикасының адамдануы жүзеге
асады [1]. Жануарларда мінез-құлық механизмдерінің екі
типі бар. Біріншіден, тумыстан, мұрагерлік механизмдер, онда
туылғаннан, көріністі тәжірибелер белгіленіп, тіркелініп
қойылған. Екіншіден, игерілген мінез-құлық, онда
жеке тәжірибені игерудегі қабілеттер белгіленген.
Адамда жануарларда
жоқ ерекше тәжірибе бар – қоғамдық-тарихи
тәжірибе, бұл баланың дамуын едәуір мөлшерде
анықтайды. Балалар, оның ағзасының және
жүйке жүйелерінің құрылымы мен
функцияларындағы, құрылымдарындағы дара
қабілеттер бойынша әр түрлі болып туылады. Толық
қанды психикалық даму үшін бас ми қабығы мен
жоғары жүйке жүйесінің жақсы жұмыс жасауы
қажет. Жетілмеген немесе ми зақымы болған жағдайда
қалыпты психикалық даму барысы бұзылады. Бірақ туыла
біткен және мұрагерлік ерекшеліктерді біріктіретін
биологиялық фактор тек психикалық дамуға арналған
алғы шартты құрастырады. Бала туыла біткен ерекшеліктерді
жатырішілік өмір процесінде меңгереді. Ұрықтың
функционалды және де анатомиялық құрылымындағы
өзгерістер ананың тамақтануына, еңбек етуі мен
демалысына, ауруға шалдығуына, жүйке жүйесінің
күйзелістеріне және т.б. байланысты болуы мүмкін.
Мұрагерлік
ерекшеліктер белгілі бір физика-биологиялық ұйым түрінде
беріледі. Оған жүйке жүйесінің типі, болашақ
қабілеттердің нышандары, талдауыштар
құрылымындағы ерекшеліктер мен бас ми
қабығының жеке бөліктері жатады.
Мұрагерлік
сияқты, туыла біткен ерекшеліктер де болашақ тұлға
дамуының мүмкіндіктерін көрсетеді. Психикалық даму
көбінесе осы немесе басқа мұраланған ерекшеліктің
қандай қарым-қатынастар жүйесіне біріктірілетіндігіне,
оған тәрбиелейтін ересектер мен баланың өзінің
қалай қарайтындығы байланысты.
Баланың
психикалық дамуындағы негізгі, анықтаушы рөлді
таңбалық жүйе, заттық форма түрінде берілген
әлеуметтік тәжірибе алады. Оны бала мұра етіп ала алмайды,
иемденеді. Баланың психикалық дамуы қоғамда
қалыптасқан үлгі бойынша, берілген қоғамның
даму деңгейіне сәйкес, сол әрекеттік формаға байланысты
жүреді. Сондықтан да балалардың дамуы әр тарихи
қоғамда түрліше болады. Сайып келгенде психикалық
дамудың формалары мен деңгейлері биологиялық емес
әлеуметтік түрде міндеттелген. Ал биологиялық фактор даму
процесіне тікелей емес, өмірдің әлеуметтік шарттарының
арасынан жанама түрде ықпал етеді.
Бұндай
дамудың түсінігінде әлеуметтік ортаның басқа
түсінігі өрбиді. Ол жағдай емес, дамудың шарты емес,
оның қайнар көзі ретінде, өйткені онда баланың
болашақта игеретін жағымды, жағымсыз
мінез-құлық түрлері алдын-ала қойылған,
яғни дайын түрінде. Әлеуметтік орта баланың
айналасындағылардан құрылады. Ол үш компоненттің
өзара байланысынан көрінеді. Макроортаны
әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және
идеологиялық жүйелер сияқты қоғам
құрады. Олардың аясында тұлғаның
бүкіл тіршілік әрекеттері өтеді. Мезоорта бала өмір
сүретін аймақтың ұлттық-мәдени және
әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін біріктіреді. Микроорта –
бұл баланың бірден-бір өмір сүретін ортасы (отбасы,
көрші-қолаң, құрбылар тобы, баланың
қатысатын мәдени, білімділік-тәрбиелік мекемелері). Айтарлықтай,
баланың әр жас кезеңінде әлеуметтік ортаның
әр компоненті психиканың дамуына әрқалай әсер
етеді.
Әлеуметтік
тәжірибені игерудің шарты болып баланың белсенді
әрекеті мен ересектермен қарым-қатынасы болып табылады.
Баланың
әрекетінің арқасында әлеуметтік ортаның
оған ықпалы күрделі екі жақты әрекеттестікке
айналады. Тек қана қоршаған орта ғана балаға
әсер етпейді, сонымен қатар бала да ортаны өзгертіп,
шығармашылық танытады. Баланың айналасындағы заттар
оның сол заттар туралы ойының дамуына әсер етеді
(қаламмен сызуға болатындығы, инемен тігуге, домбырамен
ән айтуға). Тәжірибені меңгерудің нәтижесі
– оның осы заттарды игеруі, яғни адамдық қабілеттер мен
қызметтердің қалыптасуын айтамыз (қарым-қатынас
жасау, жазу, сызу т.б.).
Заттардың
өзінде оларды пайдаланудың әдістері қаланған,
оларды бала өз бетінше ашуға қауқарсыз. Өйткені
заттардың қызметі олардың басқа физикалық
қасиеттері сияқты көзге көріне бермейді, мысалы:
түсі, пішіні және т.б. Заттардың неге арналғанын
ересектер меңгерген, тек қана ересек адам ғана баланы
оған үйрете алады. Ересек адам мен бала бір-біріне қарсы
тұрмайды. Бала әу бастан әлеуметтік тіршілік иесі болып
саналады, өйткені туылған сәтінен бастап әлеуметтік
ортаға түседі. Ересек, оның өмірі мен әрекет
тіршілігін қамтамасыз ете тұра, қоғамдық
қалыптасқан әрекеттерді пайдаланады. Ол бала мен заттар
әлемі арасындағы аралық байланыстырушы ретінде, ол заттарды
қалай қолданудың әдістерін тасымалдаушы ретінде оны,
яғни баланы осы заттық әрекеттерді игеру процесіне
бағыттайды. Бұнда баланың әрекеті заттың адекватты
бағытталуына айналады. Ересек баланың әрекетін тиісті
формаларға бағыттайды және ұйымдастырады, олардың
көмегімен ол қоғамдық-тарихи тәжірибені
меңгереді. Бала ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы
заттық, тұрмыстық, ойын, еңбек әрекеттері
көмегімен түрлі әрекеттерді меңгереді. Екі
маңызды компоненттерінің қалыптсауы жүзеге асырылады –
мақсатты-мотивациялық («Неге, не үшін, әрекеттерді
жасау керек?») және операциялы-техникалық («Қалай істеу
керек, қандай құралдар, қандай әдістер
көмегімен?»). Екі компоненттің де тасымалдаушысы ересек адам болып
табылады. Психикалық даму процесі барысында әрекеттің осы
немесе басқа жақтарының игерілуі жүзеге асырылады [2].
Осылай, бала сәбилік кезеңде ересек адам әрекетінің
мотивациялық жақтарын меңгереді, ерте балалық
шақта заттармен әрекеттесудің әдістерін, ал мектепке
дейінгі кезеңде қайтадан ересек адам өмірінің
және әрекеттерінің одан да үлкен көлемінде
бағыттарын меңгереді.
Адамның
психикалық дамуының негізгі механизмі болып әрекеттің
тарихи және әлеуметтік қалыптасқан түрі мен
формаларын меңгеру механизмі табылады. Процестер, сыртқы формада
меңгеріле отырып ішкі, ойлау әрекеттеріне алмастырылады [3].
Қоғам
балаға қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесін
әдейі ұйымдастырады, тәрбиелік-білім беру мекемелерін: бала-бақша,
мектептер, ЖОО және т.б. құра отырып, оның барысын
бақылауға алады.
Оқыту –
бұл білімді меңгеру, білік пен дағдыны қалыптастыру
процесі. Атап айтсақ, баланы оқыту туылған сәттен
бастап жүргізіледі, яғни бала әлеуметтік ортаға
түседі және ересектер оның өмірін ұйымдастырып,
оған адам қолымен жасаған нәрселер арқылы
ықпал етеді. Баланың әрекеті әсер ететін
жағдайларға, қолданылатын педагогикалық ықпал мен
жасына байланысты әртүрлі болады, бірақ барлық
жағдайларда оқыту сөздің кең
мағынадағы мәнінде орын алады [4]. Егер ересек адам өз
алдына баланы қандай да бір нәрсеге үйрету үшін саналы
түрде мақсат қойса, сол мақсатқа жету үшін
әдіс пен тәсілдерді таңдайды, онда оқыту
ұйымдастырылған, жүйелі және мақсатты
бағытталған пішінге ие болады.
Тәрбиелеу
белгілі бір бағдарлардың, өнегелілік ой
тұжырымдардың және бағалардың, құнды
бағдарлардың қалыптасуын жобалайды, яғни
тұлғаның барлық жақтарының
қалыптасуы. Оқыту сияқты тәрбиелеу де туылған
сәттен бастау алады, онда ересек адам өзінің
қарым-қатынасы арқылы баланың
тұлғалық дамуына
негіз қалайды. Баланы тек қана әдейі
ұйымдастырылған әңгімелесулер мен жаттығулар
ғана емес, сонымен қатар ата-анасының өмір сүру
түрі, олардың сыртқы көрінісі, әдеттері
тәрбиелейді. Сондықтан да ересектермен
қарым-қатынасының әрбір сәті маңызды
рөл атқарады, тіпті, мейлі ересектердің ойынша көзге
біліне бермейтін қарым-қатынас элементтері де.
Сонымен
психикалық даму өмірдің жағдайлары мен тәрбие
арқылы анықталады, бұл алдында айтылғандай,
өзінің жеке ішкі логикасына ие. Бала механикалы түрде
кез-келген сыртқы әсерлерге душар болмайды, олар қалыптасып
қойған ойлау формалары арасынан, сол жас кезеңіне
сәйкес қызығушылық пен қажеттілікке байланысты
таңдамалы түрде меңгеріледі. Яғни барлық
сыртқы әсерлер әр кезде ішкі психикалық жағдай арқылы
әсер етеді [5]. Психикалық дамудың ерекшелігі болып
оқытудың оптималды уақытына деген шарттары, белгілі бір
білімдерді меңгеру, осы немесе басқа тұлғалық
сапалардың қалыптасуы арқылы анықталады.
Сондықтан да оқыту мен тәрбиелеудің формалары мен
әдістері баланың тұлғалық, жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынуы тиіс.
Даму,
тәрбиелеу мен оқыту бір-бірімен тығыз байланысты және
тұтас процестің мүшесі ретінде көрінеді. С.Л.Рубинштейн
жазған: «Бала басынан жетілмейді және тәрбиеленіп,
оқытылмайды, яғни ересектердің басшылығымен адамзат
жасаған мәдениет мазмұнын меңгереді; бала дамымайды
және тәрбиеленбейді, керісінше тәрбиелене және
оқытыла отырып дамиды, яғни оқыту мен тәрбиелеу
барысындағы баланың жетілуі және дамуы жай көрініс
таппайды, сонымен қатар жасалынады».
Әдебиеттер:
1. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М., 1981.
2. Эльконин Д.Б. Некоторые вопросы диагностики психического развития детей. //
Избр.психологические труды. – М., 1989. – С.301-305.
3. Выготский Л.С. Проблема возраста. -// Собр.соч.: В 6 т.-М., 1984. – Т.4-С.
244-268.
4. Запорожец А.В. Основные проблемы онтогенеза психики. -//
Избр.психолог.труды: В2 т., - М., 1986. – Т.1. – С. 223-257.
5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т. – М., 1989. – Т.1.