Дубурбаева Г.А., ғылым магистрі Зеберова М.Б. , білімгер
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
Қашықтықтан
аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар құру
Ғарыштық
түсірілімдерді пайдаланып жергілікті жердің түрленуі мен
шаруашылыққа пайдалану деңгейі әртүрлі
аудандардың карталарын жаңарту
мерзімдерін белгілеуге болады.
Картаның
түпнұсқасын камералық өңдеу жолымен
түсірілім бойынша картаның көнеруін және
топографиялық карталардың толық немесе ішінара
жаңартуды қажет ететін беттерін анықтайды. Сонымен
қатар, барлық масштабтар үшін немесе ұсақтан
біртіндеп іріге қарай кезекпен барлық қарталарды
жаңартуға мүмкіндік туады.
Ғарыштық
түсірілімдер бойынша көптеген тақырыптық карталар да құрылуда.
Оларға орографиялық, геоморфологиядық, ауыл шаруашылық,
қазіргі кезеңдегі табиғат қорлары
жағдайының, бағалау, болжау карталарын, қоршаған ортаны
қорғаудың кешенді карталарын қамтитын тақырыптық
карталар сериялары жатады.
Елімізде шаруашылықтық
мақсатта бірінші кезекте игерілетін аудандар үшін
ғарыштық ақпараттар негізінде табиғат қорларын
кешенді бағалау және тіркеу бағдарламасы жасалып,
табиғаты мен болашақта шаруашылықты тиімді дамыту
бағыттарын сипаттайтын сол аумақтардың алуан түрлі
тақырыптық карталары құрылған.
Жердi аймақтарға
бөлудiң ережелерi мен принциптерi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi. Жаңа
картографиялық әдістемелер және оның
Қазақстанда қолданылуы ГАЖ-дың көмегімен
орындалады. ГАЖ- дегеніміз–табиғи және
әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың
құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен
уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен
мәліметтер банкісі негізінде комьютерлік белгілеудің көмегін
зерттейтін ғылым.
Қазіргі уақытта
ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, Дәстүрлі
қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын
басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек
географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық
картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да
картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе
автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым
әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан
басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың
көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз
карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады.
Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы,
әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта
құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта
мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы
басқа деректерді түзетіп, сол мезетте экранға
көрсетеді. Кеңістіктік деректер- нысан немесе
құбылыстың пішіні немесе орналасу жағдайын
анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және
векторлық деп бөледі. Растрлық деректерде–сандық,
ғарыштық, әуе және жай суреттер, кез-кезген
оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын
жатқызуға болады. Атрибуттық деректер–географиялық
нысан туралы қосымша дерек береді. Кеңістіктік деректер
базалық карта құрастырудың негізі болса,
атрибуттық деректер бұл картаға үлкен мағына мен
арнайы ерекшелігін береді. Векторлық деректер моделі-графикалық
ақпараттардың нүкте, сызық, көп бұрышты
түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы,
құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға
ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең
ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде
көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға
ыңғайлы. Әр қаяшықтың класқа немесе
категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады.
Кез-келген ГАЖ-дағы деректерді 5 үрдіс қамтамасыз етеді:
енгізу, манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау.
Тақырыптық
карталарда бір немесе бірнеше табиғи және
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделіп,
олардың мазмұнын ашуға аса назар аударылады.
Тақырыптық карталардың мазмұны шартты түрде екі бөлімнен
тұрады. Бірінші негізгі бөліміне картаның тақырыбын
айқындайтын құбылыстар кіреді. Бұл бөлімді
картаның арнайы мазмұны деп атайды.
Методологияық
көзқарасымен қарағанда қазіргі уақытта
экономикалық картографияны дамытуда үш нақты мақсатты
бағыттар қалыптасты: ресурстық бағалау және
экологиялық-экономикалық.
Қазіргі кезеңде белгілі бір аумақта жер беті
құрылысын арақашықтықтан зерделеп зерттейтін
және нақтылы мәлімет беретін тәсіл
геоақпараттық жүйе (ГАЖ). Әсіресе көп
көлемді зерттеу материалдарын өңдеп, арнайы ақпаратты
жинау өте күрделі мәселе.
Қашықтықтан зерделеумен ГАЖ көмегімен мәліметтер
базасы арқылы техникалық жұмысты атқара отырып,
математикалық талдаулар арқылы кеңістікке таралған
ақпараттарды өңдеп бейнелік карталар жасап
шығаруға мүмкін береді.
Кең байтақ Қазақстан аумағында
геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғарыштық
мәліметтерді пайдаланып, яғни оларды далалық зерттеу
мәліметтерімен ұштастыру геоақпарат технологияларын
жетілдірумен карта сапасын жақсартып, картографиялық
ақпараттың қазіргі заман талаптарына сәйкес жерді
арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін қолданумен
карта құрастыру және безендіру үрдістерінің
жаңа әдістерін құрастыру үшін геомәліметтер
базасы мен бағдарламалық құралдарды жасау өзекті
мәселе.
Тақырыптық карта жасауда ауылдық округінің
масштабы 1:50000 геоботаникалық карталарын құрастыру
мақсатына жету үшін келесі мәселелер қарастырылады:
а)
өсімдік карталарын ғарыштық түсірімдер мен ГАЖ
технологияларының мүмкіндіктерінің қолдану тарихына
сипаттама беру;
б)
зерттеу нысандарына сәйкестелген әдістерге талдау жасап
олардың оңтайлы нұсқаларын пайдалану;
в)
геоботаникалық карталарды құрастырудағы
тәжірибелік және теориялық әдістерін қарастыру;
г)
ауылдық округінің масштабы 1:50000 табиғи мал
азықтық алқаптарының геоботаникалық, өнімділік картасын және жердің
жай-күйі мен оны ұтымды пайдалану картограммасын
құрастыру.
Карта
құрастыру барысындағы атқарылатын міндеттері:
- ірі масштабты
геоақпараттық картографиялық жүйенің
әдістерін тереңдете толықтыру;
- өсімдік
карталарын құрастыру үшін ақпараттық
бағдарламаларға қол жеткізу.
Бұл
жұмысты жаңа технологиялық кеңістіктегі талдау (анализ)
және далалық зерттеу мәліметтері мен әр түрлі ірі
масштабтағы деректерді үйлестіре отырып іске асыруға болады.
Геоақпараттық
картографиялауды қамтамасыз етуде ArcGIS бағдарламалық
нұсқасы қолданылады. Барлық картографиялық
деректер сканерлеу және ArcGIS бағдарламасы арқылы векторлеу
арқылы сандық үлгіге айналдырылады. ArcGIS
бағдарламасында мәліметтерді векторлау кезінде біркелкі геомәліметтер
базасы құрылып, IRS ғарыштық суреті мен далалық зерттеулер нәтижесінен
дерек көздері ендіріледі.
Кез-келген тақырыптық карта құрастыру үшін,
карта негізін құрастырады. Карта негізіне географиялық тор,
(өзендер мен көлдер, су қоймалары, каналдар), елді-мекендер,
жолдар, әкімшілік-территориялық шекаралар кіреді. Кез-келген
территорияның шеңберінде жатқан топографиялық
карталарды кеңістікте үйлестіріп, объектілерді векторизацияланады.
Алынған векторлық қабатты келешекте басқа картаны
кеңістікте байлау үшін қолданылады.
Қорыта келе
өндірістік аймақтың өсімдік жамылғысының
таралу жағдайы мен өсімдік түрлерінің қалыптасуы
жайында сандық және сапалық түрде де толық
мәліметтерді жерге орналастыру, жер кадастрын жасауға, сонымен қатар
көптеген салаларда пайдалануға жол ашады. Ұсынылған
әдістемелік жүйе жұмыс нәтижелерінің сапасын
арттыруға, арнайы ғылыми зертхана орындарында ауқымды
ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында және де болашақ
мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын
толықтыруға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер
1.Лурье И.К. Геоинформационное картографирование. Методы
геоинформатики и цифровой обработки космических снимков. М.: Изд-во. КДУ, 2010
2.Уварова А.К., Мазбаев О.Б. Топография негіздері
және жергілікті жерде бағдарлау,
Қазақ университеті, 2007
3. Фокина, Л.А.
Картография с основами топографии: учеб. пособие для вузов / Л.А. Фокина. - М.:
Гуманитар, изд. центр ВЛАДОС, 2005. - 335 с.Е.В. Полушина, 2007