Мазмұны
Оқу жолы
1949 Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі
Қазақ ұлттық тех. ун-ті) институтын бітірген;
Жұмыс жолы
Шаһмардан
Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда
облысының Шиелі ауданы Тартоғай
ауылында дүниеге келеді. Шаһмардан Есенов — қазақ
кеңес геологы, пайдалы
қазбалар саласының маманы, қоғам және
мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының
докторы, профессор Қаз. КСР ҒА-ның академигі (1967). Жезқазған геология
барлау экспедициясының геологы,
аға геологы (1949-1952), бас геологы (1952-56), бас инженері (1956- 60),
Қаз. КСР геология министрінің орынбасары (1960), Қаз. КСР
геология министрі (1961-65.) Қаз. КСР Министрлер Кеңесі
Председателінің орынбасары (1965-67) болды. 1967-74 жылдары Қаз.
КСР ҒА-ның президенті жөне Қаз. КСР ҒА-ның
Қ.И.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология
ғылымдар институтының директоры.
Шаһмардан Есенов —
академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Ол 1952-60 жылдары
Үлкен Жезқазған кен-руда өнеркәсібінің
шикізат бөлімін ашу және бағалау жөніндегі барлау
жүмысына басшылық етті. Бүл кезеңде Жезқазған ауданы геологиясының
неғұрлым күрделі теориялық және практикалык
мәселелерін шешуге тікелей қатысты боксит-асбест сияқты маңызды
пайдалы қазыналарды іздеу мен барлау әдіс-тәсілдерін
анықтау жөніндегі жұмыстарды басқарды. Осы
жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда шикізат кенінің
барланған қоры бұрынғыдан бірнеше есе артты. Химия
және қорғаныс өнеркәсібіне өте
қажетті шикізат ірі кені ашылды. Ол қысқа мерзімде барланып,
өнеркәсіпті игеру меңгерілді. Осы ауданның марганец, мыс, металл, никель, кобальт, темір рудалары, құрылыс
материалдары мен мыс кендері ашылып зерттелді. 1965 жылы Ш.Есенов республикада
жүргізген барлық геологиялық іздеу және барлау
жүмыстарына жалпы басшылық етті.
Бұл
жылдары Қазақстанда пайдалы
қазбалардың бірқатар ірі кен орындары ашылып, игерілді.
Соның ішінде Маңғыстаудың оңтүстігінде аса
ірі мұнайлы-газды аумақтың, Жетібай мен Өзен мұнай
орындарының ашылуы, қысқа мерзімде барланып, іске
қосылуы үлкен жетістік болды. Осы жұмысқа тікелей
қатысқаны жөне басшылық еткені үшін бір топ
ғалымдармен бірге Лениндік сыйлық берілді(1966).1970
жылы әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына байланысты
Халықаралық симпозиум Алматыда ашылды. Оған
әлемнің көптеген елдерінен қонақтар
шақырылды. Ш.Есенов осында өзі баяндама жасады. Осы симпозиумда ұлы
бабамыз Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанды.
Ш.Есеновтің
кезінде Отырар қаласының
қазылып зерттелуі, "Алтын
адамның" табылуы ол өзінше бір суре
әңгіме...
Ш.Есеновтың
да бөле-жара айтатын тағы бір ерекше еңбегі — сол
шақтары академиялық ғалымдардың, геологиялық
қызмет пен ғылыми жөне инженерлік ұлттық
кадрларының дайындалуына зор еңбек сіңірді.
Ұлттық кадрлар Ш.Есеновке дейін саусақпен санарлықтай
екен. Біз Ш.Есеновтің кезінде келген олардың тізімін
жасағанымызда көш-құлаш тізім шықты.
— Мен
президент кезімде ұлт кадрларынан академиктер қатарын
толықтыруға тырыстым. Корреспондент-мүшелер саны
көбейді. Маған тым ұлтшылсың деген кінә
тағылды. Соған қарамастан қазақтың жас
әрі білімді жігіттерін көп тарттым, —
деген еді Шахаң бір әңгімесінде.
Ол кісі
шыншыл, өділетшіл жан болатын. Ойындағысын ірікпей, кім болса да
бетке айтатын. Осы қайсар мінезі оның қызметінің
төмендеуіне көп өсерін тигізді. Жоғары лауазымды
адамдар оны министр қызметінен алып, далалық геология-барлау экспедициясының
жай қарапайым бастығы қызметіне ауыстырған кезі де
болды. Политехникалық институтта ұстаздық та етті. Оның
беделін түсіру үшін небір өсек-аяңдарды да әдейілеп
ұйымдастырды. Тіптен бүкіл атақтарын алып тастауға да
әрекет жасалынды. Бірақ олар Шаһмардан Есенүлының
халқы үшін жасаған ұшан-теңіз еңбегіне,
оның алдындағы зор беделіне нұқсан келтіре алған
жоқ.
Ш.Есенов
Жетістіктері
Ш.Есенов
100-ден аса ғылыми еңбек жазды. Республика геология ғылымын,
оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға
үлес қосуда. Геология-металлогения және пайдалы
қазбаларды іздеу мен барлаудың әдістері
жөніндегі жазылған еңбектері мен проблемаларға